Жоғары сынып оқушыларын əскери-патриоттық



Pdf көрінісі
Дата07.04.2017
өлшемі0,85 Mb.
#11277

24 

Вестник Карагандинского университета 

ƏOЖ 37.035.6:796.01.1 (574) 

М.Т.Бөдеев, М.С.Жанғабыл, У.А.Ахметжанова, Е.М.Алимжанов  



Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

(E-mail: marat_sport@mail.ru) 

Жоғары сынып оқушыларын əскери-патриоттық 

тəрбиелеудегі спорт үйірмелерінің маңызы 

Мақалада оқушыларды патриотизмге тəрбиелеудегі дене тəрбиесі жəне спорт құралдарының маңызы 

қарастырылған. Қазіргі уақытта оқушыларды əскери патриотизмге тəрбиелеуде бірқатар қиындықтар 

бар.  Авторлар  аталған  проблеманы  зерттеген  ғалымдардың  ғылыми  еңбектеріне  талдау  жасады, 

жоғары  сынып  оқушыларын  əскери  патриотизмге  тəрбиелеудегі  спорт  үйірмелерінің  маңызын 

қарастырды.  Алынған  мəлімет  негізінде  жоғары  сынып  оқушыларын  əскери  патриотизмге 

тəрбиелеудің  жоба  үлгіci  құрылды.  Білім  беру  мекемелерінде  ұйымдастырылатын  спорт  үйірмелері 

жоғары сынып оқушыларының дене бітімдерін қалыптастырады, жұмыс істеу қабілеттерін арттырады, 

сонымен қатар олардың «патриотизм», «Отан алдындағы борыш», «əскери қызмет» секілді ұғымдарға 

деген  көзқарастарын  өзгертеді.  Спорт  түрлері  бойынша  жарыстар,  денсаулық  фестивальдары  жəне 

əскери-спорттық ойындар оқушылардың патриоттық сезімдерін жоғарылатады.  

Кілт  сөздер:  патриоттық  сезім,  спорт  үйірмелерінің  маңызы,  əскери-патриоттық  тəрбие,  Отан 

алдындағы борыш,  спорт мерекелері, денені шынықтыру. 

 

Елімізде  боп  жатқан  өзгерістер  мен  экономикалық  жаңғырулар  балалар  мен  жасөспірімдердің  



əлеуметтік  тұрғыдан  қалыптасуларына  əсер  етеді.  Ол  уақытта  қоғамдық  институттардың  ықпал  ету 

тиімділігі  төмендеп,  əлеуметтік  ортаның  теріс  ықпалы  арта  түсетіні  белгілі.  Соның  салдарынан 

жастардың  арасында  патриоттық  рухтың,  ұлттық  сана-сезімнің  төмендеуі,  өз  бойындағы  рухани 

құндылықтарды дамытуға деген салғырттық белең алуда. Əрине, қазіргідей өтпелі кезеңде жастарды 

патриотизмге  тəрбиелеу  мақсатында  жүргізіліп  жатқан  жұмыстар  орасан  зор.  Алайда  өскелең 

ұрпақты  патриотизмге  тəрбиелеу  жұмыстарының  рухани-адамгершілік  негізі  дұрыс  құрылмаған 

болса, жүргізіліп жатқан реформалық өзгерістер өз жемісін бермейді.  

Əлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс жəне адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеп 

кетуі балалар мен жасөспірімдерді тəрбиелеу процесіне теріс əсерін тигізеді жəне сондай қысылтаяң 

уақытта патриотизмнің рөлі арта түспек. Себебі өз елінің, ұлтының тарихын, мəдениетін жəне саяси 

ұстанымын  білмеген  ұрпақ  мемлекеттік  деңгейдегі  мəселелерді  шешуге  атсалысуы  неғайбыл.  Тағы 

айта кететін бір жайт, оған тек экономикалық жəне экологиялық ахуал, өмір сүру деңгейінің төмен 

болуы  ғана  емес,  сонымен  қатар  аурудың  алдын  алуға,  денсаулықты  нығайтуга  бағытталған  емдік-

профилактикалық, спорттық-сауықтыру жұмыстарының нашар ұйымдастырылуы да əсер етеді [1]. 

Сондықтан  білім  беру  мекемелері  мен  спорттық  бірлестіктер  өз  қызметтерін  мақсатты  əрі 

мазмұнды құрып, жастардың өмірге деген көзқарастарын, наным-сенімдерін қалыптастыруға ықпал 

етуі  керек.  Ол  мекемелер  өз  қызметтерін  дұрыс  ұйымдастырса,  бір  жүйеге  келтірсе,  жастар  қоғам 

өміріне белсене араласар еді, өз Отанының қорғаушы бола алар еді.    

Əскери-патриоттық  тəрбиенің  негіздерін  зерттеген  еңбектер  көптеп  табылады.  Олар  өз 

еңбектерінде  пəн  арқылы  отансүйгіштікті  дамыту,  оны  қалыптастыратын  құндылықтарды  анықтау 

жəне  ұлы  тұлғалардың  жасаған  ерлік  пен  қажырлы  қайраты  арқылы  оқушылардың  бойында 

патриотизмді тəрбиелеу жолдарын қарастырды [2–4]. 

Аталған  еңбектерде  оқушыларды  патриотизмге  тəрбиелеудің  түрлі  формалары,  жолдары  жан-

жақты зерттелген, дегенмен сол еңбектердің ішінде жоғары сынып оқушыларын əскери патриотизмге 

тəрбиелеуде  спорт  үйірмелерін  қолданудың  педагогикалық  шарттарын  қарастырған,  оның  үлгісін 

құрған  еңбектерді  кездестірмедік.  Сондықтан  мақаламызда  спорт  үйірмелері  арқылы  оқушы 

жастардың  əскери  патриоттық  тəрбиелерінің  деңгейін  жоғарылатудың  жолдарын  іздестіру 

мəселелерін қарастырамыз. Аталған проблеманы шешу арқылы патриоттық тəрбиенің теориясы мен 

практикасын ғылыми тұрғыдан саралап, олардың өзара тиімді қызмет етуін қалыптастыруға болады 

деген пікірдеміз. 

Зерттеу  жұмысымыздың  нəтижесіне  қол  жеткізу  үшін,  алдымызға  мынадай  мақсат  қойдық — 

жоғары  сынып  оқушыларын  спорт  үйірмелері  арқылы  əскери-патриоттық  тəрбиелеудің  тиімді 

педагогикалық шарттарын анықтау. 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Жоғары сынып оқушыларын… 

Серия «Педагогика». № 2(82)/2016 

25 

Алға қойылған мақсатқа сəйкес, келесі міндеттер құрылды: 



1. Жоғары  сынып  оқушыларының  патриоттық  деңгейлерін  анықтау  жəне  спорт  үйірмелері 

арқылы əскери патриотизмге тəрбиелеудің үлгісін құру. 

3. Жоғары  сынып  оқушыларын  спорт  үйірмелері  арқылы  əскери  патриотизмге  тəрбиелеудің 

тиімділігін анықтау жəне оқу-тəрбие үдерісіне енгізу. 

Аталған  мақсат-міндеттерді  шешу  үшін  Қарағанды  қаласындағы  № 54 жəне 76 орта 

мектептерінде 2014–2015 оқу  жылы  педагогикалық  эксперимент  жүргізілді.  Педагогикалық 

эксперимент  кезінде  № 54 жəне 76 орта  мектептерінде  ұйымдастырылған  спорт  үйірмелеріне 

қатысатын  оқушылар  президенттік  сынақ  бойынша  қорытынды  нормативтер  тапсырды,  сонымен 

қатар олармен тəрбиелік мəні бар, патриоттық тəрбие беретін мазмұндағы кештер, түрлі кездесулер 

ұйымдастырылды,  сауалнамалар  жүргізілді.  Сынақ  тапсырған  оқушылар  саны 44. Оның 21 

эксперимент тобына, 23 бақылау тобына жатқызылды. 

Жастармен  əскери-патриотық  тəрбие  жұмыстарын  жүргізу  əлеуметтік  тұрғыдан  алғанда 

маңызды  да,  өзекті  мəселелердің  бірі  болып  қала  бермек.  Қазіргі  уақытта  жастардың  арасында  өз 

əскери  борышын  өтеуге  деген  жауапкершілік  жəне  əскери  өмірде  кезігетін  қиындықтарды  жеңу 

қабілеттерін  қалыптастыруға  қажет  əскери  патриотизмнің  өзектілігі  арта  түсуде.  Əрине,  баспасөз 

құралдары,  теледидар  мен  радиодан  түрлі  бағдарламалар  арқылы  əскери  қызметтің  тиімділігі, 

сарбаздың өз Отаны алдындағы борышын насихаттайтын бағдарламалар баршылық.  

Дене  тəрбиесі  жəне  спорт  денсаулық  сақтаудың  кепілі,  бос  уақытты    өткізудің  тиімді  жолы, 

салауатты  өмір  салтын  насихаттаудың  құралы,  адамның  физиологиялық  жетілуінің  басты  шарты 

болумен  қатар,  Қазақстан  Республикасының  болашақ  қорғаушысын  қалыптастыру  секілді 

міндеттерді де шешеді. Сол арқылы болашақ Отан қорғаушысының тұлғасы қалыптасады, спорттық 

жетістіктерге жетеді, жігері шыңдалады, өз елінің туын биікке көтереді. 

Үйретудің  факультативтік  түрі  (спорт  үйірмелері)  міндетті  болып  табылмайды.  Алайда  

оқушылар  үшін  білім  беру  мекемелерінде  спортпен  шұғылданудың  маңызды  екендігі  белгілі.  Бұл 

салаға  балалар  мен  жасөспірімдердің  спорт  мектептері  (БЖСМ),  спорттық  бағытта  білім  беретін 

мектеп-интернаттардың  бағдарламалары  бойынша  жаттығу,  сондай-ақ  түрлі  спорт  үйірмелері  жəне 

емдік дене шынықтыру топтарындағы шұғылдану үдерістері жатады. 

Жоғарыда  айтылған  пікірді  ескере  отырып,  спорт  үйірмелері  арқылы  жоғары  сынып 

оқушыларын патриотизмге тəрбиелеу үдерісін оңтайландыру мақсатында оны қалыптастыруға ықпал 

ететін  жолдардың  үлгісін  құрдық.  Спорт  үйірмелерін  осындай  үлгімен  құру  арқылы  оқушылардың 

патриоттық  сезімдерін  жоғарылатуға,  жалпы  əскери  қызметке  деген  қызығушылығы  арттыруға 

болады деп болжаймыз (сур. қара).   

 

 

Сурет. Спорт үйірмелері арқылы жоғары сынып оқушыларының əскери-патриоттық  



сезімдерін қалыптастыру жолдары 

Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  жалпы  білім  беру  мекемелерінде  ұйымдастырылатын  спорт 

үйірмелерін тиімділеу арқылы дені мен жаны сау, жан-жақты дамыған болашақ Отан қорғаушының 

негізін қалыптастыруға болады. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

М.Т.Бөдеев, М.С.Жанғабыл т.б. 

26 


Вестник Карагандинского университета 

Спорт үйірмелері арқылы оқушыларды əскери патриотизмге тəрбиелеу үшін оқу-тəрбие үдерісін 

дұрыс  жоспарлап  жəне  ұйымдастыру  мақсатында  Қарағанды  қаласының  № 54 жəне 76 орта 

мектептерінде  жоғары  сынып  оқушыларымен  сауалнама  жүргізілді.  Сауалнама  олардың 

отансүйгіштікке  тəрбиелеудің  құралдары  мен  əдістеріне  деген  көзқарастарын  айқындау  үшін, 

сонымен  қатар  мектептегі  оқу-тəрбие  процесінде  қолданылатын  əдіс-тəсілдер  мен  құралдардың 

мазмұны, тəрбие жұмыстарын жүргізу кезінде туындайтын қиындықтарды анықтау үшін жүргізілді.  

Сұхбат  түріндегі  сұраққа  оқушылар  еркін  түрде  жауап  қайтарды  жəне  сұрақ  мəтіні  мынадай: 

отансүйгіштікке  тəрбиелеу  дегеніміз  не  жəне  ол  ұғымды  қалай  түсінесіз?  Оқушылардың 17 %-ы 

патриоттық тəрбие арқылы оқушыларды тəрбиелеу деп есептейді. Олардың ондай ұстаным-пікірлері 

оқу-тəрбие процесі барлық уақытта отансүйгіштікті тəрбиелеуді, яғни адамның өзі өмір сүріп жатқан 

еліне  деген  сүйіспеншілікті  тəрбиелеуді,  қарастыру  керек  деген  пікірлерінен  туындауы  мүмкін. 

Оқушылардың 16%-ы  отансүйгіштікті  əскерде  қызмет  етумен  жəне  Отанды  қорғаумен 

байланыстырады. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың 7%-ы отансүйгіштік еңбек ету мен Отанның 

игілігіне  қызмет  етуін,  өз  елінің  адамдарына  қамқорлық  жасаудан  тұрады  деген  пікірді  ұстанады. 

Оқушылардың 14%-ы  берілген  ашық  сұраққа  жауап  бере  алмады.  Бұл  жағдай  ол  оқушылардың 

отансүйгіштік ұғымының мəнін жете түсінбегендігін дəлелдейді, сонымен қатар əскери-патриотизмге 

тəрбиелеу жұмыстарын жалпы білім беретін мектептердің оқу-тəрбие процесінде дұрыстап қолға алу 

керек деген көзқарастың дəлелі бола алады.  

Жоғарыда аталған сауалнама нəтижелері сарапталған соң, эксперимент тобының оқушыларымен 

өзіміздің құрған жоспарымыз бойынша əскери патриотизмге тəрбилеу іс-шараларын жүргіздік. Осы 

мақсатта № 54 орта мектебінің 10 жəне 11 сынып оқушылары арасында түрлі спорттық іс-шаралар 

өткізілді,  Ұлы  Отан  жəне  Ауған  соғысының  ардагерлерімен  жəне  тылда  еңбек  еткен 

жұмыскерлермен,  əскери  комиссариат  өкілдерімен,  атақты  спортшылармен  кездесулер,  семинарлар 

ұйымдастырылды.  Нəтижесінде  патриоттық  тəрбие  бойынша  іс-шаралар  ұйымдастыратын 

мемлекеттік  органдар  жəне  қоғамдық  ұйымдармен  тығыз  қарым-қатынас  орнатылды.  Аталған  іс-

шараларға  өнер  мектебі,  балалар  шығармашылығының  орталығы  жəне  спорт  мектептері 

қатыстырылды.  Аталған  мекемелер  жастардың  əскери-патриоттық  сезімдерін  тəрбиелеуге  жəне 

патриоттық  сана-сезімдерін  қалыптастыруға  қажет  барлық  жағдайды  жасады  жəне  олардың  əскери 

патриотизмді қалыптастыруда атқаратын рөлі ерекше.  

Сабақтан  тыс  уақытта  өткізілген  экскурсия-жорықтар  балалардың  іздемпаздығын  дамытып, 

туған жерінің сұлулығымен жəне байлығымен танысуға мүмкіндік берді [5]. 

Жастарды  спорт  арқылы  əскери  патриотизмге  тəрбиелеудің  барлық  мүмкіндіктері  бар.  Дұрыс 

жəне  ұтымды  ұйымдастырылған  дене  дайындығы  арқылы  жастарды  болашақта  таңдайтын 

мамандығына  жəне  əскери  қызметке  жылдам  бейімдеуге  болады.  Қазіргі  таңда  қандай  мамандық 

болмасын,  дене  тəрбиесі  жəне  спортпен  тығыз  байланысқан.  Жүру,  жүгіру,  шаңғы  тебу,  граната 

лақтыру, жүзу, ату жəне өрмелеу, көлік жүргізе білу мен атқа міне білудің қолданбалы маңызы бар 

екені сөзсіз. Алайда мектеп бағдарламасында аталған спорт түрлеріне аз көңіл бөлінген. 

Зерттеу  жұмысымыз  əскери-қолданбалы  бағыттағы  дене  тəрбиесі  жəне  спортпен  жүйелі  түрде 

шұғылдану  жоғары  сынып  оқушыларының  дене  дайындығын  жоғарылатуға,  дене  қасиеттерін 

дамытуға,  əскер  қатарында  қызмет  етуге  ықпал  ететіндігін  көрсетті.  Жүргізген  кешенді 

жұмысымыздың  нəтижелерін  математикалық  өңдеу  барысында  эксперимент  жəне  бақылау 

топтарының  оқушыларының  дене  дайындық  көрсеткіштерінде  біршама  айырмашылықтар  бар 

екендігі анықталды. Оқу жылының басында жəне оқу жылының соңына қарай алынған қорытынды 

нормативтер екі топта түрлі болып шықты. 

Эксперимент  тобында  дене  дайындығын  анықтау  бойынша  жүргізілген  қорытынды  сынақ 

нəтижелері  мынадай: 100 м  жүгіруде 0,7 с,  бір  орыннан  ұзындыққа  секіруде 22,4 см, жүгіріп келіп 

ұзындыққа  секіруде 43,1 см,  кермеде  тартылу 2,1 есеге,  граната  лақтыруда 5,2 м, 3000 м  жүгіруде 

1 мин 20 с, 3×10 м алға-артқа жүгіруде 0,8 с жақсарды (1-кесте).  

Ал бақылау тобында аталған көрсеткіштер көп өзгере қойған жоқ. Мысалы, 100 м жүгіру 0,3 с, 

бір орыннан ұзындыққа секіру 8,2 см, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру 26 см, белтемірде тартылу 1,1 

ретке, граната лақтыру 5,2 м, 3000 м қашықтыққа жүгіру 1 мин 36 с жəне 30×10 алға-артқа жүгіру 0,3 с 

ғана  өзгерді.  Аталған  өзгерістерді  оқушылардың  ағзаларында  болатын  физиологиялық  даму 

ерекшеліктерімен  де  байланыстыруға  болады.  Əрине,  оған  дəстүрлі  дене  шынықтыру  сабағының 

көлемі  де  ықпал  еткендігін  теріске  шығара  алмаймыз,  дегенмен  қорытынды  нормативтер  тапсыру 

арқылы  алған  көрсеткіштер  эксперимент  тобымен  салыстырғанда  біршама  төмен  болып  шықты. 

Эксперимент  жəне  бақылау  топтарындағы  оқушыларының  дене  дайындықтарының  барлық 

көрсеткіштері статистикалық тұрғыдан (Р < 0,05-тен 0,001-ге дейін) дəлелді болып шықты.  

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Жоғары сынып оқушыларын… 

Серия «Педагогика». № 2(82)/2016 

27 

1 - к е с т е    



Педагогикалық эксперимент кезінде эксперимент тобындағы 10-11 сынып  

оқушыларының дене дайындықтары көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы 

Дене дайындығы бойынша қорытынды 

сынақ түрлері 

Дене дайындығының көрсеткіштері 

Эксперимент 

басталғанда 

Эксперимент 

соңына қарай 

Өсім 

Р 

М ±m



 

М ±m


 

 

 



100 м жүгіру 15,1 

± 

0,24



14,4 ± 0,20

0,7 0,01 

Бір орыннан ұзындыққа секіру 

188,4 ± 0,86 

210,8 ± 0,76 

22,4 


0,01 

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру 

387,2 ± 0,98 

430,4 ± 0,93 

43,1 

0,01 


Белтемірде тартылу 

5,3 ± 0,30 

7,4 ±0,23 

2,1 


0,01 

Граната лақтыру 

25.6 ±0,96 

30,8 ±1,10 

5,2 

0,05 


3000 м жүгіру 

18,30 ± 0,60 

15,10 ± 0,58 

3,20 


0,05 

30×10 м алға-артқа жүгіру 

8,3 ±0,16 

7,5 ±0,14 

0,8 

0,05 


 

Эксперимент  кезінде  дене  дайындықтары  орташа,  орташадан  жоғары  жəне  жоғары  деңгейлі 

оқушылар саны əлдеқайда артты. Эксперимент басталған кезде 16 оқушының дайындық деңгейлері 

орташадан  төмен  деңгейде  болса,  эксперимент  соңына  қарай  ондай  оқушылар  мүлдем  болған  жоқ. 

Эксперимент соңына қарай 9 сынып оқушылары арасында дайындық деңгейі жоғары жəне орташадан 

жоғары деңгей 16 оқушыда, орташа деңгей 24 оқушыда анықталды (2-кесте). 

2-кесте

 

Эксперимент тобы оқушыларың педагогикалық эксперимент басталғанға дейінгі  



жəне аяқталған кездегі дене дайындық деңгейлерінің көрсеткіштері 

Дене 


дайындықтарының 

деңгейі 


Э к с п е р и м е н т   т о б ы  (21 оқушы) 

Эксперимент басталғанға дейін 

Эксперимент аяқталған соң 

Балалар саны, адам % 

Балалар саны, 

адам 


Төмен деңгей 5 

20 





Орташадан төмен 8 

40 


Орташа 6 



30 

38 



Орташадан жоғары 2 

10 


10 

47 


Жоғары деңгей 

‐ 

 



10

Барлығы 21



100

21 

100

 

Əскерде  қызмет  етуге  қажет  дене  қасиеттері  мен  адамгершілік-жігер  сапаларын  қалыптастыру 



мен  жоғарылатуға  сабақтан  тыс  уақытта  ұйымдастырылған  спорт  үйірмелері  ықпал  етті.  Спорт 

үйірмелері  əскерге  шақыруға  дейінгі  жас  аралығындағы  оқушылардың  əскери-қолданбалы  дене 

дайындықтары мен денелік, адамгершілік-жігер сапаларын жоғарылату мақсатында мынадай қимыл-

қозғалыс түрлері қолданылды: өрмелеу, асып түсу түрлері; түрлі кедергілерден жүріп жəне жүгіріп 

өту; асылу, таяну, көтерілу, айналу, түрлі эстафеталар, əскери-патриоттық ойын түрлері жəне өзге де 

бұқара спорттық іс-шаралар. 

Жоғарыда  аталып  өткен  дене  шынықтыру  сабақтары  мен  сабақтан  тыс  уақытта  қолданылатын 

дене  тəрбиесінің  əдіс-құралдары  денелік,  адамгершілік-жігер  сапаларын  тəрбиелеуге  жəне  жылдам 

жүгіру,  секіру,  жүзу  дағдыларын  қалыптастыруға  ықпал  етті.  Аталған  əскери-қолданбалы 

дағдылардың оқушыларды əскер қатарында қызмет етуге даярлайтындығы сөзсіз. 

Дене тəрбиесі жəне спорт құралдарын белсенді түрде қолдана отырып, орта сынып жасындағы 

оқушыларды  патриотизмге  тəрбиелеу  жұмыстарын  жүйелі  түрде  жүргізудің  нəтижесінде  əскерге 

шақыруға  дейінгі  жас  аралығындағы  оқушыларда  əскерде  қызмет  етуге  деген  оң  көзқарас 

қалыптасты. Эксперимент басталған кезде жалпы білім беретін мектептің оқушыларының 80 % əскер 

қатарында  қызмет  еткілері  келмесе, 70 % əскерде  қызмет  етудің  керегі  жоқтығы  туралы  пікір 

білдірген  болса,  эксперимент  соңына  қарай  олардың  əскер  қатарында  қызмет  етуге  деген 

көзқарастары оң бағытта өзгерді. 

Сонымен, жалпы білім беру мекемелері түлектерінің ішінде жоғары оқу орындарына түсіп, дене 

тəрбиесі  жəне  спортпен  белсенді  шұғылданатындар  көптеп  табылады.  Ол  мектеп  түлектерінің 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


М.Т.Бөдеев, М.С.Жанғабыл т.б. 

28 


Вестник Карагандинского университета 

бойында  патриоттық  тəрбие  негіздерін  қалыптастыруға  спорт  үйірмелерінің  тек  оң  бағытта  əсер 

ететіндігін дəлелдейді. 

 

 



Əдебиеттер тізімі 

1  Саламатты  Қазақстан 2011–2015: Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтауға  арналған  Мемлекеттік 

бағдарламасы. —[ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: adilet.zan.kz/kaz/docs/U1000001113 

2  Утегенов Е. Педагогические условия воспитания будущего защитника Отечества в учебно-воспитательном процессе 

общеобразовательной  школы: дис. ... канд. пед. наук: 13.00.01. — Туркестан: МКТУ,  2006. — 130 с. 

3  Дүйсенбаев  А.Қ.  Қазақ  батырларының  қаһармандық  бейнесі  арқылы  оқушыларды  отансүйгіштікке  тəрбиелеудің 

педагогикалық шарттары: пед. ғыл. канд. … дис. … автореф. — Атырау, 2006. — 25 б. 

4  Нурмукашева С. Развитие военно-патриотической воспитания старшеклассников в школах Казахстана (1960–1985): 

дис. … канд. пед. наук. — Алматы, 1992. — 144 с. 

5  Байманов К.Г. Музейно-следопытская работа как средство военно-патриотического воспитания учащихся и подро-

стков (на материале общеобразовательных школ Таджикской ССР): автореф. ... канд. пед. наук: 13.00.01. — Душанбе: ДПИ, 

1985. — 21 с. 

 

 

М.Т.Бодеев, М.С.Жангабыл, У.А.Ахметжанова, Е.М.Алимжанов  



Значение спортивных секций в военно-патриотическом 

воспитании старшеклассников 

В  статье  рассмотрено  значение  физической  культуры  и  спорта  в  патриотическом  воспитании 

учащихся.  Авторами  был  проведен  анализ  научных  трудов  ученых,  изучивших  данную  проблему, 

рассмотрены  значения  спортивных  секций  в  военно-патриотическом  воспитании  старшеклассников.  

На  основе  полученных  данных  была  разработана  модель  патриотического  воспитания.  Спортивные 

секции, организованные в образовательных учреждениях, формируют физическую основу, повышают 

работоспособность  у  учащихся,  меняют  взгляд  на  такие  понятия,  как  «патриотизм», «долг  перед 

Родиной», «военная  служба».  Доказано,  что  спортивные  соревнования  по  видам  спорта,  фестивали 

здоровья и военно-спортивные игры повышают патриотические чувства учащихся. 

 

M.T.Bodeyev, M.S.Zhangabyl, U.A.Ahmetzhanova, E.M.Alimzhanov 



The value of sports sections in the military-patriotic 

educating high school students 

The article describes the importance of physical culture and sports in the patriotic education of students. Cur-

rently, there are some difficulties in the military-patriotic education of students. The authors analyzed the sci-

entific work of scientists who studied this problem, consider the value of sports sections in the military-

patriotic education of high school students. Based on these results, a model of patriotic education was launch-

es. Sports section, organized in educational institutions, forms the physical basis for performance-enhancing 

students' changing perspective on concepts such as «patriotism», «duty to the Motherland», «military ser-

vice». Sports competitions such as, festivals, health, military and sports raise the patriotic feelings of students. 

 

 

References 



1  State program of development of health care of the Republic of Kazakhstan of «Salamatta Kazakhstan», [ER]. Access mode: 

adilet.zan.kz/kaz/docs/U1000001113 

2  Utegenov E. Pedagogical conditions of education of future defender Otechestva in teaching and educational process of com-

prehensive school: yew.... cand. of ped. sciences: 13.00.01, Turkеstan: MKTU, 2006, 130 p. 

3  Duysenbayev A.K. Pedagogical conditions of patriotic education of the Kazakh batyrs studying through the image of hero-



ism. synopsis. … edging. of ped. sciences, Atyrau, 2006, 25 p. 

4  Nurmukasheva S. Development military patriotic education of seniors at schools of Kazakhstan (1960-1985): yew. … edging. of 

ped. sciences, Almaty, 1992, 144 p. 

5  Baymanov K.G. Museum-Pathfinder's work as means of military patriotic education of pupils and teenagers (on material of 



comprehensive schools Tajik the Soviet Socialist Republic): synopsis. ... edging. of ped. sciences: 13.00.01, Dushanbe: DPI, 1985, 21 p. 

 

Ре



по

зи

то



ри

й

 



Ка

рГ

У




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет