Social, Mentality and Researcher Thinkers Journal smartofjournal.com / editorsmartjournal@gmail.com / Open Access Refereed / E-Journal / Refereed / Indexed 12
КАСПИЙ ТЕҢІЗІ Каспий теңізі оқшауланған су алабы ретінде өзіне тән гидрологиялық режимге ие.Оған әсер
ететін факторлар: климаттық жағдайлары, өзен ағыны, тереңдігі, теңіз түбінің жер бедері,
жергілікті жер бедері. Теңіз деңгейінің толқуының жылдық деңгейі 30-35 см құрайды, кей
жылдары 55 см-ге жетеді. Каспий теңізінің жылдық өзгерісі климат факторларының
маусымдық өзгерістерімен байланысты. Негізгі ықпал өзен ағыстарынан болады, оның
көбеюуі деңгейдің көтерілуін, ал азаюы деңгейдің түсуін қамтамасыз
етеді. Деңгейдің
көтерілуі шілде, маусым айларында байқалады, ал төмендеуі желтоқсан, ақпан айларында
болады. Сәуір айынан бастап теңіз деңгейі көтеріле бастайды да маусымда шегіне жетеді.
Деңгейдің орташа маусымдық тербелуі 22-30 cм аралығында сақталады.
Каспий теңізінің солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең жері 26 м, жалпы
теңіз ауданының 24% алады. Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 200 м, ең терең жері 788 м,
жалпы теңіз ауданының 36%-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 м, ең терең
жері 1025 м, ол теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66 %-ын алып жатыр. Каспийге
шығыс жақтан Маңғыстау, Түпқараған, Бозащы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр.
Каспий теңізінің деңгейі шұғыл ауытқып тұрады. Бакуде 1830-жылдан бері үздіксіз
жүргізілген байқаулар бойынша өткен ғасырдың алғашқы жартысында бірнеше жылдар бойы
су деңгейінің көтерілуі анықталған. Өткен ғасырдың екінші жартысының басында деңгей
төмен түскен, ол 15 жылға созылған. Бұдан соң қайтадан көтерілуі болған, ол XX ғасырдың
70- жылына дейін созылған. Одан кейін деңгейдің қайта төмен түсуі байқалған, деңгейдің
төмендеуі, әсіресе біздің ғасырымыздың 30-40- жылдары өте үлкен мөлшерге жеткен. Қазіргі
кезде теңіз деңгейі төмен түсуде.
Теңіздің солтүстік бөлігінің климаты континентальды, температураның амплитудасы үлкен
және атмосфералық жауын- шашын аз түседі. Мұнда ауаның қаңтар айындағы орташа
температурасы -5-6
0
С шамасында, аяз -38
0
С, шілде айында орташа температура 23-24
0
С.
Жылдық жауын – шашын мөлшері 100-150мм. Теңіздің солтүстік бөлігі қыста қатып калады,
орталық бөлігінде судың температурасы 0
0
С болады, теңізді мұз жаппайды, мұнда қалқыма
мұздар пайда болады. Жазда судың бетінде температура біршама жоғары болады.
Теңіздің Қазақстандық бөлігінде суында оттегі мол, ал оңтүстікке қарай барған сайын оның
мөлшері азая береді.
Каспий теңізінің суы көгілдір-жасыл түстен, сарғыш-қоңыр түске дейін өзгереді. Судың
мөлдірлігі лай өзен ағындарының әсерінен жоғары емес. Каспий теңізінің шөгінділері
айрықша борпылдақ болып келеді. Басым жамылғы қабатын қоспалар мен ұлу қабықшалары
қосылған түрлі түстегі лайлар құрайды. Каспий теңізінің ауа және су температурасы әртүрлі
болып келеді. А.М.Книповичтің зерттеулері нәтижесінде Каспий теңізің өзіне тән ағыс жүйесі
анықталған.Ағыс теңіздің батыс жағалауын бойлап салқын ағыс түрінде бағытталады да
оңтүстік жағалауға жетіп, шығысқа бұрылады, содан соң солтүстікке бағыт алып,осы тұстан
қайтадан батысқа қарай қозғала отырып, солтүстік ағысқа қосылады. Сонымен қатар Оңтүстік
Каспийдің ерекше ағыс жүйесі анықталған.
Каспийде жануарлардың 2000-ға жуық түрі (оның ішінде омыртқасыздар – 1069,
омыртқалылар – 415, паразит жануарлар – 325) тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін
эндемик жануарлар (шаянтәрізділердің 60%-ы, моллюскілердің 80%-ы,балықтардың 50%-ы)
құрайды. Каспий теңізінің балық қоры 2,9 млн.т. болса, оның 40%-ы Солтүстік Каспий
бөлігінің үлесіне тиеді. Бекіретәрізділердің дүниежүзілік өнімінің 90%-ы осында
ауланады.Соңғы кезде балықтардың уылдырығын шашатын жерлеріне кедергі келтіретін
өзендерге салынған бөгеттер судың радиациялық және химиялық жолмен ластануы
браконерлік етек алуы бекіренің қорын азайтуда.