Жоо атауы бизнес-жоба тақырыбы



бет7/8
Дата27.10.2022
өлшемі113,12 Kb.
#45578
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Антикор бп (1) (1)

8.1 Басқару құрылымы
Қажет болған жағдайда заңды тұлға, оның серіктестері туралы толық ақпарат (аты-жөні, жасы, байланыс телефондары, білімі, басшылық жұмыс, кәсіпкерлік тәжірибесі, яғни қысқаша биографиялық анықтама беріледі).

Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының маңызы жоғары. Өйткені дұрыс ұйымдастырылған менеджмет кезінде өндірістік қуаттарды барынша тиімді пайдалануға болады. Персоналды дайындау немесе қайта дайындау білікілігін арттыру қажеттігі және мұмкіндігі.


Кесте 7 - Штаттық кесте





Жұмысшылар санаттары

Бірліктер саны, адам

Айлық еңбек ақы, теңге

Жылына еңбек ақы, теңге































































8.2 Өндіріс технологиясы (қажет болған жағдайда) немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы
Бұл бөлімде құрылып отырған кәсіпорында қабылданған өндіріс технологиясы баяндалады. Атап айтқанда, өндіріс/құрылыс алаңдарының бар болуы, климат, көліктік, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілуі, құрылыс-монтаждау, қосымша жөндеу ұйымдарының болуы, өндіріс бағдарламасы және заңды тұлғаның қуаты, өндіріс технологиясы және оны таңдаудың негіздемесі, өндірістік активтердің басты басты түрлері (жабдықтау және т.б.), оны жеткізушілер, жеткізу шарттары (жалға алу, сатып алу), бағасы; материалдық қорларға жылдық сұраныс (шикізат, қосымша материалдар, бөлшектер, қосалқы бөлшектер, коммуналдық қызметтер және т.с.с.).
8.3 Құрал-жабдықтардың сипаты суретімен (қажет болған жағдайда)
Бұл бөлімде өнімге (көрсетілетін қызметке) жан-жақты сипаттама беріледі. Атап айтқанда:

  • өнімнің ерекшеліктері бар ма, жоқ болған жағдайда тұтынушыларды немен қызықтыруға болатыны;

  • қандай қосымша қызметтер оны бәсекелестерге (шетелдік бәсекелестерді қоса алғанда) қарағанда ұнамды ететіні;

  • технологиялық өзгерістердің өнімге әсер етуі (табиғатты қорғау заңнамасы, алмастырушы өнімдер);

  • ұсынылған өнімге бәсекелес болатын әлеуетті, жаңа өнімдер;

  • пайдаланылатын патенттер туралы ақпаратты көрсетіп, тауар мен тауар белгілері;

  • осы өнім өндірісі бойынша тәжірибенің бар немесе жоғы;

Бұл жерде жобаның сәттілігін негіздейтін жан-жақты дәлелдерді келтіру керек.


9. Қаржылық жоспар
1. коммерциялық банктердің немесе басқа қарыз берушілердің (шетелдіктерді қоса алғанда) несие беруге келісімдері осы ұйымдардың сәйкес басшыларымен құжатты түрде расталған болуы керек, несие беру шарттары міндетті түрде көрсетілуі керек: мемлекеттік кепілдіктің бар болуы, пайыздық мөлшерлеме, несиені беру және өтеу мерзімдері, қосымша талаптар.
Облыстық бюджеттен қайтарымды және ақылы қаржы алу туралы өтініш сұратылып отырған қаржының мақсатты жұмсалатыны туралы міндеттемемен нығайтылған болу керек.
Салынған қаражат жойылған жағдайда талапкер мемлекеттік кепілдікті алуға тырысса, осы бөлімде тәуекелдерді сипаттап, кепілдіктің маңыздылығын негіздеу керек.
2. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың қаржылық нәтижесі (пайда бойынша жоспары) өндірілген өнімді сатудан түскен түсімдердің бөлінуін, тоқсандар мен жылдар бойғы таза пайданың көлемін көрсетеді.
3.Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтаудың бастапқы деректері болып ақша түсімдері мен төлемдер жоспарының деректері табылады. Жобаны іске асырудың алғашқы екі жылы бойынша көрсеткіштер тоқсан бойынша бөлінумен көрсетіледі. Жобаның іске асырылатынының басты шарты болып әр уақыт интервалындағы ақша ағынының оң мәні табылады.
4. Инвестициялық жобаның тиімділігі таза дисконтталған кіріс көрсеткіштері кірістілік индексі, кірістіліктің ішкі нормалары, өтемділік мерзімі, залалсыздық межелі, бюджеттік әсер бойынша бағаланады.
5. Өтемділік мерзімі – осы бизнес-жоспар бойынша жобаны жүзеге асыруды бастаған уақыттан бастап, амортизациялық шығындарды қосқанда жинақталған таза кіріс пен инвестициялық шығындар арасындағы айырмашылықтың мәні оң болған уақыт аралығы. Таза дисконтталған кіріс, кірістілік индексі, кірістіліктің ішкі нормалары, өтемділік мерзімі – тиімділік талаптары. Осы тиімділік талаптарын есептеу барысында дисконттау мөлшерлемесі конкурсқа құжаттарды өткізген уақытта бағалы қағаздарды қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен кем болмау керек.
Жобаның тиімділігін анықтау кезінде таза кіріс мен амортизациялық шығындар көрсеткіштері тек инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысына қатысты есептеледі, жұмыс істеп тұрған ұйымныңағымдағы шаруашылық қызметіне қатысты емес.
6. Залалсыздық пайда әкеле бастаған межелі өнімді өткізу көлеміне сәйкес келуі тиіс.
Есептелген өнімді өткізу (шығару) көлемі жасалып жатқан кәсіпорынның жобалық қуатымен салыстырылады.
Залалсыздық межелі тұрақты табыстардың мөлшері мен өнім бағасынынң әр түрлілігіне қатынасын өнімді өткізу көлеміне бөлгенде есептеледі.
7. Бюджеттік әсер – инвестициялық жобаның әсері осы жобаны жүзеге асыру барысындағы түсімдер мен облыстық бюджеттің төлемдері арасындағы сальдо. Есептерде түсімдер көлемі мен төлемдерді жобаны жүзеге асыру жылдары дисконттау жүргізіледі.

Кесте 8 – Табыстар мен шығыстарды жоспарлау









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет