Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет7/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

 
 
Білім берудің қазіргі заманғы теориялары, тұжырымдамалары мен 
ұстанымдарын талдау 
                                                                                                                 Кесте 2  
Теориялар мен 
зерттеуші 
өкілдері 
Білім және оның 
сипаттамасы 
 Ұлттық білім мазмұны  



Жүйелі  қызметтік 
үдеріс 
негізінде 
білім 
беру 
теориясы 
М.Н.Скаткин,  
В.В. Краевский 
И.Я.Лернер 
Білім 
берудің 
құрылымдары:  
1) 
меңгеру 
нәтижесі оқушылардың 
санасында 
дүниенің 
ғылыми 
жаратылыстану 
бейнесін 
қалыптастыру, 
танымдық 
және 
практикалық 
іс-
  ұлттық 
тәрбие 
жөніндегі 
білімдер 
жүйесі; 
  ұлттық 
тәрбие 
көрінісі; 
  ұлттық 
тәрбиенің  
әдістемелік тәсілдері; 
  ұлттық 
тәрбие 
тағылымдары,іскерліктер 
мен дағдылар; 


әрекетке 
дұрыс 
әдіснамалық  тәсілдерін 
қолдану 
көзқарасын 
дамытатын 
табиғат, 
қоғам,  ойлау,  техника, 
тәсілдер,  іс-әрекеттер 
жөніндегі 
білімдер 
жүйесі; 
2) 
қоғамға 
белгілі 
ақыл-ой, 
сонымен 
қатар 
практикалық 
іс-
әрекеттерді 
іске 
асырудың  меңгерілген 
тәжірибесі, 
алған 
білімдерінің  негізінде 
қалыптасатын  жалпыға 
ортақ, қандай да бір оқу 
пәніне  тән  іскерліктер 
мен дағдылар; 
3) 
өзекті 
мәселелерді 
шешуге, 
ақиқатты 
шығармашылықпен 
қайта 
жаңғыртуға 
дайындықты 
қамтамасыз 
етуге 
міндеттелген 
шығармашылық 
әрекеттер тәжірибесі; 
4) 
идеяларды, 
құндылықтар  жүйесін, 
тұлғаның рухани өрісін 
қалыптастырушы 
білімдер мен бірліктер, 
әлемге, 
бір-бірлеріне 
сезімдік-серіктілік 
қарым-
қатынастарының 
тәжірибелері   
  ұлттық 
мәдениет 
жалпы  мәдениеттің  бір 
бөлігі; 
  ұлттық 
тәрбие 
талаптары; 
  ұлттық тәрбие деруге 
дайындық; 
  ұлттық 
тәрбиелік 
жүйелер, құндылықтар. 


Эвристикалық 
білім 
тұжырымдамасы 
А.В.Хуторской 
Білімнің 
 
құрама 
бөліктері: 
1.  Әрбір оқушыға жеке 
өзінің  білім  мазмұнын 
жасау 
шарттарын 
қамтамасыз ететін білім 
беру ортасы 
2.  Әрбір 
оқушыда 
іргелі  білім  объектісін 
оқу 
барысында 
қалыптасатын 
білім 
өнімі 
3.  Базалық 
мәдени 
тарихи білім 
4.  Іс-әрекетті  білімнің 
екі бастауы бар: 
1)  оқушының  өзінің 
білім  алу  әрекетінің 
рефлексивті 
айқындалған 
және 
белгіленген тәсілдері; 
2)  меңгеруге  міндетті 
сапа  ретінде  білім  беру 
стандарттарымен 
бекітілген 
жалпы 
ғылыми 
және 
жеке 
пәндік 
іс-әрекет 
тәсілдері. 
5.  пәндік  білім  іргелі 
білімдер 
объектісінің 
айналасында 
жинақталған 
және 
мемелекеттік білім беру 
стандарттарымен 
белгіленген білімдердің  
 
базалық 
деңгейін 
қамтамасыз ететіні, оқу 
пәндерінің 
базалық 
мазмұны 
6.  «кеңістік»,  «уақыт», 
«қозғалыс», 
«заң», 
 
ұлттық 
мәдениет 
дағдыларының көрінісі; 
 
ұлттық  мақтаныш,  ұлттық 
құндылықтар жүйесі; 
 
ұлттық тәрбие бағыттары 


«теория», 
«болжам» 
секілді 
ұғымдарды 
меңгеруге 
жататын 
метапәндік 
эвристикалық білім  
Оқу 
материалдарын 
құрылымдық 
баяндау білімдері 
Баяндау құрылымы: 
1)  тізбекті  құрылым-
тарихилық,  бірізділік, 
жүйелілік 
және 
түсініктілік 
ұстанымдарына 
сүйенетін, 
өзара 
байланысты 
қатарлардың 
үздіксіз 
бірізділігін  білдіретін 
оқу материалының жеке 
бөлігі; 
2)  шоғырланған 
құрылым 
өткен 
материалдар  негізінде 
қайталауды  ұсынады. 
Сонымен 
қатар, 
әр 
кезде 
оқылатын 
материал 
кеңейіп, 
тереңдетіліп, 
жаңа 
мәліметтермен толығып 
отырады.  
3)  спиралді  құрылым. 
Бұл 
жағдайда 
қарастырылып  отырған 
мәселе 
онымен 
байланысты  білімдерді 
іртіндеп  кеңейту  және 
тереңдету 
арқылы 
оқушылардың 
үнемі 
назарында болады. 
4)  Аралас  құрылым  – 
тізбекті, 
концентрациялаушы 
және 
спиралді 
 
оқыту 
мен 
тәрбиенің 
сабақтастығы; 
 
ұлттық тәрбие бағдарының 
қалыптасуы; 
 
тәрбие  мазмұнын  меңгеру 
талаптары  


құрылымдардың 
жиынтығы 
болып 
табылады  және  қазіргі 
уақыттағы  оқулықтар 
мен  оқу  құралдарын 
жазуда біршама көбірек 
пайдаланылатын тұр. 
Білім 
траекториясын 
таңдау 
ұстанымдары 
(Б.Т.Лихачев)  
Жалпы 
орта 
білім 
мазмұнын 
қалыптастырудың 
арнайы ұстанымдары: 
а) 
ғылыми 
пәндер 
мазмұнын қалыптастыру 
ұстанымдары: 
-  оқу  материалының 
қазіргі  ғылымның  даму 
деңгейіне сәйкестігі; 
- политехникалық; 
-  ғылым  логикасы  мен 
оқу  пәнінің  бірлігі  мен 
қарама-қайшылығы; 
б) 
өнер 
аясындағы 
жалпы 
орта 
білім 
мазмұнын қалыптастыру 
ұстанымдары: 
-  идеялық  мазмұн  мен 
көркемдік  формасының 
бірлігі; 
-  тұлғаның  үйлесімді 
мәдени дамуы; 

өнердің 
идеялық 
ортақтылығы  мен  өзара 
байланыстылығы; 
-  жас  ерекшеліктерін 
ескеру. 
в) 
еңбекке 
оқыту 
аясындағы  жалпы  орта 
білім 
мазмұнын 
қалыптастыру 
ұстанымдары: 

бала 
еңбегінің 
қоғамдық-
 
әлемдік 
мәдениетпен 
тәрбиенің ұштасуы; 
 
оқыту  аясында  тәрбиелік 
мінедеттердің жүзеге асуы 


экономикалық  мақсатқа 
сәйкестігі 
мен 
қажеттілігі, оның  
 
 
өндірістік 
әрекетке 
енгізілуі; 
-  еңбектің  ғылыммен 
байланысы; 
-  бала  еңбегінің  қазіргі 
мамандықтың  талабына 
сәйкестігі. 
 
Білімді 
таңдау 
және 
негіздеу 
(М.В.Рыжиков)  
М.В.Рыжиков 
білім 
мазмұнын таңдаудың үш 
тәсілін ажыратады: 
1) 
оқыту 
үрдісінің 
заңдылықтарын 
ескерумен 
білім 
табиғаты 
негізге 
алынатын тәсіл (дәстүрлі 
педагогикалық 
лексикада  –  ғылыми 
білім 
логикасы 
мен 
оқыту 
үрдісінің 
логикасы) 
2) 
тарихилық 
тәсіл 
арқылы 
білімнің 
дамуының 
бірізділігі 
ескеріледі 
(оның 
жіктелуі  мен  кіріктірілу 
идеялары негіз болады. 
Біртұтас, 
бөлінбеген 
білімнен 
«тривиум», 
«квадриум» 
арқылы 
«жеті еркін өнерге» және 
адам  әрі  кіріктіруші 
бастамасын  бір  мезетте 
арттырумен 
қатар 
мазмұнды 
біршама 
арнайы бөлуге дейін. 
 
оқыту 
мен 
тәрбиелік 
тәсілдердің тұтастығы 
 
әлеуметтену 
бағыттарының 
жүзеге 
асуы 


3)  адамды  оны  оқумен 
жазу 
іскерлігін 
мамандық  құрылымын 
ескере 
отырып, 
қоғамдық 
өмірге 
араластыруға,  мектептің 
қоғамдық  қызметін  іске 
асыруға  қатысуға  және 
т.б. 
дейін 
әлеуметтендіру  мұраты 
негізге алынады  
 
«Оқыту 
мазмұны»,«білім» 
«оқу 
материалының 
мазмұны» 
ұғымдарының 
арақатынасы 
(М.И.Махмутов, 
А.А.Вербицкий) 
 
М.И. 
Махмутовтың 
анықтамасы бойынша:  
- білім мазмұны – ақыл-
ой,  құныдылқ-бағдарлы 
немесе 
адамгершілік 
сияқты 
тәрбие 
түрлерінің  жиынтығы. 
Тәрбие 
түрлерінің 
барлығы  әртүрлі  мектеп 
курстарында 
мазмұндалады; 
-  оқыту  мазмұын  – 
философиялық 
және 
ғылыми 
білімдер 
сондай-ақ 
олармен 
 
білім  мазмұнының  тәрбие 
талаптарымен ұштасуы 


байланысты 
оқу 
пәндерінде 
берілген 
әрекет  тәсілдері  мен 
қатынастардың жүйесі; 
-  оқу  материалының 
мазұны  бұл  болашақ 
ұрпаққа қоршаған әлемді 
тану  мен  игеру  моделі 
ретінде 
ұсынылытын 
және 
әртүрлі 
оқу 
пәндерінің 
құрамында 
іске  асырылатын  білім 
мен  әрекет  тәсілдерінің 
жүйесі  
А.А.Вербицкий 
анықтамасы бойынша: 
- оқу мазмұны – оқушыға 
қабылдау  және  меңгеру 
үшін 
ұсынылатын 
барлық 
оқу 
аппаратының  таңбалық 
формасымен  берілетін 
әлеуметтік  тәжірибенің 
өнімі; 
-  білім  мазмұны  оқу-
танымдық әрекетті  
 
орындау 
үрдісінде 
қалыптасатын 
және 
уақыттың  осы  сәтінде 
оның  нәтижесі  ретінде 
белгіленуі мүмкін адами 
тұлғаның 
дамуының 
пәндік  және  әлеуметтік 
біліктілігінің деңгейі  


Білімді 
таңдау 
өлшемдерінің 
жүйесі 
(Ю.К.Бабанский)  
Өлшемдер: 
1)  Білім  мазмұнында 
жан-жақты 
дамыған 
тұлғаны  қалыптастыру 
міндетінің бейнеленуі; 
2)  Ғылыми 
негізіне 
қосылатын  мазмұнның 
жоғары  ғылыми  және 
практикалық 
мағыналығы; 
3)  Оқушының 
жас 
ерекшелігіне сәйкес оқу 
мүмкіндігінің  мазмұн 
күрделілігінің 
сәйкес 
келуі; 
4)  Сол  пәнді  оқуға 
берілген 
уақытқа 
мазмұн 
көлемінің 
сәйкестігі; 
5)  Орта 
білім 
мазмұнының 
халықаралық 
құрылымын ескеру; 
6)  Қазіргі 
мектептің 
оқу-әдістемелік 
және 
материалдық  базасына 
мазмұнның сәйкестігі.  
 
жас  ерекшелік  сипатына 
сәйкес  тәрбие  істерінің 
ұйымдастырылуы 
 
Білім – ұлттық мәдениеттің ұдайы дамуы мен жаңаруының берік негізі. 
Ол - өмір сүрудің мәні мен мазмұнын, ұлттық өркениеттің тарихи тағдырын, 
болмысын айқындайтын бірден бір жүйе. Білім туралы сөз қозғағанда, мәселе 
қалай оқыту туралы емес, маңызды әдістемелік тұжырымдар жөнінде болып 
отыр.  Олардың  ішінде  этномәдени  дәстүрді  жаңарту,  ұлттық  төлтума 
ерекшеліктер  мен  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың  білім  аясында  өзара 
үйлесуі сияқты мәселелердің орны ерекше. 
Осылайша әлемде болып жатқан жаңа өзгерістер қоғам мен мемлекеттің 
алдына жаңадан туындап жатқан құндылықтарды ескере отырып, білім беру 
жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесін қояды. 
XXI ғасыр табалдырығындағы әлеуметтік-мәдени жағдай тек қана білім 
беру  жүйесінің  өзін  ғана  емес,  оның  негізгі  өзегін  өзгертуді  көздейтін  жаңа 
білім  кеңістігіне  өтудің  қажеттілігін  қойып  отыр.  ХХ  ғасырда  қоғамдық 
өмірдің  барлық  саласының  негізінде  ғылым  -  өндіріс  -  білім  мәдени 


макромоделінің болғаны белгілі. Мәдени саладағыдай, білім беруге деген жаңа 
қатынас  және  онымен  байланыста  туындаған  білім  берудің  жаңа 
парадигмалары  мәдениет  -  білім  -  тарих  бірлігіне  негізделген  жаңа  мәдени 
макромодельді енгізуге жол ашты. 
Егер білім саласында әлемдік деңгейде талдау жасайтын болсақ, онда 
үнемі  өзгеріп  жататын  қажеттіктерге  бейімделіп,  оның  ішкі  жағдайына 
белсенді түрде әсер етіп және сол қажеттіктерді алдын-ала анықтай отырып, 
үнемі даму үстінде болатынына көзіміз жетер еді. 
Сөз  жоқ,  білім  беру  жүйесінің  әлемде  болып  жатқан  барлық 
өзгерістерге,  оның  ішінде  әлемдегі  адамгершілік,  рухани  құндылықтар  мен 
адам өмірінің мәніне деген сенімін жоғалтқан, сол арқылы ғылымдағы, діндегі, 
білім  берудегі  ең  маңызды  дүниетанымдық  сауалдарға  жауап  таба  алмай, 
өзінің  өмірлік  бағдарынан  айырылған  адамның  өзгеруінің  себебі  болып 
саналатын түрлі келеңсіз үрдістердің тууына тікелей қатысы бар. 
Бірақ рухани саладағы күннен күнге өршіп бара жатқан келеңсіздіктерді 
жоюға дәл осы білім жүйесінің ғана күші жетеді. Тек осы білім беру жүйесі 
ғана  білім  мен  сенімнің  үйлесімді  кірігуіне,  тұйықталған  қауымдастықтағы 
секілді, жалпы өркениеттің аясындағы жеке адам ділін бұзылудан сақтауда, ең 
бастысы  -  жоғары  адамгершілік  құндылықтар  мен  өмірлік  мәні  терең 
ұғымдардың өрлеуі мен үздіксіз баюына тарихи маңызды рөл атқарады [115]. 
Педагогика ғылымы мен тәжірибе қатынастарын саралай отырып, оның 
деңгейлерін  талдау  зерттеліп  отырған  мәселенің  тереңірек  қарастыруда 
маңызды болып табылады: 
Бірінші деңгей – эмпирикалық (грек. еmpeiza – тәжірибе). Оның түпкі 
ұстанымы  –  ғылымдағы  озат  тәжірибелерді  іздестіруді  белсенді  түрде 
ұйымдастыруды,  ол  тәжірибені  қорытуды  және  баспасөз,  білім  басқару 
орындары, ғылыми-практикалық конференциялар және т.б. арқылы кең түрде 
таратуды талап ету. 
Екінші  деңгей  –  педагогикалық  теорияның  практикадан  озық  болуы, 
ғылым  мәліметтерін  кеңінен  ендіру  негізінде  педагогикалық  тәжірибенің 
перспективалық  даму  идеясы  болып  табылады.  Бұл  жерде  ғылымның 
практикаға қарағанда жетекші рөлі атап көрсетіледі. Мұғалімдер бұқарасына 
педагогикалық  ғылымның  жетістіктерін  меңгеру  талабы  қойылады.  Бұл 
педагогикалық теорияның алдыңғы қатарлы тәжірибенің базасында, ғылыми 
ұсыныстарды ендіру негізінде өзінің дамуына мүмкіндік береді. 
Үшінші  деңгей  –  теория  мен  практиканың  тең  дәрежеде 
шығармашылықпен  өзара  әрекеттесуі,  педагогикалық  болмысты  оның 
дамуының 
жаңа 
заңдылықтарын 
ашу 
мақсатында 
тәжірибе-
экспериментальдық қайта құру. Теория мен практиканың өзара әрекеттесудегі 
жоғары деңгейі дегенде педагог қандай-да болмасын педагогикалық идеяны, 
болжамды  іштей  қабылдап,  терең  ұғынып,  оны  шығармашылықпен  жүзеге 
асыру  арқылы  тәрбиелеу  мен  оқытудың  тиімді  сапалы  жаңа  ситуацияларын 


жасауы  атап  көрсетілді.  Бұл  деңгей  мұғалімнің  педагогика  ғылымының 
қорытындыларын үнемі меңгеру, оларды ендіру және өзінің жеке тәжірибесін 
қайта құру негізінде мүмкін болады [116]. 
Р.С.Омарова:  «Бүгінгі  күні  білім  билікпен  тұтасып,  қоғамды  басқару 
құралына  айналып  отыр.  Сонымен  бірге  қазіргі  «ақпараттық  қоғамда»  білім 
өзінің  шынайы  көрінісін  тапты.  Демек,  білім  –  материалдық  және  рухани 
құбылыстар туралы шынайы, әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам 
санасында  дұрыс,  объективті  бейнеленуі.  Білім  беру  -  жас  ұрпақты  ұлттық 
игіліктер  мен  адамзат  мәдени  мұрасының  сабақтастығын  сақтай  білуге 
тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп қарап, табиғат пен қоғам туралы 
ең қажетті жалпы ғылыми біліммен қаруландыру, қоғамдық құбылыстар мен 
табиғи  ортаны  танып-білуге  үйрету,  ғылыми-әдіснамалық  негізде  дүниеге 
танымдық  көзқарас  қалыптастыру  болып  табылады.  Сондықтан  білім 
дамуының әлемдік үрдісімен пара-пар, өз өткен тарихымыздағы жетістіктерге, 
ұлттық құндылықтарымызға сүйеніп, жалпы білім беру саласын жаңа сапалық 
деңгейге  көтеру  маңызды»  деп  атап  көрсетеді.  Сонымен  қатар,  білім 
мазмұнының жетекші әдіснамалық принциптерін былайша сипаттайды: 
1. интеграция принципі – ұқсас пәндерді ықпалдастыру, ұлттық тәлім, 
шығармашылық, танымдық қызығушылық арқылы жеке тұлға дамуын жүзеге 
асыру; 
2. пәнаралық байланыстар принципі – оқу пәнінің мазмұнын баяндауда 
әр  түрлі  пәндерді  өзара  байланыстыру,  ұлттық  рухани  құндылықтармен 
сабақтастыру; 
3. ғылымилық және жас ерекшеліктерін есепке алу принципі – оңтайлы 
әдістемелік  жүйені  таңдау,  оқушылардың  психологиялық,  физиологиялық 
мүмкіндіктеріне байланысты дамуын, жас ерекшеліктерін ескеру; 
4.  жеке  тұлғаның  дербестігін  дамытуда  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
деңгейлік принципі – дара жаттығулар жүйесін жүзеге асыру негізінде түрлі 
деңгейлік және қарапайым тапсырмаларды шығармашылықпен шешу
5.  оқуда  ана  тіліне  сүйену  принципі  –  оқушылардың  танымдық, 
шығармашылық 
белсенділігін, 
ана 
тіліне 
қабілеттілігін 
арттыру; 
елжандылығын тәрбиелеу; 
6. нәтижелі шығармашылық принципі – білімді қалыптастыру үрдісінде 
креативтілік  сапаны  дамыту,  ұлттық  мәдениетті  шығармашылық  тұрғыда 
меңгеру [110, 17б.]. 
Теориялық  сараптаулар  көрсеткендей,  білім  құрылымы  төрт  бөліктен 
тұрады: 
-  табиғат,  қоғам,  адам,  техника,  іс-әрекет  тәсілдері,  өнер  жөніндегі 
білімдер; 
-  адамзат  өндірген  мәдениетті  сақтауға  және  қайта  жаңғыртуға 
көмектесетін іс-әрекеттік білімдер; 
- шығармашылық әрекеттер тәжірибесі; 


-  ақиқаттылыққа,  адамға,  өзіне  сезімдік-құндылықты  қатынастарының 
білімі (3-кесте). 
 
Кесте 3 - Білімнің мазмұндық – құрылымдық талдануы 
 
№ 
Білімнің құрамды 
бөліктері 
Сипаттамасы 

Білім 
мазмұнын 
қалыптастырудың 
басы, 
негізі 
деген 
құқыққа ие бола алады. 
Білім мазмұнының қалыптасуының 
бастаулары: 
  әлеуметтік тәжірибе (пәндік ғылыми 
бібілімдер, көмекші білімдер, әрекет 
тәсілдері); 
  оқыту үрдісі жөніндегі білімдер; 
  меңгеру заңдылықтары жөніндегі 
бібілімдер. 

Білімге 
қатысты 
факторлар 
– 
білім 
мазмұнын  анықтауда 
зерттеушілік,  ұғынуға 
мүмкідік 
беретін 
жағдайлар 
Білім мазмұынын қалыптастырушы 
факторлар: 
 
оқыту мақсаты ; 
 
оқушылардың танымдық 
мүмкіндіктері; 
 
қабілеттері; 
 
қызығушылықтары; 
 

Ұстанымдар-білім 
мазмұнын 
қалыптастырудағы 
әрекеттердің 
ортақ 
бағыттылығы. 
Білім 
мазмұнын 
қалыптастырушы 
ұстанымдар: 
білім  мазмұны  қалыптасытарын  жалпы 
ұстанымдар  (қоғамның  даму  қажеттілігіне 
білім  мазмұнының  сәйкес  келу  ұстанымы; 
оқытудың 
мазмұндық 
және 
үрдістік 
жақтарының 
бірлігі 
ұстанымы; 
білім 
мазмұнының 
әртүрлі 
деңгейіндегі 
құрылымдарының 
бірлігі);дидактикалық 
ұстанымдар  (ғылымилық;  жүйелілік  және 
бірізділік; 
жүйелілік; 
пәаралық 
байланыстар; 
оқыту 
теориясы 
мен 
практикасының 
өмірімен 
байланысы; 
политехникалық және кәсіби бағыттылығы; 
көрнекілігі;  түсініктілігі;  даралық  және 
жекелік  тәсілдері;  оқуға  деген  жағымды 
қарым-қатынас  пен  мотивті  жасау);  жеке 
әдістемелік. 



Өлшемдер: (өлшем 
дегеніміз қандай да бір 
нәрсені бағалау, 
анықтау және жіктеуге 
негіз болатын 
белгілер). 
Білім мазмұнына 
қатысты өлшемдер 
құрыстыру; оқу 
материалын, 
оныңбірізділігін 
таңдау үрдісін іске 
асырады. 
Білім мазмұнын қалыптастыру өлшемдері: 
-білім 
мазмұнын 
таңдаудың 
жалпы 
дидактикалық өлшемдері
-білім 
мазмұнында 
шығармашылықты, 
демократиялық қоғамның өз бетінше ойлана 
алатын аламын қалыптастыру міндетін тұтас 
бейнелеу өлшемі; 
-білім 
беруші  материал  күрделілігінің 
оқушылардың шынайы оқу мүмкіндіктеріне 
сәйкес келу өлшемі; 
-білім мазмұнын құрастырудаң халықаралық 
тәжірибесін ескеру өлшемі; 
-сол 
пәнді 
оқуға 
берілген 
уақытқа 
мазмұнның көлемінің сәйкестік өлшемі. 
 
Білімге осылайша талдау жасай отырып, қазіргі жаһандану жағдайында 
білім беру міндеттері - жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, 
адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру, 
ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау, халық дәстүрлерін қастерлеуге 
тәрбиелеу  т.б.  деген  түйін  жасауға  болады.  Білім  беру  республикамыздың 
әрбір  азаматының  қоғамдық-саяси,  экономикалық  және  мәдени  өмірге 
қатысуын қамтамасыз етіп, жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне саналы 
көзқарасын қалыптастыруға бағытталуы керек. 
Жаңа  замандағы  адамды  тәрбиелеу  қазіргі  білім  ұйымдары  алдына 
үлкен  міндеттер  қояды.  Әр  заманның  өз  қаһармандары,  дәуір  мойындайтын 
тұлғалары, бүгінгі азаматтық қоғам жағдайында ұлттық тәрбие берудің басты 
мазмұны болуы тиіс. Қазіргі білімнің ақпараттық негізде құрылуы жаһандану 
талаптарының негізгі идеясы. Ақпараттардың көлемі әрбір он жылда шамамен 
екі есе  артады.  Ғылыми-техникалық ілгерілеудің қарқынына  ілесуге  ұмтыла 
отырып, білім жүйесі оның мазмұнының ұлғаюына әсер етеді. Бұл жағдайда 
адам  өмірі  оңтайландыру  арқылы  шешілуі  қажет.  Сол  үрдісті  ғылымда 
синергетикалық  жағдай,  яғни  бірлескен  әрекет  кезеңі  деп  атайды.  Дәл  осы 
кезеңде  этномәдени  тұрғыдан  өзара  кірігу,  өзара  әрекеттесуге  қол  жеткізуге 
болады.  Оның  басты  шарты  -  адам  санасының    тек  білімдер  жиынтығы 
тұрғысында қалмай білікке ұласуы. Бұл азаматтық қоғамда этномәдени білім 
берудің басты ұстанымдарының бірі болып табылады. 
Қандай  қоғам  болса  да  ол  болашақ  ұрпақ  арқылы  биологиялық  және 
рухани  жаңарады.  Бүгінгі  жаһандану  қоғамы  жастары  да  білімнің  озық 
тәжірибелері  негізінде  жан-жақты  қалыптасуда.  Дегенмен,  қазіргі  білім 
берудің қалыптасуының ұзақ тарихы бар екені сөзсіз. Сол тарихты тану, оның 
тарихи  даму  кезеңдерін  білу  заңды  қажеттілік.  Өз  кезеңінде  білімнің 


генезисіне,  оның  өткені  мен  бүгінгі  болашағына,  басқаша  айтқанда,  білім 
философиясына негіздемей ұлттық біліміміз де толық болмайды деген сөз. 
Осы  ұстанымды  басшылыққа  алып  тарихқа  көз  жүгіртсек,  бүгінгідей 
түсініктегі оқу болмағанына көз жеткіземіз және бұл барлық халықтарға тән. 
Тоқтаусыз  жүріп  жатқан  таным  үрдісі  үйрету  мен  үйрену  арқылы  ұрпақтан 
ұрпаққа білім қорын жеткізіп отырады. Қазақтың: «Ұяда нені қөрсең, ұшқанда 
соны  ілерсің»,  «Ата  көрген  оқ  жонады,  шеше  көрген  тон  пішеді»,  «Қой 
көрмеген  қуалап  өседі»  т.б.  мақалдарының  мән-мазмұны  да  осында  екені 
сөзсіз. 
Білім алудың еріктілік және еркіндік қағидаларына ерекше мән берілген 
Антикалық  үлгідегі  грек  білімінде  ғана  өнер  мен  философияны  зерделеуге 
басымдылық берілгенін білім тарихынан көруге болады. Ал сонан сәл кейінгі 
білімнің  Римдік  үлгісі  алдарына  қойған  әлеуметтік  нысанаға  жетуді  мақсат 
етті  және  мәжбүрлеп  оқытуға  басымдықтар  берді,  білім  утилитарлық 
сипатымен, нормативтік-құндылық бағыттарымен ерекшеленді. Ол кезеңдегі 
басты  мақсат  әскери  басшылар  мен  мемлекеттік  қайраткерлерді  даярлау 
болды.  Бізге  тарихтан  белгілі,  сол  уақыттағы  Рим  патшасы  Филипптің 
шақыруымен Аристотельдің 12 жыл бойы Македония мемлекетінің сол кездегі 
астанасы  Пелледе  тұрып  Александр  Македонскийді  тәрбиелейтіні  бұған 
дәлел.  Орта  ғасыр  білімі  діни  бағыт  ұстанғанымен  ол  адамның  өзін,  өз 
мүмкіндігін  бағалай  және  шектей  білуімен  ерекшеленеді.  Өнеркәсіптің, 
сауданың,  ғылымның  белгілі  дәрежеде  жедел  дамуымен  қатар  келген  қайта 
өрлеу дәуірінде білім мен ғылым құндылықтар есебінде зор мәнге ие болды. 
Осы  дәстүр  ағартушылық  кезеңге  ұласып,  адамды  жеке  тұлға  деп  танитын, 
білім  алуға  жалпы  көпшіліктің  құқы  бар  деп  есептейтін,  білімге  деген  жаңа 
көзқарас қалыптасты. 
Білім  философиясына  тарихи-танымдық  ұстаныммен  келетін  болсақ, 
білім беру, оқыту жүйесінің генезисі – оның қалыптасу тарихының тұтастығы 
мен бірлігі. Бүкіл әлеуметтік-тарихи даму мен жетілуді де аталған сатыларсыз 
елестету  қиын.  Олар  -  аңызнамалық  (мифология);  діни;  философиялық 
(дүниені  білім,  ғылым  жетістіктері,  практика  арқылы,  заманмен  үндестіре 
отырып тану) болып бөлінеді. 
Кеңес  өкіметінің  білім  беру  жүйесінің  өзіндік  мазмұны  болды.  Бірақ 
халықтың  рухани  құндылықтары  білім  беру  жағдайында  есепке  алынбады, 
немесе  жеткіліксіз  оқылды.  Бұл  мифологияға,  біздің  тарихымызға  қатысты 
жағдайлар болды.  
Жоғарыда  айтылған  Кеңестік  білім  мен  тәрбие  жүйесінің  көлеңкелі 
жақтары да болды. Оның төмендегідей белгілерін атап өтуге болады: 
-  одақ  ішінде  барлық  ұлттар  үшін  бір  типтік  оқулықтар  мен 
бағдарламалардың болуы; 
-  жан-жақты  жетілген  тұлғаны  тәрбиелеуде    интернационалистік 
мазмұнда, ұлтжандылықтан мүлдем хабарының болмауы; 


-  міндетті  түрде  орыс  тілін  оқыту,  басқа  тілдерді  болашақсыз  деп 
жариялау; 
- ұлттық мәдениетті мансұқ ету. Ал ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта 
тәрбиеленген  ұрпақтан  халқымыздың  қажеті  мен  мүддесін  жоқтайтын 
пайдалы азамат шықпайтыны сөзсіз; 
- «түрі ұлттық, мазмұны пролетарлық болсын» деген формула халықтық 
рухқа  сай  келмеуі,  cебебі,  халықтың  рухани  дүниесі  біртұтас  құбылыс.  Ол 
«мазмұн» мен «түрге» бөлінбейді т.б. 
Бүгінгі таңда Еуразиялық аймақта болып жатқан, түбегейлі өзгерістер 
дәуірі,  адамзат  баласының  барлық  қызмет  ету  саласының  жан  -  жақты 
дамуына,  соның  ішінде  білім  беру  мазмұнының  дамуына  әкеліп  отыр. 
Дамыған  елдердің  тәжірибесі  көрсеткендей,  ұлттық  әлеуеттің  дамуы  келесі 
факторлармен  анықталады:  жаңа  ғылыми  жаңалықтарды  меңгерумен,  білім 
беру  деңгейі  және  кәсіби  білімділік  мазмұны.  Бүгінгі  таңдағы  Егеменді 
еліміздің  ең  басты  мақсаты  -  өркениетті  елдердің  қатарында  болу,  бүкіл 
әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім 
беру  жүйесінің  даму  бағыттарын  тың  арнаға,  жаңа  сапаға  жеткізудің 
қажеттілігін  алға  тартады.  Осыған  байланысты  қазіргі  уақытта  Қазақстанда 
білім  берудің  өзіндік  ұлттық  үлгісін  қалыптастыруда,  бұл  үрдіс  білім 
парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. 
Жаңа білім беру парадигмалары бірінші орынға тұлғаның білімін, білігі 
мен дағдысын емес, оны жан – жақты дамыту, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына 
сіңірту,  рухани  жан  дүниесін  қалыптастыру  міндетін  қойып,  мемлекетіміз 
білім кеңістігіне аяқ басқан кезеңінде, ғылым – білімнің құндылығын, рухани 
маңыздылығын қояды.  Жаһандану үдерісінде дамыған  елдердің үздік үлгісі, 
ықпалы  сезілмейді  деуге  болмайды.  Оны  да  ескеріп,  жіті  зерделеп,  ұлттық 
ерекшеліктерімізге сай ұтымды, тиімді жақтарын өмірге, тәжірибеге енгізуге 
болады. Мұның біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға, ғылымды нақтылы 
бағыттар төңірегінде дамытуға септігі тиері сөзсіз. Осы реттен келгенде, орта 
және жоғары мектеп жүйесін белгілі бір бағытқа бұрып, білім - мен ғылым ісін 
ортақ  мақсаттар  төңірегінде  топтап,  қатар  дамыту  –  іргелі  ғылыми 
ізденістерге, нәтижелі істерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Ғылыми ізденістер қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі 
күнге  толастамай  отырғанын  атап  айтуға  болады.  Ғалымдардың  бір  тобы 
ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан екі жарым мың жыл 
бұрын  пайда  болды  десе,  ал  кейбір  ғалымдар  нағыз  ғылым  тек  жаңа  дәуір 
кезеңінде,  шамамен  ХҮІІІ-ғасырда  қалыптасты  деген  пікірді  ұстанады. 
Мұндай  пікірталастың  себебі  ғылымның  күрделі  және  санқырлы  құбылыс 
екендігі.  Ол  бір  жағынан  алғанда  білімдердің,  теориялық  қағидалар  мен 
әдістердің  жүйесі,  сонымен  бірге  қоғамдық  сананың  формасы,  қоғамдық 
дамудың  басқару  құралы,  өндіргіш  күш,  күрделі  ақпараттық  жүйе  және  т.б. 
болуы.  Түрлі  салалардың  мамандары  ғылымға  әр  түрлі  анықтамалар  береді 


және  олардың  ешқайсысын  да  теріске  шығаруға  болмайды.  Әртүрлі 
анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, 
ғылым-  табиғат,  қоғам  және  адам  туралы  білімдерді  өндіруге  бағытталған 
зерттеу қызметі саласы [39]. 
Бұл  анықтама  мазмұнынан  ғылымның  зерттеу  пәні  ретінде  түсінігін 
алуға болады. Ғылым адамды қоршаған орта, табиғатты зерттеуге бағытталған 
қызметтің  жемісі  ретінде  дүниеге  келді.  Бірте-бірте  қоғам  туралы  ғылыми 
түсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылыми үдерістегі басты тұлға, 
ғылымның басты субъектісі де, объектісі де  - адам. Адамның қатынасынсыз 
ғылымның  қалыптасуы  мүмкін  емес,  сонымен  бірге,  адам  өзін  түсінуге,  өз 
мүмкіндіктерін  анықтауға,  табиғат  пен  қоғамның  ғана  емес,  өз  болашағын 
болжауға  көне  заманнан  бастап  осы  күнге  дейін  талпынып  келеді  және  бұл 
үрдіс адам жер бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек. 
Ғылымының пайда болу тарихының тамыры тереңде жатыр. Ол - өмір 
талабынан  туындаған  және  оның  көне  тарихы  бар  екендігі  анық.  Ғылым 
туралы  алғашқы  ой-пікірлер  ертедегі  шығыс  елдерінің  (Мысыр,  Вавилония, 
Үнді,  Қытай,  Түркі)  философиялық  жүйесінде  дамыды.  Ежелгі  дүние 
философиясы  ертедегі  шығыс  елдерінің  жинақтаған  ғылыми  мұрасын  ілгері 
дамытқан  еді.  Онда  саяси,  тәрбие,  мемлекет,  жеке  адам  тәрбиесінің 
мақсаттары мен мазмұндары, т.б. мәселелер қарастырылды (Сократ, Платон, 
Аристотель,  Демокрит,  Қорқыт,  Орхон  ескерткіштері,  Оғызнама,  Мұхамед 
Хорезми,  Әбу  Насыр  әл-Фараби,  Әбурайхан  әл-Бурини,  Әбуәли  Ибн-Сина, 
Рабғұзи,  Махмут  Қашқари,  Омар  Хаям,  т.б.)  XV-XVI  ғасырларда  және 
кейініректе  адамның  жеке  басының  тәрбиесі,  оның  дамуы    ғылымның 
қалыптасуын ойландыра бастады. 
Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы  мейлінше  дұрыс 
пікірді  ұсынған  Ресей  ғалымы  В.В.  Ильин.  Ол  ғылымның  дамуын 
классикалық,  классикалық  емес  және  неоклассикалық  деп  жіктейді.  Бұл 
жіктеуді ғылымның классикалыққа дейінгі кезеңімен толықтырған дұрыс деп 
ойлаймыз.  Ғылымды  зерттеуші  ғалымдардың  бәрі  дерлік  ғылымның  Отаны 
көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында 
бірнеше  жүзжылдықтарға  созылған  соғыстардан  аман  қалған,  ұзақ  уақыт 
ескерілмеген  білімдерді  қабылдап,  жәй  қабылдап  қоймай,  өздерінің  ақыл-
ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында ғылым деңгейін жаңа дәрежеге 
көтерген, оларға абстракталық және рациональдық сипат берген. 
Ғылымның дамуындағы салыстырмалы дербестік оның өндіріске тигізетін 
кері  әсерінен  ерекше  айқын  көрінді.  Ғылым  қоғамдық  өндірістің  дамуында 
қуатты  күш болып  табылады, өйткені ғылымның күші, адамның ақиқатты танып 
білудегі күш-қуаты. Ол өндіріс құралы мен техникасының дамуында, қоғамның 
бүкіл өндіргіш күштерін жетілдіруде аса зор роль атқарады. 
Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі ретінде жүйелілігімен, 
логикалық тұрғыдан тұтастығымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді. 


Ғылыми  білім  танымдық,  интеллектуалдық  ізденістер  мен  қайшылықты, 
шығармашылық  іс-әрекеттің  барысында  туындап,  жинақталып,  жүйеленеді. 
Ол  таным  үрдісінің  мақсатты,  әрі  күрделі  нәтижесі  болып  табылады. 
Демек,  ғылым  -  заттардың,  құбылыстар  мен  үрдістердің  ішкі  болмысын, 
табиғатын  ашып  көрсететін,  олардың  даму  заңдылықтарын  даралап 
тұжырымдайтын шынайы, ақиқат білім жүйесі. 
Ғылым  –  объективті  ақиқатқа  жетуге,  заңдылықтарды  бейнелеуге 
және  алдын-ала  болжауға  арналған,  жүйелі  түрде  құрылған  білімнің 
жоғары  формасы.  Тарихи  тұрғыда  ғылым  адамзат  қоғамы  дамуының 
белгілі  бір  сатысында,  өзі  туғызатын қажеттіліктерге байланысты, ой еңбегі 
мен дене  еңбегі  бөлініп,  кауымдық  қоғам  ыдырап,  таптық  қоғам  қалыптаса 
бастаған  кезеңде  пайда  болған.  Қоғам  дамуының  белгілі  бір  тарихи  дәуірінде 
ғылым өндіріс дамуының қажетті бір шартына айналды және ірі  индустрияның 
дамуына байланысты өзектілігі артты. 
Біздің  заманымызда  ғылымның  жетістіктері  техникада  барған  сайын 
кеңінен қолданылып, өндірісті комплексті түрде автоматтандыру, атом қуатын 
пайдалану,  ғылыми  эксперименттің  өндіріспен  бірігуі,  сөйтіп  ғылымның  шын 
мәнінде  тікелей  өндіргіш  күшке  айналуы  кеңінен  өріс  алып  келеді.  Бірақ 
ғылыми  теориялар  мен  идеялар  материалдық  игіліктер  өндіреді  деп 
түсінуге болмайды. 
Тарихи  материализм  ғылымның  тікелей  өндіргіш  күшке  айналуын 
былайша  түсіндіреді:  ғалымдар  ашқан  теориялар  мен  заңдар  өндіріске 
енгізіле  отырып,  өндіріс  құралдары  мен  техникасына,  технологиялық 
үрдістерге айналады, ал мұның бәрі өндірісті комплексті түрде механикаландыру 
және  автоматтандыру,  электрониканы,  жаңа  химиялық  материалдарды, 
энергияның  барлық  жаңа  түрлерін  кеңінен  пайдалануды  туындатады, 
сөйтіп  техникалық  прогресті  тездетеді.  Бұл  үдеріс  барысында  өндірісте 
жүргізілетін  ғылыми  эксперимент  өндіріспен,  материалдық  игіліктерді 
өндірумен тұтас бірігіп кетеді, ғылым мен техникада болған түбірлі өзгерістер, 
ашылған жаңалықтар өндіргіш күштердің екінші жағы — адамды да өзгертеді, 
ғылым  мен  техниканың  жаңалықтары  адамның  біліміне,  тәжірибесіне, 
дағды-іскерлігіне  айналуы  тиіс,  яғни  адамның  рухани  күшіне  де  айналуы 
тиіс,  өйткені  мұнсыз  ол  жаңа  техниканы  басқара  алмайды,  ал  бұл 
техникалық прогреске кедергі болар еді. Кең көлемді ғылыми-техникалық білім 
алған  адам  жаңа  техниканы  жай  басқарып  қана  қоймайды,  ғылыми-
техникалық  шығармашылыққа  белсене  қатыса  отырып, еңбек өнімділігін 
арттырады.  Демек,  адамның  ғылыми-техникалық  дәрежесін  ұдайы  арттырып 
отыру - ғылыми-техникалық революциядан туып отырған объективтік зандылық 
[127, ]. 
Жоғары  оқу  орындарындағы  ғылымның  қалыптасуын  шартты  үш 
кезеңге  бөліп қарастыруға  болады. Оларды мазмұндық және  процессуалдық 
дамуына  қарай  сипаттаймыз.  Алғашқы  кезең  университеттердің  пайда 


болуынан  –  XVII-XVIII  ғғ.  дейін  сәйкес  келеді.  Ол  кезеңде  жоғары  оқу 
орындарындағы ғылым мазмұндық жағынан – кітап оқу (пәндердің орнына), 
процессуалдық жағынан – диспут жүргізу (диспутатор – тек қана пікір айтып 
қоймастан, сондай-ақ зерттеп /зерттеуші/) және таным әдістерін игеру арқылы 
дамып, айқындауға болатын. Екінші кезең ХІХ ғасырдың ІІ екінші жартысы 
мен  ХХ  ғасырдың  І  жартысы  аралығын  қамтиды.  Пәндерді  оқу  ғылымның 
даму деңгейіне сәйкес келетін ғылыми көзқарастары негізінің қалыптасуына 
әкелді,  студенттер  меңгерген  ғылыми  зерттеулердің  әдістері  белсенді  түрде 
жасалып, әзірлене бастады. Жоғары оқу орындарындағы ғылыми бөлімшелері 
– зертханалар қызметі кеңінен тарай бастады. ХХ ғ. ІІ жартысы ХХІ ғ. болашақ 
маманның кәсіби мәдениеттің құрамдас  бөлігі ретінде ғылыми мәдениетінің 
қалыптасуын,  сондай-ақ  ғылыми  қызмет  технологиясын  меңгеруді  талап 
етуде.  Жоғары  оқу  орындарында  ғылымды  өзіндік  өнімді  қызмет  жасайтын 
ғылыми-инновациялық құрылымдар құрылуда. 
Ғылым  туралы  зерттеулерді  талдауда  оның  әлемдік  даму  тарихында 
Германия университетінің мазмұнына тоқталуға болады. Соның ішінде алғаш 
құрылған  ғылыми  ізденістер  негізі  қатарына  жататын  Берлин  университетін 
жатқызуға  болады.  Бұл  модельді  Гумбольд  университеті  деп  атайды. 
Гумбольд  университетінің  фундаментальді  ұстанымы  –  зерттеу  мен  білім 
берудің  академиялық  еркіндігі  мен  бірлігі.  «Зерттеу  мен  білім  беру  бірлігі» 
университеттің оқытушы-зерттеушінің тұлғасының, сондай-ақ студенттердің 
дәрісті  таңдау  еркіндігінің  (гимназиядан  айырмашылығы);  семинарлар 
институтының  (ғылымға  «тәрбиелеушілер»);  жалғастырушы  Академия  не 
университеттік  институт  түрінде  пайда  болды.  Университеттің  Гумбольдтік 
моделі  мемлекет  пен  қоғамның  қажеттігі  алдындағы  жауапкершіліктің 
академиялық  еркіндігі;  білім  беру  міндетін  айқын  мақсатқа,  ғылымға 
қамқорлық  сияқты  идеяларға  бағыттау  болды.  В.Гумбольдтің  айтуынша, 
«зерттеу»  өзіндік  ізденіс  пен  ақиқатты  игеруді  айқындаудан  басқа 
университеттің  барлық  өкілдерінің  зерттеуші  болуы  керектігі  еді.  Кейінірек 
«зерттеу»  ұғымы:  ғылыми-техникалық  инновация  үрдісімен  теңестірілді. 
Осылайша  зерттеу  объективті,  дербес  ойшылдық  және  зерттеу  нысанынан 
тәуелсіз қызмет ретінде таныла бастады. Тек осыдан  кейін ғана басқа да кез 
келген «істі» «зерттеу» мүмкін бола бастады», - деп жазды Н.А. Константинов 
[128]. 
ХІХ  ғасырда  ғылыми  қызметті  субъективтіліктен  объективтілікке 
қарай;  дербестіктен  ұжымдық  сипатқа  қарай  түсінуге  бетбұрыс  жасалды. 
Дегенмен, ғылымды дамытудың жаңа деңгейге көтерілуі қате түсініктен емес 
уақыт талабынан туындаған. Сол кезеңдерде университет қызметінің өзіндік 
бағыты  ретінде  ғылыми  қызметтің  қалыптасуы  мен  одан  әрі  дамуын  жүзеге 
асыруда зерттеу, зерттеу жүргізуді дербестендіру дәстүрі мен маңызын ескеру 
қажет  болды.  Университеттердің  ғылыми  мектептерді  қолдауы  мен  дамыту 
дәстүрі жалғасын тауып келеді. 


Ғылымды зерттеу пәні ретінде қарастыру мәселесі ХІХ ғасырда Джон 
Ньюманның  «Зияткерлік  университеті»  тұжырымдамасында  қарастырылды. 
«Университет – жан-жақты білім алуды үйрететін орын және білімнің нысаны 
моральдық емес зияткерлік сипатта болады. Университеттің жоғары мақсаты 
– барлық білім салаларының, адамның ақыл-ойымен жасалған барлық ойлау 
әдістерінің  дамуымен  қамтамасыз  ету»,-деп  жазды  Джон  Генри  Ньюман 
(J.H.Newman, 1801-1890). 
ХІХ  ғасырдағы  қазіргі  заманғы  мәдениеттің  аса  маңызды  феномені 
ретінде университеттің тарихы мен мәнін зерттеуде елеулі үлес қосқандардың 
бірі  ағылшын  теологтары  болды.  Оның  қаламынан  «Университет  идеясы» 
(«The Idea of the University»), «Университеттің шығу тегі мен прогресс» («Rise 
and Progress of Universities») сияқты әйгілі кітаптары жарық көрген. 
Ғылыми мекемелердің бастауы Платон академиясы, Аристотель лицейі, 
Александрия  мұражайы  сияқты  жоғары  оқу  орындарының  мекемелерінен 
басталады.  Аристотель  лицейі  ұжымдық  зерттеуді  ұйымдастырудың 
арқасында  қызметкерлердің  қабілеттеріне  қарай  міндеттемелерін  бөлу  мен 
ынталандыруда  жаратылыстану  материалдарын  жинау  және  жүйелеу 
бойынша үлкен жетістіктерге жетті. Дегенмен, мұнда ғылыми қызмет дербес 
сипатта  болады,  сондықтан  сол  уақыттағы  ғылымның  синкреттік  сипатына 
сәйкес келді. Ғалымдарды шенеунік ретінде қызметке қабылдаған мемлекет, 
оларды  Аристотель  айтқандай  ғылыммен  ғана  айналысуға  мүмкіндік 
беретіндей бос уақытпен қамтамасыз етіп отырды. 
Университет  идеясы  Universitas  атауын,  яғни  латыншадан  аударғанда 
«жиынтық» мағынасын аша түседі. Алғаш университеттер пайда бола бастаған 
кезде орта ғасырларда «жиынтық» сөзінің түрлі мағынасы болды. Ең алдымен, 
ұйымдастырушылық  аспектісіне  баса  назар  аударылды;  шын  мәнінде,  түрлі 
типтегі  жоғары  оқу  орындарының  бірлестігін  университет  деп  атады.  ХІХ 
ғасыр  соңында  Н.Суворовтың  ортағасырлық  университетер  жайлы  әйгілі 
кітабындағы  нұсқасында  «университет  деп  барлық  ғылымның,  адамзат 
білімінің  барлық  саласының  тұтастығын  немесе  жиынтығын  атайды 
(universitas  literarum)».  Жоғары  оқу  орындарындағы  білім  беру  «ғылымға 
қосылу»  дегенді  білдірді.  Ғылыми  дәреже  беру  дәстүрі  орта  ғасырлардан 
бастау  алады.  Алғаш  рет  доктор  дәрежесі  1130  жылдан  Болонья 
университетінде, кейін 1231 жылдан Париж университетінде беріле бастады. 
Н.Суворовтың  бағалуы  бойынша,  ортағасырлар  университеті  дәстүрі 
германиялық университеттерде біршама жақсы дами бастады. 
Г.Шнедельбахтың  пікірінше,  Ресейде  француз  университеттерінің 
моделі  алмастырылған.  «Францияда  1806  жылдан  кейін-ақ  елдегі  бұрынғы 
жиырма  екі  универсиет  «Император  университеті»  аталған,  басқарылатын 
және  үйлестірілетін  институт  ретінде  арнайы  мектептер  деңгейіне 
төмендетілді.  Мұнда  университеттер  «оқитын  ғылымды  емес,  ал  мемлекет 
оқытататын»  ғылымды  үйретті.  Университеттерде  мемлекеттің  оқу 


жоспарының  пайдасына  орай  зерттеулерге  жол  берілмеді  де  ол 
академиялардың  үлесіне  тиді.  Француздық  осы  модель  XVIII  ғасырдың 
басында  Лейбництің  ықпалымен  Ұлы  Петрдің  қалауымен  Ресейге  енгізілді 
және  осы  күнге  дейін  университеттердің  кеңестік  және  шығысеуропалық 
үлгісін айқындайды». 
Кеңестік  дәуірде  біздің  елдегі  ғылыми  секторлар:  академиялық, 
салалық, жоғары оқу орындарындағы және өндірістік ғылым болып бөлінді. 
Жоғары оқу орындарының дамуында Г.А.Лахтин мынадай төрт кезеңді атап 
көрсетеді: 
1.  1917  ж  –  20-жылдардың  соңы  –  ғылым  бағыныңқы  жағдайда  және 
мамандар даярлау сапасын арттыру құралы болды. 
2. 20-жылдардың соңы мен 50 жылдардың басы – жаппай мамандарды 
даярлауға бағытталған жоғары оқу орындары халық комитетінің қарамағына 
берілді.  Ғылыми  жұмыс  оқуға  қосымша  ретінде  қарастырылып,  қоғамдық 
өндіріс үрдісіне аса маңызды үлес қоса қоймады. 
3. 1956 ж. – 80 жылдардың басы – жоғары оқу орындарында ғылыми-
зерттеу  жұмыстары  қуатты  түрде  қолға  алынуымен  және  елдегі  ғылыми-
техникалық  прогресте  өзіндік  мәнділігімен  сипатталды.  Салалық  және 
проблемалық  зертханалар  сияқты  арнайы  бөлімдер  ашылды.  Жоғары  оқу 
орындарындағы ғылыми зерттеулер басқармасының жекелеген құрылымдары 
пайда  болды  (СКРО  Жоғары  оқу  орындары  министрлігінің  барлық 
университеттерде ғылыми-зерттеу бөлімдерін ашу жайлы бұйрығы). 
4.  80-90  жж.  –  жоғары  мектептің  ғылыми-зерттеу  қызметінің  тұтас 
ұйымдастыру жүйесін жасау тенденциясы орын алды. 
ХХІ ғасырда Қазақстанның тәуелсіздігі қалыптасу кезеңінде ғылымның 
реформалануы  дамыған  елдердің  тәжірибесіне  негізделіп,  қазақстандық 
жоғары  оқу  орындарында  бірлескен  ғылыми-зерттеу  иснтитуттары  мен 
орталықтары  құрыла  бастады.  Жоғары  оқу  орындарындағы  зерттеушілік 
тәжірибе  белсенді  түрде  қабылданып,  жетілдірілу  үстінде.  Сондай-ақ 
Қазақстан  экономикасының  жаңаша  даму  бағытына  сәйкес,  ерекше 
инновациялық ортаның пайда болуына жағдайлар жасалуда. 
Бүгінгі  отандық  тәрбие  туралы  ғылымның  дамуы  мен  қалыптасуына 
Ш.Уәлиханов, 
Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаев, 
Ш.Құдайбердиев, 
А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  Н.Құлжанова,  Ж.Аймауытов,  Қ.  Бержанов,  Р.Г. 
Лемберг, А.И.Сембаев, Г.А. Уманов, Т.Тәжібаев т.б. үлесі зор. Олардың күш 
жігерімен  студент  жастарды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  озық  дәстүрі 
қалыптасқаны талас туғызбайтыны сөзсіз. 
 
 
 
 
 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет