Жоо мен орта мектептерде



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата03.01.2017
өлшемі10,75 Mb.
#1050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Тема урока:
 
  
Сказки « Аист и 
Соловей» и 
«Болтливая жена».
Цель: 
 
 Познакомить учащихся со сказками «Аист и соловей» и 
«Болтливая жена» 
Задачи: 
 
 1.познакомить учащихся с содержанием сказок;
2.развивать аналитические умения и самостоятельную 
деятельность учащихся, развивать устную  и письменную речь, 
выразительное чтение, логическое мышление; 
3.воспитывать чувство юмора и отрицательное отношение к 
такому качеству как болтливость.
Учащиеся готовятся к 
уроку. 
1. Актуализация 
знаний
*Беседа о сказках 
Уч-ся беседуют на тему 
«Сказки»   
2.Опрос домашнего 
задания 
прочитать  сказку «Царевна - лягушка», стр.13-20 +пересказать
Учащиеся рассказывают 
домашнее задание 
3. Объяснение 
нового материала   
*Чтение сказки «Аист и Соловей»
*Работа по вопросам:
-О чем эта сказка?
-Чему она учит?
*Чтение сказки «Болтливая жена»
*Работа по вопросам:
-Почему сказка так называется?
-Дайте характеристику Ивану и его жене.
-Какой совет вы бы дали Ивану и его жене?
-Что бы вы посоветовали себе, прочитав эту сказку?
 
     
Учащиеся читают сказки, 
ведут вопросно-ответную 
беседу, делают выводы, 
работают в группах, по 
парам, индивидуально. 
4. Закрепление 
нового материала   
Работа в тетрадях: 
-выпишите однокоренные глаголы
-нарисуте схему движения Ивана от дома к кладу
-прочтите сказку по лицам
 
     
Учащиеся работают в 
тетрадях, работают по 
парам, индивидуально. 
5. ОО и ОдО
Предлагается заполнить листы самооценивания, 
взаимооценивания. 
Заполняют листы 
6. Рефлексия
Постер «Птицы» 
Прикрепляют  птичек на 
постер 
7. Последущее   
задания
прочитать сказки, стр.22-24, перессказать
Запись в дневниках 
Султангалиева Жамила Сатгалиқызы
Орал қаласындағы МКҚК №38 «Жазира»
бөбекжайының II санатты музыка жетекшісі
«Балдаурен» өнер сайысы
Мақсаты: Зерделі, тапқыр да  шапшаң ойлайтын жеке тұлға тәрбиелеу. Балаларды өз беттерімен
жұмыстануға  баулу, шығармашылық ойларын дамыту, өз ойларын еркін айтып, қорытынды
жасап, өнерлі болуға тәрбиелеу. 
Әсем безендірілген залға мерекелік сайысқа қатысушы балалар « жеті нота» биімен ашады.
Жүргізуші:     Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
                        Босқа қарап тұрмаңыздар. 
                        «Өнер» сайысын  бастамас бұрын
                        Қызықтан тыс қалмаңыздар.
                        Бүгін біздің бақшада, дүбірлі той.
                        Ден қойып тыңдаңыздар
                       Жырдан шашу шашамын, күй күбірлеп.
                        Қош келдіңіз, баршаңыз сергісін бой.
Армысыздар! Ата –аналар, әріптестер, балғын бүлдіршіндер! Бүгінгі ортаңғы топтар арасында  өткізіліп  отырған « 
Балдаурен» өнер сайысына қош келдіңіздер!
Құттықтау сөз №38 « Жазира» бөбекжай директоры: Муканова Мендігүл Төлеуқызына  береміз.
Жүргізуші:  Кімдер жүйрік өнерлі біз білейік? 
                     Баршамыздың мақтанышы  деп жүрейік.
                      Қазыларға тек  қана әділдік 
                     Ал, сайыскерлерге сәттілік тілейміз.
Ендеше  әрі қарай  сайысымызға қатысатын бүлдіршіндерді реттік сан суыруға шақырамыз. 
1.
Балдырған  тобы: Тұрар Артур., Сапар Ранида.
2.
Болашақ  тобы:  Серік Дильназ., Болат  Нұрдаулет.
18

3.
Ақбота тобы: Қанатов  Мейірбек, Жасбуын Асылнұр
4.
Еркетай  тобы: Науша Айдын., Қайырболат Айкөркем.
Жүргізуші: Әрі қарай сайысымызға әділ баға беру үшін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтеміз.
       1. №38 «Жазира» бөбекжайының директоры М.Т.Муканова
       2. №40 «Болашақ» бөбекжайының әдіскері Эльмира Ізбасарқызы
       3. №50 «Заңғар» бөбекжайының музыка жетекшісі Б.О.Қоблашева
Сайсымызды бастамас бұрын сайыс турларымен  таныстырып өтемін.
9.
«Сәлем сөздің анасы» (таныстыру)
10.
«Өнерлінің өрісі кең» (ән айту өнері)
11.
«Биші болам өскенде» (би өнері)
12.
«Әуенді тап» (слайд арқылы әнді табу)
Жүргізуші:  Сайыскерлеріміз І турға дайын болғанша кезекті әнге береміз.
                         Ән: «Ойыншықтар» Дастан Айтөре
Жүргізуші: Шыққан соң бұл сайысқа талаптанып,
                     Шын жүйріктер шығады сарапталып.
                     Топтарымыз өзін-өзі таныстырсын,
                      Қолдап тұрсақ кетпейме қанаттанып! Ендеше кезекті І турға береміз. (Топтар өздерін таныстырады)
Жүргізуші:  Құлақтан кіріп бойды алар
                      Тәтті әнмен жақсы күй
                       Көңілге түрлі ой салар
                       Әнді сүйсен менше сүй, деп Абай атамыз айтқандай яғни кезекті «Өнерлінің өрісі кең» ән айту турына береміз.

Балдырған тобы: «Әжем айтқан ертегі» (Артур, Ранида)

Болашақ тобы: «Балабақша» (Нұрдәулет,Дильназ)

Ақбота тобы: «Ән салам» (Мейірбек,Асылнұр)

Еркетай тобы: «Қыс қызығы» (Айдын, Айкөркем)
Жүргізуші:  «Өнерлі өрге жүзер»деп,
                       Айтылған сөздің жолы бар
                       Мың бұрала билеген
   Биімізді қабыл ал демекші, әрі қарай сайыскерлеріміз келесі бөлімге дайын болғанша бір тамаша биге кезек берейік.
 Би: «Павлин». Қалалық «Қуырмаш» байқауының жүлдегері - Досжан Толғанай
Жүргізуші:  -Рахмет биші қызымызға.
                      Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
                      Ару қыздар билесін тербетіле.
                      Аққудай қалықтаған  теңізде,
                      Бишілер өз өнерлерін көрсетеді- дей келе  бүгінгі сайысымыздың «Биші болам өскенде» турына береміз.
     1. Балдырған тобы: «Шляпа» (Артур, Ранида)
2.Болашақ тобы: «Раушангүл» (Нұрдәулет,Дильназ)
     3.Ақбота тобы: «Ча-ча» (Мейірбек,Асылнұр)
     4.Еркетай тобы: «Үнді» (Айдын, Айкөркем)
Жүргізуші: Рахмет сайыскелерімізге әрі қарай сайысымызды жалғастыра отырып ІV бөлім «Әуенді тап» бөліміне кезек 
береміз.
(Сайысқа қатысушылар топ өздеріне берілген әуенді слаид суреті бойынша табады.)
Жүргізуші:  Қазақ халқы өнегелі бай екен,
                      Өнер деген мол қазына кең екен
                      Домбыра тартып, ән айтып жырлайтын,
                       Өнерлі қазақ  кемде кем екен, дей келе бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жете келді, енді сайыскерлеріміздің 
өнерін бағалайтын әділ қазалар шешімі дайын болғанша кезекті әсем әнге, биге берейік.
   Ән: «Балбөбектер»  Айналайын тобы
   Би: «Қонжықтар» Айгөлек тобы
Жүргізуші:Ұшқыр ойға серік болып шебермін,
                     Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
                     Арамызда өнерлі достар көп екен,
                      Солардың  біз нәтижесін көрейік, дей келе сөз бүгінгі өнер сайысымызды қортындылау үшін сөз кезегін әділ 
қазылар алқасына берейік. Жеңімпаздарды марапаттау.
Жүргізуші:  Бүгін міне оң болсын әр ісімізге,
                      Жоғары боп күш-жігер намысымыз.
                       Осылайша қуанышпен думандатып,
    Сайысқа қатысты өнерліміз, деп бүгінгі «Балдаурен» өнер сайысымыз өз мәресіне  жетті, келгендеріңізге көп рахмет. 
* * *  * * * *
19

