Оңтүстік Қазақстан обылысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылы
№ 7 «Бабыр» атындағы жалпы орта мектебі математика пәні мұғалімі
Кадирова Рано Шавкатовна
Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды санды өрнекпен , әріпті өрнектермен таныстыру , әріптің мәнін өрнектегі орнына қоя білуге баулу , өрнектің
мәнін таба білуге үйрету, өрнектерді мәндері бойынша салыстыра білуге дағдыландыру.
2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3.Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару , сұрақ –жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары , дидактикалық ойындар : «Баспалдақ» , «Күн»
Сабақтың өту жоспары:
1 .Ұйымдастыру бөлімі.
2.Сабақтың барысымен таныстыру.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
4.Жаттығу жұмыстары. А , В деңгейінің тапсырмалары.
5.Дидактикалық ойындар .
6.Үйге тапсырма.
7.Бағалау.
Сабақтың барысы:
1.Сабақтың барысымен таныстыру.Қысқаша шолу.
Оқушыларға мысалдар арқылы санды өрнектер , әріпті өрнектер туралы түсініктер беріледі.
Мысалы . Санды өрнектер : 15-6 , 45 -25 =20 6 мұндағы 20 санды өрнектің мәні. 23 + а - әріпті өрнек , ал а=3 болғандағы
23+3=26 . 26 саны әріпті өрнектің мәні .
Санды өрнектер мен әріпті өрнектер - математикалық өрнектер . Математикалық өрнектер цифрлармен , амал таңбаларымен
, әріптермен жазылады. Математикалық өрнектер қажет болған жағдайда жақшамен де жазылады.Математикалық
өрнектерді жазуда латын әріптері пайдаланылады. Математикалық өрнектер белгілі бір шарттармен жазылады. Мысалы ,
өрнектегі көбейткіштер әріптермен беріліп , олар қатар келсе , араларына көбейту таңбасы салынбайды. , ал сан көбейткіш
жақшаның артында келсе , , жақша мен сан көбейткіш арасына көбейту таңбасы қойылады.
Математикалық өрнектер мәндері бойынша салыстырылады , Егер салыстыруда қос теңсіздік пайдаланылса , қос теңсіздік
солдан оңға қарай өсу ретімен жазылады.
Мысалы , 7<10<15 ; а<в +с < 20.
2. Ауызша тапсырмалар беру :
36
2.
2.
Сандық өрнектерге мысалдар келтір
3.
3.
Әріпті өрнектерге мысалдар келтір.
4.
4.
Санды өрнектер мәнін салыстыру.
3.Жаттығу жұмысы . А деңгейінің тапсырмалары
Оқулықтан № 4 .Өрнектең мәнін табыңдар.
1.146+а , мұндағы а=14
146+14=160
№ 7 .Бөлмедегі әрбір люстрада в лампадан болса , 6 люстрада 6в лампы бар.
№9 . Шалқар қорығында а түрлі құс ьар , ал Аққұм қорығында в түрлі құс бар. Мұндағы а =130 6 в = 60
а+в = 130+60 =190 Шалқар және Аққұм қорығында барлығы 190 құс бар.
а-в = 130 – 60 =70 Шалқар қорығында Аққұм қорығындағыдан 70 артық құс бар.
№ 13 Өрнекті жазып көрсет
•
(65-39)*100
•
(49+68):13
•
а:в
•
2ав
№ 15
•
А*100+5*10+7
•
Х*1000+У*10+9
•
8*1000+В*100+6
№ 17 .Мысықтың массасы (а-в):2 (кг)
В деңгейінің тапсырмалары.
1Асқар бағасы а тенгеден 3 қарандаш сатып алды , оның өзінде 20 тенге қалды.Асқарда алғашында неше тенге болған?
А.20-3а ; В.3а+20; С.20А+3.
2. Бағасы в тенгеден 12 қасық және бағасы с тенгеден 12 стақан сатып алынды. Барлығының құны неше тенге тұрады?
А.(в-с)*12 ; В. 12в+с ; С.12 в + 12с
3. 2 көйлекке в м мата жұмсалады . с метр матадан неше көйлек тігіледі?
А.(в:2)*с ; В. с (в:2) ; С. в :2+с.
4. 1 кг алма х тенге . 5 кг алма неше тенге?
А.5х ; В. х:5 ; С. 5-х
Оқушылар дәптерлеріне тапсырма ретінің тұсына дұрыс деп есептеген жауаптарын жазады.
5. Рефлексия.
6.Үйге тапсырма .№ 9
* * * * * * * *
Калдышева Нұрсауле Закариевна ІІ санатты тәрбиеші.
№35 «Шұғыла» бөбекжайы. Б.Қ.О. Орал қаласы
Білім саласы: Қатынас
Түрі: Сауат ашу .
Тақырыбы: «Е е» дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:
Дамытушылық: Балаларға өткен әріптер мен дыбыстарды қайталату арқылы олардың еске сақтау
қасиеттерін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Білімділік: «Е» дыбысы және әрпі жайлы түсініктер қалыптастыру.Cөйлем құру арқылы сөздік
қорын молайту.
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, ізеттілікке, білім алуға тәрбиелеу,ойын арқылы балаларды
қоршаған ортаға, жан-жануарларға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: ойын, сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Емен,есек.
Қажетті құрал–жабдықтар,көрнекіліктер:Проектор,экран,суреттер,жаңғақ,алфавиттен бірнеше әріптер,мультимедиялық
суреттер,еменнің суреті.
Билингвизм: әріп-буква-letter, дыбыс-звук-sound,ешкі-коза-goat,ағаш-дерево- tree,емен-дуб-oak.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету,таныстыру,тусіндіру,қайталау,дидактикалық ойын ойнату.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық.
Күннің көзіашылып,
Көкке шуақ шашылды.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал,қанекей,бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Шаттық шеңберіне тұрып:
Күннің көзіашылып,
Көкке шуақ шашылды.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал,қанекей,бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
37
Ұйымдастыру
кезеңдері
Қызығушылықты ояту, ертегі тыңдату.
Жаздың әсем күнінде емен ағашы жайқала
өсіп тұрды. Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі
келіп аяңдайды. Ешкі шаршаған, қарны
ашқан еді.
-Е-е-е-е-мен, сені жұрт мықты ағаш көп
мақтайды,кәне, мықтылығыңды көрсетші,-
деп жапырағына жармаспақшы болды.
-Е-е-е-еш-кі-деді емен. Ешкі екеніңді ісіңнен-
ақ білдім.Менің жапырағыма
жармаспа,жайқалып өсіп тұрған маған
тиіскенің дұрыс па?
-Балалар, ешкінің ісі дұрыс па? Еменнің
жапырағын ешкіге жегізіп қоямыз ба?
-Ендеше еменге көмектесейік.
Өсіп тұрған емен ағаш туралы біраз мағлұмат
беріп өтейін.
Біліп жүріңдер !
Балалар емен ағашының діңі сондай жуан
болады екен. Емен 1000 жылға дейін
жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда
шірімейді, сондықтан көпір салғанда, кеме,
вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз
отырған парталар да емен ағашынан
жасалады. Сонымен қатар емен ағашының
емдік қасиеті да бар. Емен жаңғағынан
крахмал, спирт дайындайды. Шеберлер неше
түрлі бұйымдар жасайды. Ал енді балалар
осы емен ағашының да жаңғақтары болады
екен. Оны орысша желудь дейді. Ешкі
жаңғақпен қоректенгенді жақсы көреді
екен.Біздер қазір осы емен жаңғағын жинау
арқылы емен ағашына көмектесеміз.
Дидактикалық ойын: « Жаңғақ жинау».
Балалар,бұлар жәй жаңғақ емес, сиқырлы
жаңғақтар екен. Кей жаңғақ сиқырлы
қағаздармен оралған,егер орандының
үстіндегі сұраққа жауап берсек,жаңғақ
кәдімгі жаңғаққа айналып,орандысы
шешіледі.Ал егер жауап бере алмасақ
жаңғақтың орандысы шешілмейді.
Балалар жаңғақты шапшаңдап жинайды.
-Қане,балалар,орнымызға жайға-сайық. Енді
жинаған жаңғақтарың-нан сиқырлы
жаңғақтарды алып, сұрақтардың шешуін
табайық.
1. Дыбыс дегеніміз не?
2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Әріп дегеніміз не?
4.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
5.Дауыссыз дыбыстар деген не?
6.Ал-ма,е-мен,еш-кі,мы-сық,а-рыс-тан, жел
сөздерін буынға бөл. Неше буын бар?
7.Мына әріптерді ата,оларды ажырат.
(Өткен әріптерді қайталату). Міне біз
емен жаңғақтарын ешкіге жинадық,енді қалай
беріп жібереміз?
(Осы кезде есік қағылады,топқа Маша
келеді.)
Маша:-Сәлеметсіздер ме.
Тәрбиеші:-Сәлеметсің бе,Маша, қайдан
жүрсің?
Маша:-Орманнан келемін, балалардың
дауысын естіп,келе жатырмын.
Тәрбиеші:-Қош келдің , Маша, біздің
қонағымыз бол.
Маша:-Жоқ,көп рахмет,мені аю күтіп
қалады,мен оған «Шұғыла» балабақшасына
барам деп ескертпей кеткем.
Балалар мұқият тыңдайды.Экранға назар
аударады. Көрсетілген суреттерге таңдана
қарайды.
-Жоқ,жегізбейміз.
-Иә,көмектесеміз.
-Емен ағашы.
Балалар мұқият тыңдайды.
Ойынды қызыға ойнайды.
Балалар қолдарын көтеріп жауап береді.
-Дыбысты біз естиміз.
-Дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты,дауыссыз.
-Әріпті біз көреміз,жазамыз.
-Ауыз қуысынан ауа кедергіге ұшырамай
шықса ол-дауысты дыбыс деп аталады.
-Ауа кедергіге ұшырап шықса, ол-дауыссыз
дыбыс деп аталады.
-Алма сөзінде екі буын ,емен сөзінде екі
буын,ешкі сөзінде екі буын,мысық сөзінде екі
буын,арыстан сөзінде үш буын,жел сөзінде бір
38
Тәрбиеші:-Сенің келгенің қандай жақсы
болды.Біз емен ағашының жапырағын ешкіге
жегізбес үшін көп жаңғақ жинап
қойдық.Соны сенен беріп жіберейік.
Маша:-Жарайды апарып берейін. Сау
болыңдар.
Тәрбиеші:-Балалар,осылайша еменге
көмектестік. Ағаштарға үнемі қамқор боп
жүріңдер!
Балалар,мына сөздерді үш тілде қайталайық:
әріп-буква-letter, дыбыс-звук-sound,ешкі-коза-
goat,ағаш-дерево- tree,емен-дуб-oak.
Балалар,емен,ешкі деген сөздерді қайталап
айтайықшы. Қандай дыбыстан басталып тұр?
Бүгін біз «Е» әрпімен танысамыз. «Е»
дыбысы дауысты дыбыс.Оны біз қызыл
түспен белгілейміз. Ол әндетіп айтылады. «Е»
әрпі төрт элементтен тұрады. Қане, ауада
жазып көрейікші. Енді жұмыс дәптерімізді
алып, тапсырмаларды орындайық.
Сергіту жаттығуы.
Енді балалар,мен сендерге жұмбақ
жасырайын,шешесіңдер ме?
Жұмбақ
Шаңырақ – күн,
Уықтары-нұр,шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас-деп, Қазақстан!
-Дұрыс таптыңдар бұл жұмбақтың шешуі
Елтаңба.
Елтаңба сөзін буынға бөлдіреді.
Елтаңба сөзінде «Е»дыбысы сөздің басында
кездесіп тұр.
Келесі жұмбақты тыңдаңдар
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
Жел сөзінде «Е»дыбысы сөздің ортасында
кездесіп тұр.
Келесі жұмбақты тыңдаңдар
Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы. (Сөмке)
Сөмке сөзінде «Е»дыбысы сөздің аяғында
кездесіп тұр.
Яғни, «Е» дыбысы сөздің
басында,ортасында,аяғында да кездеседі екен.
Балалар,жаңылтпаш жаттайық.
Шеше,шеше!
Неше кесе сынды кеше?
«Кесе» сөзімен сөйлем құрайық.
Балалар,мен сендермен ойын ойнағым
келіп тұр.Ойнаймыз ба? Дидактикалық
ойын: «Жақсы,жаман».
Мақсаты:Жақсы,жаман әдеттерді
үйрету.Дұрыс қылықтарды үнемі орындап,ал
бұрыс қылықтан аулақ болуға баулу.
буын бар.
А,Н,Ғ,М,Р,О,Қ,С.(дауысты,дауыссыз екендігін
ажыратады).
Балалар Машаның келгеніне
таңданады,қуанады.
-Сәлеметсің бе,Маша?
әріп-буква-letter, дыбыс-звук-sound,ешкі-коза-
goat,ағаш-дерево- tree,емен-дуб-oak.
-Е-е-е-емен,е-е-ешкі.
-«Е»-дыбысынан басталып тұр.
«Е-е-е» деп созып айтады.
Ауада жазып көреді.
Алдарындағы жұмыс дәптерлеріне
тапсырмалар орындайды
Экранда бейне клип арқылы сергіту сәтін
орындайды.
-Иә,шешеміз.
-Елтаңба.
-Ел-таң-ба.
-Үш буын.
Жел.Бір буын.
-Сөмке .Екі буын.
Балалардың жауабы.
-Иә,ойнаймыз.
Балалар қызыға ойнайды.
Рефлексивті
коррекциялаушы
Балалар,бүгін біз қандай әріппен таныстық?
Қане,айтып көрейік:Е-е-е.
«Е» дыбысы созылып,әндетіліп айтылады
екен. «Е» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
«Е» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Ешкіні көрсетіп сұрау:
What is it?
What is it?
«Е» әрпімен таныстық.
Е-е-е-е.
Дауысты дыбыс.
«Е» дыбысы сөздің басында,ортасында,аяғында
кездеседі.
39
What is it?
What is the sound? (дыбыс)
What is the letter? (әріп)
-Енді балалар,меңгерген білімдеріңді өздерің
бағалайсыңдар? Алдыларыңда тұрған
жасыл,сары жапырақтарды мына емен
ағашына орналастырамыз. Кім бүгінгі оқу іс-
әрекетіне өте жақсы қатыстым деп ойласа
жасыл,ал кім жақсы қатыстым деп ойласа
сары жапырақты орналастырады.
(Сөйтіп балалар өздерін бағалайды.)
It is a goat.
It is a tree.
It is a оак.
The sound is that we hear.
The letter is that we see.
Балалар жасыл,сары жапырақтарды ағашқа
іледі.
Күтілетін нәтиже: Балалар өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау арқылы еске сақтау, ойлау қабілеттері дамиды.
Бала игеру керек: «Е» дыбысы және әрпі жайлы түсініктер қалыптастырады. Cөйлем құру арқылы сөздік қоры молаяды.
Бала жасай білу керек: Дәптермен жұмыс жасай алады.Берілген сұраққа үш тілде жауап бере алады.Өздерінің білімдерін
бағалайды.
* * * * * * * *
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
№38 «Жазира» бөбекжайының тәрбиешісі: Габбасова Л.П
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы:Қатынас.Шығармашылық.Әлеуметтік орта.
Тақырыбы: «Достық еліне саяхат» (асамблея 2015)
Білім беру бөлімі:Қоршаған ортамен танысу.
Мақсаты:Балалардың көп ұлтты Қазақстан туралы білімдерін кеңейту,халықтар арасындағы
достықты нығайту , әртүрлі ұлттардың тіліне, мәдениетіне мен дәстүрлеріне деген қызығушылығын арттыру, кез келген
ұлттың адамына сыйластыкпен қарауға тәрбиелеу;шығармашылық қызығушылықтарын арттыру.Балалардың ойлау
қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.Отаның сүйюге тәрбиелеу.
Қолданатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру.
Қажетті көрнекі құралдар: кілемше,интерактивтік тақта,шаблон,ақ қағаз,күн,шаңырақ.
Билингвалдық компонент: достық-дружба-friendship;елорда-столица-capital;
Іс-әрекет кезендері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
Шаттық шеңбер:
Кел балалар ортаға! Лучик,лучик золотой, Гуд монинг
(3рет)ту ю
Қайырлы таң достарым! Луч везде и луч со мной Гуд монинг
диэ тиче
Достарымды көргенде! Добро в тебе, Уи э глэд ту си
ю
Қуана қарсы аламын! Добро во мне,
Қолымыздан ұстасып! Добро кругом
Жылулықты алайық! На всей земле.
-Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасындар ма?
-Олай болса біз «Достық еліне »саяхатқа шығамыз.Оған жету
үшін біз епті, бір-бірімізге қамқор болуымыз керек.Ал енді жолға
шығайық.
-Балалар, біз саяхатқа «Кілем -ұшақпен»шығамыз.Оған бәріміз
сыйысу үшін қолымыздан мықтап ұстап, бір-бірімізді құшақтап
алайық. (музыка әуені естіледі. «Планетарий»).
-Балалар көзімізді жұмып елестетейікші.Ормандардың үстімен
ұшып бара жатырмыз.Қастарыңдағы достарыңызды мықтап
ұстаңдар.Ал енді көзімізді ашайық.Міне балалар Англияғада
жеттік.Ақырын Кілем-ұшақтан түсейік. Англияның қаласы
Лондон.
Балалар музыкамен залға
кіріп амандасады,үлкен
шеңбер құрып, үш тілде
шаттық шеңбер
қимылмен орындайды.
Иә ұнайды.
Балалар көздерін
жұмады.
40
Ұйымдастырушы-
ізденушілік
Бұл балалар АҚШ Федерациясы.
Балалардың алдынан Ағылшын апайы шығады.
-Good morning children !Дорогие гости ,добро пожаловать к нам в
Англию.
(Балалар слайдтан Лондон қаласынын көрінісін көреді.Ағылшын
апайы қосымша ақпарат береді).
-Балалар сендермен танысайын.
Балалармен бірге ағылшын тілінде танысып ,ағылшын тілінде
«Ден мүшелеріне»жаттығу орындайды.
-Сізге көп рахмет бізге өте қызықты және маңызды ақпараттар
алдық. Ал енді қайтайық уақыт болды,сізді де саяхатқа
шақырамыз.
-Балалар, біз саяхатқа «Кілем -ұшақпен»шығамыз.Оған бәріміз
сыйысу үшін қолымыздан мықтап ұстап, бір-бірімізді құшақтап
алайық. (музыка әуені естіледі. «Планетарий»).
-Балалар көзімізді жұмып елестетейікші.Ормандардың үстімен
ұшып бара жатырмыз.Қастарыңдағы достарыңызды мықтап
ұстаңдар.Ал енді көзімізді ашайық.Міне балалар Ресейгеде
жеттік.Ресейді астанасы Мәскеу қаласы .
Балалардың алдарынан Орыс ұлты шығады.
-Здраствуйте дорогие гости,добро пожаловать к нам в Россию.
(Балаларға слайдтан Мәскеу қаласын көрсету.)
-Дети вы любите русские сказки.Балалар «Шалқан»ертегісін
сомдайды.
-Спасибо вам большое дети вы очень умные и воспитанные
дети.Пусть крепнет дружба народов во веки веков.
-Сізді бізбен бірге саяхаттауға шақырамыз.
-Спасибо ребята, конечно я с вами .
Балалар өз елімізгеде жақындап қалдық.
Біздер шекарадан өтеміз.
Балалар марш екпінімен шекарадан өтіп Қазақстан еліне
жақындап шаңырақ астына ұлт өкілдерімен жиналып «Күн
әлемі»өлеңін үш тілде орындайды.
-Балалар біз қандай Республикада тұрамыз?
-Қазақ халқының тілі-қазақ тілі,өзінің рәміздері,ұлттық
киімдері,тағамдары,салт-дәстүрлері,ойындары бар.Сендер
Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?
-Қазақ жері туралы кім,не біледі.?
Бала:Біздің республикамызда 130-дан астам ұлт өкілдері бар.Олар
бір-бірімен дос,тату-тәтті тұрады.
-Олай болса бәріміз шығармашылық орталыққа барып ұжымдық
жұмысты орындап өзге ұлттар өкілдеріне табыстаймыз.
Балалар шеңбер болып
тұрады.
Гуд монинг!
Май найм из Аслан
Балалар көздерін жұмып
елестетеді.
Слайдтан Мәскеу
қаласын қарайды.
Балалар ертегіні
сомдайды.
Марш екпінімен
шекарадан өтеді.
Қазақстан
Республикасында
Қазақ тілі
Ту,елтаңба,әнұран.
Рефлексиялық-
қорытындылаушы
Балалар «Дос болайық бәріміз »әуенімен достық нышаны
асамблея эмблемасын киып қалташаларға салып табыстайды.
-Балалар,сендер,достық ынтымақ туралы тақпақтар мен мақал-
мәтелдер білесіңдер ме?
-Сендерге саяхатқа шыққа ұнады ма?
-Қанда елдерге қонаққа бардық?
-Олай болса өзге елдер достығы мәнгі болсын ,аспандарымыз
ашық болсын ,-деп.Бәріне ,Қош сау болыңыздар дейміз.
Кілем-ұшақпен
Сау болыңыздар.
Күтілетін нәтиже:
Бала білу керек:көп ұлтты Қазақстан ;өзге ұлттарының салт –дәстүрлерін,тілдерін;
Бала игеруі керек: бала елестету,жолдармен жүру,қию тәсілдерін.
Бала жасай білу керек:бала қимыл екпіндерін жасай білу керек.
41
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы.
№38 «Жазира» бөбекжайы МКҚК
ІІ санатты тәрбиеші Куанаева Эльмира Ахонқызы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: таным.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Менің ойыншықтарым.
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік: Ойыншықпен ойнау тәсілдерімен таныстыру. Ойыншықтар туралы тақпақтармен таныстыруды жалғастыру.
Тақпақты өз бетімен мәнерлеп айтуға үйрету.
Дамытушылық: Сұрақтарға толық әрі түсінікті жауап беруге жаттықтыру. Заттардың кеңістікте орналасуын ажырата
білуге үйрету. Астында, үстінде сөздерінің мағынасын түсіне білу. Саусақ бұлшық еттері моторикасын дамыту. Сөз бен қол
қимылын келістіре білу.
Тәрбиелілік: Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ойыншықтар дүкеніне саяхат. Ойыншық түрлері туралы әңгімелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: Ойыншық түрлері, мазмұнды суреттер, кілт макеті, ғажайып дорбаша.
Билингвальдық компонент: ойыншық- игрушка, қоян- заяц, сиқырлы кілт- волшебный ключик.
Әрекет кезеңдер
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
(Ынталандыру,
сезімді ояту)
-Шаттық шеңбері
Амансың ба күн!
Амансың ба жер!
Амансың ба балабақшам
Амансың ба достарым!
Қайырлы таң бәріңе!
Балалар, мен өзіммен бірге ғажайып дорба алып келіп едім,
қайда қойғанымды ұмытып қалдым.
-Жарайсыңдар, дорбамды тауып алдыңдар.Ал енді отыра
қойыңдар бұл ғажайып дорбада не бар екенін көрейік.
Дорбадан ойыншықтарды бір бірлеп алғызып, қандай
ойыншық екенін айтқызамын.
-Онымен қалай ойнауға болады?
Сонымен бұларды бір сөбен қалай атаймыз?
-Балалар кім маған ойыншықтар туралы тақпақ айтып
береді?
Шеңберге тұрып, қимылмен
көрсетеді. Сөздерді қайталайды.
Балалар сөреде тұрған дорбаны
көреді.
Орындықтарға жайғасады.
Добадан ойыншықтарды кезекпен
алып шығып, онымен қалай ойнау
керектігін әңгімелейді.
-Ойыншықтар.
Балалар ойыншықтар туралы тақпақ
айтады.
Іздену
ұйымдастырушы
-Ғажайып сәт: Есік қағылады.
Үсті су болған, тоңып қалған қоян кіреді.
-Балалар бұл қандай жануар?
Келе ғой қоян, біз сені қазір өз мейіріміміз бен
бауырмалдылығымызбен сені жылытамыз.
Қалай ойлайсыңдар қоянға не болған оны кім далада
қалдырған?
Қоян: Мен Динара деген қыздың ойыншығымын. Ол мені
өзімен бірге серуенге алып шықты. Бақтағы орындыққа
отырғызып қойып, құрбыларымен ойнап кетті. Кенеттен
жауын жауып кетті. Динара мені бақта қалдырып,
құрбыларымен бірге үйіне жүгіріп кетті. Мен жауын
астында қалып , үстім су болып қалды.
-Балалар Динараның бұл қылығы дұыс па?
-Ойышықты далаға, жауын астына тастауға бола ма екен?
-Балалар, сендердің үйде жақсы көретін ойыншықтарың бар
ма? Әңгімелеп беріңдерші.
\ толық жауап алуға тырысамын\
Қоян: Ой балалар, сендердің өз ойыншықтарың туралы
әңгімелерің өте ұнады. Мен жылынып көңіл күйім көтеріліп
қалды. Рахмет сендерге сендер өте мейірімді, ақылды
балалар екенсіңдер.
-Балалар мына сиқырлы дорба ішінде тағы бірдеңе бар
сияқты.
Қоян енді сен қарап көрші.
\дорба ішінен кілт алып шығады.\
-Балалар бұл не?
-Балалар, қоянды таң қалдырайық. Мына менің қолымдағы
сиқырлы кілттің көмегімен ойыншықтарға айналайық.
Сендерге сурет көрсетемін, мына кілтпен бұраймын, ал
сендер сол суреттегі ойыншыққа айналасыңдар.
Балалар кім келгенін білгісі келеді.
-Қоян.
Балалар қоянның әңгімесін мұқият
тыңдайды.
Жоқ дұрыс емес.
Жоқ, өзімен бірге алып кетуі керек
еді.
Балаар өздерінің жақсы көретін
ойыншықтары туралы әңгімелейді.
Балалар кілт деп жауап береді.
Көрсетілген суреттегі ойыншыққа
айналады.
Қимылмен көрсетеді.
\робот, доп, қуыршақ, ат, т,б.\
Ойыншықтар шашылып жатқан
бөлме.
Бұл машина.
Машина сөреде тұру керек.
Қуыршақ та сөреде тұру керек.
Доп .Доп үстел астында жатыр.
Орындық үстінде тұр.
Доптар жәшікте жату керек.
Иә. Ойыншықтарымызды сөреге
42
-Жарайсыңдар балалар, бұл тапсырманы жақсы
орындадыңдар.
Суретпен жұмыс: Суретте ойыншықтар шашылып жатқан
бөлме бейнеленген.
-Суретте не көріп тұрмыз?
-Мынау қандай ойыншық?
-Машина қайда тұру керек?
Ал мынау қандай ойыншық?
Қуыршақ қайда тұру керек?
Ал мынау қандай ойыншық?
Бұл Аян деген баланың бөлмесі, соның ойыншықтары.
Аянның бұл қылығы дұрыс па?
Қоян сен Аянның үйінде тұрғың келе ме?
Қоян: -Жоқ! Мен Аянның ойыншығы болғым келмейді.
Мен ұқыпты баланың ойыншығы болғым келеді.
-Ал сендер, өз ойыншықтаыңа ұқыпты қарайсыңдар ма?
-Ой дорбада тағы бір ойыншық қалып қойған сияқты.
-Көйлегі кір болып қалған қуыршақ.. Қуыршақ көңілсіз,
көйлегі кір болып қалған,.
Сергіту сәті: «Қуыршақтың көйлегін жуамыз.»
1.Көйлекті суға саламыз, умаждаймыз.
2.Сабын жағып, ысқылаймыз.
3.Суға салып, жуамыз.
4.Көйлекті сығамыз.
5.Таза суға салып шаямыз.
6.Қайтадан сығамыз.
7.Қыртысын жазып қағамыз.
8.Жіпке ілеміз.
Терімізді сүртіп, терең тыныс аламыз.
-Міне қуыршағымыз да көңілденді.
Қоян: Ой, балалар денем жылып, үстім құрғап қалды. Сенде
маған ұнадыңдар. Ақылды, ұқыпты балалар екенсіңдер.
Сендерге күнде келіп ойнап тұруға бола ма?
-Әрине, солай ғой балалар?
-Балалар қоянды үйіне құр қол жібереміз бе?
-Қоян айта қойшы сенің сүйікті тағамың қандай?
Қоян: Мен сәбізді ұнатамын.
Ендеше біздің балалар саған сәбіз сыйға тартады.
Сәбіз суретін трафарет арқылы саламыз.
Сәбіз сұлбасы ойылған трафаетті ақ бет үстіне қойып,
боядың әдісін көрсетемін.
жинап қоямыз.
Қимылмен, ретімен көрсетеді.
Балалар, қоянға көмектесіп,
көңілдендіргеніне риза болады.
Балалар қоянға сәбіз сыйлауға қуана
келіседі.
Үлгіге қарап сәбіз суретін бастырып
бояйды.
Рефлексивті
коррекциялаушы
Салған суреттерін қоян қарап шығады.
Балалар,ең сәтті шыққан суретті қоянға сыйға тартайық.
Қоянмен қощтасады.
Қорытынды.: - Балалар бүгін біз оқу іс-әрекетімізде не
туралы әңгімеледік?
Бізге қандай ойыншық келді?
Ол қандай күйде болды?
-тағы қандай ойыншық түрлерін білеміз?
-Жарайсыңдар балалар бүгін сендер оқу іс әрекетіне жақсы
қатыстыңдар.Мен сендерге риза болып тұрмын. Сондықтан
мен де сендерге сыйлық беремін.
Әр баланың мойнына алқалар ілемін.
Балалар суреттерін қуана жинап
береді.
Қоянмен қоштасады.
Сау бол қоян, бізбен ойнауға келі
тұр.
Ойыншықтар туралы.
Қоян келді.
Үсті су болған, тоңып қалған.
Машина, доп, қуыршақ, робот т,б.
Бір бірінің алқаларына назар
аударады.
15> Достарыңызбен бөлісу: |