Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы, мәдениеттану магистрі Есболова Молдир Ауелтаевна



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата15.11.2023
өлшемі8,32 Mb.
#122868
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
9-дәріс. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы

Презентация PowerPoint

Дәріскер: 
дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы, 
мәдениеттану магистрі Есболова Молдир Ауелтаевна
Мәдениеттану пәні бойынша
9 – дәріс
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



«Қазақ» атауының пайда болуы туралы
Енесейде табылған YIII ғасырдағы
түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» -
«қазақ
ұлым»
деген
сөз
тіркесі
кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш
қарлық
тайпаларының
жалпы
«хасақтар»
деген
аты
болған.
Қарлықтардың
қазақ
этногенезіне
тікелей қатысы болғаны



X-XI
ғасырларға қатысты араб
құжаттарында, сонымен бірге орыс
жылнамаларында Қара теңіздің
солтүстік шығыс жағалауындағы
Касаг қаласы туралы, X ғасырда
билік құрған Византия императоры
Константин
Багрянородныйдың
айтуы
бойынша,
Кавказдың
солтүстік–батысында
«қазақтар
елі»
болды.
Әзірбайжанның
батысында бүгінгі күнге дейін
Қазақ ауданы бар.



Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға
тән этникалық сана күшейді.

«Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс
алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-
тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады.

Этникалық сана - бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің
мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде
қазақтарда халықтық этникалық сананың орнына ру-тайпалық сана
басым болды.

Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен
өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін
қазақпыз деп, елден тыс шыққанда ғана айтады.



Кейбір ғалымдар , тіпті, моңғол шапқыншылығы болмағанда, қазір біраз
халықтар ортақ атаумен қыпшақ халқы болып аталар еді деген пікірлер
айтады.

Моңғол шапқыншылығы бұл түзіліске жол бермей, қыпшақ қоғамындағы
этникалық қалыптасуды бөлшектеді. Бір қыпшақ этносынан бірнеше түркі
тілдес халықтар тарады.

Оның ішінде қазақ, башқұрт, татар, қырғыз т.б халықтар. Ал оның
салдарын қарастыратын болсақ, түркі тілдес тайпалардың халық болып
қалыптасуына сол ортада өмір сүрген кей тайпалардың негіз болғандығын
көреміз.

Осының арқасында төмендегідей этникалық топтар пайда болды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет