Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет5/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

  тіршілік  барысында,  іс-әрекет  үстінде,  тәжірибе  ауқымында  жинақталады. 
Ол  бар  болғаны  құбылысты  сипаттайды,  оқиғаның  қалай  өтіп  жатқанын 
пайымдайды. Ал, ғылыми білім - терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны 
жай  сипаттаумен  ғана  шектелмейді.  Ғылыми  білім  оқиғаларды,  құбылыстар 
мен  фактілерді  сырттай  сипаттап  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  оларды 
түсіндіреді,  ішкі  табиғатын,  мәнді  жақтары  мен  маңызды  байланыстарын 
ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындайды. Осы негізде ғылыми 
білім оқиғалардың, кұбылыстардың даму бағдарына болжам жасайды.  Білім 
және  ғылым  мәселені  тарихи  талдау,  оның  қалыптасуы  мен  дамуы 
прогрессивті ой-пікірлерді қамтитынын көрсетті. 
Адам  баласы  өзін  қоршаған  дүниенің  құбылыстары  мен  өзгерістерін 
білуге қашан да құштар болған. Осындай білсем, танысам, көрсем деген ой-
пікір ізденіске, қоршаған ортасын білуге ұмтылдырды. Мұның тікелей көріну 
формасы болып табылатын іс-әрекет түрлері ойын, оқу, еңбек әрдайым жаңа 
әрі тың білімдерді қажет етіп отырды. Жинақталған білімдер жүйесі адамның 
практикалық  әрекетінде  сыналып,  өмірді  жаңаша  құруға  ықпал  етті. 
Сондықтан адам білімді, онымен шұғылданушыларды айрықша құрметтеген. 
Мұны ұлтымыздың ғасырлар бойы мағынасын жоймай келе жатқан «Білекті - 
бірді  жығар,  білімді  -  мыңды  жығар»,  «Ақыл-тозбайтын  тон,  білім-
таусылмайтын кен», «Білімнен асар байлық жоқ», - деген тағылымдық сөздері 
дәлелдейді. 
Өмірде  білімнің  танымдық,  тәрбиелік,  қалыптастырушылық  орнын 
ескеріп, бәріміз де өз мүмкіндігімізге сай оқимыз, ізденеміз, білім жасаймыз, 
қысқасы,  білім  көмегімен  іс-әрекетке  жаңа  сапа  беріп,  ақыл-ойдың 
дамығандығын  танытамыз. Сондықтан адам ерте кезден білімге  ден  қойып, 


оған өзін бейімдеп отырған. Мысалы, әлемге белгілі ұлы ғұлама Әбу Насыр 
әл-Фараби жастайынан дүние-мүліктен, адамға тән қызықгардан бас тартып, 
өзін білім жолына бейімдегенін үнемі өз ойымен дәлелдеп отырған [115]. 
Әдетте,  адамның  дүниені  тануы  арқылы  белгілі  объекті  жөніндегі 
шындық айқындала түсіп, білімі тереңдейді, яғни дүние танудың субъективті 
жағы азаяды. Оған сай ұғым мен түсінік шындықты білдіретін білімге ауысады. 
Дегенмен,  адам  дүниедегі  құбылыстар  мен  үрдістердің  барлық  жағын  бірден 
тани  алмайды,  онымен  қайта-қайта  кездесіп,  есте  сақгау  арқылы  тәжірибе 
жинақтайды,  оған  сай  болжам  жасау,  абстракциялау,  нақгылау  арқылы 
ақиқатқа жақындайды. 
Дегенмен,  жаһандану  жағдайындағы  білім  ұстанымдары  мен 
өлшемдері,  даму  тенденцияларына  тоқталмай  тұрып,  білім  теориясының 
қалыптасуына  тарихи  шолу  жасау  бізге  оның  теориялық  қарама-
қайшылықтары,  бағыттары,  мазмұны  туралы  мәлімет  алуымызға  мүмкіндік 
берді. Соңғы он бес жылда дидактика, оның теориясы мен практикасы және 
сол  теориялардың  ішінде  білім  беру  мен  оқыту  барысыны
ң  жаңа  мазмұнын 
ашады.  Білім  беру  -  ғылыми-педагогикалық  әдебиетте  құндылық,  жүйе, 
нәтиже,  әрекет  тұрғысынан  да  қарастырлады.  Білімге  тұтастылық  мағынасы 
тән  болған  уақытта,  оқытудың  қызметтік-құралдық  міндеті  ғана 
қарастырылған.  
Білім  мазмұнының  екі  қыры  бар:  іс-әрекеттік  (білім  өзіне  белсенді 
танымдық  әрекеттердегі  қатынастарды  біріктіреді)  және  құндылықтыық 
(оның  барлық  әлеуметтік-мәдени  саясатын  бейнелейтін  педагогикалық 
бейімделушілігінде бүкіл адамзаттың тәжірибесінің мазмұнын меңгеру). 
     Қазіргі  білімдік  жаңа  парадигмалар  педагогик а  ғылымындағы 
төмендегі  теориялар  мен  тұжырымдамаларды  үрдістік  ұйымдастыруларда 
басшылыққа алады [116]. 
1. 
Дидактикалық  энциклопедизм  тұжырымдамасы  (Я.А. 
Коменский,  Дж.Мильтон,  И.Б.  Баседов).  Окытудың  мақсаты  -  шәкіртке 
барынша  білім  қорын,  ғылыми  білімді  және  өмір  әрекеттері  тәжірибесін 
кеңінен  үйрету.  Білім  мазмұны  ақпараттармен,  түрлі  мағлұматтармен 
кеңейтіліп,  оқушыларға  көп  жүктемелер  беру.  Ол  үшін  білім  мазмұнын 
толық  игеру  жолында  ұстаз  қарқынды  оқыту  әдісін  ізденуі,  ал 
шәкірттің өздігінен үлкен жұмыстар істеуі талап етіледі  
2.  Дидактикалық  формализм  тұжырымдамасы   (Э.Шмидт, 
А.А.Немейер,  И.Песталоцци,  А.Дистервег,  Я.В.Давид, 
А.Б. 
Добровольский).  И.Песталоцци:  «Оқытудың  басты  мақсаты  -    оқушының 
дұрыс  ойлауына  көңіл  бөлу»,  -  десе,  А.Б.Добровольский  «ойлауға 
үйрену, оған өсу барысында келеді»,- дейді. 
3.  Дидактикалық  прагматизм  тұжырымдамасын  (субъективтік 
бағыт)  Дж.Дьюи,  Г.Кершенштейггер  ұсынған.  Оқыту  шәкірттердің 
тәжірибесін  байытудың  үздіксіз  процесі  деген.  Кейбір  пәндерді 


