Жолбарысты жуасыту



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,34 Mb.
#6932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

4 тарау
 
Жасым он екіге толғанда атам мені қайтадан Англияға жіберетінін айтты. Ата-
анаммен кездесемін деген ойдың өзінен-ақ бойымды толқыныс пен қорқыныш қатар 
кернеді. Әуежейға келе жатқан жолды Лоуси екеуміз үнсіз өткіздік, әркім өз ойымен 
болды. Әуежайға келген кезде атам Лондонда менің кун-фумен жаттығуымның 
жалғасатынын айтты. 
 

 
Женевадағы Халықаралық кун-фу федерациясы арқылы келісіп қойдым. Саған 
ұстаз тағайындап береді және оқуыңның ақысын төлейді, – деді. – Мен сенің 
табыстарыңды бақылап жүретін боламын және біраз уақыттан кейін осы жаққа 
қайтып ораласың. 
 

26 
 
Содан кейін маған тағзым етті де, үйге қайтып кетті. 
 
Ұшақ көкке көтерілгеннен кейін мен алда өзімді не күтіп тұрғаны жайында ойлана 
бастадым. Қытайда болған сегіз жыл ішінде мен ата-анама бірнеше рет бардым және 
кейде олармен бірнеше айлар бойы бірге болған кездерім болды. Өмір қызу қайнап 
жататын Лондон мені үнемі өзіне тартып тұратын. Маған ойыншықтарға толы сөрелерге, 
Трафальгар алаңымен серуендеп жүретін панктерге, екі қабатты қызыл автобустарға, 
Пикадиллияның жарқыраған шамдарына қызыға қарайтынмын. Бірақ ата-анаммен бірге 
тұру маған қашан да оңай болмайтын. Олардың Қытай туралы ештеңе естігілері 
келмейтін. Әсіресе бұл анама қатысты еді, ол өзін дәл бір Қытай деген ел менің өмірімде 
болмағандай ұстайтын. Менің жанымда ол өзін үнемі ыңғайсыз сезінетін. Біз мүлде 
сөйлеспейтінбіз. Ағылшынша сөйлеп үйренуге бар күшімді салғаным да көмектесе 
алмады. Кантон диалекті тез-ақ менің туған тіліме айналды. Әрине, өз әке-шешесінің тілін 
анам да білетін, бірақ мен бұл туралы ешқашан сұраған емеспін. Отбасымыздағы көп 
нәрсе мен үшін құпия болып қала берді. 
 
Ұшақтың жайлы орындығына жайғасып отырып алып өзімнің тоғыз жасымдағы 
Англияға соңғы сапарымды есіме алдым. Бір күні мен анаммен бірге супермаркетке 
бардым. Әдеттегісінше, анам қол арбаны түрлі азық-түлік пен тәттілерге толтырып алды. 
Мен анамның бір қорапша креветканы арбада тұрған сөмкесінің астына сұға салғанын 
байқап қалдым. 
 
Анам сатушының алдына келіп, арбадағы креветкадан өзге азық-түліктің бәрін 
шығарып есептесе бастаған кезде, ойымда ештеңе жоқ:
 

 
Мама, сен креветкаларды ұмытып кеттің, – дедім.
 
Қысылып қалған анам: 
 

 
Ой, мен осындай ұмытшақпын! – деді де, тағы да ақша алу үшін сөмкесіне 
қолын созды. 
 

 
Уайымдамай-ақ қойыңыз, – деді жап-жас сатушы қыз. – Қателеспейтін адам 
жоқ.
 
Дүкеннен шыққан кезде анамның ашудан жарылардай болып келе жатқанын 
байқадым. Оның түнерген жүзінен маған деген жеккөрініші байқалады, бірақ мен бұған 
үйреніп алған болатынмын. Тек бұл жолы не жазып қалғаным түсініксіз, бірақ қалай 
дегенде де менің үндемегенім дұрыс еді. 
 
Егер ол бірнеше күннен кейін тағы қайталанбағанда, мен бұл оқиғаны ешқашан 
есіме алмауым да мүмкін еді. Бұл жолы ана қымбат кәмпит қорабын ұрлап алмақ болды. 
Касса алдында кезекте тұрған кезімізде, ол арбадан қорапты алып, пальтосының кең 
қолтығына сұға салды. 
 

 
Мама, қажеті жоқ... – дей берген едім оның қатулы қабағын көріп тілімді тістей 
қалдым. 
 
Бұл естеліктер жаныма тыныштық бермеді, сонда мен бақыттырақ болған 
шақтарымды еске түсіруге талпындым. Эджвердегі үлкен үйде тұрған шақтарымыз есіме 
түсті. 
 
 Әкем қолынан іс келетін телешебер еді және сол кезде тасы өрге домалап тұрса 
керек. Бірде ол үйге тым кеш оралды. Мен қуанышты дауыстар мен күлкіні естідім. 
Теледидар жөндеткендердің бірі оған көп ақша төлепті. Үйге ентіге басып кірген ол бір 
бума ақшаны лақтырып жіберді. Қатты қуанышты анам шашылған ақшаларды жинай 
бастады. Әкемнің анамның белінен құшақтап, екеуінің шыр айнала билеп кеткендерін 

27 
 
көргенде мен де көңілдендім. Бұл біздің отбасымыздағы менің есімде қалған ең сирек 
қуанышты сәттердің бірі еді.
 
Біз көкке көтерілгеннен бері бірнеше сағат өтті. Мен мотордың гүрілдеген үніне 
құлақ салып отырмын. Ақыры мен ұйықтап кеттім де, ұшағымыз Лондондағы Хитроу 
әуежайына келіп қонып жатқан кезде бір-ақ ояндым. 
 
Авиарейс стюардессалары қашанғыдай ілтипатты болды және ұшақ қонғаннан 
кейін олардың бірі мені терминал арқылы ата-анам күтіп тұруға тиіс күту залына ертіп 
әкелді. Менде ешқандай жүк жоқ болатын. Күту залы күтіп алушыларға лық толы екен. 
Көз жүгіртіп әке-шешемді іздеп оларды тауып алдым. Анам мен үнемі көз алдыма 
елестететідей әдемі көйлек киіп алыпты. Аяқ киімі мен сөмкесі бір-біріне үйлесіп, өте 
жарасымды болып тұр. Ал енді әкемнің сиқы кетіп қалыпты. Ол ұзын бойлы, майда қалың 
қара шашты сымбатты адам еді. Қазір мен оның мүгедектер арбасында отырғанын көрдім. 
Денесі шөгіп, жүзі қуарып кетіпті. Шаштарына ақ түскен. Мен ата-анаммен тағзым етіп 
амандастым. Анам бір түрлі қысылған кейіпте бетімнен шөп еткізді. 
 
Кейінірек мен атамның ауруы жайлы біраз нәрсеге қанықтым. Оның ауыр науқасқа 
шалдыққанына көп уақыт болған екен. Шашыраңқы склероз деген диагноз оған мен 
дүниеге келгеннен көп өтпей қойылыпты. Бұған мені кінәлі санап, анамның мені жек 
көруінің себебі осыда ма деп ойлаймын. 
 
Әкеммен бәрі басқаша еді. Ол өзінің құралдары мен басқа да қызықты заттарды 
көрсетіп, көп уақытын менімен өткізетін. Маған оның іші түрлі шуруптар, бұрандалар мен 
гайкаларға толы сандықшасы ұнайтын. Ол маған шахмат ойнауды үйретті. Екеуміз ол 
оқып беретін кітаптарға қарап түрлі техникалық модельдер кескіндемелер жасайтынбыз. 
Ол өзінің кәсібіне қатысты қалың-қалың кітаптарды оқып отыратын. Әкеммен бірге болу 
қызықты болғанымен, біз ешқашан бірге жүгіріп, күрескен не бірге доп ойнаған емеспіз. 
Мұның себебін мен енді түсіндім. Ол жұмыс істеуге деген қабілетін сақтауға бар күшін 
салды, бірақ ол тез шаршап қалатын. Анам дүкенге кетіп, үйде ұзақ уақыт жалғыз қалған 
кездері ол кітабын тізесіне қойған күйі ұйықтап қалатын. 
 
Бұл жерде атам орнатқан тәртіпті ұстану талап етілмегенімен, Англиядағы өмірге 
үйрену оңай болмай шықты. Бұл жердегі, яғни, Батыстағының бәрі мен үшін жат нәрселер 
еді. Алғашқы кездері мен тіпті жұмсақ төсекке ұйықтай алмай, еденде жатып жүрдім. 
 
Ата-анам мені жергілікті жалпы білім беретін мектепке орналастырды. Ал кешкісін 
ағылшын тілінен қосымша сабақ алатынмын. Мектепті мен бірден жек көріп кеттім. 
Менің өзге балалармен ортақ еш нәрсем жоқ еді. Алғашында олардың боғауыз сөздер 
айтулары, ұстаздарды құрметтемеулері мен үшін нағыз сұмдық нәрсенің өзі болып 
көрінді. Менің алған білімім бойынша үлкендерді сыйлап қана қоймай, олардың 
айтқандарын бұлжытпай орындау. 
 

 
Әй, сығыр көз, қайда кетіп бара жатырсың? – Бұл осындағы бұзық балалардың 
басшысы Стив Дженкинс болатын. Олар мені осы мектепке келген сәтімнен 
бастап мазақ етумен келеді. Бірақ олармен байланысқым келмеген мен 
шыдамдылық танытып жүрдім. – Сірә, өзіңнің қытайлық достарыңа түскі асқа 
кетіп бара жатқан боларсың? 
 
Оның нөкерлері күлкіге қарық болып қалды. Олар мектеп ауласында артымнан 
қалмай еріп жүрді. 
 

 
Әй, қытайлық, мен сенімен сөйлесіп тұрмын. Не, естімей тұрсың ба?
 

28 
 
Мен оларға назар аудармауға тырыстым, бірақ бойымда ашу бас көтере бастады. 
Әрине, адамдарды қызықтарынан айыруға болмайды. Бірақ олар кімге соқтығып 
тұрғандарын білмейтін еді. Кун-фу ұрыс өнеріндегі басты ұстанымдардың бірі – 
соқтығысудан алшақ жүру, тек қорғану мақсатында ғана әрекет ету болып табылады. 
Бірақ балалар соңымнан қалар болмады. Олардың мазақтарынан зығырданым қайнай 
бастады. Сүйкімсіз, ірі денелі Стив Дженкинс балаларға соқтыға беретін, әсіресе қара 
нәсілді балалар мен азиялықтарға тыным бермейтін. Бірде мен оны қаладан әкесі екеуін 
көрдім. Екеуі де шаштарын тақырлап алып тастапты, ал әкесі қолына халықтық 
майданның (Ұлыбританиядағы фашистерді жақтайтын экстремистік партия. 70-80 
жылдары олар бастаған көше қақтығыстарынан Африка мен Азиядан келген көптеген 
адамдар зардап шекті) белгісі бейнеленген суреттер салғызып алыпты. Бір сөзбен 
айтқанда, ол нағыз оңбағанның өзі болатын. 
 

 
Не болды, қытайлық, менімен сөйлесуден қорқасың ба? А, иә, ұмытып кетіппін, 
сен ағылшынша білмеуші едің ғой! – Ол алдыма тұра қалды да, көздерін 
сығырайтып, аузы-басын қисаңдата бастады. 
 
Ол жол бермегендіктен, мен тоқтап қалдым. Өзге балалар басшыларының 
істегендерін қайталап, оны әрі қарай әрекет жасауға қайрай бастады. Сол сәтте есіме кенет 
«Триадалық» балалар өзімді оңдырмай сабап кеткен күн есіме түсті. Ондай нәрсе енді 
қайталанбауы тиіс. Дженкинс көздерін қатты сығырайтуға тырысып, көздерінің терісін 
қолдарымен екі жаққа керіп жатыр. 
 

 
Мені жайыма қалдыр, – дедім ақырын, бірақ нық үнмен. 
 
Дженкинс күліп, мені мазақтай бастады:
 

 
«Жайыма қалдыр» дейсің бе? Балалар, келіңдер, оны сұлатып түсірейік, өзі 
қалағандай «жайына» жатсын.
 
Ол жандайшаптарына мақтана көз тастады да, маған қарай бұрылып, ұрып құлату 
үшін жұдырығын сермеп қалды. Мен шапшаң қимылдап, қарсы әрекет жасадым. 
Аяғыммен қатты соққы жасап, оның мұрнын сындырып жібердім. Дженкинс гүрс етіп 
құлап түсті. Қалғандары оның мұрнынан аққан қанды тоқтатуға бар күшін салып, неше 
түрлі сөздерді айтып боқтап жатқанына шошына қарап тұрып қалды. Мен олардың 
әрқайсысының көздеріне жеке-жеке қарап қарап шықтым. Олар қаша жөнелді және дер 
кезінде осылай істеді. Бұл мені сабама түсірді.
 
Төбелес үшін мені онша қатал жазалаған жоқ: мұғалімдер менің алғашқы 
күндерден бастап қандай нәрселерге төзіп келуге мәжбүр болғанымды түсінетін. Мен 
еңбексүйгіш, әдепті және тәртіпті бала едім, ал Стив Дженкинс нағыз бұзақының өзі 
болатын. Осы жағдайдан кейін оны мектептен шығарып жіберді. Мен кун-фу тәсілдерін 
біледі екен деген хабар оқушылардың арасына лезде тарап кетті және енді балалар менің 
жаныма топтала бастады. Бұрын мен ешқашан басты назарда болып көрмеген едім. Көңіл 
көтеріп, түрлі нәрселермен айналысу үшін балаларға басшы қажет еді, сондықтан мен 
үйренген қатал заңдарға сәйкес бір қалыпты, тәртіпті өмір мен еркіндіктің қауіпті жаңа 
сезімнің екі ортасында дал болдым. Жаңа мәдениетпен кездесу мені әбден әбігерге салды. 
Мұғалімдер мектепте қарапайым тәртіпті сақтату үшін оқушылармен  шайқасқа түсуге 
мәжбүр болып жүрген кезде, мен ойына келгендерін істейтін балалардың арасында өзімді 
қалай ұстау керектігін білмедім. Балалар менен жасқанатын және бұл маған ұнайтын еді. 
Енді маған зәбір көрсеу туралы ой ешкімнің басына кіріп шықпайтын. Оның құрбаны 
болғанша, бұзақы болған жақсы.
 

29 
 
Егер де кун-фу ұрыс өнерін үйренуді жалғастырмағанымда, онда  Стив 
Дженкинстің жолына түсіп кетуім әбден мүмкін еді. 
 
Менің атам белгілі адам еді, сондықтан ол штаб-пәтері Женевада орналасқан 
Халықаралық кун-фу федерациясы (МФКФ) арқылы менің оқуымның ақысының 
төленуіне ықпал ете алды. МФКФ өкілдері менің Чжан мырзаның басшылығымен әрі 
қарай жалғастыруыма мүмкіндік жасады. Чжан мырза көп жылдық тәжірибесі бар кун-фу 
шебері, өте қайырымды және көңілді адам еді. Бірақ, арада көп өтпей менің шеберлігімнің 
көп жағынан онікінен асып түсетіні белгілі болды. Алайда Чжан мырзаның 
басшылығымен өтетін жаттығулардың тәртібі өте күшті еді және бұл менің оқуыма үлкен 
септігін тигізді. Сол себептен арада көп өтпей мені кун-фу мектебінің 
жаттықтырушысының көмекшісі етіп сайлады. Сол жерде мен Ямайкадан келген 
Кингслеймен таныстым. Кун-фу өнерін жетік білетін ол, менің алғашқы жақын досыма 
айналды. 
 
Чжан мырзаның аса қатаң шектеу қоймағанына қарамастан, кун-фу мектебінің 
тәртібі мені көшенің ықпалынан және түрлі қиындықтарға ұрынудан аман сақтады. Әйтсе 
де, мектептегі тәртіп ұрыс өнерімен шындап айналысуда аса қажетті менің санамдағы 
қатаң тәртіппен сәйкес келмейтін еді. Қазір мен сол кезде өмірімнің басым бөлігін соған 
бағынумен өткізген мықты қолға мұқтаж болғанымды түсінемін. Өзіме қажетті ұстанымда 
тұрумен беріктікті, онда да белгілі бір дәрежеде ғана, мен ұстаздарымның бірінен таптым. 
Сайзер мырза рухани білім үшін жауап беретін. Оны балалардың бәрі дерлік жек көретін 
еді. Ол өте қатал болатын, ешқандай ақымақтыққа төзбейтін және ешкімнің өзін мазақ 
етуіне жол бермейтін. Мен үлкендерді барлық уақытта да құрметтейтінмін, ал Сайзер 
мырза мен шын мәнінде сыйлайтын санаулы оқытушылардың бірі болатын. Оның 
сабақтарынан шынайы рахат табатын едім. Атам маған әлемдік дін ілімдері жайында көп 
әңгімелейтін. Нағыз шынайы құдайдың – адамның жүрегіндегі құдай, ал атап айтқанда, ци 
болып табылатынын тамаша біле тұра, мен түрлі діндер жүйесі туралы әңгімелерді 
аузымды аша тыңдайтынмын. Сайзер мырзаның Ыбырайым туралы және оның өз ұлы 
Ысқақты қалай құрбандыққа шалмақ болғаны туралы киелі кітаптық әңгімені айтып 
бергені дәл қазіргідей есімде. Ыбырайым өз Құдайына асқан мойынсұнушылық танытты 
және үлкен ерлік жасады! Сол кезде мен Киелі кітапты қолыма алып, осы ұлы кітаптан 
тағы бір нәрселерді оқуым керек деп ойладым. 
 
МФКФ-тің қамқорлығында болғандықтан ұрыс өнерінің алуан түрлерінен болатын 
халықаралық жарыстарға қатынаса алатын едім. Мұндай жарыстар көбіне Азия елдерінде 
өтетіндіктен сол жақтарда үнемі атаммен кездесетінмін. Атамның мен үшін орасан бәстер 
тігетінін білетінмін және оны ешқашан ұятқа қалдырған емеспін. Жыл сайын Қытайға 
қайтып барып, атамнан сабақ алу үшін екі ай уақыт сол жерде болатынмын. Ол мені енді 
ұрмайтын, бірақ мен оған бұрынғысынша сөзсіз бағынатынмын. 
 
Жасым он жетіге келген кезде атам маған шынайы өмірде сынақтар жасай бастады. 
Бірде екеуміз Поян көлінің оңтүстік-шығысына, Цзянси аймағындағы Наньчанға бардық. 
Ол кезде мен Наньчанның көше бұзақыларының «белгілі» екенін білмейтін едім. «Барлық 
уақытта сақ бол. Күтпеген нәрселердің болуы мүмкін», – деп ескертті Лоуси. Содан соң ол 
маған көшенің дәл ортасында шешініп, іш киіммен ғана қалуды бұйырды. Бұл күтпеген 
нәрсе еді. Батылым жетіп, оның жүзіне көз тастадым, бірақ оның бетінен ештеңені оқу 
мүмкін емес еді. Атам күртесінің ішкі қалтасынан шиыршықталып бүктелген қағазды 
алды да, мойныма іліп қойды. Ондағы жазуларды оқыған кезде, менің көзім алақандай 

30 
 
болды. Онда «Хум ка чжань» («Бәріңе өлім келсін!») және «Чжао ни нян дэ чжу цзун ши 
ба дай» («Ата-бабаларыңның артынан барыңдар!») деген сөздер жазылыпты. 
 
Лоуси мені қараңғы көшеге қарай итермеледі:
 

 
Ары қарай жалғыз барасың.
 
Атамның ойын мен енді ғана түсіндім. Тұйық көшемен бірнеше қадам жасағаным 
сол екен, әріректе тұрған әжей үйіне жүгіріп кіріп, есігін бекітіп алды. Кенет боқтық 
сөздер естілді де, қолдарына кастет ұстаған сегіз-тоғыз көше бұзақылары маған тап берді. 
Тұйық көше тар болатын. Бұл мен үшін өте қолайлы еді. Олар бәрі бір мезгілде 
шабуылдай алмайды. Мен дереу жолбарыстың төменгі қалпын ұстап тұра қалдым. 
Аяқтардың жылдам жұмыс істеуін қажет ететін тәсілді қолдануға бел байлаған мен 
ойымды шабуылдаушыларға аудардым. Олардың алғашқысы маған оң жағымнан тап 
берді. Айналып кеткен мен оған қолмен тосқауыл қойдым да, асқан жылдамдықпен оң 
аяғыммен бір тептім. Сол сәтте басыма қарай соққы жасауға келе жатқан екіншісінің 
кастет ұстаған қолын көрдім. Мен тағы айналып кеттім де, кастет ұстаған қолды қағып 
жіберіп, оны қатты қаптал соққымен талдырып тастадым. 
 
Аяғыммен жылдам жұмыс істеуімді жалғастырып, бетімнен ұрмақ болып келе 
жатқан келесі бұзақыны күтіп алдым. Оның қолын шалт қимылмен қағып жіберіп, 
саусақтарымның сүйектерімен қысқа соққы жасадым. Ол гүрс етіп жерге құлап түскен 
кезде, алға жылжу үшін оның арқасына секіріп шықтым. Келесі екеуі маған бір мезгілде 
шабуыл жасады: бірі оң қолымен жүрек тұсымнан ұруға оқталса, екіншісі аяғымен 
қапталдай тебуге дайындалып келеді. Мен алдымен сол қолыммен біріншісінің соққысын 
қайтардым да, содан соң жұдырықпен самайынан ұрдым. Содан кейін қатты еңкейіп 
екіншісінің соққысын өткізіп жібердім де, айналып келіп шабынан тептім. 
 
Тағы біреуі жүгіріп келді, бірақ мен секіріп кетіп, оны жанымнан өткізіп жібердім 
де, өкшеммен самайынан теуіп құлаттым. Келесі біреуі жұдырығымен кеудемнен ұрмақ 
болып келе жатты. Мен кеудемді тарта қалдым да, тіземмен шабынан тептім. Қалған екеуі 
ызалан боқтық сөздер айтып, қолдарындағы шөлмектерін маған қарай лақтырып, өздері 
қаша жөнелді. 
 
Мен демімді алып, шайқастың аяқталғанына көз жеткізу үшін біраз тұрып қалдым. 
Осы сәтте жер астынан шыққандай болып Лоуси пайда бола кетті де, маған иіліп тағзым 
етті. Содан кейін біз бұл жерден қарамызды батыруға асықтық. 
 
Содан кейінгі жылдары атам екеуміз Наньчанда бірнеше рет болдық және соның 
бәрінде көше бұзақыларымен шайқасқа түстік. Бұл жерде мен өзімнің мейлі ол ережелі 
немесе ережесіз болсын, кез келген шайқасқа төтеп бере алатынымды бірінші кезекте 
өзіме дәлелдеумен болдым. Бірде атам мені қытай опералық әншісінің киімін киінуге 
мәжбүрледі. Екеуміз тауға көтеріліп, бір жұпыны ауылға келдік. Ол менің беті-басымды 
әлем-жәлем етіп бояп, иғыма ауыр шапанды жапты да, осы күйде көше бойлата ертіп 
жүрді. Жергілікті шаруаларды төбелеске итермелеу үшін, ол мені айқайлап түрлі боқтық 
сөздер айтуға мәжбүрледі. Сөйтіп, бір топ адам қолдарына ілінген нәрселерді ұстай сала 
маған тап берді. Бірақ мен үшін ауыр сынақ қолдарына таяқ ұстаған адамдар емес, еркін 
қозғалуға мүмкіндік бермеген үстімдегі ауыр, ыңғайсыз киім болып шықты. 
 
Бірақ осы секілді төбелестің бәрін бірдей атам ұйымдастырған жоқ. Менің Сюй 
Мин атты немере қарындасым бар еді. Бірде серуендеп жүргенде оны ұрлап әкетіп, 
жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейді. Қылмыстың бұл түрі Қытайда өте жиі жасалады. 
Сюй Мин жас әрі әдемі қыз болатын және оның қандай әулеттен шыққанын білмейтіндер 

31 
 
үшін ол оңай олжа болып көрінуі мүмкін еді. Біз оны Шанхайда, «Триаданың» 
бақылауындағы бір жезөкшелер үйінде ұстап отырғандарын білдік. Отбасылық кеңесте біз 
мұны жиі талқылайтынбыз және Шанхайдағы таныстарымыздың мәселені тез арада 
шешетіндеріне, сөйтіп, Сюй Миннің тез арада босатылатынына сенімді болдық. Бірақ 
уақыт өте берді. Бір күні біз хат алдық. Хатты оқыған атам қатты ашуланды:
 

 
Шанхай полициясында істейтін біздің адамымыз полицейлердің «Триаданың» 
бақылауындағы аймаққа кіруден қорқатындарын, егер онда бара қалса, олардың 
арасында қантөгіс болуы мүмкін екенін жазады.
 
Сондықтан Шанхайға менің баруыма тура келді.
 
Шанхай полициясындағы біздің адамымыз мені баратын жеріме жеткізіп салған 
жоқ, бірақ қайда бару керектігі маған онсыз да түсінікті еді. Мен өзіме қажетті үйдің 
алдына тоқтап, іштен шыққан дыбыстарға құлақ түрдім. Жартылай ашық тұрған есіктен 
қыздың жыламсыраған дауысы естіліп тұр. Мүмкін, бұл Сюй Миннің дауысы болар деп 
ойладым мен. Қыздың нақты не айтып жатқанын ажырата алмадым. Дыбысымды 
шығармауға тырысып ақырын алакөлеңке бөлменің ішіне кірдім. Мені көрген қыз жылап 
қоя берді.
 

 
Сюй Мин!
 
Иә, бұл шынында да сол еді. Сюй Мин маған қарай тұра ұмтылды, бірақ 
еркектердің бірі оны қолынан шап беріп ұстап алды да, көрші бөлмеге итеріп кіргізіп 
жіберді. Мен жазу үстелінің басында маңызданып отырған адамға қарай беттедім. Сірә, 
мұндағылардың бастығы костюм киіп отырған осы адам болса керек. 
 

 
Аса құрметті мырза, менің ойымша, бұл қызға қатысты азадаған түсінбеушілік 
орын алса керек.
 

 
Жігітім, бұл қыздың саған еш қатысы жоқ, – деді ол үстелден басын 
көтерместен.
 
Мені бәрінен де оның маған тіпті көз қырын да салмағаны таңдандырды. Сонда мен 
тез әрекет етіп үйренген адам ретінде сенімді әрі кесімді үнмен:
 

 
Сендер оны ұрлап әкеттіңдер, – дедім.
 

 
Біз ешкімді ұрлаған жоқпыз, – деді ол менің сөзімді бөліп.
 

 
Сіз мені түсінбей тұрсыз, – дедім мен алған бетімнен қайтпай. – Сюй Мин 
Кантондық Су әулетінен шыққан. Сіз оны босатуға және менің атам Чжэн Лин 
Судан кешірім сұрауға тиіссіз.
 
Маңғаз мырза тыжырына қабағын шытты. Біздікі секілді беделді әулетке көрсеткен 
осындай қорлық үшін кінәлінің кешірім сұрап, шыққан шығынды өтеуге міндетті екенін 
әрбір адам біледі. Олай болмаған жағдайда қорлық көрген жақ кек қайтарып, кінәлінің 
әулетін толықтай жойып жіберуге дейін барады. Әлгі мырза менің нені айтып тұрғанымды 
жақсы түсінді, бірақ менің Су әулетінен шыққаныма сенбейтіні көрініп тұр. 
 

 
Сенің атаңнан кешірім сұрау қажет пе? – деді ол мысқылдай күліп. – Ал сенің 
өзің кімсің, домалақ көз? – Осылай деген ол мырс етті де, жақтырмай түкіріп 
қалды. 
 
Кенет менің арт жағымдағы есік ашылды да, қолдарына пышақ ұстаған жеті-сегіз 
адам кіріп келді. Бұл істің бейбітшілікпен аяқталмайтыны түсінікті еді. Мен өзімнің 
ұрысқа арналған балташамды шығардым, сөйтіп, жолбарыс іске көшті.
 
Мен олардың қатал түрде сазайларын бердім және «Триаданың» тарапынан еш 
қарсылықсыз Сюй Минді үйге алып кеттім. Бұл жағдай менің қытайлық туыстарымның 

32 
 
сенімдері мен құрметтеріне ие болуыма көмектесті. Маған бәрінен де жетпей жүргені осы 
болатын. 
 
Арада біраз уақыт өткенде атам мені келесі қатаң сынаққа дайындай бастады. Сол 
сынақтан өткеннен кейін ғана мен кун-фу шебері атану құрметіне ие бола алатын едім. 
Бірақ мен алдымен бір қатар ауызша және іс жүзіндегі тексерулерден өттім, тек содан 
кейін ғана мені ақтық сынға – «та шуй» немесе « үңгір жол  сынағынан» өтуге жіберді. 
Бұл аса қауіпті сынақ, сондықтан ол арқылы өтуге тек бірен-саран адамның ғана батылы 
жетеді. Үңгір жолға жүрек жұтқан санаулы адамдар ғана кіреді және олардың көбі ол 
жерден шықпай қалады.
 
Атам екеуміз солтүстікке бет алдық және бірнеше күннен кейін Шандунь аймағына 
келіп жеттік. Тай-шань тауының етегінде орналасқан бұл жерде ұзын үңгір бар екен. 
Өзімді жақсы сезініп тұрған мен бұл сынақтан өтуге дайын тұрдым. Ұрыс өнеріне 
үйренуімнің осы кезеңінде мен ешқандай қорқынышты білмейтінмін және кез келген 
қиындықты жеңіп шығуға құлшынып тұрған болатынмын. Жаздың шуақты күні болатын, 
бірақ үңгірдің ішіне кіргенім сол екен, бірден суықты сезіндім. Жарықтан келіп, алакеуім 
үңгірдің ішіне көздерімді үйретуіме бір минөттей уақыт кетті. Майшамдар үңгір ішіне 
әзер жарық түсіріп тұр. Менің алдымда бірнеше метір жерге созылған әйнек сынықтары 
бар екен. «Бұл түк емес», – деп ойладым мен. Құтанның жеңіл жүрісімен әйнек 
сынықтарының үстінен өттім және табанымның сәл жыбырлағанынан өзге ештеңені 
сезінген жоқпын. Әйнек сынықтарынан кейін ыстық көмірлер жатты. Бірақ менің 
табандарымның терісінің күстеніп кеткені сондай, ыстық көмірдің үстімен жүру маған еш 
қиындық тудырған жоқ. Іштей айқасқа асығып келе жатқаныма қарамастан, мен асықпай, 
сеніммен қадам басып келе жаттым. Міне, ақыры қиын сынақ кез келді. Алдымда не күтіп 
тұрғанын көрген мен тіпті іштей күлімсіреп қойдым. Бұл маған керектің нағыз өзі еді. 
Жолымды сегіз қырлы ағаш қаңқа бөгеп тұрды. Бірнеше бамбук таяқтардың үстінде 
тұрған оның астыңғы жағына найзаға арналған жүздер бекітіліпті. Шытырман жолды 
білдіретін бұл құрылғы қиғаш және көлденең бағыттарда орналастырылған бамбук 
ағаштарының арасына бекітіліпті. Мен осы таяқтардың арасымен өтуге тиіс едім. 
Олардың біріне жанасып кетсем болды, үшкір істіктері бар құрылғы үстімнен басып 
қалады. 
 
Мен ойланып қалдым. Бұл менің ептілігім, тапқырлығым мен дәлдігім үшін сын 
еді. Бұл шытырманнан мен тек иреңдеген жыланның қозғалысын салу арқылы ғана өте 
аламын. Бар назарымды аяқ-қолдарыма аударған мен бірде арқамды бүкірейтіп, енді бірде 
бір қолға ғана тұру арқылы алға қарай жылжи бастадым. Түрлі әдістерді қолдана отырып 
ақыры шытырман жолдан өтіп шықтым. 
 
Келесі сынақ жүзі ұстараның жүзіндей тас болып шықты. Ол бүкіл жолды алып 
жатқандықтан, мен оның өткір жүзінің үстімен жүруге мәжбүр болдым. Май шамдардың 
әлсіз жарығынан ұстара тастың екі жағындағы еден мен қабырғалардың жалтылдап 
тұрғандарын байқадым. «Мұнай ғой...» – деп ойладым. Барлық жерде мұнай жатыр. Мен 
тек сегіз метірлік ұстараның үстімен ғана жүре алатын едім. Оның үстіне үңгірдің осы 
тұсы тым тар болғандықтан, жүретін өзге жол да жоқ болатын. Бұл сынақтың тек 
бастамасы ғана екенін, қиындықтардың мені әлі алда күтіп тұрғанын сезіндім. Маған 
күшімді барынша жинақтау қажет болады. Мен тынышталып, ойымды жинақтадым және 
ауруды сезінбеу үшін бойымдағы цидің бар қуатын аяқтарыма бағыттадым. Тепе-теңдікті 
сақтай отырып тас ұстараның шетіне шықтым да, алға қарай қозғалдым. Кенет үңгір 

33 
 
ішімен өзіме қарай құтырына жүгіріп келе жатқан жабайы итті көрдім. Бірақ осы кезде 
атамның: «Үнемі сақ бол, күтпеген нәрселердің болуы мүмкін», – деген сөздері есіме 
түсті. Мен иттің бар болғаны менің назарымды басқа жаққа аудару құралы екенін 
түсіндім. Ол аузынан көбік шаша маған ұмтылуда, бірақ онысынан ештеңе шықпады, 
себебі ол қалың шынжырға байлаулы еді. Мен ци қуатын бұрынғысынша бақылауымда 
ұстап, тастың жүзімен алға қарай сенімді түрде келе жаттым. 
 
Жабайы итті артта қалдырып,  үңгір ішімен абайлап алға қарай жүрдім. Қауіпті 
жағдайды күтіп аса сақ келе жатырмын. Үңгірдің аумағы қайтадан кеңи бастады да, мен 
алдымнан нағыз кедергіні көрдім. Бүкіл үңгір жолды көлденеңінен алып жатқан үлкен 
тастың үстіне бетінде үш ашалар жыпырлап тұрған тақтай қойылыпты. Ауыр дөңгелекті 
бұл қондырғы орнынан ешқашан қозғалмаған секілді болып көрінеді. Оның менің 
жолымдағы қиын сынақ екені сөзсіз еді. Маған арғы бетке қарай өту қажет, бірақ та 
ұстайтын немесе сүйенетін ештеңе жоқ: барлық жерде үш ашалар шошайып тұр. 
 
Мен тағы да ци қуатын жинақтап, оны қолдарыма бағыттадым. Бұл менің үш 
ашаларды бар күшімді сала алақандарыммен басуыма мүмкіндік берді. Қондырғы 
қозғалған жоқ. Мен үш ашалардың үстіне аяғымды тіреп тұрып тағы байқап көрдім. Ол 
тағы да қозғалмады. Бірақ мен жеңіліс табуға тиіс емес едім. Тынығып алғым келді, бірақ 
мен бар көңілімді ци қуатын басқаруға бағыттадым. Тәсілді өзгертуге тура келді. Жүз 
сексен градусқа кері айналдым да, тақтайдың үстіне арқаммен жаттым.
 
Атамның қол астында болған көп жылдардың ішінде мен істіктердің, шегелердің, 
найзалардың жүздері секілді үшкір нәрселердің батуына шыдауды үйреніп алған едім. Бұл 
күнделікті жаттығулардың бірі еді: атам найзаның ұшын денеме тіреп, оны бар 
салмағымен басатын. Кебу ысқыш секілді жұмсақ етті тесіп өту өте оңай. Бірақ бойына 
ылғал жиып алған ысқыш қатайып алады. Егер дененің бүкіл қуатын бір жерге, мысалы, 
қарынға жинайтын болса, онда тері мен бұлшық еттер дәл солай қатайып шыға келеді. 
Осылайша, терінінің сыдырылғанын және сызып кеткенді есепке алмағанда, жаттығулар 
кезінде мен жарақатты өте сирек алатынмын. 
 
Қондырғы сықыр етті де, менің салмағыммен қозғалып кетті. Бұған жігерленген 
мен әрекетімді жалғастыра бердім, бірақ арқама ашалардың батып жатқандарын сезіндім. 
Қайтадан айналып, бастапқы қалпыма келдім де, ци қуатын жинақтадым және көздерімді 
жұмып, қондырғыны ойша қозғалта бастадым. Мен тіреуді қолдарыма ауыстырдым және 
енді менің бүкіл денем жалғыз мақсат – тақтайды орнынан қозғалтуға бағытталды. Сонда 
тақтай қозғалды, бірақ дөңгелектері орнынан мызғыған жоқ. Сол кезде тынысымның бар 
күшін қолдана отырып тағы да медитация жасадым. Мен Лоусиді ұятқа қалдыра алмайтын 
едім. Ол мені мақтан тұтуға тиіс. Бар күшім жинақтап, қондырғыны жарты метірге 
сырғыттым да, тізерлеп отыра кеттім – бар қуатым денем арқылы тасқа өтті. Алдымнан 
пайда болға тар қуыс арқылы өтпес бұрын мен тоқтап, масаттана күлімсіредім.
 
Асқан сақтықпен алға басып келе жатып, үңгір ішінің жарық тарта бастағанын 
аңғардым. Сынақ аяқталып келе жатқан болатын, бірақ дәстүрді білетіндіктен әлі де 
кедергілердің кездесуін күттім. Осы сәтте қатты қызған темірдің иісін сездім. Арада көп 
өтпей үңгірдің шығар есігі көрінді. Күннің жарығымен жарқырап тұрған есіктен атамның 
сұлбасын байқадым. Бірақ үңгірден шығар есікті іші қатты қызған темір үгінділеріне толы 
үлкен қазан бөгеп тұр екен. Қазанның өзі де қып-қызыл болып қызып тұр екен, салмағы да 
жүз килограммнан кем емес. Қазанның ішінен темірден жасалған жолбарыс тырнақтары 
шошайып шығып тұр, ал сырттан менің денемді парша-парша етуді асыға күткен 

34 
 
айдаһарлардың бейнелерін көрдім. Бұл менің батылдығымның, күшім мен төзімділігімнің 
соңғы сынағы еді. Мен Лоусидің жүзіне назар аудардым. Оның жүзінен әдеттегідей 
ештеңе оқу мүмкін емес еді. Бірақ мен оның жігер берген көзқарасына мүлде мұқтаж емес 
едім. Маған оның осында болғанының өзі жеткілікті болатын. 
 
Мен бойымды жиып, ци қуатын қолдарыма бағыттадым. Аз уақыттан кейін 
қолдарымнан жан кетіп, мұз секілді сұп-суық болды. Алдыма тура қарап, қызып тұрған 
айдаһарларды қаусыра құшақтадым. Лезде шаш пен еттің күйген иісі аңқып кетті, бірақ 
мен үшін мұның еш мәні жоқ еді. Ауруды сезінген жоқпын. Бар күшімді жидым да, 
жолбарыстың аяқтары секілді қайратты қолдарымның көмегімен алып қазанды көтеріп 
алдым. Сыртқа шығып тұрған жолбарыс тырнақтарынан жарақат алып қалмас үшін, мен 
оны қолдарымды алдыға соза көтердім. Сенімді қадаммен, бірақ сәл теңселе басқан күйі 
ауыр қазанды үңгірден алып шығып, қожайынымның алдына қойдым. Жүзі кенет жайнап 
шыға келген ол маған күлімсірей қарады. Мен ыстық қазаннан қолдарымды алдым. 
Медитацияның күшімен олар әлі суық болып тұр еді, бірақ иығымдағы ыстық айдаһарлар 
батқан жердің терілері күлдіреп қалыпты. 
 
Лоуси айрықша қимылмен маған өзінің құрметін білдірді. (Бұл қимыл арқылы 
лайықты қарсыластар және шәкірт пен ұстаз өздерінің бір-бірлеріне деген қатынастарын 
білдіреді). Ол инь мен янь, яғни, күн мен айды бейнелейді. Айды бейнелейтін жұдырық 
болып түйілген оң қол, күнді бейнелейтін сол қолдың ашық тұрған алақанына барып 
тіреледі. Әр жаттығудың немесе айқастың алдында мен өз қожайыныма деген 
берілгендігімді осы қимыл арқылы білдіретінмін. Енд осы қимылды ол тұңғыш рет маған 
қатысты көрсетті. Мен үшін бұл өте үлкен құрмет еді. Атам маған сәнді қылыш сыйлады. 
Бұл қылыш менің жаңа жағдайымды бейнелейтін. Осы күннен бастап мен кун-фу шебері 
Ло Фу Цзайға айналдым. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет