Жоспар: 1 Дін дүниетаным ретінде. Дін ұғымы, мәні. Дін анықтамалары. Дін құрылымы және қызметі



Дата10.12.2023
өлшемі15,27 Kb.
#136493

Азирбаева Тоғжан Тфп22
Жоспар:
1 Дін дүниетаным ретінде. Дін ұғымы, мәні. Дін анықтамалары. Дін құрылымы және қызметі.
Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде.
Діннің анықтамасы: қасиеттілік, құдайылық - абсолютті бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйкес мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі. Діннің дефинициясы жоғарғы күшке сенімі ретінде нақты емес. Діннің құдайға немесе құдайларға сенімі ретіндегі анықтамасы да тар болып табылады. Құдайдың барына сену, бірақ өміріңді онымен байланыстырмау.
Діннің даму сатылары да біртекті, біркелкі емес:
- табиғи дін - бұл кезенде табиғи күште құдайлар сияқты болып көрінді; 
- зандық сипаттағы дін - діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етілді
-ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.
Діни сана – жаратылыстан тыс күштерге, құдайга деген сеніммен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы. Діни сананың құрылымына діни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсінікгердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, әдет-дәстүрлердің жиынтығы) және діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру және тарату ісімен діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады) кіреді.
Діннің қызметтері кең: 
1 әлеуметтік - дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды;
​2 адамгершілік - дін жалпы адамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады;
​3 компенсаторлық- адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.К. Армстронг. Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны, Астана 2017.
2. А.Игінеки. Ақиқат сыйы. Алматы: 1998.-215б
3 Қасымжанов А., Қасымжанова С. Духовное наследие казахского народа, Алматы: ҚазМУ, 1989.- 101 б.
4 Мұқашев Қ., Әйтімбетова Г. Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1994. - 135 б.
5 Мец. А. Мусульманский ренесанс. - Москва., Знание, 1973. - 102 б.
6 Тәжікова К. Ислам: дүниетаным, идеология, саясат.- Алматы: Өнер, 1982. - 243 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет