ұлттық
тәлiм-тәрбие
ата-
бабаларымыздың көне дәуiрден бүгiнге дейiн жас ұрпақ өкiлдерiне
жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық қасиеттер негiзiнде сапалы бiлiм
және саналы тәрбие беру жөнiндегi тәжiрибелер жиынтығы деп анықтама
беруiмiзге әкеледі. Бiздiң ойымызша ұлттық тәлiм-тәрбие дүниесiн
қалыптастырушы екi заңдылық бар деп есептеймiз. Бiрi – халықтың тәлiм-
тәрбие
жетiстiктерiнiң
жалпыадамзаттық
ой-таным
мен
ұлттық
психологиямен бірлігі мен тұтастығы, екiншiсi – аталған дүниелер синтезiнен
туындаған әдiс-тәсiлдер жиынтығы болмақ.
Ұлттық тәлiм-тәрбие мұраларының көне замандардан берi сан қилы
белестерден өтiп бiрде әкімшілдік басқару жүйесінiң идеологиялық құралына
айналып, бiрде прогрессивтiк-демократиялық рөл атқарып келе жатқанына
қарамастан, оның бiлiмтану мен тәлiмтану жүйесiне арқау болып келе
жатқаны шындық.
Әлемдегi барша халықтың өкiлдерi - өз бойындағы барлық асыл
қасиеттері мен құндылықтарын өскелең ұрпағының санасына сіңіруді ғұмыр
бойына мақсат етіп келеді. Классикалық жазба әдебиет пен халықтық ауыз
әдебиеті үлгілеріндегі тартымды кейіпкерлердің бойындағы ізгілік, махаббат,
бақыт, өмір мен бостандық үшін күрес, әділдікті, шыншылдықты, адалдықты
жақтау, елін, жерін сүю, еркіндік пен адам құқын қоғау, біріншіден әр ұлттың
бойындағы бар асыл қасиет болып саналса; екіншіден ол барлық ұлттарға,
бүкіл өркениетті адам баласына тән гуманистік қасиет.
Әлемдік өркениет - ұлттық озық мәдениет үлгілерінің жиынтығынан
қорланады. Олай болса, ұлттық әдебиет пен ұлт мәдениетінде марапатталатын
озық үлгілі адами қасиеттердің әлемдік өркениетпен ұштасуы - ұлттық
патриоттық (азаматтық) сезімдердің, бүкіл адамзат ұрпағын сүюге негізделген
интернационализм идеясына ұласуы табиғи заңды құбылыс.
Р.Қ.Дүйсенбінованың айтуынша, мектеп қашан да – бiлiм мен тәрбие
тәжiрибелерiн жинақтаушы, сақтаушы, сынақтан өткiзушi, ендiрушi және
таратушы педагогикалық торап болып келді деген пікіріне қосыламыз [48,
112б.].
Сондықтан,
қазақ
халқының
әлеуметтік,
рухани-мәдени
құндылықтарын сақтай отырып, жеткіншіктердің адамгершілік сапаларын,
шығармашылығын қалыптастыруды қамтамасыз ету ұрпақ тәрбиесіндегі
өзекті мәселе.
Аталған еңбектерде оқу-тәрбие жұмыстарында жас ұрпаққа кешендi
бiлiм мен тәлiм-тәрбие беруде қажетi мол ғылыми кеңестер мен әдiстемелiк
нұсқаулар көрсетiлген. Ұлттық тәрбие мәселелерi, әсiресе қоғамдық ұйымдар
негiзiнде тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, студенттердің өзiн-өзi
басқару жүйесi мәселелеріне арналған еңбектердiң көпшілігінде жан-жақты
қарастырылғаны байқалады.
Сонымен, жоғарыда талданған зерттеулерге қорытынды жасай отырып,
ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелері Қалиев С.
[44], Наурызбай Ж.Ж. [81], Беркімбаева Ш.К. [83], Бөлеев Қ. [82], Ұзақбаева
С.А. [80], Оразбекова К.А. [73], Қожахметова К.Ж. [51], Дүйсембiнова Р.Қ.
[48], Шалғынбаева Қ.Қ. [54], Иманбаева С.Т. [53], Джанзакова Ш.И. [60],
Хасанова Ж.С. [61] және басқа ғалымдар еңбектерiнде қарастырылғанын атап
көрсетуге болады. Бұл еңбектерде ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезисi ғылыми-
методологиялық тұрғыда сарапталынып, оны білім ұйымдары тәжірибесіне
ендiру қажеттiлiктерi ұсынылады. Аталған ғалымдардың жүргiзген
зерттеулерінде Төлеубекова Р.К. [85], Иманбаева С.Т. [53], Шалғынбаева Қ.Қ.
[54], Хасанова Ж.С. [61], Әбдiғаппарова У.М. [262], Әбiлдина С.Қ. [236],
Өтемұратова Б.С., Аманжолова А.А. [260], Жетпiсбаева К.Б. [259],
Ембергенова Ж., Бахтиярова Г.Р. [261], Қаплиева А.Қ., Қисымова А.Қ. [254],
Егенисова А.Қ., Арзымбетова Ш.Ж., Садықова М.К. және басқа ғалымдардың
еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi жеке сала бойынша (экологиялық,
эстетикалық, адамгершiлiк, еңбек, патриоттық, экономикалық т.б) зерделенiп,
оны ұйымдастырудың жүйелi әдiстемелерi қарастырылған.
Мектеп өмірінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан озық тәжiрибелердiң
тиiмдiлiгiн ескерген ғалымдар педагогикалық еңбектерiнiң көп бөлігін тәрбие
мәселелеріне арнауды жөн санады. Оның басты себебi, мектеп тәжірибесінде
оқушыларға жан-жақты тәрбие берудiң, осы уақытқа дейiн көптеген дәстүрлi
әдiс-тәсiлдер жиынтығы жинақталғаны белгiлi. Оған сыныптан тыс, пән
аралық байланыстар, сынып дәстүрi, мектеп пен ата-аналар байланыстары,
мектептен тыс мекемелер, оқушылардың өзiн-өзi басқару және мектептегi
қоғамдық жұмыстар негiзiнде сан-алуан тәлiм-тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру формалары жатады.
Әрине, өмірде адамның іс-әрекетіне, рухани дүниесіне ықпал ететін
білімдер сан алуан. Солардың ішінде елеулісі болып саналатын ұлттық тәрбие
білімдері өмірге бірден келген жоқ Ол қажеттілікке сәйкес фольклордың,
мәдениеттің, этнологияның, өнердің тәлім-тәрбие үрдісінде кірігуінен пайда
болғаны ТМД және отандық ғалымдардың оған берілген түсініктемелерінен
байқалады.
Біз ұлттық тәрбие мәселесін зерттеуді философиялық, психологиялық,
педагогикалық генезис негізінде қарастырып, оның прогрессивтік бағытта
дамығанын көрсеттік. Атап айтқанда, Қазақстан өзінің он жыл ішінде тәуелсіз
мемлекет болып қалыптасып және жаңа әлеуметтік экономикалық негізде
дамып, ұлттық тәрбиенің мәні, мазмұны, түрлері және әдіс-тәсілдерінің
өзгеруіне ықпал жасады, сөйтіп жаңа мыңжылдық басында ұлттық тәрбиенің
негізіне мынадай идеялардың қажеттігі айқындалды:
- жалпы адамзаттық құндылыққа бағдарлау идеясы;
- өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі
бағалай білуге үйрету ;
- ана тілі мен төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді дамыту;
- педагогикалық үрдісті гуманитарландыру, демократияландыру және
интеграцияландыру ;
- тұлғаның ішкі жан дүниесін тану және қарым-қатынасын нығайту;
- ұлттық тәрбиені әлеуметтік, мәдени және тәрбиелік орталармен тығыз
байланыста жүзеге асыру идеялары.
Сонымен, ұлттық тәрбие мәселелерінің ғылыми-әдіснамалық және
ғылыми-теориялық қалыптасу зерттеулеріне талдау жасай келе, оларды
төмендегідей топтауға болады деген тұжырымға келдік:
1. Ұлттық тәрбиені білім саласы ретінде танып, оны халық ауыз әдебиеті
туындылары арқылы оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануды қамтитын еңбектер
(Г.С.Виноградов, А.Ф.Хинтибидзе, Ш.А.Мирзоев, Н.Сафаров, А.Измаилов,
Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Қ.Сейсембаев,
Ш.И. Джанзакова, Ж.Асанов т.б.).
2. Ұлттық тәрбиені тарих, этнология тұрғысынан қарастырып, оны
қазіргі отбасында, оку орындарында қолдану жолдарын көрсететін еңбектер
(Г.Н.Волков, В.Ф.Афанасьев, К.Пирлиев, Қ.Б.Жарықбаев, Е.Л.Христова,
М.Әлсатов т.б.).
3. Ұлттық тәрбиені ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарының
тәрбие ісіндегі әсерін және оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдары мен
тиімділігін
айқындайтын
еңбектер
(С.Қалиев,
АХ.Мұхамбаева,
Р.Төлеубекова, С.Т.Иманбаева, Б.И.Иманбекова, Ү.Асанова, Ә.Ашайұлы,
Ж.С.Хасанова т.б.).
4. Ұлттық тәрбиені ұлттық ойындар мен спортта, сәндік-қолданбалы
өнерде, музыкалық шығармашылықта пайдалану арқылы тәрбиенің кейбір
міндеттерін шешуге бағытталған еңбектер (Х.М.Балтабаев, С.А.Ұзақбаева,
И.Оршыбеков,
Т.Ә.Қышқашбаев,
Р.Дүйсенбінова,
Е.Ш.Қозыбаев,
Б.Әлмұханбетов, Т.Ш.Қуанышев, Е.Сағындықов, Қ.Болатбаев, О.Сатқанов
т.б.).
5. Ұлттық тәрбиенің халықтардың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты
тәлім-тәрбие туралы педагогикалық ой-пікірлерін танытатын және
әдіснамасын зерттеу тұрғысындағы жұмыстар (Я.И.Ханбиков, Г.Н.Волков,
В.Ф.Афанасьев, К.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, Ж.Ж.Наурызбаев, А.Ш.Гашимов,
С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, С.Ғаббасов, Қ.Қ.Шалғымбаева т.б.).
6. Ұлттық тәрбие беруде өзіндік орын алатын мақал-мәтелдердің,
афоризмдер мен шешендік сөздердің, жаңылтпаштар мен санамақтардың және
табиғатты қорғау материалдарын оқыту үрдісінде пайдалану жақтарын
көрсететін еңбектер (К.Пирлиев, Н.Сафаров, А.Ф.Хинтибидзе, Қ.Сейсембаев,
С.Қалиев, Ә.Табылдиев, К.Н.Сарыбеков т.б.).
7. Ұлттық өнерді және ұлы адамдар мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалануға бағытталган зерттеулер (Х.М.Балтабаев, Ш.Б.Құлманова,
Б.Ж.Мұқанова, А.С.Мағауова, І.Р.Халитова, Б.И.Иманбекова т.б.).
8. Ұлттық тәрбие материалдарын пайдалану аркылы студенттерді мұғалім
мамандығына даярлау бағытындағы еңбектер (С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев,
Т.Ш. Қуанышев, А.С. Мағауова, Қ.К. Болатбаев, Ү.М. Әбдіғаппарова, С.Қ.
Әбділдина, Қ.А. Сарбасова, Б.С. Өтемұратова, А.А. Аманжолова, Ж.С.
Хасанова, Г.Р. Бахтиярова т.б.)
9. Мектеп тәжірибесіне ұлттық тәрбие материалдарын енгізу арқылы
мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіруге себепші болатын еңбектер
(Р.К.Дүйсенбінова, Ш.Б. Құлманова, Б.Ж. Мұқанова, Т.А. Қоңыратбаева, Р.А.
Жаңабаева, Қ. Бөлеев т.б.).
10. Ұлттық тәрбие беруде мектеп оқушыларының жеке тұлғасын
қалыптастыруға бағытталған еңбектер (Д.Ж. Сәкенов, А.Е. Дайрабаева, А.Х.
Мұхамбаева,
Ә.С.
Әмірова,
Ж.М.
Ақпарова,
Н.П.
Албытова,
С.А.Жолдасбекова, т.б).
Қорытындылай отырып, ұлттық тәрбие беру тарих пен мәдениеттің
өткен кезеңдерінің мәселелерімен ғана шектелінбейді, ол халқымыздың ұрпақ
тәрбиелеудегі бүгінгі тәжірибесін, тіпті оның болашаққа жету бағдарын да
қамтып тұжырымдауға бейім болуы және соған қызмет етуі шарт. Ұлттық
ұстаным - халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі мол тәжірибесін, педагогикалық
ілімін пайдалануға, оның өсіп-өркендеп дамуына еліміздің тәуелсіздігі
мүмкіндік беретіні айдан анық. Мұның өзі ұлттық тәрбиені өз деңгейіне
көтеру, оның әлемдік педагогикадағы өлшемін айқындау және ұлттық
тұжырымдамасын жасауға күш салу міндеттерін алға қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |