Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарға арналған “қағидалар Кодексі”
Жоспар
1-ҚР-дағы инклюзивті білім беру жайлы заң.
2-Инклюзивті білім беретін педагогтардың міндеті.
3-Инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар.
Қазақстан Республикасының Заңдары
Республикадағы инклюзивті білім беруді дамыту жұмыстарын жетілдіру және барлық балалардың білім алу құқығы келесі құжаттармен реттеледі: «Білім туралы», «Балалар құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы». Мәселен, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Қазіргі таңда балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына барлық жағдай жасалуда. Нормативті құжаттар мен актілер: «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (13.01.2014 жылғы өзгертулерімен және толықтыруларымен) ҚР Кодексі.
2-Инклюзивті білім беретін педагогтардың міндеті
Педагогтар тыңдауға үйреніп, дәйекті, шыдамды болып, әр баланың оқу мәнеріне сыйластықпен қарау керек . Сонымен қатар, оларға қажет: -балалар әр түрлі оқитынын, әр түрлі қарқынмен білім алатынын мойындау және осы ерекшеліктерді ескере отырып сабақты жоспарлау; -әрекеттерді бекітілген оқу жоспарына емес, жағдайға байланысты жоспарлау; -барлық балалар мектепке келу үшін және оқу үдерісін тиімді ету үшін ата-аналармен өзара әрекеттесу; -сыныптағы барлық балалардың және жеке әрқайсысының сұраныстарын икемділікпен, шығармащылықпен орындау