Кайрова Сулушаш Сабыргалиевна Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, №38 «Жазира» бөбекжайының  инноватор  әдіскері
«Тәрбие мен оқыту іс-әрекеттері арқылы балалардың
 танымдық  құзіреттіліктерін арттыру»
Еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі- бала.
Өмірге келген әрбір бала бақытты болуға тиіс. Сондықтан да баланың денсаулығын нығайту, 
толыққанды дене бітімін дамыту, өмірін гүлдендіріп саналы тәрбие мен сапалы білім беру – біздің 
басты мақсатымыз.
Бүлдіршіндердің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы балабақшадан 
басталады. Қоршаған ортаға бейімі, еңбекке араласуы, білім алуы, адамдармен қарым – қатынасы, 
ойлау, қиялдау қабілеттері, сөздік қорларының дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.
Баршамызға белгілі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқытудың жаңа стандартын әзірлеп енгізген болатын. Бұл стандартта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды 
қадағалауды ұйымдастыру, педагогтарға қойылатын талаптар мен олардың біліктілігін арттыру, бала дамуының деңгейін 
жүйелі бағалауды қамтамасыз етеді.
Тәрбие мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер нәтижелері бес түрлі құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. 
«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеуметтік орта». Әр білім саласының балалардың дамуына 
қойылатын талаптары мен мақсаттары берілген. Соның ішінде «Таным» білім саласының мақсаты: танымдық іс-әрекеттің 
дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді шешуде қолдануға 
қабілетті тұлға қалыптастыру. Соның ішінде балалардың дамуына қойылатын талаптар:
- қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге;
- алға қойылған міндеттерге барабар қызмет тәсілдерін таңдауға;
- алға қойлған мақсатқа жетуге;
- экологиялық білімді меңгеруге;
- сұрақтар қоюға, эксперимент жасауға, себеп-салдарлық байланыстар орнатуға;
- құрастырылымдық іс-әрекеттегі ойды жүзеге асыруға;
- заттарды олардың жалпы түсінігі негізінде біріктіруге және оларға ауызша анықтамалар беруге мүмкіндік береді.
«Таным» білім саласы мынадай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады :
- сенсорика;
- қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру;
- құрастыру;
- экология негіздері;
- қоршаған ортамен таныстыру.
Өзім жұмыс жасап жатқан  ортаңғы  тобының балаларына күнделікті өмірде сөйлесу, әңгімелесу, арнайы берілген 
тапсырмаларды орындату, әртүрлі дидактикалы ойындар, серуен кезінде бақылау, табиғат құбылыстарын, қоршаған 
ортадағы болып жатқан оқиғалар, ертегілер, сурет бойынша әңгіме және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер арқылы таным 
құзіреттіліктерін дамытуға ықпал ету қажет.
Өзіміз тұратын еліміз, ауылымыз туралы түсінік беру, аттарымен таныстыру.
Қолжетімді ақпараттармен (кітаптардан, телебағдарлама, фильмдерден, ересектердің әңгімесінен) жұмыс істеудің 
қарапайым дағдыларын дамыту.
Тәжірибе жасау, (су- төгіледі, боялады, топырақтан мүсін жасауға болады) тәжірибе нәтижесін көру үшін басқалардың 
әрекеттерін бақылау сияқты іс-әрекеттерді іске асыра отырып қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-
әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті тұлға 
қалыптастыруға болады.
* * *  * * * *
Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы №38 «Жазира» бөбекжайы МКҚК 
Байназарова Анаргүл Бекесқызы
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
                           «№38 Жазира» бөбекжайы   МКҚК   I кішілер тобы
          
 Білім беру саласы: Қатынас     Бөлімі: Тіл дамыту.                                                                               
Тақырыбы: «Менің сүйікті мысығым»                                                                                                      
Мақсаты: Мысық, мысықтың баласы марғаумен таныстыру. Мысық туралы  әңгімелей білуге
үйрету. Балалардың сөздік қорын дамтыу, сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
Балалардың ұсақ қол маторикасы, ауыз екі сөйлеу тілдерін дамыту. Мысыққа қамқорлық жасауға
тәрбиелеу. 
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Үй жануарлары туралы әңгімелеу және ойын бұрышында
ойнату.     Әдіс-тәсілдер: әңгіме, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.  
 Қажетті көрнекті құралдар: Демонстрациялық материалдар, ойыншықтар,презентация                                                             
Қостілділік    компонент: Мысық-кошка
Іс-әрекет кезеңдері
       Тәрбиенің іс-әрекеті
    Балалардың іс-әрекеті
20

Себепті қызығушы-  
лығын ояту кезеңі
    
        Шаттық шеңберіне тұрады.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер-ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көріп, қуанам.
-Өте жақсы, балалар, енді орындарымзға жайғасып 
отырамыз.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Балалар көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Балалар үй жануарларына не жатады?
Үй жануарларына қысқаша тоқталу.
Ғажайып сәт: «Мысықтың дыбысы естіледі»
Балалар шаттық шеңберіне тұрады да, 
өлең сөзіне сәйкес қимылдар көрсетеді.
Өз беттерінше сұрақтарға  жауап береді.
Балалар ғажайып сәтті тамашалайды.
Балалар аң-таң болып              қарайды.
Ұйымдас- тырушы-    
лық                ізденіс     
кезеңі 
-Балалар мысықтың дауысын естідіңдер ме?
Қане балалар бәріміз мысықты іздеп көрейікші!
Есіктің алдынан әдемі мысықты тауып алып    
келемін.
Балалар қараңдаршы, мына сүйкімді мысық адасып 
қалған сияқты.
Бұл мысық бала-бақшамыздың қасында тұратын     
Зере әжеміздің мысығы сияқты.
Енді бәріміз үй-жануарлары туралы слайдты 
тамашалайық.
(Слайд)
Балалар мысық үй жануарларына жатады. Оның     
түсі ақ,сұр,сары,қара болып келеді. Мысықтың екі  
көзі, екі құлағы, құйрығы, мұрны, мұрты, төрт аяғы 
бар. Жүні жұмсақ, Қәне сипайықшы.
-Балалар мысық сүт ішеді, балық және тышқан 
жиді.
-Балалар мысық қалай дыбыстайды?
-Балалар, мысыққа әженің үйін тауып беремізбе?
Ендеше бәріміз Зере әженің үйіне барайық.
Әуенмен Зере әженің үйіне бару.
 Әже:
-Саламатсыздар ма балалар!
Қош келдіңіздер.
Мен мысығымды жоғалтып алып көңіл күйім түсіп 
отыр еді, сендерді көріп қуанып қалдымғой.
-Әже біз сіздің мысығыңызды тауып алып келдік
 Әже:
-Сіздерге көп-көп рахмет, балаларым.
-Балалар мысық туралы тақпақ білесіңдерме?
                     Тікірейіп құлағы,
                     Менен бұрын тұрады.
                     Бойын жазып керіліп,
                     Беті-қолын жуады.
                     Адал екен бұл мысық,
                     Ала мысық, сұр мысық.
                     Піскен сүтті кеседен,
                     Жалап ішіп тұр екен.
                     Көп жұмысты күнімен,
                     Келгендей ақ қиратып.
                     Отыр мысық тілімен,
                     Үш тал мұртты ширатын.
-Иа естідік
Балалар жан-жағына қарап, мысықты   
іздейді.
Слайд тамашалайды.
Балалар мысық туралы түсінік алады.
Мяу-Мяу
Балалар көңілді әуенмен жүреді.
Балалар әжемен амандасады.
Балалар тақпақтарын айтады.
-Өте жақсы балалар
Сіздерге арнаған тәтті тоқаштарым бар, соны сіздерге
берейін, бала-бақшаларына барған соң, тәрбиеші 
апайларын береді.
Әуенмен бала-бақшаға қайту.
Шығармашылық тапсырма орындау.
     1.Мысықтың суретіне желім жағу арқылы   
Балалар қуанады.
Балалар шығармашылық жұмыспен 
21

        уақ жіптер жапсыру тәсілі.
Балалар шаршаған боларсыңдар, бой сергіту орындап
алайық.
Сергіту сәті:
Мысық сүтке тояды,
Қарнын сипап қояды,
Жүрісі оның баяу,
Дейді мысық мяу-мяу.
-Жарайасыңдар балалар
Балалар ойын ойнағыларын келеме?
Ендеше «мысық пен торғайлар» ойынын ойнаймыз.
жұмыстанады.
Өлең сөздерін қосылып айтып қимыл 
қозғалыстар жасайды. 
Ойынға қызығушылықпен араласты.
Іс-әрекетті бағалау 
кезеңі.
-Балалар, сіздерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? 
Неге?
-Бүгінгі жаңа ойын ұнады ма?
-Біз қайда бардық?
-Мысықты қайда апардық?
-Қандай тапсырмалар орындадық.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау.
Мадақтау, сыйлықтарын беру.
-Ия! Ұнады.
Балалардың жауаптары.
Балалар қуанды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар мысық туралы түсінік қалыптастыра біледі.
Қандай түсініктерді игереді: Балалар мысықтың дене мүшелерімен танысып, сұрақтарға толық жауап игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерлерліктері: Балалар шығармашылық тапсырмаларды ұқыпты орындап, мысық туралы 
түсінік қалыптастырады.
* * * * * * * * 
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам  ауданы  Қарабұлақ  ауылы 
№ 104 негізгі  орта  мектебі  биология  пәні  мұғалімі  
Ниязалиева   Нафиса   Турдалиевна
Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Мақсаты: 1.Білімділік: Елімізде кездесетін саңырауқұақтардың табиғаттағағы және адам өміріндегі маңызы жайында жан-
жақты түсінік беру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды өсімдіктерді  күтіп – баптауға, ұқыпты, жинақы болуға  тәрбиелеу.
3.    Дамытушылық:  Саңырауқұлақтардың  табиғаттағы  және  адам  өміріндегі    маңызы  туралы   ой-өрістерін кеңейту,  өз
бетімен жұмыс  жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: тірек сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: саңырауқұлақтың суреті, интерактивті тақта, кестелер.
Пән аралық байланыс: жаратылыстану, география, медицина
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу,түгелдеу.
                                           2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру
                                           3.  Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
 II. Үй тапсырмасын сұрау: 
« Ия,жоқ »ойыны
1. Күздік бидай,қара бидай,арпада көбіне сабақтарын да жапырақтарында ол  мақта сияқты болып көрінеді. (ия)
2. Егістікті аралап жүргенде бидай масағынан сәл иіліп келген қара түсті қастауышты көруге болады. Ол ақұнтақ
саңырауқұлағы.  (жоқ )
3.  Ағаштардың сабағында өсетін діңқұлақ саңырауқұлағының пішіні малдың тұяғына ұқсас.    (ия)
4.  Тат саңырауқұлағы дәнді дақылдарды қамысты және басқа да өсімдіктерді          зақымдайды.
5.  Паразит саңырауқұлақтарымен күресуде улы химикатткр пайдаланады. (ия)
6.  Зақымдалған дәнді қайта сепкенде,одан ауру өскін пайда болады.  (ия)
7.  Жер бетінде бидай түсімі жылына 15 % -ға жоғарлайды. (жоқ) 
III. Жаңа сабақты түсіндіру:  
Бактериялар мен топырақта болатын басқа да майда саңырауқұлақтар бірлесіп,өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақ
қалдықтарын ыдыратып, шірітеді. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын ыдырамай, өңделмей, топырақта жата берсе,
әр түрлі жұқпалы аурулардың таралуына себепші болар еді.  Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай.
                              Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады:
жеміс шырынының түсін өзгертеді
шикі заттарды өңдейді
нәруызды,крахмалды сұйылтады.
Зең саңырауқұлағынан пенециллен антибиотигі алынады.
22

Жеуге жарамды тағамға пайдаланылады
      Саңырауқұлақтардың 250-ге жуық түрлері қағаздарды, суреттерді, темір жолға төселген,  шахтадағы тірекке қойылған
ағаштарды бүлдіреді. Аспергилл саңырауқұлағы құстардың өкпесінде аспергиллез ауруын туғызады. Адамдардың құлағын,
кеңсірігін,   көзін,   терісін,   шашының   түбін,   тырнағын   зақымдайды.   Дүниежүзілік   денсаулық   сақтау   ұйымының   мәліметі
бойынша, жер бетінде әрбір 5 адам саңырауқұлақ ауруымен ауырады. Әрбір екінші адамның тырнағы зақымдалған. Бұрын
тырнақты алып тастап емдейтін. Қазір орунгал деген дәріні ішу арқылы емдейді. Тутанхомон фаронының қорымын ашуға
қатысқан 21 адам аспергилл саңырауқұлағының споралары өкпені зақымданғандықтан, өмірден озды.
    Саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақ құрамындағы кейбір зиянды бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етеді.
Өздерінен   арнайы   зат   бөліп,   зиянды   бактериялардың   өсуін   тежейді.   Оларды  антибиотиктер  деп   атайды.   Ондай
антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін стрептомицин, тетрациклин және саңырауқұлақтардын алынатын пенециллин
жатады. Адам баласы бұл дәрілерді күнделікті пайдаланады. Соңғы кезде медицинада жүректі, бүйректі операция жасап
ауыстырғанд пайдалантын дәрі топырақтағы саңырауқұлақтан бөлініп алынады. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат –
гибереллин, зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын боверин де саңырауқұлақтардан алынады. Саңырауқұлақтарды
тек дәрі алу үшін ғана емес, тамаққа пайдалану үшін де өсіреді. Арнайы орындарда қарашірік топыраққа жылқы тезегін
қосып, қозықұйрықтың спораларын себеді. Қазір 70 елде қозықұйрық, жазғы түбіртек егу жолға қойылған. Одан жылына 14
млрд доллар қосымша табыс түседі. Қазақстанда да қозықұйрық пен жазғы түбіртекті қолдан өсіру жүзеге асырылуда.
IV. Жаңа сабақты бекіту.      
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1.   Антибиотиктерге   бактериялардан   бөлінетін   саңырауқұлақтардан   алынатын   пенециллин   жатады?
(Стрептомицин)
2. Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады, солардың бірі?  (Крахмал)
 
3. Адамдардың құлағын, көзін және т.б. зақымдайды?  (Кеңсірігін)
4. Саңырауқұлақтар кездеседі?  (Шалғындықта)
5. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат?  (Гибереллин)
6. Өздерінен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді?  (Антибиотик)
7. Бұрын тырнақты алып тастап емдейтін, қазір (Орунгал)  деген дәріні ішу арқылы емдейді. 
 
8. Жеуге жарамды саңырауқұлақты тағамға пайдаланады. (Қалпақшалы)  
9. Қазақстанда да жазғы түбіртекті және  (Қозықұйрық)   қолдан өсіру жүзеге асырылуда.
10. Зең саңырауқұлағынан  антибиотигі алынады?  (Пенециллин)
11. Аспергилл саңырауқұлағы құстардың өкпесінде  (Аспергиллез)   ауруын туғызады.
12. Аспергилден қолданылады?  (Лимон қышқылы)
V.  Үй тапсырмасы:  
1. §11. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
* * * * * * * * 
ОҚО, Созақ ауданы, Ісмет  Кеңесбаев  атындағы  жалпы орта  мектебінің 
бастауыш  сынып  мұғалімі Тоқтамысова  Гүлнара  Төлебайқызы
Баланың бас ұстазы – ата – ана
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі,мызғымас
болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға.
Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте,
әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы
отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады.
Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жиғанша, негізінен әке мен ананың
тәрбиесінде болады. баланың бас ұстазы-ата-ана.Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» 
деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. 
Әке- отбасының қамқоршысы, асыраушысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана 
отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Ата-анаға баладан жақсыешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын 
баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуаныш, шаңырақ иесі деп 
ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, 
түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген.
Отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Отбасы – болашақ  ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани 
байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар - ұяты, ой - өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан 
бастау алады. Сондықтан отбасы тәрбиесі бірінші орында тұруы тиіс.
Тәрбие ең алдымен  отбасынан басталады. Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда ата - 
ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, 
әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Отбасының, жанұяның қос шынары алатаудай атамыз және 
аналардың анасы әжеміз – береке мен мейірімнің ұйтқысы. Атаны сыйлау, ата - бабаны, елді сыйлау, әжені құрметтеу – 
өмірді құрметтеу.
Білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алатындығын ұғыну – біздің басты парызымыз.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы, себебі адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның 
ыстық - суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
 «Бала тәрбиесі - бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу 
үшін әркімнің өз тәжірибесімен танысу керек» деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев қалай дәл тауып 
айтқан десеңізші!
23

Баланың қалыптасуына үш түрлі жағдай әсер етеді:
1) Тұқым қуалаушылық
2) Қоршаған ортасы(отбасы, балабақша, мектеп, достары, т. б.)
3) Отбасы және ондағы тәрбие.
Кез келген бала туғаннан бастап өзіне тән белгілі қасиеті мен қабілеті болады. Баланың болашағы оның қабілетінің негізі. 
Қабілет белгілі бір іс - әрекеттен көрінеді.
Егер балаға уақытында қажетті жағдай жасалмаса, қабілеті ашылмай, басылып қала береді. Қабілетсіз адам болмайды, тек 
қана ол әр түрлі жаста танылуы мүмкін. Балаға ең бірінші әсер етуші - отбасы, оның мүшелері, ондағы қалыптасқан әдет - 
ғұрып, дағдылар. Отбасында бала мынадай қасиеттерді сіңіре алады екен. Көпшіл немесе тұйық, еңбекқор немесе жалқау, 
ұқыпты немесе ұқыпсыз, әділ немесе әділетсіз, адал немесе арам, ақкөңіл немесе қызғаншақ т. б.
Отбасы – шағын мемлекет. Отбасы адамды кемеліне келтіреді және бақытқа бөлейді. Отбасында әке мен ана басты рөл 
атқарады. Құсқа екі қанат қалай керек болса, балаға да әке мен ана сондай қажет. Анасы мен баласының арасын көзге 
көрінбейтін тылсым жіп жалғап тұрады. Міне, сол арқылы ана бала көңіліндегі мұңды бар болмысымен сезінеді. Ал, әке 
балаға сыншы демекші, әке баланы сырттай бақылаушы және бағыт беруші. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»деп 
бекер айтылмаған.. Бала отбасындағы тәлім - тәрбиені әке мен анадан алады.
«Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, әрбір отбасындағы ата - ана тәрбиеші, ұстаз. Отбасы өз - өзінен қайнап жатқан 
бір әлем. Ол жақсылықтар мен қатерліктердің жемісі. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілетін
білім - адамзаттың қас жауы, оның барлық өміріне апат әкеледі деген екен ұлы ұстаз Әл – Фараби. Тәрбие үрдісінің бір 
тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында 
өмірге келген әр бала ес біліп, етек жиғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады.
Өкінішке орай көптеген ата-аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы 
жақсы пікір айтылса, алдымен ата-ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың 
оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазын, білім ордасын, достарын  сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз 
туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол 
баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу-үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата-
ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді.Бала тәрбиесі отбасынан басталады. 
Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 
сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата-ана болып қала береді.Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып 
өсуі, ол мұғалім мен ата-ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс 
өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол
өзінде, өзгені де мерт етпей ме? Сонымен әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында 
сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге 
тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Жас ағашты
қалай  қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың 
қолында.
Ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болу керек. Кез - келген уақытта сабаққа қатысу керек. Барлық сабақтан «5» 
болып, орыс тілі, әннен «4» болса сізді ойландыруы тиіс. Балаға сол сабақтарға қарауға бағыт беру керек. Бала өнегелі 
болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын 
қаламайтыныңыз белгілі. 
Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» – 
деген керемет ұлағатты нақыл сөз бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар 
үнемі есепке алынса; ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет. 
Қорыта келгенде, Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны 
ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп 
отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана - отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. 
Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай,
– балаларыңыз, үлкен азамат болып өссін!
Сондықтан үш одақ оқушы, ұстаз, ата – ана жұмысындағы сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін тапқанда ғана 
бала тәрбиесін жақсарта аламыз.
* * * * * * * *
24

Южно―Казахстанская  область  Сайрамский  район  село  Манкент 
ОСШ   № 2  «С.Рахимова»  учительница  русского  языка  и  литературы 
Досметова  Шахида  Азатбековна
6 класс
Деятельность учителя 
Деятельность ученика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет