Жолдары қарастырылған. Капий теңізі-тұйық су қоймасы. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап оны теңіз деп атады


Social, Mentality and Researcher Thinkers Journal



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата26.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#143833
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
817595998 3. Abişeva 11-17

Social, Mentality and Researcher Thinkers Journal
smartofjournal.com / editorsmartjournal@gmail.com / Open Access Refereed / E-Journal / Refereed / Indexed 
16 
Каспий миногасы (Сaspiomyzon warneri) – миноготәрізділер отрядының миногалар 
тұқымдасының жалғыз түрі. Каспий теңізі су алабы Әзербайжан және Солтүстік жағалауында 
тараған. Теңізден Еділ, Жайық, Кура, Терек өзендеріне және олардың салаларына өрлейді. 
Каспий миногасының ұзындығы 20-55 см, ал салмағы 30-200 г болады. Денесі жалаңаш пішіні 
жыланбалық тектес. Қаңқасында сүйекті тіні болмайды, екі арқа және құйрық қанаты болады, 
аузы соруға бейімделген. Көбеюі мен дернәсілдік уақыты 8-9 тәулікте өтеді.Каспий 
миногасының еті дәмді, әрі майлы болғандықтан (30-34 %) көп ауланған. Қазақстанның 
(Қызыл кітабына) енгізілген (1996).
Каспий миногасы 
Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдасы, 371 туысқа бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 
357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі Қазақстанның 
Қызыл Кітабына енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі ( рның 5 түрі жоғары 
сатыдағылыр) өседі. Құрлықта негізінен гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түр) 
кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, егеушөп, мүйізжапырақ т.б. өседі. 
Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырықтарының су түбінде бекінуі үшін қажет.
Каспий жағалауының табиғатына атмосфераның, топырақ, жамылғысының, судың ластануы 
үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай – газ өндіретін және оны қайта 
өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде.Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық басты 
экологиялық проблемасы – ілеспе газды іске жарату. Мұнай кен орындарында мұнай 
өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды 
ластайды. Теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы 
органикалық пестицидтер, аммонийлі азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген 
мөлшерден жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғарғы концентрациясы 
мамыр- шілде айларында байқалады. Мұндай теңіз жағалауының мұнай өнімдерімен, улы 
газдармен ластануы планктондар мен теңізде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктерге кері 
әсерін тигізуде. 
Геологиялар жұмыстың барысында соңғы жылдары итбалықтың, құстардың жаппай қырылуы 
теңіздің қазақстандық бөлімінде дабыл қағарлықтай жағдай. Бізге «қара алтын» игеру 
жолында табиғатты құрбандыққа шалмау, қоршаған ортаны таза күйінде сақтау жолындағы 
шараларды қолға алатын кез жетті. Қәзіргі кезде Каспийдің табиғи қорының 3 экологиялық 
проблемасы бар.
1.
Қошқар – Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн тонна улы және 
радиоактивті қалдықтар сақталады. Оған көп қаражат керек. Қазіргі уақытта 77 км жер 
тазартылып, көлемі 30 км жағажайлар пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет