Тимпанометрия. Құлақтың дыбыс толқынын өткізетін (қабылдайтын) жүйесінің қызметін есту жолындағы ауа қысымын өзгерту арқылы өлшеу әдісін тимпанометрия деп атайды. Бұл әдіс құлақтың дабыл жарғағының, есту сүйектерінің қозғалғыштығын, ортаңғы құлақтағы қысымды және есту жолының қызметін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу кезінде ортаңғы құлақтағы қысымды +200 дПа дан -200 дПа дейін аралықта өзгертеді. Осы аралықтағы әр қысымға сәйкес қозғалғыштық параметрін анықтап, соған сәйкес график түзеді, оны тимпанограммадеп атайды
Аудиометрия. Адам құлағының есту қабілетін зерттеудің тағы бір әдісі- аудиометрия деп аталады. Аудиометрия деп оң және сол құлақтың түрлі жиіліктегі дыбыстарды естуін зерттеу арқылы, құлақ сезгіштігін анықтауды атайды. Мұндай зерттеу арнаулы электрондық құралы - аудиометр арқылы жүргізіледі. Аудиометриялық зерттеу бірнеше түрге бөлінеді, олар дыбыстық, тоналдық және компьютерлік деп аталады.
Аудиометриялық зерттеу нәтижесінде график түзеледі, оны аудиограмма деп атайды. Мұндай графиктің горизонталь осіне дыбыстың жиілігі салынады, ал вертикаль осіне әр жиілікке сәйкес құлақтың дыбысты сезгіштігі көрсетіледі. Көбіне зерттеуге 120 Гц тен 8000 Гц аралығында дыбыс толқындары алынады.
Аудиограммалық зерттеу былайша жүргізіледі, алдымен пациенттің оң құлағына 120-8000 Гц аралығындағы дыбыстар біртіндеп беріледі және оның қаттылығын біртіндеп, пациенттің құлағы естіменге дейін төмендетеді, құлақтағы дыбыстың жоғалған мезгілін пациент хабарлайды, соған сәйкес сурдолог- дәрігер графикке тиісті белгі салады. Тура осындай іс- әрекет сол құлақпен де жүргізіледі.
Әр құлақ үшін аудиограмма жеке жеке сызылады және олардың түсі әр түрлі . Оң құлақ диаграммасы AD деп белгілейді, ал сол құлақ үшін AS деп белгіленеді
Егер құлақтың есту қабілеті қалыпты күйде болса, онда графиктегі қисық сызықтар жазық түрде және 20 дБ деңгейінде болады.
5000 12000 120 250 500 1000 1500 2000 3000 8000 -20