2.2 Ұлттық тәрбие мазмұнының қазіргі ғылыми зерттеулердегі
генезисі және даму жағдайы
Әлемдік рухани-мәдени құндылықтарды игеруді ұлттық озық мәдениет
үлгілерін қастерлеуден бастау – ғылым мен білім, әр ұлттың рухани
қазынасын адамзат игілігіне жарату, әдебиет пен өнер саласы, тілі мен діні,
жалпы мәдениет атаулыда насихатталатын озық идеяларды оқу-тәрбие
жүйесінде басшылыққа ала отырып, оны жастардың жүрегіне ұялату, сөйтіп –
ізгілік, имандылық, парасаттылық т.б адами асыл қасиеттерді әрбір қоғам
мүшесінің құрмет тұтуы білім мен тәрбие ісінің басты ұстанымы болып
табылады.
Үшінші мыңжылдықтың жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайларын есепке
ала отырып, ұлттық тәрбие мақсатына, мазмұнына, түрлеріне
,
әдіс-
тәсілдерінің мазмұнына қарай негіздеу үшін оның тарихи-философиялық,
педагогикалық генезисіне мән бердік.
Философиялық сөздікте «генезис» ұғымына мынадай анықтама
беріледі - шығу, пайда болу. Бастапқыда «генезис» термині ежелгі грек
мифологиясында қолданылған. Кейіннен философияда (Фалес, Гераклит,
Кант, Гегель және т.б.), сондай-ақ жаратылыстану (Кант-Лапластың
космогониялық болжамы, Дарвиннің эволюциялық теориясы және т.б.) етек
алды. Сонымен, жалпы философияда көбінесе ескінің қойнауында жаңа
алғышарттардың пайда болуы мен осы алғышарттардың негізінде жаңа
заттың (немесе құбылыстың) қалыптасуы «генезис» ұғымымен белгіленеді
[108, 101б.].
Осыған орай, зерттеуімізде ұлттық тәрбиенің эволюциялық дамуына
талдау жасау барысында оның әр тарихи кезеңдегі өзгерістерін көрсете
отырып, адамзат қоғамының тарихымен, дамуымен байланыстылығы
айқындалды. Бұл күнде Қазақстанның дамуына үлкен үміт күттіретін қазына
— ол адамдық қазына. Әрбір тарихи кезең, қоғамдық құрылыстар белгілі саяси
әлеуметтік, экономикалық заңдылықтармен сәйкес келіп, адамның жеке тұлға
болып қалыптасуына, ұлттық ерешеліктеріне ықпал жасайды.
Тәрбие туралы ғылым оның тарихи жеке бір дәуір аумағында ғана емес,
қоғамдық даму үрдісімен, тәрбиенің қалыптасуымен, заңдылықтарымен
толық байланыста болуымен ерекше. Осы ретте адамгершілік тәрбиесінің өз
алдына қалыптасу
,
даму тарихын, тарихты зерделей отырып қарастырсақ,ол
әрбір дәуірдің өзі тудырған мәдениет, әдебиет, өнерімен тығыз байланыста
болғанын көреміз.
Антикалық дәуiрдің өзінде Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит және
басқа ғұламалар адамның танымдық кеңiстiгiнiң дамуына бiлiм мен тәрбие
құралдарының аса қажет екенiн ерекше атаған.
Тәрбиенiң адамзаттың аса құнды игiлiктерiнiң бiрi деп санап, оның
табиғи құбылысының себеп-салдарын ғылыми тұрғыда айқындауды
Я.А.Коменский мақсат еткен. Коменскийдiң пікірінше, тәрбиенiң негiзгi
ошағы отбасы дәстүрi мен тәрбиеленушi оқушылар қауымдастықтары – ата-
баба тағлымдарынан бастау алғанда ғана, оларға бiлiм берудiң тиiмдiлiгi мен
сапалылығы және қоғам үшiн қажеттiлiгi арта түседi деп санаған. Автордың
«Түрлі-түсті суреттер арқылы өмір құбылыстарын тану» атты еңбегі осы
ойымызға дәлел. Коменский өзінің тәлім-тәрбие жөніндегі күрделі ой-
толғамдар жиынтығын айтпас бұрын, көтеріп отырған мәселенің түп-төркінін
іс-жүзінде көз жеткізу үшін негізгі тәлімдік ойларын қарапайым тәсілдер
арқылы тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуді мақсат еткен. Бұл мәселеде
Я.Коменскийдің жас ұрпаққа кешенді тәлім-тәрбие беруді басты мақсат
еткенін байқаймыз. Ол өз сөзінде: «Балалар мен жастарға білім мен тәрбие
беру ісін менің ойымша екі түрлі жолмен ұйымдастыруға болады; бірі –
мектепке білім алуға келген балалардың бәрін бөлмей, баршасына бірдей
қамқорлық жасалса; екіншісі – оқушылардың арасында ғылым дүниесіне
қызығушылықтары бар топтар құралса. Осындай талаптарға негізделген білім
жүйесін қалыптастыруға қол жеткізсек, қоғамдық мектеп пен қоғамдық
орталықтар жасауымызға болады..» ,- деп, оқушыларға білім мен тәрбие
беруде қоғамдық топтарға арнайы ғылыми-зерттеу объектісі ретінде қарау
керектігін айтады [200].
Я.А.Коменский заманындағы білім жүйесіне христиандық діни
ықпалдың айтарлықтай әсер еткені белгілі. Оның «Тәрбие туралы заң» деген
еңбегінде мынадай өсиеттер кездеседі: «Біздің аспан кеңістігінен орын алған
христиандық
құндылықтарымыз,
өзіміз
тәрбиелеп
отырған
балапандарымыздың санасында тек құрғақ қағида күйінде қалып қалмай, таза
практикалық әрекеттеріміз арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін:
1. Біздің жеткіншектеріміз Христос ілімдеріне негізделе отырып, адам
бойындағы жат қылықтардан аулақ болып, әділеттілік пен шындықтың
дәнекері болулары керек.
2. Күнді күн көзі арқылы көру немесе тану мүмкін болмаса, сол сияқты
Құдайды – Құдайдың шапағатынсыз тану, жақсы көру және қастерлеу мүмкін
емес. Сондықтан, біздің жеткіншектеріміз Жаратушыға қалай тағзым ету
рәсімін біліп өсуі керек.
3. Құдай әлемі өмірдің басталуы мен жаңаруының негізі болса, сол
әлемде біздің алаңсыз ғұмыр кешкеніміз ақиқат болса, онда әр жеткіншектің
құдайдың құдыретіне табынуына және сыйынуына деген сезімдерінің
қалыптасуына мүмкіндік туғызуымыз керек.
4. Құдайға құлшылық ету мен жалбарыну дұғасы, ереже ретінде сынып
бөлмелерінде көрнекі құрал ретінде ілініп тұруы керек..» [201].
Ұлы педагогтың бала тәрбиесінде діни құндылықтардың айырықша
орын алатыны жөніндегі тұжырымы, қазіргі кезде көтеріліп жатқан діни-
имандылық тәрбие мәселелерімен үндесіп тұрғаны ойланарлық жайт.
Ұлы гуманист И.Песталоццидiң ойынша, адамзаттың тәлiм-тәрбиелiк
құндылықтары, ұрпақтарының түрiне, нәсiлiне, қабiлетiне және әлеуметтiк-
таптық ерекшелiктерiне бөлiнбей «Ата-аналар тағылымдары» (Книга матерей)
деген бiртұтас тәлiм-тәрбие жүйесi ретiнде игiлiктенуi керек деп санаған [202].
И.Песталоцци ұрпақ тәрбиесінде адамгершілік құндылықтардың басты орын
алуын меңзеген. Оның пікірінше, гуманистік қасиеттерді бойына сіңірген және
оны өмір тәжірибелері арқылы санасына сақтай білген адам, өз ұрпағына
шынайы ізгілік тағылымдарын сыйлайтыны анық. Қазіргі таңдағы педагогика
ғылымындағы гуманистік бағыттағы білім мен тәрбие мәселелерінің көтерілуі
– Песталоцци идеяларынан бастау алады. И.Песталоцциде Я.А.Коменский
сияқты өзінің негізгі идеяларын дін тәрбиесіне арнаған. Оның ойынша, дін
тәрбиесі діни дәстүрлер мен уағыздарды дәріптеумен шектеліп қалмай,
адамзат перзентінің рухани құндылықтары негізінде бала дүниетанымында
ерекше орын алу керек деген.
Ж.Ж.Руссо тәрбиенiң негiзгi көзi – ата салтында деп санаған. Ол
жөнiнде Руссоның: «...әр бала әкесінің діни салты негізінде тәрбиеленуі
керек...»,- деген тұжырымы арқылы отбасы дәстүрiнiң ұлттық тәрбиеге
қаншалықты жақын және қаншалықты қажет екенiн түсiнемiз [203]. Руссо
тағылымдары тәрбие мәселесін философиялық тұрғыдан зерделеуге
жетелейді. Оның пайымдауынша, қоғамның даму заңдылықтары – адам
әрекеттерінің жемісімен тікелей байланысты болмақ.
Ал ұлы ағартушы Джон Локк баланы тәрбиелеу, баланың әке-шешесi
немесе отбасы мүшелерiнiң қатаң бақылауы арқылы жүргiзiлмеу керек деп
санаған. Сондықтан бұл мәселелер ұйымдық тәрбие үрдiсiнде де ескерiлуi
керек екенiн атап көрсеткен. Дж.Лок бала тәрбиесі тек қоғамдық, я болмаса
әулеттік қажеттілік қана емес, ол адамзаттың өркениеттік қозғаушы күші
ретінде ғылым тұрғыда арнайы қарастыруды қажет санады. Ол жас ұрпаққа
кешенді тәрбие беру ісі, аталмыш дүниенің білім жүйесімен тығыз
байланыстылығында деп қарастырылды [204].
Ұлы жазушы Л.Н.Толстой өзiнiң авторлық мектебiн ашып, оған арнайы
оқулықтарды жазумен қатар, тәрбие жұмыстарына терең мән берген. Ол
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқушылардың шығармашылық
қабiлеттерiне ерекше назар аудару керек деген [205].
Тәрбие теориясы мен бiлiм мазмұны жөнiнде құнды мұралар қалдырған
К.Д.Ушинскийдiң педагогика тарихындағы орны ерекше. Оның пікірінше, кез
келген халықтың ұрпақты тәрбиелеудегi және бiлiм берудегi педагогикалық
әрекеттерi ұлттық ерекшелiктерге, яғни халықтық сипатқа негiзделуі деп
санаған. Ол: «...орыс халқының педагогикалық ғылымы, халықтың ұрпақ
тәрбиесі жөніндегі тәжірибелерін ескерумен бірге, халықтың экономикалық,
саяси-қоғамдық және мәдени-ағартушылық көзқарастарына да негізделуі
керек»,- дей келе,- «.. тәрбиенің ғылым үшін де, біз үшін де ең керегі – нағыз
адамды қалыптастыру. Адамның мінез-құлқы кәдімгі топырақ болса,
халықтық құндылықтар сол топырақ арқылы тамырын жаяды», - деп өзінің
ойын білдіреді [206].
Ғалым-педагог тәрбие мәселесін ауқымды ғылым саласы ретінде
қарастырады. Оның ойынша, жас ұрпақтың санасына адами қасиеттер мен
ізгілік
тағылымдарын
қалыптастыру
біріншіден
ғылыми
зерттеу
жетістіктеріне
негізделсе,
екіншіден
–
халықтың
тәлім-тәрбиелік
құндылықтарына сүйенуі керек деп, тәрбиенің «халықтық принципін» ерекше
атауының мән беруді қуаттады.
К.Д.Ушинскийдің пікірінше, бала тәрбиесіндегі аса терең назар
аударатын мәселе – сабақта жан-жақты тәрбие тәжірибелерін пайдалана
отырып оқытуға болды. Осы мәселені шешуде ол балалардың жас ерекшелік
және танымдық қабілеттеріне сәйкестендіре отырып оқуда тәлім-тәрбие
жоспарын құруды ұсынады.
Бұдан Ушинскийдің тәрбие жұмыстарын білім жүйесінде кешенді
ұйымдастыруға бағытталған шығармашылық ізденістердің көбірек қамтылу
қажеттігін меңзеп отырғанын көреміз.
К.Д.Ушинский өз заманында тәлім-тәрбие саласындағы халықтың
ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесін мойындамаушыларды, тәрбиедегі
халық тілегін ескермеушілерді, орыс мектебіне орынсыз шетелдердің
педагогикалық теориялары мен тәжірибесін енгізушілерді сынай отырып:
«Тәрбие - халық қанша жыл өмір сүрсе, тәрбие де сонша өмір сүрді, онымен
бірге өсті, өзінде халықтың бүкіл тарихын, оның бүкіл жақсы, жаман-қасиетін
бейнелеуде. Олар бірін-бірі ауыстыра отырып, жаңа ұрпақтың өсуіне жағдай
жасайды», - деп жазды.
Кеңес Одағы үкiметi ол кезде аса қуатты және аса қаһарлы мемлекет
болған еді. Одақ Конституциясы бойынша әр Одақтас республика Кеңес
Одағы құрамынан шығуға құқылы деген заң жүзiнде белгiленгенiмен, iс
жүзiнде ол Қазақстан үшiн де, басқа республика үшiн де мүмкiн емес едi.
Тарихшылардың айтуынша, Қазақстан өзiнiң тәуелсiздiгiн Қазақ хандығы
тұсында иеленгенiмен, кейiн хандық Патшалы Ресей империясының, бертінде
Одақтас республика ретінде Кеңес Одағының қоластына кірді деп көрсетуi –
шындық еді.
Кең даланы күйiмен күмбiрлетiп, ұрпағын күңiреткен Құрманғазыны,
ұлттық таным мен тәлiм дүниесiнiң ой-маржанын сүзiп, өз ұрпағына мәңгiлiк
ақыл мен парасат рухын шашқан дана Абайды, ұлттық мектептiң қайнар
бастауына айналып, шәкiрттерiн бiлiм қияларына самғатқан ұстаз Ыбырайды,
ұлттық ғылым мен бiлiмнiң шоқтығын жұлдыздай жарқыратып, таным кiлтiн
ұрпағына аманат қылған ғұлама Шоқанды тәрбиелеген халықтың тағылымдық
мұралары – ғасырдың қай кезеңiнде болмасын өзiнiң жұлдызын биiкте
жарқыратып тұрғаны шындық едi.
Бабаларымыздың көне ғасырлар көшiнен жеткен асыл мұраларын ұрпақ
санасына сіңіру заманның қай кезеңінде болмасын оңай болмағаны
хақ.Ұлттық тәрбиенiң ұрпақ тағдырын шешетiн ұлы қазынамыздың бiрi екенiн
айтуға, талап етуге және дәлелдеуге тырысқан ғалымдар мен жаңашыл
педагогтардың ұсыныс-пікірлері мен әдістемелік бағдарламалары мектеп
оқушыларына ұлттық тәрбие берудің құралына айнала алмай келді.
Тарихи педагогика проблемаларын тарихнамалық зерттеу- өткен
тәрбие, оның ішінде ұлттық тәрбие тәжірибесін зерттеу қоғам дамудың барлық
кезеңдерінде жүріп жатқанын дәлелдейді. Түрлі кезеңдердегі алыс
(Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци) және жақын (В.Г.Белинский,
А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская,
А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, С.Т.Шацкий және т.б.) шетел
педагогтары мен ойшылдары халық педагогикасынан алынатын үлгі-өнегені
жеткіншектер тәрбиесінде халық даналығының көрінісі ретінде пайдалану
жөнінде көптеген құнды идеяларды айтып өткен.
Егер К.Д.Ушинский орыстың педагогикалық ғылымы өзінің мазмұны
жағынан өз бойына тәрбиенің сан ғасырлық таңдаулы тәжірибесін жинақтаған
орыс халқының өмірлік мүдделерімен тұтаса тізілуі тиіс деген қағиданы
басшылыққа алса, Л.Н.Толстой [205, с.127], А.С.Макаренко [207],
В.А.Сухомлинский [208], халық даналығының сарқылмас кездерінен нәр ала
білуді уағыздаған, мектептің жұмысын халық педагогикасының мәдени-
тарихи мұралар, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың мындаған жылдық
тәжірибесі негізінде ғана құруға болатынына кәміл сенген және оларды
өздерінің тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.
Ғылыми еңбектерге жасалған талдау қазақ ұлттық тәрбиесі мәселесі 70-ші
жылдардың басынан зерттеле бастағанын көрсетеді. Кейінгі он жыл көлемінде
әр түрлі ғылыми-практикалық еңбектер ғылыми басылымдар, қолжазбалар
жарық көрді.
Біз ұсынып отырған этнопедагогикалық зерттеу жұмыстарының тобы бір
жағынан этнопедагогика саласындағы ғылыми жұмыстардың бағытын
көрсетсе, екінші жағынан ұлттық тәрбиенің әдіснамалык негізі болады.
Дегенмен, этнопедагогика және ұлттық тәрбие мәселелерінің қалыптасуында
оның философияның әдіснамалық орны жоғары екені белгілі. Сол себепті
зерттеу мәселесі төңірегінде кейбір философиялық мәндегі еңбектерге
тоқталу зерттеу жұмысымыздың құндылығын дәлелдеудің бір бағыты деп
есептедік.
Зерттеуші Ж.Алтай «Философия тарихы» деген еңбекте әлемдік, шығыс
философиясы негізінде қазақ философиясының өзіндік қалыптасу
ерекшелігін, көне түркі жазбаларындағы алғы философиялық ойларды, ақын-
жыраулар мен ағартушы ғалымдардың философиялық ойларын көрсетуі біз
үшін құнды. Мысалы, Шалкиіздің жақсылық пен жамандық, Ақтамбердінің
елді ерлікке, бірлікке шақыруы, Бұқар жыраудың ел басқарудан сөз бастаудың
қиындығы туралы айтқандары, тәлім-тәрбие ісіне арқау болған. Мұны
авторлар: «Жалпы, қазақ ақын-жырауларының шығармалары төл рухани
мұраларымыздың бай қазынасы болып, тар заман ақындардың поэзиясы мен
әлеуметтік философиясында ашып әрі өз рухани үндестігін тапты» - деп
жазады [209]. Бұл әдістемелік-теориялық қағиданың белгілеуі арқылы қазақ
ағартушыларының философиялық ойларын дәлелдеуі, оның құндылығын,
практикалық пайдасын айқындай түседі.
Ж.Алтаев, Т.Ғабитов, А.Қасабеков, Қ.Мұхаметалиев [170, 96-99б.]
бірлесіп жазған «Философия және мәдениеттану» деген оқулығы төрт тараудан
тұрады. Онда философияның диалектикалық қағидасы арқылы рухани-
мәдениеттің тарихи білімдері айқындалып, олардың дүниежүзілік типтік
ерекшеліктері баяндалады. Еңбекте еуразиялық даланың шаруашылық-
мәдени типтері, қазақ мәдениетінің әлеуметтік-тектік типологиясы, қазақ
мәдениетіндегі діни жүйелер типтері, қазақ мәдениетінің көркем шығармалық
типологиясы, қазіргі қазақ мәдениетінің типологиясы ерекше сөз болады.
Әдетте мәдениет негіздерінде этностың білімдері орын алған. Мұны
авторлардың мәдениетке - халықтың мыңдаған жылдар
бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі,
халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған, - деп берген
анықтамасы айқындай түседі.
М.Орынбеков «Ежелгі қазақтың дүниетанымы» деген монографиясында
[210] қазақ даласында өмір кешкен сақ, үйсін, каңлы, қыпшақ тайпаларының
дүниетанымдық мәнін, ой кешу үрдістерін, философиялық ұғымдары мен
түсініктерін тарихи сабақгастық, тұтастылық тұрғыда зерттеп, олар қазақтың
ұлттық
сана-сезім
мазмұнын
құрайтынын
түсіндіреді:«Қазақтың
дүниетанымында өзіндік ерекшеліктердің барлығы шындық. Мысалы,
қазақтардың жер мен суға, аспанға табынуы жердің, судың қажеттілігін білуі,
қоршаған ортасын сезінуі. Бұл қасиет күні бүгінге дейін мемлекеттік тудың
түсін көкпен бейнелеуінен көрінеді. Өйткені, дүниетаным - адамның өзін
қоршаған шындыққа және өзіне қатысы туралы пайымдауы, ой тұжырымы».
«Философия тарихы» деп аталатын еңбектің авторы Ғ.Есім IX ғасырдан
басталып, XVI ғасырға дейін Батыс Еуропа мәдениетін дамытуда жетекші ілім
болған фалсафа тарихы туралы баяндайды [211]. Философияның мазмұны
Платон, Аристотель еңбектерін жаңғырту болса, бұл мақсат мұсылман
дүниетанымы негізінде араб тілі арқылы түсіндіріледі. Автор фалсафа тарихын
араб халифаты ойшылдарының, Орта Азияның араб тілі ойшыларының және
Кордово халифаты ойшылдарының ой-пікірлеріне сүйеніп береді.
Бұлар оқу-тәрбие үрдісінде оқу материалын түсіндіруге, нақтылауға,
болмаса тұлғаның таным әрекетіне қозғау салуға көмектеседі. Мысалы, Әл-
Фарабидің философиялық тұжырымдарына сүйене отырып, білімді жалпы,
нақты түсініктерге сәйкес беру, ұғымды өзіне дейінгі, кейінгі ойларға сүйеніп
дәлелдеу, ғылымдардың пайда болу себептерін түсіндіру тәжірибесін айту,
тұлғаның оқу белсенділігін жоғарылатуға себепші болады. Сондай-ақ адамның
табиғатпен бірлігі іс-әрекетке байланыстылығы дәлелденеді.
Іс-әрекет туралы Қ.Б.Жарықбаев және Ө.Озғанбаев: «Сыртқы ортамен
байланыс жасау жалпы тіршілік етудің, адам белсенділігінің негізгі шарты. Ол-
кісінің түрлі қажет, мұқтаждықгарын өтеуге, мақсатына жетуге бағытталған
психологиялық дамуының қозғаушы күші», - деп жазады [212, 24б.]. Іс-әрекетті
орындау кезіндегі саналылық, белсенділік, нәтижеге жетудегі мақсаттылық,
адамның тұлғалық қасиеттерін, әсіресе ұлттық тұрпатын айқындай түседі.
Мысалы, М.Шоқайдың қазақ елін өзге халықтармен терезесі тең ұлт ету
мақсатындағы іс - әрекеті, оның тұлғалық қасиетін ғана танытып қоймайды,
сондай-ақ ұлтжандылық, көрегендік, тапқырлық т.б. қасиеттерін де танытады.
Ж.Әбділдин «...қандай да бір затты түсіну үшін, оның қалыптасу
тәсіліне, даму ерекшелігіне мән беру керек», - деп жазған пікірін [213] ескеретін
болсақ, этнопедагогиканың әдіснамалық өзегі ұлттық тәлім-тәрбиенің даму
тарихынан орын алған. Өйткені, біздің бүгінгі материалдық, рухани
мәдениетіміздегі білім жүйесі, Франц Фюманның: «Ақырғы алғашқысын өз
құшағында аялайды» - дегені сияқты, сонау скиф заманында тас бетіне
қашаудан басталып, өзгеріп дамып келе жатқан мұра екенін аңғарамыз.
Мысалы, Орхон аңғарынан табылған ескерткіш - жырдың тілін қазақ тілінің
осы күнгі ерекшеліктерімен салыстырғанда дыбыстық жағынан да, лексикалық
және морфологиялык тұрғысынан да, қазақ тіліне жақын деген пікірді
С.Аманжолов, Т.Мұсабаев, Т.Айдаров сияқты белгілі лингвист-ғалымдар
қуаттайды.
Қоғамның дамуындағы өзгерістер мен құбылыстарды тарихи қағида
негізінде зерттеуге сәйкес осы күнгі қазақ тарихы (Б.Е.Бекмаханов,
А.КАқышев, М.К.Қозыбаев, К.Н.Нұрпейісов, Ж.Қ.Қасымбаев т.б.), қазақ
этнологиясы (Ә.Диваев, Ә.Х.Марғұлан, И.В.Захарова, Х.Арғынбаев,
Ү.Қыдыралин т.б.), қазақ философиясы (Ж.М.Әбділдин, Д.К.Кішібеков,
Ә.Н.Нысанбаев, А.Қасабеков, Ж.Алтай, АМұхамбетәлиев, Ғ.Есім, ҚӘбішев
т.б.), қазақ әдебиеті (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов,
Ғ.Мүсрепов, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, З.Қабдолов т.б.), қазақ этнопедагогикасы
(Ы.Алтынсарин, АБайтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев,
С.Көбеев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев т.б.) жүйеге түсіп, халқымыздың рухани
байлығына айналып отырғаны белгілі.
Ә.Табылдиев этнопедагогиканың дамуы ілгеріде, тіпті классикалық
педагогиканың өзі одан бастау алған деп түсіндіреді [50, 115б.].
Бұлай болса, қазақ этнопедагогикасының дамуын шектеп, неге XIX
ғасырдың екінші жартысынан бастаймыз деген сұрақ туындайды. Біздің
пікірімізде қазақ этнопедагогикасы - этностың тәлім-тәрбиесі жөніндегі
ғылыми ой-пікірлердің тұтас жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Олай болса,
этнопедагогика ұлтымыздың қалыптасу дәуірінен басталады.
Мұны Т.Әлсатов та хандық дәуірде (XV-XVIII ғ.ғ.) ұлтымыздың өзіндік
оқу-тәрбие жүйесінің болғандығы туралы зерттеуі дәлелдейді.
А.Сейдімбек: «Рухани мұраны толықтырып отыру міндеті жалпы
мәдени сергектікке қоса алдағы атар таң, шығар күнге лайықты есті кепіл бола
алады», - деп тәлім-тәрбие ісін жинақтап, жаңартып отыруға ерекше мән береді
[164, 23-24б.].
Халықтық психологияның жинақтығын материалдары мен қағидаларын
ғылыми-теориялық тұрғыда жүйелеп, үлкен ғылым саласына айналдырып
отыратын тағы бір ғылым саласы-этнопсихология. Этнопсихология негізінен
өте күрделі, бірімен-бірі байланысты маңызды проблемаларды, біріншіден,
адамдардың іс-әрекеттері, күнделікті тұрмыс-тіршіліктері, әдет-ғұрыптары
мен дәстүрлері арасындағы байланыстарды, мәдениетімен тіл арасындағы
сәйкестіктерді, екіншіден, биосфера заңдылықтарына сай адамдардың сана-
сезімдерінің, мінез-құлықтарының пайда болу жолдары мен даму кезеңдерінің
заңдылықтарын зерттеп, олардың стереотиптерін анықтайды. Бұл
проблемаларды зерттеу ауызбен айтуға оңай болғанымен, іс жүзінде орындау
оңай шаруа емес. Жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешу үшін бірнеше
жетілдірілген жаңа әдістерді пайдалануға тура келеді. Әсіресе, этнографиялық
тәсілдер көп мөлшерде қолданылады. Өйткені, этнографиялық әдіс адамзат
баласының өсіп-өнуін зерттейтін ғылым.
Этнопсихология мен этнопедагогика бір-бірімен тығыз байланысты.
Олар үнемі бірін-бірі толықтырып, дамытып отырады, бір сөзбен айтқанда,
бірінсіз-бірінің күні жоқ. Этнопсихология мен этнопедагогикаға ұлттық
тәрбие және білім беру, ұлттық сана-сезімнің, ақыл-ойдың, әдет-ғұрыптардың,
дәстүрлердің қалыптасуы мен даму жолдарын шешу проблемалары, ұлттық
ерекшелік, ұлттық мінез-құлық т.б. жатады. Осы проблемаларға байланысты
этнопсихология мен этнопедагогиканың ғылыми негіздерін терең және жан-
жақты зерттеу қажеттілігі туындайды. Оны этнопсихология ғылымы
зерттейтіні сөзсіз.
Ұлттық психологияның құрылымына байланысты мәселелерді, олардың
негізгі компоненттерін ғалымдар Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Н.Сәрсенбаев,
Н.Жанділдин, К.Жүкеш, Н.Елікбаев, Т.Стефаненко, Г.Старовойтова, Г.Шпет
зерттеді.
Қанағат Жүкеш «Ұлттық психологияның сипаты» атты еңбегінде
ұлттық психологияның құрылымы жайында өз көзқарасын айта келіп, оның
әлеуметтік психология мен қатар, психологияның басқа салаларымен
байланысты екенін көрсетті. Осыған орай, қазақ ұлттық педагогикасын,
психологиясын зерттеуде басқа әдістер жасау қажеттігін сөз етеді.
Қ.Жүкештің еңбектері өзіміздің ана тілімізде жазылғандықтан, ұлттық
психология ғылымы үшін оның маңызы айрықша деп есептейміз. Ұлттық
психологияны зерттей келе, Қ.Жүкеш ұлттың қалыптасуы мен ұлттық
психология параллельді принципте дамитынын айтты. Ол принцип мынаған
саяды: «Ұлт бар жерде – ұлттық психология болады». Өйткені, ұлттық
психологияның дамуы әдеби тіл, мәдениет және тұрмыс деңгейімен
анықталады. Қ.Жүкештің ойынша, ұлттық психологияның құрамында мына
төмендегі компоненттер болуы тиіс: 1) ұлттық мінез-құлық; 2) ұлттың өзіндік
сана сезімі; 3) ұлттық қажеттілік және мақсаты, оларды сезіну. Қазақтың
ұлттық сана сезімінің негізіне мыналар кіреді: жауынгершілік, өнерді сүю,
балаларын жақсы көру, қарт адамдарға құрмет жасау, аңқаулық,
қарапайымдылық, ақтық, пәктік және т.б. Автордың болжамынша, ұлттық
мінез-құлық пен өзін-өзі сезіну ұлттық қызызушылық пен қажеттілік
компонентіне кіреді [215].
Ұлттық психологияның компоненттері туралы ғалымдар арасында
әртүрлі көзқарастар бар. Мысалы, зерттеуші-ғалым Н.Сәрсенбаев ұлттық
психологияны ұлттық психикалық құрылым деп есептей келе, оның үш
компоненттен тұратынын айтады. Олар: 1) ұлттық әдет-ғұрып және дәстүр; 2)
ұлттық сезім; 3) ұлттық мінез-құлық [216]. Ал Қ.Жүкеш ұлттық әдет-ғұрыпты
және дәстүрді жеке түрде ұлттық атрибут ретінде қарауға болмайды деп
есептейді.
Ұлттық психология дегеніміз - халықтардың тарихи дамуының
өзгешелігі мен әлеуметтік-экономиялық, рухани өмірінің алғы шарттарына
сай қалыптасатын және мәдениет пен тұрмыстан, дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптардан байқалатын ұлттық сезім әрекетінің көрінісі. Ол халық пайда
болған мезгілден астап аның тарихы мен тығыз бірлікте дамиды.
Ұлттық психологияның ерекшеліктерін түсіндірудің әдістемелік
негіздерінің бірі – оның табиғатын және жалпы адамгершілік, таптық-
әлеуметтік, ұлттық арақатынасын ажырата білу.
Біздің зерттеулерімізге қатысты жұмыстардың бірі – Н. Елікбаевтың
ғылыми-зерттеу еңбектері [217, 20-29б.]. Ол өзінің «Ұлттық психология» атты
еңбегінде этнопсихология жайында көптеген ғылыми деректер келтіреді.
Автор мұнда ұлттық руханияттың екі жағы бар екенін жазады, біріншісі –
идеологиялық, ал екіншісі – психологиялық. Идеологиялық жағына - әдебиет,
өнер, ғылым, философия, дін, ал психологиялық жағына – психология, ұлттық
әдет – ғұрыптар, дәстүрлер жатады. Бұлар бірімен-бірі диалектілік қарым-
қатынаста болады. Халықтардың психологиялық ерекшеліктері дегеніміз –
кластық және жалпы ұлттық категория. Бұлар бір-біріне әсер етеді. Ұлттың
психологиялық ерекшелігі халықтың даму кезеңдерінің ерекшелігіне орай
қалыптасады.
Н. Елікбаевтың пікірінше, ұлттық психологияның ерекшелігі дегеніміз
– халықтың тарихи әлеуметтік-экономикалық, рухани тұрғыда әр түрлі дамуы.
Ұлттық психологияның құрылымы бірнеше компоненттерден тұрады:
1) Ұлттық психология құрылымындағы ең күрделі және ең маңызды
компоненттерінің бірі – ұлттық мінез-құлық. Оның негізгі белгілері:
еңбексүйгіштік, бостандықты қалау, қайырымдылық, қонақжайлылық,
батылдық, қатаңдық. Мұндай белгілер барлық ұлт өкілдерінің ішінен кездеседі
және әр түрлі формада болады.
2) Ұлттық психологияның маңызды компоненттерінің бірі- ұлттың өзін-
өзі сезінуі, өзінің ұлтын сүю, басқа бір ұлттарға жақсы пікірмен қарау, оларды
құрметтеп,қадірлеу.
3) Ұлттық психология ерекшеліктерінің құрылымдық ерекшеліктеріне
ұлттық талғам да жатады.
Ұлттық психологияның ерекшеліктерін түсіндірудің әдістемелік
негіздерінің бірі - оның табиғатын және жалпы адамгершілік, таптық-
әлеуметтік, ұлттық арақатынасын ажырата білу.
Ұлттық қызығушылық туралы Н.Елікбаев өз зерттеуінде былай деп
жазады: ұлттық қажеттіліктер ұлттың этникалық, саяси және ішкі дамуына
байланысты пайда болады. Ал ұлттық қажеттілік ұлттық мәжбүрлікке
сипаттама бере алмайды. Ұлттық мәжбүрлік материалдық ресурстармен
байланысты. Ұлттардың саяси және экономикалық қызығушылығы ұлттық
психологияның дамуына ерекше әсер етеді. Зерттеушінің еңбектерінде ұлт
тіршілігі ұлттық әдет - ғұрып, дәстүрмен байланысты екені көрсетіледі.
Ұлттық психологияның ерекшелігі оның мәдениетінен, күнделікті
тұрмысынан, әдет - ғұрыптарынан, дәстүрінен айқындала түседі. Зерттеушінің
ойынша, егер ұлттық психологияның құрамды бөлігі әдет - ғұрып, дәстүрлер
деп есептелінсе, онда ұлттық психология ұлттық қажеттіліктен туындауы
мүмкін. Әрбір ұлт өздерінің әдет - ғұрпын, дәстүрін бір ұрпақтан екінші бір
ұрпаққа бере отырып, ұлттық психологияны дамытады. Тұрмыс деңгейінің
өзгеруіне байланысты дәстүрлер де өзгеріп, алға қарай дамиды. Ұлттық
психологияның дамуы ұлттық дәм сезіне білуге байланысты. Осыған орай
ұлттық дәм сезіну деген не? - деген сауалға Н. Сәрсенбаев жан-жақты түсінік
береді. Оның анықтауы бойынша, «ұлттық дәм сезіну-өзгеше бір синтезделген
ғылым саласы».
Ұлттық психологияны зерттеуге айрықша үлес қосқан ғалымдардың бірі
– Н. Жанділдин [218]. Ол ұлттық мінез-құлық, ұлттық сана - сезім, ұлттық дәм
сезіну және басқа мәселелер жайында көптеген ғылыми еңбектер жазды. Оның
дәлелдеуі бойынша, «психикалық қойма» деген терминнің этнопедагогикаға
енуі дұрыс емес деп есептейді. Бұл терминдер ұлттың ерекшеліктеріне толық
сипаттама бере алмайды. Ғалымның ойынша, ұлттық психологияны терең
зерттеу, оның құпия сырларын ашу ғалым-педагогтардың алдында тұрған
басты проблемалардың бірі болып саналады.
Осыған орай, біз жұмысымызда ұлттық психологияны зерттей отырып,
оның тәлім-тәрбие саласындағы рөлін ашып көрсетуді мақсат тұттық. Қазақ
елінің жастарды адамгершілікке тәрбиелеудегі әдет - ғұрып, дәстүрлері,
бірнеше айрықша ұлттық қағидалары анықталып, оның келешегі зор, берері
мол екені айқындала түсті. Ұлттық психологияны оқу - тәрбие үрдісінде кең
көлемде пайдалану әдіснамалары көрсетілді. Өйткені оқу - тәрбие жұмысы
қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты жүргізілуі керек.
Н. Жанділдиннің дәлелдеуі бойынша, ұлт дегеніміз - әлеуметтік-
этникалық қоғамның ең жоғары формасы. Олардың өздеріне тән меншікті
жерлері, сана-сезімі, тілі мен мәдениеті болады. Сондықтан да «ұлттық
психология» деген термин философиялық әдебиеттерде кең көлемде
қолданылып жүр. Автор этностың сана - сезімі мен этникалық өзіндік түсіну
проблемасы жөнінде көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
бұлардың биосфераның табиғи заңдылығына байланысты екенін көрсетті.
Философиялық тұрғыдан алып қарағанда, автор әр түрлі қоғамдық кластар әр
деңгейде дамитынын дәлелдеді. Сондықтан да «ұлттық психология» әр түрлі
ұғынылатынын ол егжей-тегжейлі жазды.
Ұлттық сана-сезімді зерттеу - өте күрделі проблема. Сол себептен
ұлттық сана - сезім туралы ғылыми - зерттеулер жүргізу этнопсихологиялық
тұрғыдан өте орынды. «Ұлттық сана - сезім, - деп жазады Н. Жанділдин, -
ұлттарға тән арнаулы көрсеткіш, тарихи түрде дамыған, бір ұлттардың типі
екінші бір ұлттардың типінен айырмашылығымен айқындалады. Ұлттық
өзгешеліктің мәні ұлттық жағдайларда әр қилы болып келе береді». Сонымен,
ұлттық психологияның құрылымды бөлімі Н. Жанділдиннің пікірінше, мына
көрсеткіштерден тұрады: 1) ұлттық мінез - құлық; 2) ұлттық талғам; 3) ұлттық
сана - сезім. Сондай-ақ, бұған ұлттық әдет - ғұрыптар, дәстүрлер де кіруі
мүмкін.
Кейбір зерттеушілер ұлттық әдет - ғұрыптар мен ұлттық дәстүрлерді
ұлттың ерекше формалары ретінде алып, оларды ұлттық психологияның
негізін қалайтын басты компонент деп санайды. Н.Жанділдин:«...мұндай
дәлелдемелер ұлттық белгілерді толығымен дәлелдей алмайды, тек бір жақты
айтылған қағидалар, жәй сөз жүзінде қала береді». Зерттеушінің ойынша, әдет-
ғұрып, дәстүрлердің пайда болуы, олардың дамуы, қазіргі кездегі жағдайы,
олардың тұрақтылығы барлық ұлттарға тән табиғи құбылыс болып
есептелінеді. Олар әр түрлі тұрмыс деңгейіне қарай дамып отырады. Әдет -
ғұрып, дәстүрлердің дамуына және олардың өзгеруіне дін айрықша үлес
қосады. Кез - келген әдет - ғұрып, күнделікті тұрмыс, тәжірибе, мінез - құлық,
халықтың тіршілік ету жағдайы, әр түрлі пісіп - жетілу деңгейіне орай ұлттық
психология қалыптасып және дамып отырады дейді. Автор ұлттық психология
мен әдет - ғұрып бір - бірімен байланысты емес, бірін - бірі басқара алмайды,
өйткені, олар әр түрлі сферадан әрекет етеді деген пікір айтады. Бірақ кейбір
жағдайларда ұлттық психология мен әдет - ғұрып бір - бірімен байланысты
болатынын да атап көрсетеді. Ал әдет-ғұрып пен дәстүрлерге келетін болсақ,
олар халық психологиясының қайнар көзі деп санауға болмайды және олар
тіршілік тұлғасы да бола алмайды. Алайда, кейбір ғалымдар әдет - ғұрып,
дәстүрлерді ұлттық психологияның негізі санап, оларға айрықша мән береді.
Оған бір мысал. Қазақ елі арасында қалыптасқан дәстүрдің бір түрі – үйіне
жолаушы қонақ келе қалса, оған сусын беріп, асты – үстіне түсіп күтеді.
Жолаушыны үй иесінің тану – танымауы шарт емес, ол қайдан, не істеп жүрген
пенде екенінде сұрамайды, кейде оған арнап мал сояды. Бұл – ұлттық
психологиялық ерекшелікке байланысты қалыптасқан дәстүр.
Ұлттық ерекшелікті құбылыс ретінде ұғындыруға болады. Бұл жайында
этнограф Ю.В. Бромлей «ұлттық» деген терминді шатастырмай, ғылыми
тұрғыдан ұғыну үшін оны этника (этнос) ретінде түсіну қажет деп көрсетеді
[151, с.312].
Ұлттық психологияны халықтың әдет - ғұрыптары мен дәстүрлеріне
байланыстыра отырып, кең көлемде ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізген
– ғалым-философ, профессор Н.Сәрсенбаев. Ол «ұлттық психология»
терминін анықтау үшін ұлттық психологиялық ой жиынтығын басшылыққа
алып, ұлттық психологияның негізгі компоненттеріне тоқталады.Бір
компонент
пен
екінші
компоненттің
арасындағы
диалектикалық
байланыстарды зерттеп, бір компоненттен екінші бір компонентке өту
жолдарын қарастырады. Осының нәтижесінде бірнеше ғылыми жаңалықтар
ашып, ұлттық психологияның қалыптасуы мен даму жолдарын саралап береді.
«Ұлт, - деп жазады Н. Сәрсенбаев, - адамдардың арнаулы тобы, олардың
өздеріне тән тілі, территориясы (мекені, жері), экономикалық өмірі және
психикалық ой-өрісінің құрылымы болады. Психикалық ой - өрісі ұлттың
ерекшелік қасиеттерін көрсетеді. Ұлттық мәдениет пен психикалық ой - өріс
өте күрделі байланыста болады. Ұлттық мәдениет ұлттық пен ой - өріс екі
түрлі мағына береді. Ұлттық мәдениет ұлттық ой - өрістен жоғары тұрады.
Ұлттық мәдениетте материалдық мәдениеттің элементтері, әр түрлі қоғамның
сана - сезімі, идеологиясы және әлеуметтік психологиясы болады. Ал ұлттық
ой - өрісте мұндай элементтер кездеспейді. Ұлттық мәдениеттің негізгі
көрсеткіші идеология болып есептелінеді, ал ұлттық психикалық құрылымдар
- қоғам психологиясының негізгі категорияларының бірі».
Идеология дегеніміз - құрамды, тұрақты және жүйеленген ғылым
саласы. Ол өзінің даму жолдарында ғылымға сүйенеді де, өте қозғалмалы және
өзгермелі келеді. Ал қоғамдық психологияның ондай көрсеткіштері болмайды.
Сондықтан да қоғамдық психологияда әр түрлі дәстүрлер ұя салып, сана-
сезімге
ықпал
етеді.
Қоғамдық
психология
мына
төмендегідей
категориялармен сипатталады: а) халықтың көңіл-күйі; б) қарым-қатынасы; в)
әуестенушілігі; д) әдет-ғұрпы; е) дәстүрлері; з) ұлттық мінез-құлықтары және
т.б.
Психикалық ой құрылымы музыкадан, ән - күй, биден, отбасы
арасындағы рухани қарым - қатынастардан, киген киім - кешектерден,
спорттан, күнделікті тұрмыстың басқа да сан саласынан, әдет - ғұрыптан және
дәстүрлерден жақсы көрінеді.
Ұлттық психологиялық құрылымды зерттей келе, Н. Сәрсенбаев
мынадай қорытынды жасайды: «Ұлттық психикалық құрылым айналаны
қоршаған ортадан алған әсердің, сондай-ақ қоғамдық өзгерістерден алынған
әсердің жиынтығы. Бұл жиынтық әдет - ғұрып, дәстүр, үйреншікті іс, сана –
сезім түрінде қалыптасып, дамып отырады».
Н. Сәрсенбаев өзінің анықтамасын басшылыққа ала отырып, бір-бірімен
байланысты үш түрлі компонент бар екенін атап көрсетеді. Оның біріншісі –
ұлттық сезім; бұл – ұлттық психикалық құрылымның маңызды элементтерінің
бірі, ұлттық сезім айналаны қоршаған ортаның абиотикалы факторлары
арқылы қалыптасып, дамып отырады. Сонымен бірге, халықтың
қажеттілігімен байланысты болады. «Ұлттық психикалық құрылымның тағы
да бір көрсеткіші – ол ұлттық әдет-ғұрып, дәстүрлер», - деп жазады ол. Сөз
жоқ, қазақ елінің дәстүрлері материалдық өндірісте айрықша орын алады.
Дәстүрлер - әлеуметтік нормалардың негізгі көрсеткіші. Дәстүрлердің қандай
түрлері болсын, адамдар қажеттілігінен туындап отырады.
Ұлттық психикалық құрылымға анықтама бере отырып, Н. Сәрсенбаев
психикалық құрылым құрамына мына төмендегідей компоненттер кіретінін
атап көрсетеді. Олар: 1) ұлттық сезім; 2) ұлттық мінез-құлық; 3) ұлттық әдет -
ғұрып, салт - дәстүрлер. Автор осы жоғарыда көрсетілген компоненттерге
жеке түрде сипаттама береді [216, 108-116б.б.; 268-275б.б.].
Сонымен, Н. Жанділдиннің, Қ. Жүкештің, Н. Елікбаевтың және этнолог
Ю. Бромлейдің еңбектеріне талдау жасай келе, ұлттық салт - дәстүрлер мен
әдет - ғұрыптар ұлттық психикалық құрылымның негізгі компоненті болып
табылады деген ой қорытамыз.
Біздің пікірімізше, ұлттық психикалық құрылымның негізгі
компоненттері – ұлттық намыс, ұлттық мінез - құлық, ұлттық сана – сезім және
ұлттық менталитет.
Этникалық сөздікте менталитет ұғымына мынандай анықтама берілген:
«Этникалық менталитет (грекше Etnos – халық, французша Mentalie – рухани)
- әр халықтың өздеріне тән ойлау жүйелері, мәдениеті, өнері, тілі. Менталитет
қай тілде айтылмасын, оның негізі латын сөзінен (Mentality) алынған. Бұл
ұғым жеке адамдардың, не топтардың болмыс-бітімін, ойлау түрін, сонымен
бірге мүмкіндігін бейнелеп, олардың басқа физикалық құбылыстардан
ерекшелігін ажыратып береді.
Менталитет жайында соңғы кездерде ғылыми еңбектер де жарық көрді.
Д.Кішібеков «Қазақ менталитеті» деген еңбегінде менталитет ұғымына кең
көлемде түсінік береді [219]. Оның пікірінше, менталитет санаға тікелей
байланысты. Шығыс халқының, олардың ішінде қазақтардың өз менталитеті
бар. Көшпелі өмірден туындаған қазақ елінің менталитеті – бірте - бірте
қалыптасқан мінез-құлқын, әдет - ғұрпын, ойлау жүйесін, салт - санасын
бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығы. Әрбір халықтың өзіндік
менталитеті бар, себебі өзінің бет - бейнесі, ерекшелігі айқындалмаған
халықтың тарихта болуы мүмкін емес. Мәселен, М.С. Орынбеков өзінің
еңбегінде [210]: «Менталитет – мәңгі қатып қалған дүние емес, ол да өзгереді.
Күнделікті өмір көшіне ілесе алғандары қала береді де, ал қалғандары
жойылып кетіп барады. Өзгерген менталитеттердің жақсы жағы да, жаман
жағы да бар. Халық менталитетінің өзгерген жақсы жағы мемлекетті дамытып,
оны алдыңғы қатарға көтереді. Соған сәйкес прогреске сай келмейтін ескі әдет
- ғұрыптар, дәстүрлер ұмытылып, жаңалары қалыптасады. Өйткені өмір сүру
тәсілі өзгерсе, соған сәйкес қоғамдық болмыс, қоғамдық сана - сезім, әдет -
ғұрып, дәстүрлер де өзгереді», - деген.
Біз өз зерттеулерімізде этнопедагогиканың саласы ретінде ұлттық
тәрбиенің теориялық негіздерін, категориялық түсініктері мен әдіс-тәсілдерін
қарастыру үшін осы саладағы ғалымдардың бірін-бірі толықтырған
этнопедагогика теориясына жасаған ғылыми талдауларына тоқталуды орынды
деп тұжырым жасадық.
Қазақ этнопедагогикасы саласында 1970-2000 ж.ж. іргелі және қолданбалы
зерттеулер жүргізіліп, ғылымның ұлттық тәрбие бағытында теориялық-
әдіснамалық қалыптасуының өзіндік негізін жасады.
Іргелі педагогикалық зерттеулерде авторлар (Қалиев С,Жарықбаев Қ.Б.,
Ұзақбаева С.А., Наурызбай Ж.Ж., Балтабаев М.Х., Қожахметова К.Ж.,
Құлманова Ш.Б., Дүйсембінова Р.Қ., Оразбекова К.А., Бөлеев Қ. т.б.) өздерінің
әдіснамалық,
теориялық
көзқарастарына
ғылыми
дәлелдемелер
келтіріп,зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде пайдалану үшін қолданбалы
әдістемелік ұсыныстар жасайды.
Қазақ этнопедагогикасының тарихын зерттеуші С.Қалиев аталмыш
ғылым саласының қалыптасу кезеңдерін үш кезеңге бөліп қарастырады:
1. Қазақ этнопедагогикасының пайда болу кезеңі (ХІХ ғасырдың екінші
жартысы). Оған: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және орыс-батыс
ғалымдары П.С.Паллас, Э.С.Вульфсон, А.Вамбери, А.Левшин, А.Янушкевич,
Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд, В.В.Радлов еңбектерін жатқызады.
2. Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі (1920-1930 жылдар).
Оған: С.Торайғыров, Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов,
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова, М.Әуезов,
С.Сейфуллин еңбектерін жатқызады.
3. Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі (1970-1995 жылдар). Оған
автор: М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Б.Адамбаев, Ш.Ахметов, М.Әлімбаев,
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, Қ.Бөлеев,
З.Ахметова, М.Құрсабаев, М.Смайылова, М.Оразаев, К.Қожахметова
еңбектерін жатқызады [220].
Этнопедагогика ғылымы бүгінгі таңда қоғам қажеттіліктерінен
туындаған басқа ғылым саласы сияқты өзекті мәселелердің біріне айналып
отыр. Оның қажеттілігі мен өзектілігі жайлы аталмыш сала бойынша
өткізілген
ғылыми-практикалық
конференция
материалдары
мен
зерттеушілердің еңбектері дәлел. Көптеген ғалымдардың Г.Н.Волковтың:
«…этнопедагогика - әр халықтың жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде
мақсаты мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысқан, көп ғасырлардан бері
жинақталған педагогикалық білімдері мен әдіс-тәсілдерінің ұлттық
қажеттіліктерінен туындаған тәжірибелер жиынтығы..», - деген тұжырымына
сүйенетіні байқалады [39, 133б.].
Тұңғыш этнопедагог-ғалым Г.Н.Волковтың: «Этнопедагогика -жеткіншек
ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі халықтың тәжірибесі, олардың педагогикалық
көзқарастары, тұрмысы, отбасы, ру, тайпа, ұлыс және ұлт тәрбиесі туралы
ғылым. Этникалық тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлттық
сипаттағы ерекшеліктерді зерттейді», - деген тұжырымы бұл бағыттағы
зерттеулерді әр қырынан зерттеуді қажет ететінін дәлелдейді [221, 165б.].
Г.Н.Волков өткен ғасырдың 70 жылдарының екінші жартысында
ғылымға «этнопедагогика» деген ұғымды енгізген болатын. Ол «Педагогика и
жизнь», «Чувашская народная педагогика», әсіресе «Этнопедагогика» деп
аталатын еңбектерінде кең түрде этнопедагогиканың ұғымдық мәнін, зерттеу
нысанасын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда айқындап берді. Г.Н.Волковтың
пікірінде: «халыктық педагогика» - халық ауыз әдебиеті негізінде ғылыми
зерттеу жұмыстарының мазмұны мен мағынасын айқындауда орынды
болатынын көрсете келіп, оны халықтың ауызекі шығармашылығында, әдет-
ғұрпы мен салт-дәстүрінде, балалар ойындары мен ойыншығында және т.б.
сақталып келген ақпараттар мен тәжірибелер деп түсіндірсе, этнопедагогика -
отбасы, ру, тайпа, ұлыс және ұлттардың педагогикалық мәдениетін,
психологиялық ерекшеліктерінің ортақтығын қарастыратын, теориялық ой
санасы, ғылым саласы» - деп санайды [221, 178б.]. Ол сондай-ақ ғылыми
зерттеу жүмыстарында этнографиялық материалдарды кеңінен пайдалануға,
зерттеу жұмысының логикасына байланысты «халықтық педагогика»
ұғымынан гөрі ғылымдық мәні бар «этнопедагогика» ұғымын пайдалануды
жөн деп қарайды.
Этнопедагогиканың
мәнін
айқындауда
Украина
ғалымы
М.И.Стельмаховичтің анықтамасына да көңіл аударған жөн. Ол: «Халықтық
педагогика этностық бірлестікке қатысты емес, эмпирикалық педагогикалық
білімдер мен құралдар жүйесін қамтиды, ал этнопедагогика ұлттық
ерекшеліктерді айқындайтын нақты этностық топқа тән педагогикалық
дөстүрлерді зерттейді» [222], - дейді.
Сондай-ақ, этнопедагогика пәнінің өзіндік ерекшелігін нақтылай түсетін
анықтаманы Христова Е.Л. жасаған. Ол: «Этнопедагогика - белгілі этнос
тәрбиесіндегі ерекшеліктерді зерттейтін ғылым»,- деген [223]. Олай болса,
ұлттық тәрбие саласында Е.Л.Христованың пікірлері өте құнды. Ол ТМД
елдерінде халыктық педагогиканың дамуына тарихи этнографиялық,
педагогикалық талдау жасап, «халықтық педагогика», «этнопедагогика»
ұғымдарының генезисін көрсетіп, «педагогикалық халықтық мәдениет»
«педагогикалық дәстүрлі - тұрмыстық мәдениет», «дәстүрлі педагогика»
ұғымдарын бір-бірінен ажыратып, пайдалану шеңберін, мән-мағынасын
ашады және халықтық педагогиканың теориялық, әдіснамалык мәселелерін
белгілейді.
Әр халықтың ұлттық тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері жөнінде
Г.С.Виноградов (1926) [38, с.128], А.Ф.Хинтибидзэнің (1951) [224], ғылыми
еңбектерін атап көрсетуге болады. 1956 жылы жарыққа шыққан академик
Г.Н.Волковтың «Чуваш халқының этнопедагогикасы»- атты еңбегi ТМД
мемлекеттері кеңістігінде этнопедагогика ғылымының көптеген ғалымдардың
зерттеу объектісіне айналуына себеп болды [221]. Бұл орайда А.К.Алиевтың
(Әзербайжан,1968),
Я.И.Ханбиковтың
(Татарстан,
1967)
[41],
З.Миртурсуновтың (Өзбекстан, 1973), А.Ш.Гашимовтың (Азербайжан, 1970)
[225], Ю.А.Рудь (1980) [143], З.П.Васильцованың (Украина, 1983),
Е.Л.Христованың (1988) [223], К.Пирлиевтің (Түрікменстан, 1991) [226],
А.Э.Измайловтың (Қырғызстан, 1991) [42] және басқа ғалымдардың
еңбектерін атап өткен жөн.
Олар халықтық педагогика ұғымына анықтама беріп,өзіндік талдаулар
жасады. Г.Н.Волков: «Халықтық педагогика-тәрбие мәселелері жөніндегі
эмпирикалық мәліметтер мен білім және халықтың бала тәрбиелеу жөніндегі
практикалық қызметі», - деп қараса [221, с.18-21], А.Ш.Гашимов: «Халыктық
педагогика - халық бұқарасының тәрбие жөніндегі көзқарастарының, әдет-
ғұрыптарының, дәстүрлерінің жиытығы», - деп түсінеді [225, с.35]. Ал,
В.Ф.Афанасьев: Халықтық педагогиканы «Жастардың күнделікті өміріне
қажетті білімдерді меңгертуге себебін тигізетін халық бұқарасы білімдерінің
жиынтығы», - деп қарастырады [40, с.79].
Халықтық педагогикаға берілген анықтамалардың мазмұнына
қарағанда мағынасы бір-бірінен өте алшақ емес, түпкі мәнінде халықтық
педагогика халық бұқарасының тәлім-тәрбие жөніндегі тәжірибелер
жиынтығы екендігін аңғаруға болады.
Этнопедагогиканың дамуында көп үлес қосқандардың бірі - К.Пирлиев.
Ол этнопедагогиканы ұрпаққа халықтың әлеуметтік өмірінен берілетін білім,
тәрбие деп қарастырып, түрікмен халық ауыз әдебиеті туындыларының жеке
адамды қалыптастыру мүмкіндіктерін және этнопедагогиканы оқу-тәрбие
үрдісінде қолдану жолдарын көрсетеді [226]. Автор этнопедагогика саласында
қомақты зерттеу жасағанмен, оның этнопедагогикаға берген анықгамасы дәл
емес, халықтық педагогикаға берілген аныктамадан аса алмаған, яғни
этнопедагогиканың зерттеу пәнін ғылыми түжырымдау тәжірибесі толымсыз.
Бұл К.Ж.Қожахметова зерттеуінде жаңаша шешілген. Ол этнопедагогиканың
педагогика ғылымдарындағы орны мен арақатынасын айқындай келіп,
«этнопедагогика - педагогиканың құрамдас бөлігі бола тұрып, өзіндік
ерекшелігімен дараланатын әрі кіріккен педагогикалық білімдер саласы», - деп
қарайды [51, 53б.]. Сондай-ақ, сирек қарастырылып келген қазақ
этнопедагогикасының теориялық мәселелерін зерттеп, оның ғылым саласы
ретінде нысанасын, пәнін, көздерін, әдістері мен кағидасын және құралдарын
айқындайды.
Философиялық көзқарас тұрғысында ұлттық тәрбие өмірдің
экономикалық негіздерімен байланысты және қоғамдық тұрмысты
сипаттайтын қоғамдық таным формасы ретінде көрініс алады.
Сонымен, ұлттық тәрбиенің дамып, қалыптасуы оқу үрдісінде оның аса
тиімді амал-жолдарын ендіруді болжаумен шектелмейді, керісінше, осы тиімді
жолдарды жинақталған тәжірибе негізінде қалыптастыруды көздейді. Олар
ұрпаққа мұра ретінде жетіп, әрі қарай олардың практикада жеткен
жетістіктеріне байланысты жетілдіріліп отырады.
Ұлттық тәрбие жөнiнде Абай, Ыбырай және Шоқан мұраларының
шоқтығы биiк. Оларды рухани ұстазы санаған А.Байтұрсынов, Шәкәрім,
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Н.Құлжанова, С.Көбеев, Ш.Әлжанов және басқа
қазақ зиялы қауым өкілдері ұрпақ тәрбиесі жөнінде аз еңбек жазған жоқ. Қазақ
зиялыларының педагогикалық тағылымдары жөнiнде ғылыми-әдеби еңбектер
жазып, зерттеулер жүргiзген Шаймерденова Г.[227], Көбесов А [228],
Жұматаева Ш [229], Ыбыраева К.Ж [230], Құдиярова А.М [231], Бұланова Ф.З
[232], Көшенова Р.Н [233], Құламбаева К.К [234], Төребаева К.Ж. [235],
Әбділдина С.Қ. [236], Жанболатов С.Е. [237], Ыбырайымжанов Қ.Т. [238],
Таутенбаева А.А. [239] және басқа ғалымдардың еңбектерiн атап өтуге
болады.
Қазақстанда ұлттық тәрбиеге қатысты тұңғыш зерттеулерге
А.Х.Мұқамбаева (1973), И.Оршыбеков (1974) және Қ.Б.Жарықбаевтың (1982)
және Қ. Сейсембаевтың (1987) еңбектері жатады.
А.Х.Мұқамбаева өзінің «Национальные обычаи и традиции казахского
народа и их влияние на воспитание детей и молодежи» [76, 29б.] деген
еңбегінде ұлттық тәлім-тәрбиелік дәстүрлер және оның тарихы жөнінде
мәселе көтереді. А.Мұхамбаева: «Жас ұрпаққа халықтың сан ғасырлар бойы
жинақталып келген салт-дәстүрлері негізінде тәрбие беру – алдымен салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың халық тұрмысындағы пайда болу генезисін
анықтап алудан бастау керек. Ол дүниелерді зерттеу мен талдау – тақырыптың
әлеуметтік алғышарттарын айқындауға негіз болмақ». Әлеуметтік
алғышарттардың – қоғамдық құбылыс екені жөніндегі этнограф ғалымдардың
теориялық еңбектеріне сүйенген автор - өз ретінде қазақ халқының салт-
дәстүрлерінің қоршаған орта мен тұрмыс-тауқыметтің жағдайына байланысты
өзіндік табиғи ерекшеліктерін реттеудің қажеттілігін баяндайды.
Зерттеуде қазақ халқының ата-бабасының жинақтаған тәжірибелері
негізінде жас ұрпаққа жан-жақты тәлім-тәрбие беруде адамның жас
ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктеріне аса назар аударғаны,
нәтижесінде тәрбие әрекеттерінің тұрмыста, әулет пен отбасы салтында
арнайы білім қағидаларын игеру мен қолдану негізіндегі қарапайым
педагогикалық тәжірибелердің қалыптасқаны дәлелді тұрғыда айтылады.
И.Оршыбеков
өзінің
«Халық
ауызекі
поэтикалық
шығармашылығындағы адамгершілік тәрбиесінің идеялары» [240] атты
диссертациялық еңбегінде халық ауыз әдебиеті мұралары негізінде
оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің кейбір өзекті мәселелерін зерттейді.
Автор адамгершілік тәрбиесінің халық педагогикасының үлкен саласы болып
табылатын мақал-мәтелдер мен этномузыкалық мұралар арқылы мектептегі
оқу-тәрбие жұмыстарында факультативтік дәрістердің қосымша материал
ретінде өткізу жөнінде әдістемелік кеңестер береді.
Қ.Сейсембаев «Отбасы тәрбиесінде балаларды мектепке даярлаудағы
қазақ халық педагогикасы» [241] атты еңбегінде халық педагогикасының
негізгі компоненттерінің бірі отбасы тәрбиесі екенін атап көрсетеді. Оның
ойынша, халық педагогикасының қалыптасу тарихын зерттеу барысында, қай
кезеңдерде болмасын әр халық күнделікті тұрмыста жас ұрпаққа эмпирикалық
білім мен тәрбие беруде отбасылық дәстүрлерге сүйенген. Сондықтан отбасы
дәстүрлері негізінде арнайы әдістемелік нұсқаулар мен дәріс беру сабақ
жоспарларын құрудың үлгілерін ұсынады.
Ұлы дала ғұламаларының педагогикалық ой-пікірлерін жинақтап,
олардың
тәлім-тәрбиелік
және
діни-рухани
мұралары
жөнінде
республикамызда тұңғыш рет көлемді ғылыми зертттеу жүргізген
Қ.Жарықбаев болды. Зерттеуші ғалым өзінің ғылыми зерттеулерінің
нәтижесінде ұлттық педагогика тарихының дамуына қомақты үлес қосты.
Еңбекте тұңғыш рет шығыстанушы, әдебиеттанушы және этнолингвистика
мен елтанушы ғалымдардың еңбектері негізінде қазақ топырағында ғұмыр
кешкен көнетүркі ғұламалары: Йоллық тегін, Күлтегін, Мойыншор, Білге
қаған, Тоныкөк, Онгин, Сүдже, Құлышора және басқа данышпандардың
тағылымдық өсиеттері баяндалады.
Қ.Жарықбаевтың диссертациясында алғаш рет Қазақстандағы
педагогикалық ой-пікірдің даму кезеңдерін анықтауға талпыныстар жасалып,
олардың Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдерде қалыптасу барысына жалпы баға
берілген; қазақ халқының педагогикалық ой-пікірінің ілкі бастаулары
қарастырылып (әл-Фараби мұралары, ежелгі түркі жазба ескерткіштері),
көшпелі қазақтардың халық педагогикасының өзіндік ерекшеліктері
анықталған; XVIII және XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ
ойшылдарының педагогикалық мұралары талданып, ғылыми айналымға
ендірілген, олардың Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің даму
тарихындағы орны анықталған; қазақ ағартушыларының (XIXғасырдың
екінші жартысы) және олардың ізбасарларының (XX ғасырдың басы)
педагогикалық мұралары талдауға алынған [77, 29б.]. Бұл жөнінде
Қ.Жарықбаевтың: «…этнопедагогика – ұлттар мен ұлыстардың атадан балаға
мирас болып қалған, тәлім-тәрбиелік тәжірибелерінің: дәстүр, салт-сана, әдет-
ғұрып, тағы басқа қыры мен сыры туралы ғылым..», - деген, тұжырымы да
көптеген ғалымдардың зерттеулерінде көрініс табуда [212, 32б.].
Қ.Жарықбаев
докторлық
зерттеуінде
«этнопедагогика»,
«этнопсихология»,
«халықгық
педагогика»,
«халықгық
психология»
ұғымдарының бір-біріне ұқсастығын, айырмашылықтарын және олардың
классикалық педагогика категорияларымен сабақтастығын көрсете келіп:
«Этнопедагогика-халықтық тәлім-тәрбиені онын тәжірибесін қорытындылап,
жүйелейтін теориялық сипаттагы ғылым саласы. Ол- халықгық педагогиканы
ғьлыми педагогикамен бай-ланыстырып отыратын өткел іспеттес ғылым», - деп
түсіндіреді.
Этнопедагогиканың
ғылымдық
мәнін
айқындауда
С.Қалиев
еңбектерінің орны айрықша. Ол - қазақ халқының тәлім-тәрбие ісіне ден
қойып зерттеуші орыс, батыс ғалымдары мен Шоқан, Ыбырай, Абай, т.б.
еңбектеріне талдау жасап, олардың ой-пікірлерін ұрпақ тәрбиесіне құрал
етудің теориялық, практикалық жақтарын алғаш қарастырушы.
Қазақ халқының тәрбиесі әлеуметтік құбылыс екенін және оның
қоғамдық қажеттіліктерден туындағанын ескере келе ғалымдар өз ойларын
былай жеткізеді: «.. Адамның өз ұрпағын еңбекке, кәсіпке, өмірге икемдеп
үйретуі адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан тарихи үрдіс екені
белгілі. Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің үлкен тарихында
жас ұрпаққа тәрбие беруде бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-
ғұрып рәсімдерін туғызды. Дала тұрғындары өздері өмір сүрген ортаның
әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениеті мен тарихына орайлас жас
буынға тәлім-тәрбие берудің басқа жұртта қайталанбайтын талап-тілектерін
дүниеге әкелді. Мәселен, жас ұрпақты тәрбиелеудің жалпыға ортақ моральдік-
психологиялық нормасы белгіленді...» [242, 4-5б.]. Бұдан біз халық
педагогикасының ұлтымыздың тарихи және мәдени қалыптасуы кезеңдерімен
тығыз байланыста дамып келген аса күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс
екеніне көз жеткіземіз. Демек, халық педагогикасында ұлттық тәрбиенің де
өзіндік көрініс табуы заңды құбылыс.
Қ.Жарықбаевтың қазақ этнопедагогикасы тарихын жүйелі тұрғыда
зерттеуге арналған еңбектері С.Қ.Қалиевтің зерттеу жұмыстарында көрініс
тапты. С.Қалиев өзінің «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі»
(1986) атты еңбегінде Қ.Жарықбаевтың зерттеулерін одан ары дамыта түсіп,
қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ақын-жыраулар поэзиясындағы тәлімдік
идеялар жөнінде толық мағлұматтар береді [243].
С.Қалиев қазақ этнопедагогикасы тарихындағы «Алтын ғасыр кезеңі»
болып саналатын қазақ хандығы тұсында ғұмыр кешкен ақын-жыраулардың
педагогикалық ой-пікірлеріне талдау жасап, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие
беруде, ата-бабалар тағылымдарын мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарында
жүйелі тұрғыда пайдаланудың әдістемелерін ұсынады.Аталмыш зерттеу
материалдары – «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» (1990), «История обучения
и воспитания казахов» (1990) [186] «Қазақ этнопедагогикасы және
этнопсихологиясы курсының бағдарламасы» (1992) және «Қазақтың тәлімдік
ой-пікір
антологиясы»
(1994)
және
басқа
бағдарламалар
мен
тұжырымдамалардың пайда болуына негіз болды.
С.Қалиев этностар тарихын зерттеудің әдіснамалық негіздері мен
заңдылықтарын айқындай отырып, казақ этносының пайда болу тарихын,
халық тәлімінің тарихи дамуын, қазақ этнопедагогикасының ғылыми-
теориялық мәселелерімен оның бастау бұлағын, қалыптасуы мен даму
кезеңдерін көрсете келіп, этнопедагогиканы фольклорлық шығармалар мен
салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасын, оны оқу-тәрбие жүйесінде
қолданудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогика ғылымдарының бір саласы
деп түсіндіреді. С.Қалиев этнопедагогиканың әдіснамалык мәселесін қазақ
философиясының өзіндік ерекшеліктеріне сай тұлға (толық адам, ер), ата-
мекен, ел-жұрт, ауыз әдебиеті, салт-дәстүр, ұлтымыздык көшпелі өмір
ерекшеліктерін білдіретін деректердің барлық кешенді түрлерін байланыстыра
қараудан іздестіреді [243].
Бұл жөнінде академик М.О.Әуезовтың туғанына 100 жыл толу мерекесіне
орай ұйымдастырылған этнопсихология және этнопедагогика ғылыми-
теориялық конференциясында Қ.Б.Жарықбаев: «Біз осы кезге дейін «халықтық
педагогика» деген терминді пайдаланып келдік, енді оның ғылымдық мәнін
көтереміз десек, «этнопедагогика» деген терминді өмірге енгізудің мерзімі
жетті», - деп орынды айтты.
Этнопедагогиканың ғылымдық мәнін ескермеуден оқу-тәрбие
үрдісінде кейбір олқылықтар орын ала бастады. Мысалы, балабақша мен
бастауыш мектеп жасындағыларға баланы бесікке бөлеу, оның жабдықтарын
атауға үйрету, болмаса ұлттық атауларды бұрмалау (жамылғы емес көрпе,
төсеніш емес көрпеше, таяныш емес жастық т.б.) сияқты көріністер орын ала
бастады. Бұл жағдай біздің пайымдауымызда этнопедагогиканың ғылымдық
мәнінің төмен болуынан, оны қажеттілікке қарай бұрмалаудан туындаған
жағдай.
Д.Ш.Шардарбеков: «Этнопедагогика - тәлім-тәрбиені әр халықтың
ұлттық ерекшіліктеріне сәйкес зерттей отырып, оның ішкі заңдылықтарын
ашады, өзіне ғана тән табиғатын даралап жүйелейді», - деп орынды пікір
айтқан [244].
Зерттеу нәтижелері «этнопедагогика» термині негізсіз алынбаған ол
тәлім-тәрбиені дамытуға, тұлғаны калыптастыруға негіз болатын ауыз
әдебиеті,этнология, педагогика материалдарын үйлесімді сабақтастыру
логикасынан туындаған. Мұны этнопедагогиканың дамуына елеулі үлес қосып
жүрген Ә.Табылдиевтың «Әрбір халықтың этнопедагогикасы сол халықтың
ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес қалыптасқанмен, ол бүкіл адамзаттың саналы
ойы мен іс-тәжірибесін де мүмкіндігінше камтиды» деген пікірі қуаттайды
[50, 120].
Ғалымдардың этнопедагогикаға берген анықтамаларына қарағанда,
оның ұғымдық мағынасында мыналар аталады:
-
оқу-ағарту жұмыстарында оқытудың халықтық принципін
іске асыруы;
- педагогиканы этнографиямен, фольклормен байланыстырушы саласы;
- білімді ұлттық негізде бағдарлауға мүмкіндік беруі,
-
халықтық және ұлттық тәрбие ерекшеліктерін зерттейтін
педагогикалық оқу пәні болуы,
-
педагогиканың
құрамдас
бөлігі
болуымен
қатар
өзіндік
компоненттерінің болуы;
- этностың ұлттық мәдени, әдеби, тарихи т.б. ерекшеліклерін танытуға
көмектесуі,
- этнопедагогиканың айрықша, қазақ этнопедагогикасының жеке-
даралық ерекшеліктеріне байланысты өзіндік зерттеу нысанасы, мақсаты,
міндеттері болуы.
Сонымен,
этнопедагогика
-
этностың
мәдени,
әдеби,тарихи,
этнологиялық және тәлім тәрбие ісіндегі тәжірибелерінің кірігуі нәтижесінде
тұлғаның ұлттық тұрпат қасиеттері мен мұғалімнің кәсіби-педагогикалық
қызметін ұлттық негізде қалыптастыруға ықпал ететін педагогика
ғылымдарының айрықша саласы деп есептейміз.
1990 жылдардың басынан бастап қазақ этнопедагогикасы зерттеу
ерекшеліктеріне
байланысты
жеке
салалар
бойынша:
қазақ
этнопедагогикасының ғылыми-методологиялық және теориялық негіздері
(С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметова), қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәлім-
тәрбие мәселелері (Қ.Бөлеев, К.А.Оразбекова), қазақ этнопедагогикасының
тарихы (Қ.Жарықбаев, Т.Әлсатов, Ә.Табылдиев, Ш.Жұматаева), халық
педагогикасындағы экологиялық тәрбие (Н.Қ.Сарыбеков, Ш.И.Джанзакова,)
халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие (С.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев,
Т.А.Қышқашбаев),
қазақ
этнопедагогикасы
материалдарын
мектеп
практикасына ендіру (Р.Қ.Дүйсембінова, Т.Ә.Қоңыратбаева, Ә.Сәдуақасов),
қазақ халқының этномәдени мұралары негізінде ұлттық тәрбие беру
(Ж.Наурызбай, Б.Е.Қайырова) халық педагогикасындағы дене тәрбиесі
(Б.Төтенаев, М.Тәнікеев, Е.Сағындықов, Б.М.Досқараев, Т.Ж.Бекботчаев),
шет елдерде қазақ диаспораларындағы ұлттық тәрбие мәселелері (Қ.Қобдабай,
Ә.Ашайұлы), халық педагогикасы материалдары негізінде бастауыш сынып
оқушыларына ұлттық тәрбие беру (Ш.Б.Құлманова, Р.К.Төлеубекова,
Ж.С.Хасанова), жоғарғы және арнаулы оқу орындарындағы студент жастарға
қазақ этнопедагогикасы мұралары негізінде білім мен тәрбие беру мәселелері
(Б.Ы.Мұқанова, М.Н.Сарыбеков, Ж.Асанов), қазақ халық педагогикасындағы
еңбек тәрбиесі (Қ.Қ.Шалғымбаева), халық педагогикасындағы патриоттық
тәрбие (С.Т.Иманбаева), халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі
(А.Төлеубекова, А.Қ.Қисымова, Ж.Б.Сәдірмбекова, А.Е.Дайрабаева) және
басқа ғалымдардың зерттеулері қазақ этнопедагогикасының ғылыми
саласының күрделілігін айқындады.
Сондай-ақ іргелі зерттеулер мазмұнында ұлттық тәлім-тәрбие
мәселелері көрнекті ғалымдар Н.Қ.Сарыбековтың еңбегінде қазақтың
табиғатты қорғау дәстүрлері арқылы баяндалса [196, 11б.], С.А.Ұзақбаеваның
зерттеулерінде эстетикалық тәрбие мәселелері бойынша сарапталды [80,
24б.], Ж.Наурызбай зерттеулерінде халық педагогикасын танудың негізгі
түйіні оқушыларға этномәдени мұралар негізінде кешенді тәлім-тәрбие беру
арқылы жан-жақты зерделенеді [81, 197б.].
Халық педагогикасының методологиялық негіздері С.Ғаббасовтың
зерттеуінде көлемді тұрғыда қарастырылса [116, 93б.], қазақ ақын-жыраулары мен
ойшылдарының данышпандық дәстүрлері Т.М.Әлсатов еңбектерінде барынша
қамтылады. Т.М.Әлсатовтың «Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық
ойлардың дамуы (XV—XVIII ғғ.)» диссертациясында [195, 93б.] аталмыш
кезеңдегі педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасып дамуына әсер еткен
әлеуметтік - экономикалық, мәдени-рухани жағдайларға сипаттама, XV-XVIII ғғ.
аралығындағы педагогикалық ой-пікірлердің даму кезеңдерін мазмұндық
ерекшелігін ашуға, қазақ ғұламалары мен жырау, би-шешендері мұраларындағы
педагогикалық ой-пікірлерді жүйеге келтіріп, дала ойшылдарының тәлім-
тәрбиелік идеяларының өзара са-бақтастығын ашып көрсету, зерттеу кезеңдері
(XV-XVIII ғғ.) қазақтың тәлімдік ой-пікірлерінің басты кезеңдерінің бірі екендігін
нақты фактілермен дәлелдеуі ұлттық тәрбие тарихын қалыптастырудағы құнды
тарихи жаңалық.
Сонымен қатар, зерттеу кезеңдеріндегі педагогикалық ой-пікірлердің
қазіргі ғылым мен білім беру жүйесін жетілдірудегі ролін анықтауы, қазақ
ғұламалары мен жырау, би-шешендерінің тағылымдық мұраларын қазіргі
оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдарын айқындауы, педагогика және
психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері қоғамдық
құбылыстардағы логикалық пен тарихилықты ұштастыру, материалистік
диалектиканың теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы
қағидалары, тарихи педагогикалык құбылыстарды зерттеудегі объективті,
тарихи жүйелікті сабақтастыруы, сондай-ақ Ө. Тілеуқабылұлы, М. X. Дулати,
Қ Жалайри, Асан Қайғы, Бұқар жырау, Төле, Қазыбек, Әйтеке би, т.б. тәлім-
тәрбие туралы көзқарастарын ұлттық тәрбие тарихына кезеңімен жүйелеуі
біздің зерттеу жұмысымызда әдіснамалық негіз ретінде қарастырылды.
Жоғарыда көрсетілген халық педагогикасының бүгіндегі оқу-тәрбие
жүйесіне ендірілуі мен қолданылуы мәселелерін реттеуде, зерттеу
жұмыстарының жекеленген өзіндік үрдістері бойынша қарастырылуы біздің
зерттеу жұмысын ғылыми-әдіснамалық тұрғыда талдауда маңызы зор болды.
Халық
педагогикасының
негiздерiн
айқындау
қазақ
этнопсихологиясының генезисiн зерделеуге бағытталған еңбектермен қатар
жүрдi. Сондықтан қазақ этнопсихологиясының табиғатын ашуда Сәрсембаев
Н, Жандiлдин Н, Мұқанов М, Жүкеш К, Елiкбаев Н, Кукубаева А. және басқа
ғалымдардың еңбектерi жалпы ұлттық тәлiм-тәрбие мәселелерiне арналған
зерттеу жұмыстары маңызды болды.
Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерінің негізгі компоненттеріндегі
әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері жөніндегі зерттеу жұмысында Н.Сәрсенбаев:
«Ұлттың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі – талай ғасырлардан бері қалыптасқан,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген өмір сүру мен тұрмыс әрекеттерінің
ережелері болмақ. Оның қалыптасуы – адамдар арасындағы қарым-қатынас
пен өзара ынтымақтастықтың кепілі. Әдет-ғұрып тарихи даму дәуірлерінде,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған, халықтың қоғамдық пікірі негізінде
қорғалатын, салыстырмалы түрдегі адамдар қарым-қатынастарының, тұрмыс-
тіршілігінің тұрақты қоғамдық ережесі», - дей келе, ал салт-дәстүр жөнінде:
«..салт-дәстүр - тарихи даму дәуірлерінде, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
отырған, халықтың қоғамдық пікірі негізінде қорғалатын, адамдар қарым-
қатынастарының, тұрмыс-тіршілігінің тұрақты қоғамдық ережесі..»,- деген
тұжырымдары арқылы екі атаудың ерекшеліктеріне дәлелді анықтама береді
[216,70].
Қазақ этнопедагогикасының өз алдына ғылым саласы ретінде дамуына
шет елдердегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілі Қобдабай Қабдыразақұлы
зор үлес қосты. Ол ұлттық тәлім-тәрбие мәселелері жөніндегі ұсыныс-
тұжырымдарын «Ғұрып, дәстүр және тәрбие» деген еңбегінде баян етеді.
Автор зерттеу нысанын үш тарауға (Ғұрып және дәстүр. Халқымыздың
адамгершілік дәстүрі. Тәрбиелік дәстүр) бөліп қарастырады. Қ.Қобдабай
ұлттық тәрбиенің іргетасы әулет тәрбиесінде жатқанын, демек соған
байланысты зерттеу және шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру
барысында терең назар аудару керектігін атап өтеді. Қ.Қобдабай әулет
тәрбиесінің құндылықтарын: отбасы ұйытқысы, беріктік, махаббат сезімі,
жомарттық, сүйіспеншілік, сыйластық, кісілік, адалдық деп көрсетеді. «Қазақ
этнопедагогикасының қауымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің
бірі деп санап, автор қазақ тәлім-тәрбиесінің негізгі әліппесі – халықтың бала
тәрбиелеудегі тәрбиелік дәстүрлері»,- деп анықтама береді.Ол: «..әр ұрпақтың
адамдарды бір-бірімен қатар өмір сүріп, жұмыс істеп, бірге демалып қана
қоймай, өндірістің, қоғамдық өмірдің, ғылымның, өнердің, тәрбиенің күрделі
мәселелерін бірлесіп шешеді. Қоғамның осы тектес маңызды әлеуметтік
мүдделерін шешу үшін ғасырлар бойында қазақ халқы адамгершіліктің алуан
түрлі қарапайым нормаларын қалыптастырған..», - деп адам бойындағы
адамгершілік қасиеттердің, сондай-ақ моральдік құндылықтардың халық
педагогикасының қалыптастыруына ықпал еткені жайлы мәселе көтереді.
Автор тәрбиенің ұлттық тәрбиедегі көрінісін көпшілік қауымның тәлім-
тәрбиелік дәстүрлері деп қарайды. Оған достық қарым-қатынас, ақсақалдар
кеңесі, көрші-қолаң қарым-қатынасы және той-томалақ дәстүрлерін
жатқызады [252].
С.А.Ұзақбаева өзінің зерттеу еңбектерінде халықтық педагогика
құралдары арқылы жеткіншек ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің мазмұнын,
ұйымдастыру түрлері мен әдістерін тарихи тұрғыда зерттеп, халық
педагогикасының тарихнамасына тоқталады, халықтық педагогика негізінде
тәрбиелеудің әдіснамалық негіздеріне халықтық педагогиканы педагогика
ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде қалыптасуын және қазақтың халықтық
педагогикасының мәнін жатқызады. Бұл өте орынды, себебі онда тарихи
тұрғыда тәлім-тәрбие ісінің дамуына, ұғым - түсініктердің
қалыптасуына, жеткіншек ұрпаққа халықтық педагогика негізінде тәлім-тәрбие
берудің артықшылық жақтарына тоқталады [75, 6-41б.].
С.А.Ұзақбаеваның
диссертациялық
зерттеулерінде
халықтық
педагогиканың әдіснамалық және функционалдық мәнін негіздеуі, өсіп келе
жатқан жас ұрпаққа халықтық педагогикаға байланысты тәрбие берудің дамуы
мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық сипаттамасын жасауы, қазақ
халқының ұлттық мәдениеті негізінде жастарға эстетикалық тәрбие беру
тұжырымдамасын құруы және ұлттық мәдениетке байланысты жеке тұлғаны
эстетикалық жағынан тұтас қалыптастыру ісін сөз етуі арқылы теориялық
жағынан кеңейтуі қазақ этнопедагогика саласында маңызды екенін
дәлелдейді. Ол халықтық педагогиканың анықтамасы мен тәрбиелік орны
жөнінде: «Халықтық педагогика - тәрбие мен оқыту саласындағы халық
бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, солардың
негізінде ұрпақтан ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы (поэтикалық,
музыкалык, сәндік-колданбалы өнер) беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен
дәстүрлер қалыптаскан. Халықтық педагогиканың мақсаты - жас ұрпақгы ата-
бабалар тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу», - деп көрсеткен [75,
19б.].
Анықтама негізсіз емес, онда халықтық педагогиканың мақсаты,
білімдік орны және тәрбие саласында ортақ тәжірибелерді үйлестіре таратуға
мүмкіндік беретіні аталған. Сонда халықтық педагогиканың алдымен білімдік
мәні болса, келесіде тәлім-тәрбие ісіндегі ортақ ұғымдар мен түсініктерді
жалпылап көрсетуге себебін тигізеді. Осыған байланысты халықтық
педагогиканы ғылым деп атағаннан гөрі, білім саласы деп қарастырған
орынды.
С.Қалиев негізін салған қазақ этнопедагогикасының ғылыми-
әдіснамалық және теориялық негіздеріне арналған зерттеу жұмыстары
К.Ж.Қожахметованың еңбектерінде көрініс тапты. К.Қожахметова өзінің
«Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика» (1998) деген
еңбегінде сол кезеңге дейінгі ұлттық тәрбие бойынша зерттелген еңбектер мен
авторлық-мемлекеттік бағдарламалар, әдістемелік оқулықтар және озық
тәжірибелер жөнінде толық мағлұматтар келтіреді.
Этнопедагогиканың әдіснамасын жасау К.Ж.Қожахметованың арнайы
зерттеу мәселесі болған [74, 213 б.]. Автор ғылымда әдіснамаға айрықша мән
беру себебін түсіндіріп, казақ этнопедагогикасының әдіснамасын педагогика
әдіснамасына, этнос теориясына, казақ танымындағы этнопсихологияға, қазақ
философиясының этнопедагогикалық танымдық мәніне, мәдениет теориясына
байланысты дәлелдейді. Ғалым ұлттық психология, этникалық стереотип
еңбектерге талдау: «Қазақ этнопедагогикасьшың әдіснамалық негізі-... казақ
этнопсихологиясы», - деп санайды. Өйткені, онда ұлттың қайталанбас
«этникалық ерекшеліктері жинақталған», - деп түсіндіреді [74, 98 б.].
Автор С.Қалиев атап көрсеткендей, қазақ халық педагогикасының
тарихи кезеңдері [78, 70 б.] бойынша берілген анықтамалар жеке көзқарасын
білдіріп, ұлттық тәрбие мәселесіне байланысты республика көлемінде
атқарылған ғылыми еңбектер мен педагогикалық жетістіктер жағдайына
тоқталады. Атап айтқанда С.Ұзақбаева, Р.Дүйсембінова, Ә.Табылдиев,
М.Оразаев, Ә.Сәдуақасов, З.Ахметова, педагог-практиктер Л.Сырымбетова,
У.Шәлекенов, О.Дәулетова еңбектері және мектептегі тәрбие жұмыстарында
жүргізіліп жатқан «Кәусар бұлақ», «Атамекен», «Әдеп және жантану»
бағдарламалары жөнінде баяндайды.
Ұлттық тәрбиенің табиғатын тану этномәдени мұралар мен аталмыш
сала бойынша қалыптасқан мәдениеттану теориясына арқа сүйенуінде болмақ.
К.Қожахметова: «..Қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық негіздерін
зерттеу барысында, біздер тек қазақтың ұлттық мәдениетімен шектеліп
қалмай, ол саланың мәдениеттану теориясы тұрғысынан зерделеу қажет екенін
айтамыз. Ол тұжырымымыздың негізі – қазақ этнопедагогикасының қазақ
философиясы, этностар теориясы, этнопсихология және мәдениет теориясы
ғылымдары
салаларымен
тоғысқан,
аталмыш
ғылыми
пәндердің
фундаменталдық ережелері мен әдіснамалық негіздеріне сүйенген, педагогика
ғылымының ажырамас, біртұтас бөлігі деп қарастыруымыз болмақ...», - деген
тұжырымы арқылы біз қазақ этнопедагогикасының ерекшеліктері жөнінде
дәлелді мағлұматтар аламыз [74,123].
Қазақ этнопедагогикасы - интегративті білім саласы, ол педагогика аясында
этнофилософия, этнопсихология, этномәдениет пен этнография қиылысында
қалыптасқан. Педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогика
педагогиканың заңдылықтары, принциптері мен зерттеу әдістерін әдіснамалық
негіз
тұтады,
этнос
теориясы
этнопедагогиканың
мазмұндық
-
терминологиялық тұрғыдан негіздемесі болып табылады, этнофилософия
этнопедагогикалық дүниетаным қалыпы айқындайды. Этнопедагогикалық
зерттеу пәні - этникалық тәрбие.
Р.Қ.Дүйсембінова ұлттық тәрбие материалдарын тек қана зерттеумен
шектелмей, оны мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына кешенді тұрғыда
ендірудің үлгісін ұсынған көрнекті ғалым. Автор ұлттық тәрбие
ерекшеліктерін Қазақстан егемендік алғанға дейінгі аралықта педагогика
ғылымының аясынан қалыс қалып отырғанын, бүгінде оның қажеттілігі
жөнінде қоғамдық пікір қалыптасқаны жөнінде баяндайды.
Көне замандардан бері қалыптасып келе жатқан қазақ даласында ғұмыр
кешкен ғұламалар мен ойшылдардың, қазақ ақын-жырауларының және ХХ
ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің ұлттық педагогика
жөніндегі ой-пікірлері – заманның қай кезеңінде болмасын - өзіндік ерекшелігі
мен тәлім-тәрбиелік заңдылығы бар мұралардың қалыптасуын қажет етіп
отырды. Ал олардың еңбектерін мазмұндық жағынан зерделей отырып,
топтастырудың маңыздылығы зор.
Р.Қ.Дүйсенбінова қазақтың ұлттық тәрбиесінің мазмұндық болмысын
анықтайтын алғышарттарды автор төмендегідей рет бойынша сараптайды:
1. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін дамыту
мақсатында халық педагогикасы материалдарын мектеп практикасында
пайдалану (халықтың ауызекі-поэтикалық шығармалары, ұлттық салт-
дәстүрлер, Қорқыт, Әл Фараби, Ж.Баласағұн, Асанқайғы, Д.Бабатайұлы т.б.
шығармалары);
2. Ұлттық тәрбие материалдарын мектеп практикасында бала
тәрбиесіндегі мәнін ескере отырып, адамгершілік қасиеттері мен ұлттық сана-
сезімін қалыптастыру (А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов);
3. Қазақ зиялылары мен ғалым-педагогтарының шығармаларын
(М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов шығармалары);
4. Ұлттық тәрбие мұраларын мектептерде пайдалану туралы қазақ
зиялыларының айтқан ой-пікірлері (Т.Тәжібаев, М.Ғабдуллин, Қ.Бержанов);
5. 1970 жылдардан бері қарай қазақ этнопедагогикасының зерттелуі
(А.Х.Мұқамбаева, И.Оршыбеков, т.б.) [190,47-50].
Р.Қ.Дүйсембінованың
диссертациясындағы
«Қазақ
этнопедагогикасын сыныптан тыс тәрбие әрекетіне ендіруді әдістемелік
тұрғыда қамтамасыз ету» тақырыбы мектептегі оқушылар ұжымында
сыныптан тыс уақыттарда тәрбие беру мәселелеріне бағытталады. Аталмыш
міндет-мақсаттарды жүзеге асыруда автор эксперименттік жұмыстың
нәтижесі негізінде оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын
арттыруда, шығармашылық жұмыстарға деген белсенділіктерін көтеруде және
сынып ұжымының ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Шешендік өнер»
факультативтік курсы, «Әңгімелесу» атты педагогикалық-психологиялық
диагностика жасауға бағытталған тренингтер, «Атамекен» бағдарламасының
«Домбыра-дастан» бағыты бойынша үйірме жұмыстары мен өнер сайыстарын
ұйымдастыруға
арналған
нұсқаулары
мен
теориялық-әдістемелік
тұжырымдары зерттеу жұмысының мазмұндылығын көрсетіп отыр [48, 206-
217б.].
Этнопедагогикалық зерттеу жұмыстарының түпкі максаты, оның
негізінде оқу орындары жұмысын жаңа деңгейге көтеру. Осы тұрғыда
Р.Қ.Дүйсембінова қазақ этнопедагогикасын мектептің оку-тәрбие үрдісіне
ендіруді кешенді түрде қарастырады. Ол үшін автор казақ этнопедагогикасын
мектеп ісіне ендірудің теориялык-әдіснамалық мазмұнын, тұжырымдамасын,
оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету жолдарын және қазақ этнопедагогикасын
білім беру сатылары бойынша ендіру жүйесінің әдіснамалық жақтарын
көрсетеді.
Р.Қ.Дүйсембінова «Қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу-тәрбие
процесіне ендірудің ғылыми-педагогикалық негіздері» тақырыбында
дайындаған диссертация шеңберінде қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу-
тәрбие үрдісіне ендірудің тұжырымдамасы жасалып, оның шарттары мен
өлшемдері анықталған; мектептің оқу-тәрбие үрдісіне қазақ этнопедагогикасы
материалдарын білім беру сатысына қарай ендіру жүйесі жасалған: оқу пәні
бойынша әдістемелік кешендер жасалып, тексерістен өткізілген.
Қ.Бөлеев:«Ұлттық тәрбие терминiн ендiру педагогика ғылымында өз
шешiмiн тапқан жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында ендiрiлуi тиiс. Өйткенi
этнопедагогика ұлттық тәлiм-тәрбиенi жинақтайтын, оны қорытындылап,
жүйелейтiн теориясымен сипатталатын ғылым саласы. Ұлттық тәрбие – жеке
тұлғаның ұлттық сана-сезiмi мен мiнез-құлқының, ана тiлiн, ата тарихын, төл
мәдениетiн және ұлттық салт-дәстүрiн меңгеруi негiзiнде қалыптасқан
этнопедагогиканың саласы..»,-деп анықтайды. Оның ойынша, ұлттық тәлiм-
тәрбиенiң мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың тиiмдiлiгi –
болашақ мұғалiмдердi, бiлiктi тәрбиешiлердi және олардың бiлiмдерiн қайта
даярлау мен жетiлдiру жұмыстарына арналған арнайы бағдарламалар мен
нақты шараларды қолға алғанда артады деп топшылайды [82, 76-329б.].
Қ.Бөлеевтің «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие
беруге дайындаудың теориясы мен практикасы» тақырыбындағы еңбегінде
қазақтың ағартушы-педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беру және оған
болашақ мұғалімдерді дайындау туралы ой-пікірлерін мазмұндық талдау
арқылы болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың
теориялық негіздері талданып, болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие
беруге дайындаудың мазмұнын, формалары мен әдістерін «Қазақ
этнопедагогикасы» және «Қазақ этнопедагогикасының тарихы» пәндерін
оқыту арқылы ұсынған.
К.Оразбекованың пайымдауынша, ұлттық тәрбие – болашақ
қоғамымыздың құрлысшыларын дайындайтын дарынды, парасатты, жоғары
мәдениеттi, жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды қалыптастырудың негiзi
болуы шарт деп санайды. Ол: «..ұлттық тәрбиенiң тәлiмдiк негiздерi адам
атадан бастау алып, бүкiл өмiрi-өлеңге, өлеңi-өмiрге айналған жыраулар
арқылы жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жетiп отырды...», - деп ұлттық
тәрбиенiң бүгiнгi таңда ұлттық идеологияны қалыптастыруда шешушi рөл
атқаратынын атап өтедi [84, 23б.].
К.А.Оразбекова Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық
негіздерін қалыптастыруға бағытталған еңбектерінде ұлттық тәрбиенің мәнін,
мазмұндық сипаты мен функционалдық мүмкіндіктерін айқындайды тұлға
ұғымының толықтырылған анықтамасы мен өзіндік ерекшеліктеріне негізделген
үлгісін жасаған [84, 128 б.].
Ұлттық тәрбиенің қазіргі жаһандану дәуіріндегі зерттеулерін талдауда
оның әдіснамалық- теориялық негіздерін қарастырған С.Ғаббасов еңбектерін
атап көрсетуге болады. Ол физиологиялық ғылыми нәтижелерге сүйене
отырып, когнитивтік даму мен қалыптасу, тұлғаның ішкі жан дүниесін
жетілдіруі, оның тіршілік әлеміндегі танымын қалыптастырушы халықтық
тәрбие деп санайды. Осылайша қалыптасу ұлттық тәрбиенің әдіснамалық
негіздерін құрайтынын түсіндіре келіп, халық тәрбиесі мен жаратылыстану
ілімдерінің байланыстылық негіздерін көрсете білген [47, 318 б.].
Бұл пікір С.Ғаббасовтың жүрек, ақыл тәрбиесін дәлелдеу мақсатынан
туындаған. Мұны ескермеу - диалектикалық материализмді жоққа шығару
болып табылады.
Ш.К. Беркімбаеваның пікірінше, бүгінгі заман талаптарына сай білім
жүйесінің реформалануы жағдайында, осы уақытқа дейін мектептердегі оқу-
тәрбие жұмыстарына ендіріліп келе жатқан авторлық және мемлекеттік
бағдарламаларды сараптай отыра, бүгінгі заман ұрпағына жаңаша ұлттық
тәрбие берудің жүйесі жасалу қажеттігін алға тартады [83, 12б.]
Ш.К.Беркімбаева «Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие үрдісінің
дамуы (1980-2000ж.ж.)» тақырыбындағы диссертациясында қазақ мектебінің
келешегін айқындап, басым бағыттарын белгілеп, зерттеліп отырған тақырып
аясында бүгінгі таңда байқалып отырған қайшылықтардың шешілу жолдарын
қарастырады. Дәлірек айтсақ, ол қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие үрдісін
жаңашыл бастамалар негізінде дамыту қажеттілігі, қазақ мектебіндегі оқу
үрдісінің даму кезеңдерін анықтау және сипаттау; қазақ мектебінде оқу үрдісін
ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздерін мен қазақ мектебіндегі
тәрбие үрдісінің мазмұнының этнопедагогикалық негіздерін сипаттау; қазақ
мектебіндегі ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын
анықтау сияқты жаңашыл тәжірибені жүйелейді.
Автордың зерттеу жұмыстарындағы ғылыми-теориялық және практикалық
маңыздылығы қазақ мектебі дамуының соңғы жиырма жылындағы оқу- тәрбие
үрдісінің жай-күйі қоғамдағы саяси-экономикалық және әлеуметтік өзгерістер
аясында алғаш рет пайымдалуы, қазақ мектебіндегі оқу ісін ұйымдастырудың
мазмұндық және үрдістік негіздерінің даму барысы сипатталып, бағыттары
анықталуы, тәуелсіз еліміздің қазақ мектебіндегі тәрбие үрдісін ұлттық
болмысқа сай ұйымдастырудың толыққанды жүйесі (мақсаты, мазмүны, әдіс-
төсілдері, түрлері, құралдары, нәтижелері) айқындалуы, зерттеу барысында
озық тәжірибе жинақталып, жүйелі түрде ұстаздар қауымына ұсынылуы,
қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие үрдісінің даму тарихындағы жетістіктер мен
кемшіліктер пайымдалуы маңызды.
Ж.Наурызбайдың еңбектерінде этностық-мәдени білім беру мектеп пен
қоғам дамуының кең көлемдік, әлемдік мәселесі ретінде қарастырылады. Ол
этностық-мәдени білім беру жүйесінің тұжырымдамасы мен үлгісін негіздейді.
Жан-жақты мәдениетті және көп тілді түлғаны тәрбиелеудің педагогикалық
негіздері мен мәдениетаралық екі тілді білім беру жүйесінің проблемаларына
талдау жасайды. Тұжырымдаманы енгізудің педагогикалық ұйымдастырушылы
шарттарын белгілейді, ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық және құқықтық
жағынан қамтамасыз етудің, этнопедагогика мен этнопсихологияны
дамытудың, этностық-мәдени білім кеңістігін кеңейтудің жолдарын көрсетеді [81,
241б.].
Бұл қазақ халқының өз ұлтының мәдени-этникалық жетістіктерімен
шектеліп қалмай, басқа ұлт өкілдерінің мәдени-этникалық мүдделерін оқып
үйрену қажеттігін, бүгінгі таңдағы өзекті проблеманың шешімін іздестіруінің
айғағы ретінде талданды.
М.Х.Балтабаевтың еңбектерінде қазақ халқының дәстүрлі көркемдік
мәдениетіне негізделген музыкалық-эстетикалық тәрбие тұжырымдамасы
жасалған; халықтың аспаптық, ән, би, сәндік-қолданбалы, ауызекі-поэтикалық
өнерінен бастау алатын тәрбиепроцесінің әдіснамалық негіздері анықталған;
объективті тарихиқұбылыс ретіндегі дәстүрлі көркем мәдениеттің мазмұны мен
тәрбие процесінің нәтижесі болып табылатын жеке тұлға тәрбиелілігінің
арасындағы ішкі байланыстары мен заңдылықтары ашылған; кіші мектеп
оқушыларын барлық жас шамасы кезеңдерінде ұлттық көркем мәдениеттің
ықпал ету сферасына тартуды ұйғаратын музыкалық-эстетикалық тәрбие жүйесі
ғылыми-әдістемелік жағынан негізделген; қазақ халқының ұлттық мәдениетін
молайтуға құлықты болашақ музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби даярлығын
жетілдірудің басты жолдары айқындалған [177, 75 б.].
Қазақ халқының дәстүрлі көркем өнерін құрал ретінде пайдаланып,
оқушы жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру мәселесін талдауы
автордың зерттеу жұмысына байланысты қазақ халқының дәстүрлі-көркем
мәдениетіне негізделген музыкалық-эстетикалық тәрбие тұжырымдамасын
ұсынуы ғалымның ұлттық тәрбие саласын дамытудағы өзіндік орнын
көрсетеді.
Көп ұлтты біздің мемлекетімізде ұлттық тәрбие беру жас ұрпақтың
бойында отансүйгiштiк сезiмдері мен рухын қалыптастырудың бірден-бір сара
жолы. Отансүйгiштiк рух - қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер көшiне
қосылып, дүниежүзiлiк қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкiндiк
беретiні де талас туғызбайтын тұжырым. Бұл бағытта еліміздің егемендiгi мен
бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы
патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән бере өзінің зерттеу жұмыстарын
жүргізген ғалым С.Т.Иманбаеваның ғылыми еңбектерін ерекше атап айтуға
болады.
С.Т.Иманбаева «Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму
жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-
педагогикалық негіздері» тақырыбында жазылған диссертациясында
патриоттық тәрбие берудiң ғылыми - әдiснамалық негiздерінің аксиологиялық,
мәдениеттану, өркениеттілік, жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік, әлеуметтік
тұғырнамасын айқындап, патриотизмнiң қалыптасуының тарихи алғы
шарттарын негіздеген. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына патриоттық
тәрбие берудiң мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-когнитивтік, іс-
әрекеттік-бағалаушылық құрылымына сәйкес жүйесін жасауы және сол
жүйені мазмұндық негіздеуде жасалған оқу-әдістемелік кешендер мен
ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстары осы саладағы бүгін жаһандану үдерісі
талаптарымен мазмұндас жаңа бағыт [53 93б.].
Сонымен қатар, ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде патриоттық
тәрбиенің теориялық негіздерін қалыптастыруда қарастырған Байсерке Л.А.
[62, 21б.], Iлиясова А.Н. [245.], Бейсенбаева А.А. [63, 29 б.], Жампейсова Х.Қ.
[246], Ким А. [143, с.12], Құсайынов А.Қ. [247], Таубаева Ш. [248], Наурызбай
Ж. [81, 241б.], Көшербаева А.Н. [249], Мұхамединова Н.А. [250], Махатова Ж.
[251], Орынбасарова Э.А. [144, с.31], Төлеубекова Р.К. [85, 183б.], т.б.
еңбектерінің бүгінгі ғылым салаларының әдіснамалық орындары құнды.
Ұлттық тәрбиедегі еңбектің мақсаты мен міндеттері проблемасы ғалым
Қ.Қ.Шалғынбаеваның зерттеулерінде қарастырылған. Автордың зерттеу
жұмысына
талдау
жасау
барысында
төмендегідей
қазақ
халық
педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің ерекшеліктеріне тоқталғанына көңіл
аудардық [54, 18 б.].
Қазақ халық педагогикасындағы ұлттық тәрбиенің мақсаты мен
міндеттері халықтың ғасырлар бойы жинақталған еңбек тәжірибесінен
туындаған. Оларға өткендегімен сабақтастықта байланысып, қалыптасқан
еңбек дәстүрлері көрініс тауып, дамыған.Халық ұлттық тәрбиенің мақсатын
адамзат тіршілігінің бірінші және негізгі шарты еңбек болып саналады деген
өзінің терең ұғымдық түсінігіне байланысты анықтаған. Сондықтан қазақ
халық педагогикасында еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты жас ұрпақты
еңбекке, қоғамдағы өмірге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болып саналады.
Халықтың ауызекі шығармашылығында және халық педагогикасы
ескерткіштерінде бұқара халық, кедей-шаруалар, қолөнершілер балалары
еңбек тәрбиесінің идеялары мен тәжірибесі көрініс алған.
Ауқатты адамдардың балалары, ерікті
кедей-шаруалар мен
қолөнершілердің балаларына қарағанда, еңбек әрекеттерімен айналыспаған,
басқа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда, бір-бірінен бөлек тәрбие алған.
Мәселен, «ес біліп, тілі шыққан кезден бастап, Абай қазақ әні мен өлеңін, небір
аталы да шырайлы сөзін естіп, көпті көрген дана әжесі Зере мен тұқымына
шешендік, ақындық, өнерпаздық дарыған анасы Ұлжанның тәрбиесін алып,
кестелі сөздерін құлағына құйса, есейе келе топ алдында сөйлетін Құнанбай
мен басқа да ру басылардың да билік сөздеріне ден қойып, ауылына келген
қонақтар мен жолаушылардың әңгімелерін, ертектерін зор ынта қойып
тыңдады, бойына сіңірді. Осындай жағдайда өскен Абай он жасынан бастап
өлең шығарды, әзіл-оспаққа қолма-қол өлең шығаруға әдеттенді». Демек,
Абайда бала жастан ақыл-ой еңбегінің негізі қалана бастаған, бұл еңбек түрін
Абай медреседе де, өздігімен дербес ізденісінде де жалғастыра білген. Барлық
артылған уақытын өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге
салынған.
Өз зерттеулерінде ұрпаққа ұлттық тәрбие берудегі еңбек тәрбиесінің
құндылығын адамның ақыл-ой еңбегі және еңбек дәстүрлерінің сабақтастығы
мазмұнында талдаған Қ.Қ. Шалғынбаеваның ғылыми ізденістерінің ұлттық
тәрбие қалыптасуында маңызды.
І.Р.Халитова Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің
тарихи педагогикалық тәжірибелерін айқындау арқылы оның теориялық-
әдіснамалық тұжырымдамасының негізін нақтылап, оған байланысты жас
ұрпақты окыту мен тәрбиелеуде ақын шығармаларын пайдаланудың тиімді
жолдары мен жаңа бағыттарын көрсетеді [56, 127б.].
Р.К.Төлеубекованың «Жоғары сынып оқушыларын жаңа әлеуметтік-
мәдени жағдайда адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері»
тақырыбында жазылған диссертациялық жұмысы ұлттық тәрбие берудің бір
тармағы ретінде адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық тұғырын
қалыптастырудағы маңызды жұмыстардың бірі. Зерттеуші адамгершілік
тәрбиесінің тарихи-әлеуметтік, мәдени дамудағы алатын орнын және бүгінгі
тандағы проблемасын айқындап, тәрбиелік мәнін негіздеуде, бүгінгі
экономикалық, әлеуметтік-мәдени жағдайда оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеудің ғылыми-теориялық, әдіснамалық тұжырымдамасын жасап,
педагогикалық қағидаларын негіздейді [85, 183б.].
Тұлғаның әлеуметтік мәні туралы қазіргі философияның іргелі
заңдылықтары мен оның қалыптасу факторлары, адамгершілік, рухани және
мәдени құндылықтар жөніндегі ұлттық тәлім-тәрбие теориясы, жеке тұлғаны
дамытудағы шығармашылық әрекеттік және тұлғалық ізгілендірушілік
катынас туралы қазіргі философиялық қағидалар, қоғам, мектеп, жеке тұлға,
отбасының өзара байланысы мен диалектикалық бірлігі туралы ілімдерді
қамтып көрсететін таным теориясы, жүйе теориясы, тұлғалық-бағдар
теориясы, интеграция теориясы, этнопедагогика-этнопсихология теориясы, іс-
әрекет теориясы, әлеуметтік орта теорияларын зерделеу өзекті мәселенің
шешімін табуға мүмкіндік берді.
Ш.Б.Құлманованың зерттеуінде [57, 21б.] бастауыш сынып оқушыларын
халық
музыкасы
арқылы
тәрбиелеу
мүмкіндіктері,
олардың
психофизиологиялық ерекшеліктерін (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау, ерік,
сезім, дауысқа қатысты мүшелер: есту мүшесі, дауыс мүшесі, тыныс мүшелері)
және музыкалық қабілеттерін (есту, ырғақ,музыкалық ес) ескерумен
айқындалады. Автор оқушыларға қолайлы қазақ халық музыкасын белгілі бір
өлшемдердің (көркемділігі мен қызықтылығы, педагогикалық мақсаттылығы, жас
ерекшеліктеріне сәйкестілігі, бала өмірі тәжірибесіне үйлесімділігі) негізінде
сұрыптауды ұсынады.
Оқушыларды қазақ халық музыкасы арқылы тәрбиелеу негізінде екі
жақты үрдіс орын алған, ол бір жағынан, оқушыларға өтілетін музыканы
бейнелі түсінуі мен меңгеруін, екіншіден, оның мазмұнын әр түрлі дербес іс-
өрекетте белсенді шығармашылықпен жүзеге асыруын бірлестіру маңызды.
Осы бағыттағы іргелі зертттеулердің бірі Ж.Асановтың «Студенттердің
этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін қалыптастырудың
дидактикалық негіздері» атты диссертациялық еңбегі. Ғалым зерттеу
мазмұнында оқыту үрдісінде студенттерге этнопедагогикалық білім беру,
икемділіктерге үйрету ісінің ғылыми-теориялық негіздерін айқындап,
студенттердің этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесінің
моделін ұсынған. Сонымен қатар, студенттердің педагогикалык іс-әрекетін
этнопедагогикалық негізде жетілдіруге арқау болатын біліктілік сипаттамасы
дайындалған, этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін
қалыптастыруға себепші болатын дидактикалық құралдар мен әдіс-тәсілдер
анықталған, студенттердің этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері
жүйесінің даму динамикасы дәлелденген, «Этнопедагогика» оқу курсы,
«Этнопедагогика технологиясы» арнаулы курс бағдарламалары, студенттердің
этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін қалыптастыруға
этнопедагогикалық білімдер мен икемділіктер жүйесін қалыптастыру үрдісінің
теориялық негіздері толық ашылған [58, 203 б.].
Ұлттық тәрбие - этнопедагогика ғылымының бір саласы болғандықтан
оның іргелі әдіснамалық және дидактикалық негіздері жүйесінде дамиды. Өз
зерттеу жұмысымызда біз осы бағытта жүргізілген зерттеулерге баса назар
аудардық.
Этнопедагогикада дидактикалық бағыттағы соны зерттеулердің біріне
ғалым Ш.И.Джанзакованың ғылыми-зерттеу жұмысын көрсетуге болады.
«Этнопедагогиканы жеке оқу пәні ретінде құрудың ғылыми негіздері»
тақырыбына жазылған диссертациясында ол «этнопедагогиканы» жеке оқу
пәні ретінде құруға қажет ғылым философиясы мен педагогикадағы ғылыми
және оқу пәндері арақатынасының әдіснамасын негіздеп жүйеленген,
этнопедагогиканың ғылыми пән ретіндегі теориялық сипаттамасын
нақтылаған, жеке оқу пәні мәртебесіндегі этнопедагогиканың құрылымдық-
мазмұндық, қызметтік моделін ұсынып, этнопедагогиканың құрамдас
бөліктерінің мазмұнын негіздеген [60, 15 б.]. Автордың «Этнопедагогика» оқу
құралы мен оқу бағдарламаларын республика көлемінде көптеген жоғары оқу
орындары пайдалануы зерттеу жұмысының ауқымдылығы мен құндылығын
дәлелдейді.
А.К.Қисымова, Ж.Б.Сәдірмбекова қазақтың халық педагогикасы арқылы
оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру жолдарын [253, 254], Ж.С.Хасанова
мектепке
дейінгі
балаларда
адамгершілік
тәрбиесін
қалыптастыру
жұмыстарында тәрбиешілерді қазақтың халықтық педагогикасын пайдалануға
дайындау әдіс-тәсілдерін [255], Т.Ә.Қоңыратбаева халықтық педагогикадағы
ұғымдардың түпкі мән-мағынасын және халықтық педагогиканы оқу-тәрбие
ісіне ендіру жолдарын [36,12б.], Б.Ж.Мұқанова қазак этнопедагогикасы
материалдарына
функционалдық-мазмұндық
сипаттама
беріп,
оны
педагогикалық колледждердің оқу-тәрбие үрдісіне еңгізудің шарттарын [256],
АС.Мағауова мәдениеттану тұрғысынан халықтық педагогика мен оның
прогрессивті дәстүр ұғымдарына түсінік беріп, болашақ мұғалімді халықгық
педагогикадағы озық дәстүрді оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мәселелерін
қарастыруы ұлттық тәрбие саласының териялық негіздерінің тағы бір құнды
жақтарын ашады [257].
Халықтың рухани-мәдени мұраларымен тығыз байланыста дамып
келгенін ескере отырып, ғалымдар атап кеткендей ғылыми педагогиканың
өзекті бір саласы екендігі туралы қоғамдық пікірді барынша дамыта түсу керек
деп санаймыз.
Мектеп практикасында ұжымдық ұйымдар арқылы ұлттық тәрбие беру
мәселелерін М.Қ.Құрсабаев қарастырған. Зерттеуші «Мектептегі оқушылар
ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің пдагогикалық шарттары»
диссертациясында оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы сараланып және
оның ғылыми негіздері педагогикалық тұрғыдан зерделнуімен, бүгінгі күн
талаптары мен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес
оқушылар ұйымын қайта құрудың шарттары айқындалуымен, «Атамекен»
ұлттық тәрбие бағдарламасының ұсынылуымен, жаңа заманғы мектеп
оқушыларының қоғамдық-демократиялық ұйымының қалыптасуының жаңа
мүмкіндіктерін көрсетуімен, патриотизм идеясын жүзеге асыру мақсатында
ұлттық мәдениет пен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие
жүйесінің моделі жасалуымен тәрбие ғылымы саласына өзіндік үлесін қосты
[258].
Жоғарыда аталған ғылыми еңбектердi талдай және оған негiздей
отырып, жоғары оқу орнында тәрбие беруде озық мәдениетпен кіріктіре іске
асырудың жолдарын қарастыратын студенттер тәрбие шараларының жаңа
моделі қажет деп санаймыз. Әлемдегі әр халықтың тәлiм-тәрбиелiк
мұрасының түпнамасы – оның ұлттық құндылықтармен мыңғасырлық
байланыстығының тұтастығында екенi анық. Халық педагогикасындағы
ұрпақтың жан-жақты дамып-өсуiне, таным кеңiстiгiнiң ұлғаюына зор ықпал
жасап келгенiн педагогика ғылымы жоққа шығармайды.
Этнотәлiмдiк құндылықтардың тарихи сабақтастығының халық
тұрмысындағы бейнесi – ұрпақ тәрбиесi жөнiндегi ата-бабаларымыздың
эмпирикалық
тәжiрибелерi.
Демек,
Достарыңызбен бөлісу: |