Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері


  Ұлттық  тәрбие  берудің  тұжырымдамалық  қағидалары  және



Pdf көрінісі
бет13/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70
 
2.3  Ұлттық  тәрбие  берудің  тұжырымдамалық  қағидалары  және 
құрылымдық-мазмұндық моделі  
Қоғам мен тұлғаның ұлттық сұранысын жүзеге асыру мақсатында оқыту 
мен тәрбиелеудің жүйесін құру ұлттық  құндылықтар негізінде білім беруге, 
оның  ақпараттық  жабдықталуы  мен  техниканың  әлемдік  деңгейін  есепке 
алуға, туған тілі мен төл мәдениетінің басымдылығын қамтамасыз етуге және 
үздіксіз  білім  беру  қызметін  құруға  бағытталды.  Білім  беру  жүйесінде 
анықталып  отырған  өзгерістер  «Қазақстан  Республикасында  гуманитарлық 
білім  беру  тұжырымдамасы»  (1994),  «Қазақстан  Республикасындағы  білім 
беру  саласындағы  мемлекеттік  саясат  тұжырымдамасы»  (1995),  «Қазақстан 
Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы» (1996) Қазақстан 
Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік бойынша Ұлттық кеңесте 
бекітілген ресми құжаттар мазмұнында көрсетілген. 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
гуманитарлық 
білім 
беру 
тұжырымдамасында»  республикадағы  білім  берудің  бұрынғы  жүйесі, 
негізінен  бұрынғы  ғылыми  білімнің  тәжірибесіне  бағытталғаны,  яғни 
мәдениеттің шынайы құндылығын, адам табиғатын, оның өмірге құштарлығы 
мен  қажеттілігін  есепке  алмағандығы  айтылса,  енді  педагогиканың  осы 
бағытын  ұлттық  қажеттіліктерге  сәйкес  сыни  тұрғыда  қайта  қарап,  барлық 
құндылықты сақтап, оны реформалау қажеттілігі көрсетіледі. 
«Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы  мемлекеттік  саясат 
бойынша Ұлттық кеңесте бекітілген «Қазақстан Республикасында этномәдени 
білім беру тұжырымдамасы» өтпелі дәуірде білім беру жүйесін дағдарыстан 
шығаруда  маңызды  болды.  Ұлттық  білім  және  тәрбие  стратегиясы  өзара 
байланысты  екі  мақсатты  жүзеге  асыруға  бағытталған:  этникалық  тұтастық 
және мемлекеттік интеграция.  
Өз елінің мәдениеті мен тарихын білу, барлық рухани құндылықтарға 
сенімділігі,  халық  батырларын  құрметтеудің  нәтижесінде  ұлттық  тұтастық 
қалыптасады.  Ұлттық  тұтастыққа  халық  әлеуметтік-мәдени  орта  арқылы 
жетеді,  олар  отбасы,  мектепке  дейінгі  мекемелер,  оқу  орындары,  ұлттық-
мәдени  орталықтар  т.б.  Ұлттық  тұтастық  және  мемлекеттік  интеграцияны 
жүзеге асыру білім беру және тәрбие жүйесі арқылы қарқынды жүреді. Ұлттық 
білім және тәрбие идеясын қабылдау, бұл мәдени лингвистикалық плюрализм 
идеясына  негізделген  оқыту  мен  тәрбиелеудің  ұлттық  жүйесін  құру  болып 
табылады. 


Қазақстанда  ұлттық  білім  және  тәрбие  жүйесін  қалыптастырудың 
қажетті алғышарттары - ұлттық білім беру кеңістігін құру болып табылады. 
Ұлттық  білім  кеңістігін  ұлттық  мәдениеттің  даму  аймағы,  ұлттық-мәдени 
қауымдастық дамуының ретінде де түсінуге болады. 
Ұлттық  білім  және  тәрбие  кеңістігі  –  бұл  отбасы,  мектепке  дейінгі 
мекеме,  мектептер,  ЖОО,  ұлттық-мәдени  орталықтар,  үйірмелер  және 
курстарда қамтылатын ұлттық білім мен тәрбие мазмұнынан тұрады. Ұлттық 
білім мен тәрбиенің негізгі бөлігін институционалды білім құрайды, мұндағы 
негізгі  міндет  –  оқу.  Ұлттық  білім  мен  тәрбие  кеңістігін  құру  мектептерде 
біршама  қарқынды  жүреді.  Ал,  арнаулы  және  жоғары  оқу  орындарында 
ұлттық  білім  мен  тәрбие  кеңістігі  оқу  тілі  және  курс  мазмұны  бойынша 
қалыптасады, ең бастысы ұлттық білім мен тәрбие кеңістігін құруға қатысатын 
мамандарды дайындау болып табылады. 
Ұлттық  білім  мен  тәрбие  беруді  енгізумен  байланысты  реформаны 
ғылыми  бағытта  жүзеге  асыру  үшін  этнология  және  диаспорология, 
этнопсихология  және  этнопедагогика  секілді  ғылыми  пәндерді  дайындауда 
мемлекеттік  қолдау  қажет.  Ұлттық  білім  мен  тәрбие  беруді  ғылыми 
қамтамасыз  ету  үшін  осы  мәселелер  бойынша  ғылыми  зерттеу  зертханалар 
құру,  ғылыми-педагогикалық  және  жетекші  мамандардың  біліктілігін 
арттыруда арнайы кафедралардың болуы білім мен тәрбие мазмұнын жаңаша 
қарастырудың негізі болады. 
Жаһандану жағдайында демографиялық және әлеуметтік-экономикалық 
жағдайды есепке алып білім және тәрбие жүйесін қайта бағдарлауды шартты 
түрде үш кезеңге бөлуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет