Сыртқы құлақ. Құлақтың сыртқы бөлігі құлақ қалқанынан, есту жолыннан тұрады. Сыртқы құлақтағы есту жолы дабыл жарғағымен аяқталады, кейде оны құлақ пердесі деп атайды.
Құлақ қалқаны қабылданған дыбыс толқынын есту саңлауына бағыттайды және есту жолындағы қабылданған дыбыс толқынының дабыл жарғанына түсіретін қысымын 3 есе артырады. Ол сонымен қатар, дыбыстың қай бағыттан келгендігін анықтауға мүмкіндік береді. Құлақ қалқанының екеу болуында үлкен мән жатыр, осы арқылы біз кеңістіктегі дыбыс көзінің орналасқан орнын дәл анықтаймыз. Құлақтың мұндай қабілетін дыбыс көзі горизонталь жазықта орналасқан жағдайда бинауральдық құбылыс негізінде түсіндіруге болады.
Сыртқы құлақтың тағы бір маңызды қызметі ол дабыл жарғағын механикалық зақымдалудан сақтайды, сонымен қатар оның температурасын, ылғалдылығын, серпімділігін т.б. механикалық қасиеттерін тұрақты күйде болын қамтамасыз етеді.
Ортаңғы құлақ. Ортаңғы құлақ қаншалықты қажет, неге дыбыс толқыны бірден ішкі құлақтағы ұлу денесіне берілмейді деген сұрақ туындауы мүмкін. Енді осы сұраққа жауап іздеп көрейік.
Алдымен ортаңғы құлақтың құрлысымен танысайық. Ортаңғы құлақта бір бірімен байланысқан «балғаша», «төстікше» және «үзеңгі» деп аталатын естуді қамтамасыз ететін сүйектер жүйесінен тұрады. Балғашаның сабы дабыл жарғағына бекітілген, ал басы төстікшімен байланысқан, ал төстікше болса сопақ терезеге еніп орналасқан үзеңгіге иінді байланыспен бекітілген. Үзеңгі сопақ терезе арқылы ішкі құлаққа дыбыс толқындарын жеткізеді. Олай болса, «дабыл жарғағы мен есту сүйектері» бірігіп сыртқы орта мен сұйықтықпен толтырылған ішкі құлақ арасын байланыстыратын жүйе болып табылады
Үзеңгі Төстікше Балғаша Иірімді түтік (ұлу денесі)
Дабыл жарғағы
Сопақ терезе
Есту
жолы
Дөңгелек терезе
Ішкі құлақ. Адамның ішкі құлағы конус тәріздес, ұлудың сыртқы пішініне ұқсас, 2,5 орамнан тұратын спираль түрінде, бұралған иірімді түтік түрінде, сондықтан кей оқулықтарда құлақтың бұл бөлігін ұлу денесі деп атайды.
Иірімді түтіктің(ұлу денесі) сопақ терезеден басталатын жоғарғы бөлігі кіріберіс сатысы(scala vestibule), төменгі бөлігі – дабыл сатысы(scala tympani) деп аталады және иірімді түтіктің төбесіне жеткенде олар геликотрема тесігі арқылы бір бірімен қосылады, төменгі суретте бұл тестік көрсетілмеген
Сұйық бойымен тербелістің таралу бағыты
Ортаңғы жарғақтыарна
Кіреберіс сатысы
Дабыл сатысы
Үзеңгі
Сопақ терезе
Дөңгелек терезе
Рейснер мембранасы
Негізгі мембрана