оқытпай-ақ,  жаңа  қатынастар  мен  мінез-құлық  типтерін  практикалық 
сабақтар арқылы қалыптастыруды ұсынған және оқушыларды әр түрлі 
іс-әрекеттермен  жұмыс  басты  ету  кажеттігін  қолдайды.  Оқушының 
пәндерді  таңдауына  еркіндік  беріледі.  Сөйтіп,  таным  мсн  практикалық 
әрекет  арасындағы  диалектикалық  байланыстың  тамыры  қиылады 
және оқу үрдісінде адам дамуының үйлесімділік негізі үзіледі. 
4.  Функционалдық  материализм  тұжырымдамасын  В.  Оконь 
ұсынған.  Бұның  негізіне  іс-әрекетпен  танымды  интеграциялау  ережесі 
алынған.  Ол  дүниетанымдық көзқарасқа  алдыңғы  қатарлы  идеяларды  алуды 
ұсынады. Айталық, биологияда эволюция, тарихта тап күресі т.б. 
5.  Білімнің  парадигмалық  тұжырымдамасын  Г.Шейерль  ұсынған. 
Біріншіден, жүйелілікке емес, кейбір  деректерді оқыту, оқиғаларды алу, 
екіншіден, барлық оқу материалдарын үздіксіз баяндамай, мазмұнын ғана 
алу.  Кемшілігі  –  оқу  материалының  жүйелілік  қағидасы  бұзылады.  Бұл 
математиканы үйретуге үйлеспейтін тұжырымдама. 
6.  Білімнің  кибернетикалық  тұжырымдамасын  ұсынған  С.И. 
Архангельский,  Е.И.  Машбиц.  Оқыту  -  ақпараттарды  беру  және  қайта 
өңдеу  үрдісі  деп  түсіндіріледі.  Олардың  пайымдауынша,  кибернетика,  және 
акпарат  жүйелері  ғана  қажеттуғызады,  ал  логикалық  психологиялық  және 
даралық ерскшеліктер ескерілмейді. 
7.  Білімнің  ассоциативтік  теориясының  негізін  салғандар  Дж. 
Локк,  Я.А.Коменский.  Олардың  негізгі  қағидалары  қандайда  бір  оқыту 
сезімдік  танымға  сүйенеді:  көрнекі  бейнелер  -  сананың  мүмкіндігінше 
қорытынды  жасауға  қарай  қозғалысын  қамтамасыз  етеді.  Негізгі  әдіс  - 
жаттығу.  Тұжырымдаманың  кемшілігі  -  шығармашылық  әрекет  дамуы 
ескерілмей, білімдегі жаңалықтар қарастырылмауы. 
8.  Білім  беру  үдерісінде  ақыл-ой  әрекеттерін  кезең-кезеңімен 
қалыптастыру  теориясын  П.Я.Гальперин,  Н.Ф.Талызина  ұсынған.  Негізгі 
идеясы  оқушылардың  өзара  байланыс  кезеңдерімен  оқуды  игеру 
мүмкіндігі  төмендегідей:  а)  жаттығуды  орындау  шарттары  және 
амалдарымен  алдын-ала  танысу;  ә)  амалдарды  оған  кіретін  барлық 
тәсілдерін  өрістете  құру;  б)  терең  ықшамдалған  ойлау  әрекетіне  көшу;  бұл 
жүргізушілерді, сазгерлерді, спортшыларды үйретуге қолайлы, шектеулі теория. 
9. Білімді басқару моделін ұсынған Г.К. Селевко болды. Оқыту алыстағы, 
аралықтағы, жаңалықтағы мақсаттар негізінде жүзеге асырылады [117]. 
Сонымен,  қазіргі  білімді  дамыту  тенденциялары  талданған  тұжырымдамалар 
негізінде  төмендегідей  білім  мазмұны  теорияларының  қалыптасуын  кесте 
түрінде көрсетеміз (1 -кесте) : 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет