Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет20/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70
Педагогикалық шарттары 
 Педагогикалық процесте студенттерге ұлттық тәрбие берудің кешенді 


 
Сурет 5 – Студенттерге ұлттық тәрбие берудің құрылымдық – мазмұндық 
моделі 
Мектептегі  оқушылар  ұжымдарында  ұлттық  тәрбие  жұмыстарын 
ұйымдастыруға  арналған  «Атамекен»,  «Кәусар бұлақ» бағдарламалары  1992 
жылы  қабылданды.  Сол  кезеңдерде  аталған  бағдарламалар  бойынша  жұмыс 
жасаған балалар ұйымдары «СМиД» (Ақтөбе), «Нұр тамшы» (Атырау), «Жас 
ұрпақ»  (Қызылорда)  және  Қазақстан  скауттар  ұйымы  (Павлодар)  ұлттық 
тәрбие берудегі іргелі ізденістердің жоғары ғылыми мазмұндылығын көрсетті. 
М.  Құрсабаевтың  авторлығымен  дайындалған  «Атамекен»  бағдарламасын 
[258], мазмұндық тұрғыда талдасақ, ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, 
оқу-тәрбие  жұмысының  жаңа  үлгісін  ұсынуға  негізделгенін  көруге  болады.  Бұл 
бағдарламаның  мазмұндық  компоненттеріне  «Салт»,  «Толғау»,  «Шежіре»,  «Асыл 
мұра», «Шаһар», «Жібек жолы», «Сөнбес жұлдыздар», «Салт бағыты», «Домбыра 
дастан»,  «Наурыз»,  «Зергер»,  «Төрт  түлік»,  «Көкпар»,  «Қасиет»,  «Ас»,  «Балалар 
өсиеті»,  «Зерде»,  «Құсбегі»,  «Қыз  бен  жігіт»,  «Заман-ай»,  «Алыстағы  бауырлар», 
«Достық»,  «Ардагер»,  «Ою-өрнек»,  «Ата-ана»,  «Шариғат-құран»,  «Сәби», 
«Қайырымдылық»бағыттары  кірді.  Бағдарламаның  іс-әрекеттік  компоненті 
құрылымының  алдында  балалар  мен  ересектерді  біріктіретін  ауылдық,  аудандық, 
облыстық  аймақтық  «Атамекен»  ордасын  құру;  «Елім-ай»  атты  ұлттық-
этнографиялық  іскерлік,  шығармашылық-көріністік  ойындарын  өткізу;  өз  туын, 
эмблемасын,  төсбелгісін,  ұлттық  киім  формасын  иелену;  әрбір  мектепте  тарихи 
ұлттық-географиялық мұражайлар ашу сияқты шаралар қамтылды.  
«Атамекен»  бағдарламасында  оқушылардың  ақыл-ойын,  еріктік-сезімдік 
ұлттық қасиеттерін өркениеттік және халықтық тәрбие түрлерімен кіріктіре 11 бағыт 
бойынша жас ұрпақтың бойына дарыту көзделеді. Аталған бағыттардың мазмұндық 
топтамалары төмендегідей: 
1. 
Мәдениеттану бағыты (Ою-өрнек. Салт-дәстүр. Шаһар. Асыл мұра. 
Дін тарихы. Қасиет). 
2. 
Сөнбес  жұлдыздар  бағыты  (Ардагер.  Ғұмыр  мен  ғалам.  Зерде. 
Тұран-Түркістан). 
3. 
Руханият  бағыты  (Әлем  діндері  тарихы.  Шариғат-Құран.  Толғау. 
Бабалар өсиеті). 
4. 
Ұлттық өнер бағыты (Көкпар. Бейнелер сыры. Ас. Зергер. Дулыға. 
Құсбегі.). 
5. 
Ата кәсіп бағыты (Төрт түлік. Сауда. Асыл мұра). 
6. 
Ұлттық ойындар бағыты (Көкпар. Жас қыран). 
7. 
Этномәдениет бағыты (Қыз бен жігіт. Достық.Ана тілі. Ата-ана). 
8. 
Имандылық-ізгілік  бағыты  (Наурыз.  Алыстағы  бауырлар.  Тәңір-
нама. Қайырымдылық). 
9. 
Ұлттық дүниетаным бағыты (Жақсылық пен жамандық. Қасиет). 


10.  Табиғат  тылсымы  бағыты  (Заман-ай.  Тұран  күнтізбегі.  Жібек 
жолы). 
11.  Сыр мен сымбат бағыты (Қыз бен жігіт. Сәби. Домбыра-дастан). 
Жоғарыда көрсетілген бағыттардағы ұлттық тәрбие беру идеялары жан –
жақты  талданып, жаһандану  жағдайында ұлттық тәрбие  беру жұмыстары  өз 
ерекшеліктеріне  сай  түрлі  ұйымдастыру  тәсілдері  бойынша  жүзеге 
асырылады.  Олар:  кездесу  кештері;  тарихи  жерлерге,  театрлар  мен 
мұражайларға  саяхат;  еңбек  ардагерлері  мен  өнер  қайраткерлерінің  естелік 
әңгімелері;  викториналық  саулнамалар;  оқушылар  конференциялары  мен 
жиындарындағы  баяндамалар;  спорт  ойындары  сайыстары,  мектепаралық 
спартакиадалар;  өнер  сайыстары,  оқушылар  айтыстары,  қолөнер  көрмелері; 
қыз  сыны,  жігіт  сұлтаны  байқаулары;  жас  журналистер  жарыстарын 
ұйымдастыру;  оқушылардың  ғылыми  конференциялары  мен  пәнаралық 
танымдық-интеллектуалдық  олимпиадалары;  дөңгелек  үстелдер,  пікірталас 
және дебат сайыстары. 
А.Қыраубаеваның  авторлығымен  жасалған  «Сенім»  бағдарламасы  [265], 
баланың өзіндік «менін» анықтауына көмектесу, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, 
кісілікке, азаматтылыққа, жан-жақтылыққа баулу, салауатты өмірге, имандылыққа 
тәрбиелеу,  дене  мәдениетін  –  жан  тәрбиесімен  бірлікте  қарастыруды  көздейді. 
Бағдарламаның  мазмұндық  бөліктеріне  әлем  және  мен,  тілашар,  ауыз  әдебиеті, 
елтану-қазақ  тарихының  әліппесі,  әлемтану  дүние-жаратылыс  әліппесі,  әдеп-
ақылдылық  әліппесі,  ислам  мәдениеті,  ежелгі  қазақ  мәдениеті,  шығыс  мәдениеті, 
еуропа  мәдениеті,  сөйлеу  мәдениеті,  қазақтың  дәстүрлері  әдебі,  қазіргі  қарым-
қатынас,  ұл-қыз  әдебі,  отбасындағы  қарым-қатынас,  отбасындағы  баланың  жан-
дүниесі және тәрбиесі, заң негіздері, қолөнер енеді. 
Ұлттық  тәрбие  беруде  студенттердің еңбектену, жауапкершілікке үйрету, 
қиялдауды шектемеу, өзін еркін ұстауға үйрету, білім іздеудің жолын үйрету, жан-
жақты мәдениетті болуды үйрету, ақылдылық әліппесін меңгеру; ислам, ежелгі қазақ 
мәдениеті, шығыс және еуропа мәдениеті, сөйлеу мәдениетін дамытудағы идеялары 
маңызды болып табылады. 
З.Ахметова  ұсынған  «Кәусар  бұлақ»  бағдарламасы  [266],  тамыры  тереңге 
кеткен тарихы мен өзіндік болмыс-бітімі бар халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, 
табиғат  танымындағы  алуан  қырлы  рухани  мұрасын  бүгінгі  күнмен  жалғастыра 
отырып, оны жас ұрпақ бойына жұғысты етуді қамтиды. 
Бағдарламаның мазмұнында: 
- Сөз анасы - сәлем (адамдықтың белгісі иіліп сәлем бергенің, алыстан сәлем 
береді  әдепті  елдің  баласы,  сыйласаң  сыйысымды  боларсың,  сәлемнің  сыңары  - 
қоштасу). 
-  Ұлттық  болмыс  ұғымдары  (дүниетаным;  жер-ана;  көк-тәңірі;  тіліміздегі 
әртүрлі  жетілік ұғым;  қазақша ай;  жыл атаулары мен сипаты; ұлыстың ұлы  күні; 
ислам дініндегі халықтардың діни мерекелері, қазақтың тыйым сөзі-ұлттық тәрбие 
көзі, үзілмесін бабалардың батасы, «Білгенге-маржан»). 


- Туған жер (алтын кемер белің, елін сүйген есікке отырмас, әке-асқар тау, ана-
мөлдір бұлақ, қарты бар үйдің – қазынасы бар, қарға тамырлы қазақпыз). 
-  Салт-дәстүр  сарқылмайтын  кен  (бала  –  өмір  өзегі,  торқалы  тойлар, 
жастардың сауық кештері) бағыттарының мәні ашылған. 
Бағдарламаның  жүзеге  асырылуындағы  ұйымдастыру  шаралары  біздің 
тәрбие жұмыстарымен ұштастырылды: пікір таластар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар 
сайыстары, практикумдар, дөңгелек үстелдер, айтыстар, кештер, іскерлік ойындар, 
семинарлар, тапсырмалар талдау, дәрістер сияқты шаралар қарастырылады. 
Ұлттық  тәрбие  беру  бағытында  ғылыми  әдістемелік  құралдарын  ұсынған 
ғалымдардың  бірі  –  Қ.Бөлеев.  Ол  қазақ  педагогикасы  тарихы  бойынша  төрт 
бөлімнен тұратын төмендегідей бағдарламасын ұсынды [82, 171б.]: 
а)  Қазақ  жеріндегі  педагогикалық  ойлардың  қалыптасуы  мен  даму 
кезеңдері (VII-IX ғ.ғ.); 
ә)  Орта  ғасырдан  Қазақстанның  Ресейге  қосылуының  аяғына  дейінгі 
кезеңіндегі  прогрессивті  демократиялық  педагогикалық  идеялар  мен 
мектептердің дамуы (Х-ХІХ ғ.ғ. екінші жартысы); 
б)  Қазақстанда  кеңес  үкіметі  жылдарындағы  педагогика  ғылымы  мен 
мектептердің дамуы; 
в) Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы жылдарындағы 
мектептердің, педагогикалық және халық педагогикасының даму үрдісі (1991 
жылдан қазіргі уақытқа дейін). 
Ұлттық тәрбие беру жоғарыда аталған бағдарламаның ана тілі арқылы 
өз  тарихын,  ұлттық  мәдениеті  айқындауда  және  этнопедагогикалық  білімді 
жетілдіруде мәні зор. 
К.Қожахметова,  Л.Сырымбетова,  К.Адамова  ұсынған  «Қыздар  әліппесі» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет