Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет15/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70
оқыту  мен  тәрбиені  ұштастыру  арқылы  ғана  қол  жеткізуге  болады, 
сондықтан оқытушыларға сабақты өткізуге дайындалумен қатар, студенттерді 
тәрбиелеуде  өзінің  жеке  тәсілдерін  қалыптастыру  керектігін  естен 
шығармағаны жөн. 
Жастардың  қызығушылығы  қазіргі  ғылым  мен  техниканың 
өркендеуінің арқасында шексіз ақпараттар көлемінің өсуінің себебінен күрделі 
де әрқилы. Студенттерге қойылатын талап та, әрине, әртүрлі. Бірақ солардың 
ішінде негізгісі тәрбие, үлгерім мен қоғамдық жұмысты ұштастыру. 


Студенттердің жаңа және терең ғылыми тұжырымдармен қатар, батыл 
және шын тапқыр сөздер студенттердің ғылыми өсуіне, моральдық бейнесіне
оқу мен қоғамдық жұмысына, өндірістік практикасына және т.б. міндеттеріне 
қатысты болса да жоғары бағалайтынын оқытушы ескеруі керек. 
Бірінші  курстарда  жас  адамның  оқуға,  болашақ  мамандыққа  деген 
көзқарасы қалыптасады. Өзін-өзі тану белсенділігі артады. Болашақ маманның 
тұлғалық  қалыптасуы  басталады.  Осы  жағдайда  студент  бейімделудің  екі 
түрін  басынан  кешіреді:  оқу  және  әлеуметтік-психологиялық.  Бірінші  түрі  - 
оқу үрдістің сипатына, мазмұнына, жағдайына, ұйымдастырылуына бейімделу 
болса, екінші түрі - академиялық топқа, ондағы қарым-қатынасқа бейімделуі, 
жеке мінез-құлық стилі мен жолдастарымен қатынасты қалыптастыру. 
Жоғары  оқу  орындарындағы  оқыту  әдістері  мен  түрлерінің 
ұйымдастырылуы  мектептен  өзгеше  екені  белгілі.  Соның  нәтижесінде 
көптеген  студенттерде  бірінші  курста  жоғары  оқу  орындарында  оқудың 
жеңілдігі туралы ой және өткеннің бәрін кейін қайта жаңғыртуға және сессия 
алдында  оқып  алуға  болады  деген  сенім  қалыптасады.  Тіпті  кейбір  бірінші 
курстықтардың жоғары курс студентінің семестр кезінде ешқашан оқымаса да, 
емтихандарды  тапсырғандығы  туралы  немесе  әрқашан  тек  «жаттап 
оқитындар»  ғана  оқитындығы  туралы  мақтанышқа  толы  әңгімелерін  үлкен 
қызығушылықпен  тыңдайтындығы  да  жасырын  емес.  Қайсыбір  жағдайда 
олардың  ойлары  жүзеге  асатыны  белгілі,  бірақ  жоғары  курстарда  бұл 
студенттер  өз  ортасының  және  оқытушылардың  әсерімен  өз  көзқарастарын 
өзгертіп, білім алуға қызығушылық пен табандылық таныта бастайды. 
Кейде  студенттердің  сабақ  деңгейіне  көңілі  толмайтын  жағдайлар  да 
кездеседі.  Оларға  оқу  материалы  өте  қарапайым,  жеңіл,  орта  мектеп 
бағдарламасын қайталап, жаңа білім қоспайтын болып көрінеді, ал студенттің 
жоғары оқу орнынан күтетіні қомақты жаңа ғылыми жаңалықтар. 
Егер  біз  адамды  жан-жақты  етіп  тәрбиелегіміз  келсе,  онда  оны  жан-
жағынан  білуіміз  керек.  Студенттердің  психологиясын  білу,  оларды  бірінші 
күннен бастап түсіну әр оқытушының міндеті. Тек осы жағдайда ғана жоғары 
оқу орнындағы оқыту мен тәрбие біз күткен жемісті береді. 
Студенттік  шақтың  психологиясын  терең  игеру  оқытушыларға  әр 
студентті  жеке  тәрбиелеу  мен  олардың  ғылымға  деген  құштарлығын 
ынталандыру  мәселелерін  шешуде  қажетті  педагогикалық  құрал  болып 
табылады. Сабаққа дайындалу барысында оқытушы студенттік аутиторияның 
ерекшелігін, студенттердің білім деңгейін, оқу курсын, өз бетімен жұмыс істеу 
мүмкіндіктерін,  практикалық  тәжірибесін,  кәсіби  жұмысының  сипатын  т.б. 
шарттарды  ескеруі  керек.  Студенттік  аудиторияның  ерекшеліктерін  білу 
барлық  оқу  үрдісі  барысында  біртіндеп  жинақталады.  Тәжірибелі  оқытушы 
сабаққа дайындала отырып, көз алдына оқу тобындағы студенттердің қайсысы 
қандай  сұрақты  қалай  қабылдайтынын,  оларға  қандай  жолмен  түсіндіру 


керектігін, қандай оқулықтарға сілтеме жасайтынын немесе жеке түсінік беру 
қажеттігін елесететіп отырады. 
Студенттердің  оқу  жұмысы  мақсатты  бағытта  өрбиді.  Оқытушы  осы 
мақсаттылықты қолдап, бағыттап, студенттердің алдына ғылыми және өмірлік 
маңызы  бар жаңа  қызықтыратын мәселелерді қойып отыруы  керек.  Студент 
жоғары  оқу  орнында  ғылыми  жағынан  мәнді  де,  маңызды  шаралардың  бар 
екенін көруі керек, сонда ғана оның бойында оқу орнына деген ілтипат, осы 
оқу орнында оқып, шығармашылық жұмыстарға қатысқандығына мақтаныш 
сезімі  пайда  болады.  Мұнсыз  оқу  үрдісі  студенттер  үшін  жәй  формальды 
міндетке айналады. 
Оқытушыларға  оқу  жұмысы  практикасында  саналы,  педагогикалық 
мақсаттылықпен оқу үрдісі мен студенттердің өзіндік жұмыстарын іске асыру 
үшін  оқылатын  пәнге  қатысты  студент  шығармашылығының  не  екенін 
анықтап  алуы  керек.  Егер  шығармашылықтың  жалпы  түсінігін  адамның 
қоғамдық  мәні  бар  жаңа  материалдық,  ғылыми  және  рухани  құндылықтар 
жасауға 
бағытталған 
іс-әрекеті 
деп 
қабылдасақ, 
студенттердің 
шығармашылығын,  өзінің  болжамдарын,  тапқырлығын  қайсыбір  оқу 
тапсырмаларын орындауда пайдалануы, шешімге жетелейтін тиімді жолдарды 
таңдай алуы көрсетеді. 
Мұның  барлығы  студент  топтарындағы  тәлімгер  «куратор»  ролінің 
маңыздылығын көрсетеді. Төменгі курс кураторларының міндеттерінің бірі – 
ұжымды  құру,  өз  бетімен  жұмыстың  тиімді  әдістеріне  баулуға  арналған 
әртүрлі оқыту түрлерін ұйымдастыру және студенттің ағымдағы оқу әрекетіне 
бақылау жүргізу болып табылады. 
Студенттердің бейімделуі көп жағдайда 1-ші оқу жылынан кейін, яғни 
екінші  оқу  семестрінің  аяғында  және  үшінші  оқу  семестрінің  басында 
аяқталады.  Студенттің  тұлға  ретінде  дамуының  әр  курста  өзіндік 
ерекшеліктері бар. 1-ші курс - бейімделу кезеңі. 2-курс - ынталы оқу кезеңі. 
Бұл кезде кең мәдени сұраныс пен қажеттіліктердің қалыптасуы орын алады. 
Үшінші  курс  көп  жағдайда  маманданудың  басталуымен,  ғылыми  жұмысқа 
терең  қызығушылық  танытумен,  сондай-ақ  жан-жақты  қызығушылық 
аясының тарылуымен байланысты. Соңғы курстарда болашақ мамандығымен 
оқу-өндірістік  практика  барысында  практикалық  тұрғыда  терең  танысу, 
өмірлік құндылықтардың көпшілігін қайта бағалау және болашақ қызметінің 
практикалық  жағына  жіті  мән  беру,  студенттік  өмірдің  ұжымдық  түрінен 
біртіндеп арылу жүзеге асырылады. 
Студентке әлеуметтік толысқан тұлға және ғылыми көзқарастар иегері 
ретінде  қарау  адамның  дүниеге  көзқарасын  ғана  емес,  өміріндегі  өз  орнына 
деген  көзқарасын  ескеруі  де  қажет.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  студент 
көзқарасының  қалыптасуы,  өзін  белгілі  бір  қоғамдық  құндылық  иесі  және 
әлеуметтік пайдалы тұлға екенін сезінуі дегенді білдіреді. 


Мемлекеттің  одан  әрі  өркендеуiнiң  негiзгi  тұтқасы  болатын 
демократиялық  қоғамды  құратын  парасатты  және  бiлiмдi  студент  тұлғасын 
дайындауда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң атқаратын маңызы зор екенi сөзсіз. 
Озық  жетiстiктерге  негiзделген  бiлiм  нәрiмен  қатар,  ұлттық  тәрбие 
құндылықтарын  бойына  сiңiрген  ұрпақ  қана  ұлт  тағдырын  терең  таразылап, 
болашағын  барынша  болжайтын  қоғам  сұраныстарына  жауап  беретін 
әлеуметтенген тұлға ретiнде танылатыны анық. Бұл тұрғыда ұрпақтың ұлттық 
тәрбиесін жаһандық деңгейге  көтеру, оны  әлемдік деңгейде еркін насихатау 
қажеттілігі туындайды. 
Осы  тұрғыдан  қарастырғанымызда  жаһандану  жағдайында  ұлттық 
тәрбие мәселесі қоғамға қажетті әрі жеткілікті әр ұлттың өзіне тән менталдық 
құндылықтарын  қалыптастырумен  байланысты.  Біз,  жоғарыда  адамзат 
қалыптасуымен  және  қоғамдағы  түбегейлі  әлеуметтік  өзгерістермен 
байланыста  ұлттық  тәрбиенің  мазмұнын  анықтайтын  негізгі  мәселелерін 
құрылымдық-мазмұндық модель мүмкіндігінде көрсеттік. 
Бұл  теориялық  модель  ұлттық  тұлғаны  қалыптастыруда  тәрбие 
негіздерінің  мазмұндық  мәнін  бір-бірімен  сабақтастыра  кіріктірген 
өлшемдерінің  төмендегідей  сипатын  ашады.  Көрсетілген  модель  жаһандану 
жағдайында ұлттық тәрбие беруге бағытталған мазмұндық, мотивациялық, іс-
әрекеттік компоненттерден тұрады (6 – кесте). 
Мотивациялық компонент - тұлғаның ұлттық тәрбиені меңгеруге деген 
қызығушылығы, құштарлығы, жаңашылдыққа ұмтылуы, саналы талпынысы. 
Мазмұндық  компонент  -  тұлғаның  ұлттық  құндылықтарды  меңгеруі, 
ұлттық тәрбиелік ғылыми білімдерді меңгеруі. 
Іс-әрекеттік  компонент  -  ұлттық  мінез-құлық  дағдыларын,  ұлттық 
рухани сапаларды жүзеге асыруы. 
Көрсетілген  өлшемдердің  негізінде  жоғары  мектеп  студенттеріне 
ұлттық тәрбие берудің төмен, орта, жоғары деңгейлері анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет