Жолбарысты жуасыту



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,34 Mb.
#6932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

3 тарау
 
«Көктегі Әкеміз! Сенің киелі есімің қастерлене берсін...» – ұйықтар алдында әкем 
маған кейде осы аятты оқып беретін. Италиялық болғандықтан және Құдай католиктерді 
сүйетіндіктен ол өзінің католик екенін айтатын. Бірақ та егер Құдай шын мәнінде де бар 
болса, онда қазір Оның мен туралы мүлде ұмытқаны анық. Менің қатігездікке толы 
өмірімде Ол болған жоқ. Англиядағы өмірім маған тым алыстағы,  тұманды нәрсе болып 
көрінді. Тек кейбір үзік-үзік естеліктер ғана жадымда қалыпты. Мысалы, қазір мен 
әкемнің жүзін көз алдыма елестете алмайтын едім. 
 
Конфуций былай деген болатын: «Мемлекеттің тыныштығы отбасындағы тәртіптен 
басталады... Ата-анасын сүюді және құрметтеуді үйренген адамдар өзгелерді ешқашан 
жек көрмейді». Конфуций сондай-ақ сүйіспеншілік, адамгершілік пен адалдық туралы 
айтты және оларды қоғамның басты құндылықтары деп санады. 
 
        Адалдық пен адамгершілік жайында мен көп нәрсені білетін едім. Бұларды 
менің бойыма әбден сіңірген болатын. Ал сүйіспеншілік ше? Сүйіспеншілік деген не? Мен 
оны ешқашан білген емеспін. Мен қаламаған бала, «жатжерлік шайтан» болдым және 
өзімді жақсы көруге тиіс болған адамдарға тек қана бақытсыздық пен масқаралық әкелдім. 
Бар-жоғы алты жастағы менің осындай жек көрушілік сезіміне берілгеніме таңдануға 
болмайтын еді. Қылыштың тұтқасынан қатты қысып ұстаған мен оны бар күшіммен 
сермеп қалдым және...
 
Осы сәтте атам сол қолымен көз ілеспес жылдамдықпен қылыш ұстаған қолымнан 
шап берді де, арқама қарай қайырып жіберді. Ал сол қолымен желкемнен қысып, еденге 
бір-ақ тұқыртты. Кейіннен мен оның басшылығымен осы тәсілді үйреніп алдым және оны 
іс жүзінде көп қолдандым. «Дим-ло» тәсілі шабуылдаушыға асқан жылдамдықпен 
тосқауыл қою үшін ойлап шығарылған. Бұл «дим-мак» деп аталатын тәсілге ұқсайды. Егер 
де атам маған қарсы «дим-макты» қолданғанда, мен бірден о дүниеге аттанып кеткен 
болар едім. 
 
Лоусидің саусақтары желкемнен қатты қыса басымды еденге тұқыртып тұрды. Мен 
әзер тыныс алып, тек қана тыныштық өлімді тілеп тұрдым. Лоусидің маған көзімен ішіп-
жей қарап тұрып, суық күлімсірегені әлі есімде. Сірә, ол дәл осыны, тәнімде жат қанның 
болғанына қарамастан менің бойымда Су әулетінің рухы оянғанын және Шаолинь 

17 
 
жауынгерлерінің құнсыз мұрасын меңгеруге жеткілікті дәрежедегі күшті рухтың 
оянғанын күтіп жүрсе керек. Сол кезде мен атамның ашуының, мені жек көрушілігінің бар 
күшін көзіммен көрдім. Қазір жақсылап сабақ беретінін айтып, ол менің киімдерімді 
сыпырып тастады да, шашымнан сүйреген күйі далаға алып шықты. 
 
Бәрі атамның айтқанындай болды. Ол мені өлтіре сабады да, жалаңаш күйімде өзен 
суына түсуге мәжбүрледі. Қыстың аса аязды түні еді. Бірнеше сағатқа созылған азаптан 
кейін мен есімнен танып қалдым және есімді ауруханада бір-ақ жидым. Қатты суық тиіп
өлімнің аузынан қалыппым. 
 
Осы жағдайдан кейін менің жүрегім беріш болып қатып қалды. Лоусидің еркіне 
толықтай бағынған мен қолға үйренген тағы жылқыға ұқсайтын едім. Мен де дәл атам 
секілді боламын. Онымен тең дәрежеде айқасуға қол жеткізген кезімде ол мені 
құрметтейтін болады. Мен күшті, батыл адам болып шығамын.
 
Жасым сегізге келген шақта мен толық құқықты шәкіртке айналдым. Бірақ жаңа 
шәкірт ретінде жиі-жиі қатаң сынақтардан өтіп отырдым. Лоуси менің өзімді толықтай 
кун-фу ұрыс өнеріне бағыштағаныма разы еді. Енді ол менімен өзінің шеберлігінің 
құпияларын бөлісе бастады және мен сонымен қатар даосимнің негіздерінне үйрене 
бастадым және даостық ағару жолына түстім. 
 
Менің оқуым мен жаттығуларым жақсы жүріп жатты. Шәкірттер күніне сегіз 
сағаттан кем емес уақыт бойы жаттығу жасап, жаңа тәсілдерге дағдылануға және 
күштерін, жылдамдықтары мен төзімділіктерін дамытуға тиіс болатын. Күн тәртібіне 
сәйкес, мен уақытымның көп бөлігін «мок чжунмен» («ағаш қуыршақ» немесе «ағаш 
адам) жаттығу жасауға бөлетінмін. Бұл қарапайым құрылғы жан-жақтарына адамның аяқ-
қолдары сияқты етіп таяқашалар бекітілген ағаш діңгектен тұратын. «Мок чжун» әдетте 
арнайы қаңқаға немесе салмақты бір нәрсеге орнатылады. Лоуси оны ауламызда өсіп 
тұрған ағаштан ойып жасаған болатын. 
 

 
«Мок чжунның» көмегімен сен шабуылды қайдан бастауға және соққыны қалай 
жасауға болатынын дәл анықтай алатын боласың, – дейтін Лоуси маған. – Ең 
тиімді деген тәсілдерді таңдап үйрен. 
 
Сол сәттен бастап, қоян-қолтық ұрысып үйрену үшін мен еш кінәсі жоқ «мок 
чжунды» ұрып, тепкілеуден уақытымды аяған жоқпын. 
 
Маған Лоусидің шаолинь сопыларының дәстүрлі қаруларын өз қолымен қалай 
жасап жатқанына сағаттар бойы қарап тұру өте қызықты болатын. Ол барлық формалар 
мен өлшемдегі жүздерді жасайтын ал мен оларды жаттығу жоспары бойынша май құя 
отырып тасқа қайрауға тиіс болатынмын. Ұлы шебер болып табылатын менің атам өз жеке 
қаруын ойлап табу жолында үнемі ізденісте болатын. Оның шәкірті ретінде кун-фу ұрыс 
өнерін үйреніп жүрген мен одан тәрбие алып, көп нәрселерді үйрене бастадым. 
 
Саяхаттап жүрген кезімізде сырықтар, таяқтар мен найзалар жасауға лайықты 
материал табу үшін үнемі ағаштарға қарап жүретінбіз. Біз Тибеттегі буддаға арналған 
ғибадатханаларға  жиі баратын едік. Ол талды тоғайдың арасындағы тамаша жерге 
орналасқан. Осы талдың бұталарынан түп-түзу сырықтар кесіп алуға болатын. Лоуси 
үнемі балтасын өзімен бірге алып жүретін еді, сондықтан біз талдың бұталарын кесіп 
алып, оларды әдемілеп тазалайтынбыз. Сырықтар мықты және сонымен қатар иілгіш 
болулары тиіс еді. Олардың мықтылығын мен тексеретінмін. Бұл үшін мен сырықты 
қолыма ұстап жүгіріп келетінмін де, оның бір ұшын жерге тірей секіретінмін және 
барынша алысқа секіруге тырысатынмын. 
 

18 
 

 
Енді маған мұқият қара, – деген атам сырықтардың бірін қолына алып, 
шаолиньдердің ұрыс тәсілдерінің бірін көрсете бастады. Ол көз ілеспес 
шапшаңдықпен және асқан шеберлікпен қорғанудың басты әдістерін көрсетті.
 

 
Есіңде болсын, жақсы жауынгер ең бірінші қорғанысқа назар аударады. Сен 
қарсыласыңның келесі қадамын қашан да алдын ала болжап үйренуге тиіссің. 
 
Біз Шаолинь қаруларының шоқпар, найза, қылыш, үш ашалы таяқ, қамшы және т. 
б. он сегіз түрімен жаттығу жасайтын едік. Мен айналысып жүрген тайчи жүйесінде осы 
қарулардың бәрімен жаттығу қажет болатын. Ұрыс құралдарының көбі күшті көбейту, 
жылдамдық пен ептілікті және сондай-ақ қоян-қолтық айқаста төзімділікті, тапқырлық 
пен айлакерлікті дамыту үшін қолданылатын. Қарумен жаттығулар жасау өте қауіпті, сол 
себептен мен жиі жарақат алатынмын. Бірде Лоуси маған бір-біріне жіп арқылы 
жалғасқан қысқа екі таяқты сыйға тартты:
 

 
Қарапайым нунчаку, – деп түсіндірді. 
 
Мен оның осы таяқтармен неше түрлі қимылдарды қалай жасап жатқанына қайран 
қала қарап тұрдым. Ол таяқтарды денесін айналдыра асқан шапшаңдықпен шыр 
айналдырды. 
 

 
Нунчакудің тиюі қарсылас үшін аса қауіпті болуы мүмкін, – деп ескертті. 
 
Мен қолымның күшін нығайту үшін нунчакумен күн сайын басым мен кеудемді 
айналдыра жаттығу жасай бастадым. Нунчакумен жаттығудағы басты нәрсе – оны денеге 
барынша жақын және оған еш зиян келтірмей айналдыра білу болатын. Мен әсіресе оны 
артымнан айналдырған кезде басымды жиі ұрып алатынмын. Арада көп өтпей Лоуси 
маған осы қарудың бұдан да қауіпті түрі – шынжырмен жалғанған темір таяқтарды 
көрсетуге тәуекел етті. 
 
Одан кейін мен тәндік күшім мен ептілікті ыңғайлы тұтқасы бар қысқа 
шоқпарлардың көмегімен дамыттым. Бұл он қырлы шоқпарлар мықты темірден жасалған 
және салмақтары да біршама болатын. Лоуси мені олармен бірнеше сағат бойы үздіксіз 
жұмыс жасауға мәжбүрледі. Кейде ол мені тай-чидің судағы жаттығуларын жалғастыру 
үшін өзеннің жағасына алып келетін. 
 

 
Суда дәл құрғақ жермен жүргендей жүр, – дейтін ол. – Назарыңды ішкі күшке 
аудар, ал айналаңдағы су жоқ болып кететін болсын. Сонда мен 
жылдамдығымды және күшімді жоғалтпауға тырысып, ағынға қарсы 
жүретінмін.
 
Мен Лоусидің бұйрықтарын ешқашан екі еткен емеспін, ал ол мені бар күшім 
сарқылғанша жаттығуға мәжбүрлейтін. Жаттығу кезінде атам мені жиі жалғыз қалдырып 
кететін, бірақ оның тіпті алыс қашықтықтан бақылап тұра алатынын білетіндіктен, ол дәл 
қасымда тұрғандай жылдамдықты баяулатпай және дәл сондай күшпен жұмыс істеуімді 
жалғастыра беретінмін.   
 
Бірде біз үйіміздің маңайындағы алаңқайға келдік. Күздің жаймашуақ күндерінің 
бірі еді. Ол менің қолыма шоқпарды ұстатып, жаттығуды бастауды бұйырды. Мен әбден 
қалжырағанша адал еңбектендім. 
 
Лоуси:
 

 
Жалғастыра бер, – деді де, өзі бір жаққа кетіп қалды. Арада көп уақыт өтті, 
бірақ атам көрінбеді. Мүмкін, ол ағаштың қалқасында жасырынып тұрған 
болар? Жоқ, жылдамдықты азайтуға болмайды. Мен бірнеше сағат бойы 

19 
 
тынбай жаттығу жасадым, қатты ширығудан бұлшық еттерім талып, 
көздерімнен жас сорғалады. Лоуси қас қарайғанда бірақ келді.
 

 
Енді тынығып алуыңа болады, – деді.
 
Атам мені ешқашан мақтамайтын, бірақ біртіндеп оның құрметіне ие болып келе 
жатқанымды бүкіл жан тәніммен сезіндім. 
 
Дене жаттығулары менің сабақтарымның тек бір бөлігі ғана болатын. Кун-фу 
өнерін меңгергісі келген адам жан-жақты болуы тиіс. Мен көркемдеп жазуды, шетел 
тілдерін, кун-фудың тарихын оқып үйрендім және кішкентай кезімнен бастап 
уақытымның көп бөлігін жәндіктердің, аңдар мен құстардың әрекеттерін бақылаумен 
өткіздім. 
 
Бірде Лоуси аулаға бір шағын ағаш жәшікті алып шықты. Жәшікті ол бір түрлі 
түрмен көтеріп келе жатқандықтан, мен жәшіктің ішіне көз салдым да, таңданыс пен 
қорқыныштан селтиіп тұрып қалдым. Атам мені жанына шақырды да, кішкентай 
қысқашпен жәшіктен... шаянды алып шықты. 
 

 
Шаянның қалай қозғалатынына назар аудар. Ештеңені жіберіп алмай, мұқият 
қара, – деп сыбырлады Лоуси. – Ол үнемі сақ, шайқасқа үнемі дайын тұрады. 
Оған өзін ұстаған, үйренген ортасынан ажыратқан ұнамайды. 
 
Ол шаянды имек шанысқысынан қысып жоғары көтерді. Шаян қатты жиырылып, 
бүктетіле бастады. Атам оны асқан сақтықпен ашық алақанына салды. 
 

 
Енді шаян сабасына түсті, бірақ қара, ол әлі сақ отыр.
 
Мен шаянның қимылдарын сезіктене бақылап тұрдым. 
 

 
Мен алақанымды осы күйінде түзу ұстап тұруға тиіспін. Бірақ есіңде болсын, – 
деді атам мені сақтандырып, – қолдың өз күші бар. Шаян оны сезінбеуі тиіс. 
 
Мен тұрған орнымда қатып қалған күйде демімді ішіме тарттым.
 

 
Қазір баяу жел соғып тұр. Шаян сенің тарапыңнан ешқандай қауіпті сезінбейтін 
болсын, сен желдің лебімен бірге қозғалуға тиіссің... – деді Лоуси. 
 
Атам шаянды тағы бірнеше секунд ұстап тұрды да, содан соң ыршытып жерге 
түсіріп жіберді. Мен дереу бір жағыма қарай секіріп кеттім және бетімнің дуылдай 
қызарып кеткенін сезіндім. Атам шаянды қысқашпен қайта ұстап алып, қорапшаға салды 
да, маған:
 

 
Қолыңды соз, – деп бұйырды.
 
Оған қарай созған қолым ақырын дірілдеп тұрды.
 

 
Енді тынысыңа назар аудар. Жүрек соғысыңды баяулатып, сабаңа түс, сонда 
терлемейсің. Қолыңдағы шаян жүрегіңнің соғысын да, терді де сезбеуі тиіс.
 
Мен бойымды жинақтап, тыныс алуымды баяулаттым. Бұл дағды кейіннен менің 
қаныма сіңіп, екінші қырыма айналды. Тыныс алуымды басқару арқылы, мен бүкіл 
денемнің әрекеттерін басқарып үйрендім, соның арқасында ауруды баса және денемнің 
қызуын өз бетіммен өзгерте алатын болдым. 
 
Лоуси қорапшаны ашып, маған былай деп кеңес берді:
 

 
Шаянның бойына сіңіп кет. Өз «меніңнен» арылып, шаянға айнал. Оның әрі 
қарай не істейтіні жайында ойлан. Ол нені көріп, нені сезініп тұр? 
 
Шаянды абайлап алақаныма салған атам менің қажетті қалыпқа қалай шомып 
жатқанымды көз алмай бақылап тұрды. Мен қозғалыссыз қатып қалдым, бірақ аулада 
болып жатқанның бәрін назарымда ұстадым. Желдің кенет соғуы немесе күтпеген кез-
келген шу шаянды селт еткізуі мүмкін еді, ал бұл мен үшін аса қауіпті болатын. Сол кезде 

20 
 
атамның өзімді осы азаптан тезірек арылтуын қалай аңсадым десеңізші. Атам ақыры 
қажетті нұсқауды берген кезде, оны асқан жылдамдықпен лақтырып жібердім. Атам 
әлденеге күлімсіреп қойды. 
 
Кун-фудағы жолымның басынан бастап, мен өз «менімді» қандай да бір тіршілік 
иесінің бойына сіңіріп жіберу өнеріне дағдыландым. Бұл тәсіл жануарлардың аттарымен 
аталған көптеген шаолиньдік стильдерді үйренудегі басты негіз болып табылады. 
 
Біздің ауламызда дәуіттер тіршілік ететін. Лоуси мені солардың қимылдарына 
бірнеше сағаттар бойы бақылап тұруға мәжбүрлейтін. Ақырында мен солар секілді 
қимылдауды үйреніп алдым. 
 

 
Танлан-цюань (дәуіт стилі) Мин династиясының билігі кезінде Қытайдың 
солтүстігінде ойлап табылған, – деді атам бірде біз осы стильге жаттығып 
жүрген кезде. 
 
Кун-фу ұрыс өнерінің кез-келген стилін үйрету кезінде атам ол туралы қандай да 
бір қызықты аңыз айтып беретін.
 

 
Дәуіт стилінің негізін Ван Лан атты ұрыс шебері қалаған деп есептеледі. Ол 
осыдан төрт ғасырдан астам уақыт бұрын Шаньдун аймағында өмір сүрген, – 
деді Лоуси әңгімесін жалғастырып. – Аңыз бойынша, ол туған жерінен шығып, 
кун-фу ұрыс өнерін үйрену үшін Хэнань ордасына барады. Бірақ ол жердегі 
дайындық деңгейі оның көңілінен шықпайды. Сөйтіп, бір күні ол күтпеген 
жерден дәуіт пен денесі мен күші одан бірнеше есе артық цикаданың 
арасындағы шайқастың куәсі болады. Шайқаста дәуіт жеңіске жеткеннен кейін, 
әсем қимылдары мен әдет-қылықтарын зерттеу үшін Ван оны ордаға алып 
барады. Ол жаңа зерттеулерін арасында маймылдың аяғының алдамшы 
қимылдары бар бұрынғы білгендерімен салыстырады да, нәтижесінде дәуіт 
қимылдарының солтүстіктік стилінің негізін қалайды. 
 
Осы аңызды айтып болғаннан кейін Лоуси мені танлан-сюань стиліне үйрете 
бастады. 
 

 
Дәуіт стилінідегі басты ұрыс тәсілі – бұл қапталдан қысқа, өткір соққы жасау, – 
деді атам менің саусақтарымды дәуіттің тікендеріне ұқсатып бүктеп жатып. – 
Шабуылдайтын немесе тосатын соққы қажет болған кезде осы әдісті қолдан. 
 
Содан кейін ол дәуіттің стиліне ұқсас «мэйхуа алхорысының жұдырығы» стилінің 
кейбір қимылдарын көрсетті және мұны көз іліспейтін жылдамдықпен істегені сондай, 
мен оның бес сатылы стаккатоны қалай жұдырықтап жатқанына көздерімді жыпылықтата 
қарап тұрып қалдым.
 

 
Есіңде болсын, дәуіттің артықшылығы – бұл оның сабырлылығы, 
шыдамдылығы мен батылдығы. Дәуіттің қимылдары аса сақ және нәтижелі. 
Дәуіт түбінде жеңіске жету үшін артқа шегіну тәсілін жиі қолданады, 
осылайша, дәуіттің стилінде назар көбіне шабуылға емес, қорғанысқа арналады, 
– деді Лоуси.
 

 
Танлан-цюаньді шынайы айқаста былай қолданады: қарсыластың білезігінен 
ұстап, өзімізге қарай тартамыз, содан соң бір қапталына шығамыз да, бүгілген 
қолымызды оның шынтағының астына қоямыз. Қолымызды тіреу ретінде 
қолданып, қапталдан қатты соққы жасаймыз, сонда қарсыластың шынтағы морт 
сынады. 
 

21 
 
Бұл қатал тәсілді түсіндіріп жатқан атам саусақтарын дәуіттің тікендері секілді етіп 
бүкті де, жанындағы ағаштың бұтағынан ұстап, оны шапшаң соққымен сындырып түсірді. 
 
Лоусидің кун-фу ұрыс өнеріндегі ең сүйікті стилдерінің бірі жыланның оңтүстіктік 
стилі болатын. Бұл стильді үйрену өзгелерге қарағанда қиынырақ еді және оның үстіне 
бұл табанда қатыратын стильдердің бірі болатын. Соққылар бұл жерде бет, кеңірдек 
секілді жанды жерлерге оқ жыланның шапшаң қимылдарын бейнелеп, саусақ ұштарымен 
жасалады. 
 

 
Құрбанына жабысқан жылан оған өлім құштыратын жара салады, – деді Лоуси. 
– Жылан сенің денеңе өткір тілімен кенедей жабысып алады, бұл оның сүйікті 
тәсілі. Лоуси менің сұқ және ортаңғы саусақтарымды қалдырып, қалғандарын 
жұдырыққа түйді. 
 

 
Сенің көздейтін жерің – басты қан тамырлары, – деді Лоуси танауымның 
алдынан «найза-қол» техникасын көрсетіп тұрып. – Содан соң қолымнан 
ұстады да, бас бармағымды өз алақаныма әкеліп тақады. 
 

 
Мұндай қалыпта дәл оқ жыландікіндей ширығу сақталады, – деді ол. – Оқ 
жылан ең алдымен осал тұстарды – негізгі жүйке жүйелері мен қан тамырларын 
көздейді. Ол өзінің олжасын тістеп алады және сонымен бір мезетте бүкіл 
денесімен шеңберге алып қыса береді. Қимылдарының жылдамдығымен қатар, 
оқ жылан өте табанды, – деп атам маған ескерті. – Егер ол құрбанына шабуыл 
жасаған болса, онда оны өлсе де босатпайды.  
 

 
Сонда ол «дим-мак» тәсілімен әрекет жасайды ғой? – деп сұрадым мен. 
 

 
Дұрыс айтасың. Жыланның стилі үшін ең бастысы – цидің өмірлік қуатын 
жинақтай білу, – деді Лоуси әңгімесін жалғастырып. – Денесімен буындырып 
өлтіретін жыланға ұқсау үшін, сенің денең темір серіппе секілді болуы тиіс. Сен 
циді денеңнің бір бөлігінен екінші бөлігіне қас қағымда аудара білуді үйренуге 
тиіссің. Сен тек өз денеңдегі ци ағынын басқарып үйренгенде ғана жылан 
стилін шын мәнінде меңгере аласың. 
 
Бірде атаммен бірге үйдің артындағы орман арасымен келе жатқанымда, маған 
ағаш арасынан әлдебір аңның сұлбасы қараң ете қалғандай болып көрінді. Жаттыға келе 
мен кез келген уақытта сақ болуды үйреніп алған едім және қазір де экстрасенсорлық 
қабылдау қабілетін өздігінен іске қосылып кетті. 
 

 
Ол ақ жолбарыс, – деді атам менің ойымды оқып тұрғандай. Жайбарақат 
қалпынан айнымаған ол жүрісін әрі қарай жалғастыра берді. – Ол тауда тіршілік 
етеді. Соңғы бір жарым шақырымда ол біздің өкшемізді басып келеді. Сен оны 
енді ғана байқадың ба? 
 
Лоуси ақ жолбарыстың қалай тіршілік ететіні, қалай қозғалатыны, жемінің соңынан қалай 
аңдитыны жайында әңгімелей бастады. Біз тағы біраз жер жүрдік те, содан соң ағаштың 
басына шығып кеттік.
 

 
Ал енді мұқият қара. Ол қайтсе де біздің алдымыздан шығады. Ақ жолбарыс өте 
қызық құмар аң, – деді Лоуси. 
 
Біз ағаштың басында көп отырдық. Бір кезде алаңқайдан өте әдемі, сырбаз 
қозғалатын аңның бейнесі көрінді. 
 

 
Ол біздің осында екенімізді біле ме? – деп сұрадым мен. 
 

 
Әрине. Мәселе басқада – ол қандай әрекет жасайды? Оның қалай 
қозғалатынына зер сал. Оның қарны аш па, әлде, жай ғана қызық іздеп жүр ме?
 

22 
 
Мен ағаштардың арасымен абайлап басып келе жатқан жолбарыстан көз алмай 
қарап тұрмын. 
 

 
Ол ашулы емес секілді, – дедім мен. Менің сыбырымды естіген ол аузын кере 
есінеді де, ағаштардың арасына көсіліп жата кетті. – Және аш аңға мүлде 
ұқсамайды, – дедім көңілім жай тауып.
 

 
Дұрыс айтасың, бірақ қарашы – ол өте сақ жатыр. Ол біздің сыбырымызға 
құлағын төсеп жатыр және жел солай қарай соққанда иісімізді сезеді. Бірақ біз 
оған ешқандай қауіп төндірмейміз, сондықтан да ол жайбарақат жатыр. 
 
Мен бұл аңнан көздерімді ала алмадым, оның тамаша терісіне, қайталанбас әдемі 
жолақтары мен оның тұла бойындағы кез келген сәтте сыртқа шығуға даяр қуатты күшке 
таңдана қарадым. 
 
Одан кейінгі апталарда біз осы ақ жолбарыстың іздерін үнемі байқап жүрдік. Ол 
адамдардың тұрағына ешқашан жақындамайтын, бірақ таудың етегінен орманға жиі түсіп 
келетін. Кейде, оның назарын аудару үшін атам оған жас ет ала келетін. Сол уақыттарда 
мен жолбарыстың қимылдарын қайталап үйрене бастадым.
 

 
Қимылдарына ғана емес, сондай-ақ оның қалай ойлап, қалай тыныс алатынына 
назар аудар, – деді деді Лоуси. – Сен дәл ол секілді ойлап, дәл ол секілді әрекет 
жасауды үйренуге тиіссің. Жолбарыс стилін тек сонда ғана меңгере аласың.
 
Бірде біз ақ жолбарысты өзі ойнауға және демалуға жиі келетін алаңқайдан көрдік. 
Жолбарысқа жақыннан қарау үшін оған ық жағынан жақындап келдік. Біз оған барынша 
жақындап келген кезде, жолбарыс ұйқысынан оянғандай болды да, бізбен сәлемдескендей 
құйрығын бұлғаңдатып қойды. Лоуси бірден ағаш басына шығып кетті. Ағашқа ешкім де 
менің атам секілді өрмелей алмайды. Мен де ағашқа шықпақ болып едім, атам мені 
тоқтатып:
 

 
Оның жанына бар, – деп сыбырлады. 
 
Иә, біз жолбарысты көп апта бойы сыртынан және жеткілікті дәрежеде жақын 
қашықтықтан бақылап жүрдік, бірақ мен оның аса қауіпті жыртқыш екенін түсінетінмін. 
Ол қас-қағымда-ақ мені парша-парша ете алады. 
 

 
Ол сені біледі. Жолбарысқа оның балаларының бірі секілді болып бар. 
Жолбарыстың баласына айнал. Қорқынышыңды бас, әйтпесе ол сені талап 
өлтіреді, – деді Лоуси.
 
Мен демімді ретке келтіріп, әрекет етуге дайындалдым. Қолымдағы сырығымды 
абайлап жерге қойдым да, екі қолымды жаныма ұстап, ақырын жолбарысқа қарай 
жақындадым. «Ол менің тарапымнан ешқандай қауіпті көрмеуі тиіс, – дедім өз-өзіме. – 
Оған тіке қарамай, көздерімді төмен салып жүруім қажет. Ол мені қауіпсіз тіршілік иесі 
деп есептеуі тиіс».
 
Еркіндіктегі ақ жолбарысты сыртынан бақылау бақыты барлық адамдарға бірдей 
бұйыра бермейді. Басын алға созылып жатқан аяқтарының үстіне қойып алаңсыз жатқан 
аса күшті әрі қауіпті жыртқыш аң сол күні дәл бір үй мысығына ұқсап, менің өз құлағынан 
сипауыма ерік берді. Кенет оның арғы жағынан бұтаның сынғаны секілді сырт еткен 
дыбыс естілді. Мұны күтпеген мен еріксіз қолымды шұғыл тартып қалдым. Жолбарыстың 
қарсы әрекеті еш күттірген жоқ, ол мені алдыңғы аяғымен аямай ұрып жіберді. Артқа 
қарай қалай секіріп үлгергенімді білмеймін. Мен қозғалып кеткеннен кейін жолбарыс мені 
екінші ұруға дайындалды. Ол орнынан көтеріле бастаған кезде, келесі соққының мені өлім 
құштыратынын түсіндім. Маған жанымды сақтап қалу қажет еді. Өз-өзімді жеңіп, оның 

23 
 
көзіне тура қарамауға тиіспін. Ең бастысы, тұра қашпау керек. Онда жолбарыс бірден бас 
салады. Тұра қашудың орнына, мен оған алғаш қандай момақан күйде жақындасам, дәл 
сол қалыпта қалшиып тұра бердім. Ол маған тесіле қарап тұрған кезде, мен көздерімді 
төмен түсіріп, оның аяқтарына қарадым. Сол кезде жолбарыс қозғалысын тоқтатты және 
мен ақырын бір қадам артқа шегінгенде қайтадан орнына жатты. 
 
Лоуси мені тағзым етіп қарсы алды. Ол маған бірінші рет осындай құрмет көрсетті. 
 

 
Ал сен білуге әуес екенсің және өте қабілеттісің, – деді және содан бастап мені 
«Ло Фун Цзай», яғни, «Кішкентай жолбарыс» деп атай бастады. 
 
Қимылдары мен мінез-құлықтарын бақылған барлық жануарлардың ішінен маған 
жолбарыс ерекше ұнайтын. Сондықтан, әрине, мен жолбарыстың стиліне жаттыға 
бастадым. Кун-фу ұрыс өнерінде бұл стиль бірінші кезекте сүйектерді, сіңірлер мен 
бұлшық еттерді күшейту үшін қолданылады. Бұл стильдің және жылдам қозғалыстары өте 
күштілігімен ерекшеленеді. Жолбарыс табиғатында төбелескіш емес, ол өзін әбден 
бұрышқа тақағанша төзімділік танытады, ал бірақ содан кейін оны тоқтата алмайсың. 
Жолбарыс стилін қолданатын жауынгер қоян-қолтық ұрыста асқан жанкештілікпен 
төбелеседі. Бұл стильдегі «жолбарыстың аяғы» тәсілі қарулы қарсыласпен қарусыз 
шайқасқан кезде аса пайдалы. Шабуылдаушының қолындағы қаруын қолмен қағу немесе 
оның шешуші соққы жасауына ерік бермеу арқылы кун-фу жауынгері оны 
артықшылығынан айырады. 
 
Он жасымда атам бірде мені орманға ертіп әкелді. Жерге жарық жаңа түсіп келе 
жатқан уақыт болатын. Біз жолай әдеттегідей медитация жасай отырып бірнеше шақырым 
жер жүрдік, бірақ бүгінгі жүрген жолымыз маған таныс емес еді. Ақыры біз екі ағаштың 
ортасына керілген жіпке ілінген ағаш платформаның жанына келіп тоқтадық. Сегіз қырлы 
платформаның көлденеңі бір жарым метр шамасында екен. Оның астыңғы жағында бірдей 
ұзындықтағы жүздеген темір істіктер шошайып тұр.Ағаш платформаның астындағы 
тапталып қалған жерді көрген кезде менің тамағым кеуіп кетті. 
 

 
Платформаның астына тұр, – деп бұйырды Лоуси. 
 
Мен қашанғы әдетім бойынша оның айтқанына сөзсіз бағындым. Ағаш 
платформаның астында тұрып, алакеуімде қорқынышты болып көрініп тұрған 
темір істіктерден көз алмай қараумен болдым. 
 

 
Секіруге дайындалған жолбарыстың қалпын ұстан.
 
Мен төменгі қалыпқа тұрған кезде атам платформаны ұстап тұрған арқанды 
біртіндеп босата бастады. Ақыры істік пен менің арамызда бір сантиметрдей ғана 
қашықтық қалды. 
 

 
Енді тағы төменде, сандарың жермен параллель болсын.
 
Мен оның айтқанын орындадым. 
 

 
Бұл керіліп жатқан жолбарыстың қалпы, – деді Лоуси. – Ол шайқасқа арналған 
қалып емес, бірақ бұл сенің аяқ бұлшық еттеріңнің дамуына көмектеседі. – 
Осылай деген ол платформаны тағы төмен түсірді. Содан соң: – Байқа, 
орныңнан көтеріліп жүрме, – деді де, үйге қарай кетіп қалды. 
 
Менің осы қалыпта тұрғаныма өте көп уақыт болған секілді болып көрінді. 
Айналаға жарық түсе бастады. Күннің ысуына әлі ерте екендігіне қарамастан, денемнен 
тер бұршақтап ақты. Аяқтиарым қатты ұйып кетті, бірақ темір істіктер денеме қадала ма 
деген қорқыныш мені орнымнан тапжылтпады. Лоуси туралы ойлалағаным сол екен, ол 
жер астынан шыққандай жанымнан пайда бола кетті. Лоуси менің қалпымды тексеріп, 

24 
 
платформаны айналып шықты. Ол менің шегіме жетіп тұрғанымды көрді. Көз жасы мен 
тер бетімді жуып жатты. 
 

 
Жаттығуды кішкене жеңілдетуіңе болады, – бір аяғыңды алға қарай соз, – деп 
бұйырды ол. Мен әупірімдеп жатып бір аяғымды алға создым. Жағдайым 
шынымен де жеңілдеп, аяғымның дірілдегені басылып қалды. 
 

 
Бұл қалып «садақ пен жебе» деп аталады, – деді. – Қара, сенің бір аяғың садақ 
секілді бүгіліп және ширығып тұр, ал екінші аяғың жерге тіреліп тұрғанымен, 
жебе секілді түзу жатыр. 
 
Осы қорқынышты ағаш платформаның көмегімен Лоуси маған көптеген төменгі 
қалыптарды үйретті. Олардың әрқайсысы жолбарыс стилінің белгілі бір қырлары болып 
табылатын. Менің жаттығуларым тынымсыз отырып-тұрудан, «садақ пен жебе» қалпынан 
«шабуылдағы мысық» қалпына және айналу арқылы «жылқының» қалпына ауысып 
отырудан тұратын. Платформа астында бірнеше ай жаттыққаннан кейін мен төменгі 
қалыпта отырып қимылдарды ауыстыруды үйреніп алдым және аяқтарымның 
шыныққандары сондай, бұлшық еттері темірдей болып қатайып алды. Лоусидің 
басшылығымен жасалған осы жаттығулардың арқасында қолдарымның да күші көбейіп, 
төзімді бола түсті. Оның сабақтары бұрын да қатал еді, ол аздай енді ол платформа 
астында қинала бүктеліп жатқан кезімде қолдарымның үстіне тас бастырып қоятын 
болды. Бұл адам төзгісіз азап еді, бірақ мен оған бағынуға тиіс болатынмын. 
 
Уақыт өте келе осы қалыптарға дағдыланып алғаным сондай, оларға еш 
ойланбастан, автоматты түрде тұра алатын болдым. Лоуси ара-тұра маған түрлі сынақтар 
жасап тұратын. Бір күні түнде ол бөлмеме кіріп, ұйықтап жатқан менің үстіме бір шелек 
мұздай суды шашып жіберді. Не болғанын әлі түсінбей орнымнан қарғып тұрып, 
«жылқының» ұрыс қалпын ұстанып тұра қалдым. Ал Лоуси менің қалыпқа дұрыс 
тұрмағанымды айтып айқайлай жөнелді.
 

 
Мына иықты алға шығару қажет, – деген ол жұдырықпен аузыман салып 
жіберді. Содан соң мүлде басқаша дауыспен жаттығу және медитация жасау 
үшін аулаға шығуға дайындалуды бұйырды. 
 
Бірде Лоуси себеттен сия, тамаша мыс қауырсындар жиынтығы мен таза қағазды 
шығарды.
 

 
«Жолбарыстың» ұрыс қалпы туралы білгендеріңнің бәрін қағаз бетіне 
түсіргеніңді қалаймын, – деді. 
 
Таң атқаннан кеш батқанша жазу жазуыма тура келгеніне қарамастан, осы 
тапсырманың арқасында мен жанды қалжырататын жаттығулардан біраз демалып қалдым. 
 
Үйіміздің ішкі ауласы маған қинау мен азап шеккізу орны болып көрінетін, бірақ 
сол күні жалғыз өзім медитация жасап отырып, кенет ол жердің өте әдемі екенін 
байқадым. Дәл менің алдымнан, арғы қабырғадағы «ай қақпалардың» үстінен қытайша 
Ханшань Сы деп аталатын Суық таулардың оңтүстік сілемдері көрініп тұр. Күннің 
жарғынан көздерімді сығырайта қарап, ол жақтан қалың бұталардың жоғарғы жағынан 
орын тепкен монастырьдің сүлбесін байқадым. Менің төбемде, қабырғаларды айнала және 
шатырда ертегі-аңыздағы жануарлардың билеп тұрған суреттері бейнеленген. Осындай 
мүмкіндік болған кездерде, мен оларға үнемі жадырағандай қарап тұратынмын. Кейін 
білгенімдей, бұл жануарлардың бейнелері үйді жаман рухтардан қорғайды деп есептеледі 
екен. 
 

25 
 
Қытайлардың басым көпшілігі секілді, менің туыстарым да аса ырымшыл болатын, 
бірақ кун-фу ұрыс өнері маған кез келген қорқынышты жеңуге қабілетті сенім сыйлады. 
 

 
Сенің ішіңдегі құдайдан өзге ешқандай құдай жоқ, – деп қайталаудан 
шаршамайтын Лоуси маған. – Өз қорқынышыңды жеңу үшін ци қуатын қолдан. 
 
Лоуси менің бойымдағы кез келген қорқынышты қуып шығара білетін және ол 
мұны адам сенгісіз тәсілдермен жасайтын. Бірде біз бірнеше күн қатарынан тауға 
көтеріліп, ақыры оның ұшар басына шықтық. Қатты жел соғып, жаңбыр жауып тұрды, 
бірақ соған қарамастан Лоуси маған жаттығуды бастауды бұйырды. Жинақталу өте қиын 
еді: қатты, ұйытқи соққан жел үстімдегі жұқа киімдерімді жұлып әкете жаздап тұрды және 
оның мені кез келген сәтте жартастың терең жарығына ұшырып жіберуі мүмкін еді. 
 
Осыдан кейін Лоуси мені түрлі жарыстарға ертіп апара бастады. Біз Қытай 
аумағында түрлі ордаларға бардық. Солтүстік-шығыстағы Шаньдуннан бастап Ланьчжоу 
мен Чэнду арқылы батыстағы Тибетке дейін бардық. Кейде Пакистанға дейін баратынбыз. 
Мені қызықпаушылыққа, сезімдерді баса білуге үйреткен болатын, бірақ Гонконгке 
келген сайын мен таңданысымды жасыра алмайтынмын. Бұл ХХ ғасырдың жетпісінші 
жылдарының аяғы болатын. Аралда өмір қыж-қыж қайнап жататын. Мен спорттық 
көліктерге, батыс үлгісіндегі тамаша киім киген адамдарға, көшелердегі жарқырап тұрған 
жарнамаларға қызыға қарайтынмын. 
 
Менің Гонконгқа алғашқы сапарымның мақсаты қуматай жарысын көру болатын. 
Қуматайдың жасырын өтетін жарыс екеніне қарамастан, ол жерде полиция қызметкерлері 
мен өзге шенді адамдар да бәс тігетін. 
 

 
Бұл жерде еркін стильде және толық байланыста сайысады, яғни, шындап, 
аяусыз төбелеседі. Ұрыс өнерінің алуан түрлерін ұстанатын жауынгерлер осы 
жерде бақтарын сынай алады, – деп түсіндірді Лоуси біз жарыс өтетін жердегі 
өз орнымызға жайғасып жатқан кезімізде. 
 
Бұл жарыс (және ол жердегі адамдардың көңіл-күйлері) мен көрген басқа 
жарыстардан өзгеше болатын. 
 

 
Қан аңсаған айуандар... – деді менің естері кете айқайлап жатқан адамдар 
тобырына қарап тұрғанымды байқаған атам. – Жауынгерлер біреуі өлгенге 
дейін төбелесетін кезде үнемі осылай болады. 
 
Мен Лоусидің өзінің де осы жарыстарға қатысқанын және бір-екі рет қана емес, сан 
мәрте қатысқанын білетін едім. 
 

 
Бір кезде сен осы жарыстың жеңімпазы боласың, – деді атам және мен оның 
айтқанының болатынын жақсы білдім.
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет