Бұталы қына күрделі құрылысты төсеміктен сабақ тәрізді көтеріліп тұрады да, одан жан-жаққа тармақталған бұтақшалар кетеді. Бұлар тік өседі немесе орманды жерлерде ағаштың қабығында төмен қарап салбырап тұрады. Жапырақты қыналармен салыстырғанда, бұл керісінше, радиальды құрылысты келеді.
Қыналардың iшкi құрылысы.
Қыналардың iшкi құрылысы ерекше. Оның денесi –қабаттама. Ол бiр-бiрiмен тығыз байланысып бiр ағзаны беретiн балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады. Қынаның кесiндiсiн микроскоп арқылы қарасақ, саңырауқұлақ жiпшелерiне ұқсас бiр-бiрмен шырматылған түссiз жiпшелер көремiз. Осы шырматылған жiпше арасынан ақшыл жасыл түстi дөңгелек тәрiздi хлорелла балдырының жасушаларына ұқсас жасушалар көремiз. Бұл жасушалар тығыздалып, қатарға орналасқан. Ұзақ уақыт бойы қыналардың жалаңаш таста қалай тiршiлiк етiп, қалай қоректенетiнi белгiсiз болды. 1867 жылы қыналардың осы құпясын орыс ғалымдары ашты. Олар, қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бiрiгiп тiршiлiк етуiнен құралған, деген қорытындыға келдi. Осы құбылыс ғылымда бiрлесiп тiршiлiк ету немесе симбиоз деп аталады.
Қыналардың осындай құрылысы оларға басқа өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайтын аса қолайсыз жағдайларда тiршiлiк етуге мүмкiндiк бередi.
Саңырауқұлақ жiпшелерi су, минералдық тұздар мен органикалық заттарды ауадан бiрге түскен тозаңмен қоса сiңiредi. Балдырлар жасушалары көмiрқышқыл газын сiңiрiп крахмал мен қант жинайды (қорға) . Саңырауқұлақтың жiпшелерi балдырлардың бiраз бөлiгiн сiңiредi. Қынадағы саңырауқұлақ балдырдың паразитi. Ал балдыр су мен минералдық тұздарды саңырауқұлақ жiпшесiнен алып сiңiредi.
Қыналар өте шыдамды, қатты аяздар мен 600 С – дейiнгi ыстыққа төзедi. Олар барлық жерде таралған, мұзды мұхит жағалауынан Африка шөлдерiне дейiн. Құрғақ ауада олар кеуiп кетедi де ылғалды ауада тiрiледi. Жаңбардан соң, тiптi бұлыңғыр ауа-райында жұмсарып, жасылданып-саңырауқұлақ жiпшелерi арасынан балдырдың жасушасының жасылы байқалады. Қыналар ылғалды бiрнеше секундта сiңiрiп, күн көзiнде сағат бойы кебедi. Олар ылғалды кезiнде өседi. Өсуi аса баяу, жылына 3-5 мм. Сонымен 10 см бiр түп бұғы мүгi 30 жыл өседi. Қыналар күн көзiнде ашық түстi болып келедi.