Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Бүгінгі өткізген сабағымның оқу мақсаты мен міндеттері орындалды. Оқушылар сабақ барысында шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы жазылым дағдысын қалыптастырды. Жаңа ұғымдармен танысып, шығарманың негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріп, күнделік пен очерк жанрларын салыстыруды үйренді. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты. Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарыма күрделі тапсырмаларды оқушы деңгейіне сай ұсыну барысында әдіс – тәсілдерді қайта енгізу үшін өзгеріс енгіздім.
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1: «ДЖИГСО» әдісі арқылы ұсынылған мәтінге түйіндеме жасау
2: Күнделік пен очерк жанрын салыстыру
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға
қатысты)?
1: Шығарма мазмұны бойынша әңгіме құрастыру
2: Шығармадан алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табу
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1: Топқа бөлген кезде оқушы санының қанша болғаны маңызды емес. Маңыздысы – берілген
тапсырманың сыныптағы әр оқушыға шақталып құрастырылуында. Осылайша тапсырманың
әр бөлігін бір-бірлеп топ мүшелерінен сұрау арқылы сыныпты толық бағалауға мүмкіндік
туады.
2: Тапсырма құрастырғанда кемінде бір тапсырманы еркін форматта ұсыну қажет. Сонда
жекелеген оқушының қай бағытқа қызығушылығы бар екендігін анықтау, келесі сабақта
қалай жауап беруге тарту қажеттігі еш қиындық тудырмайды.