АСҚ бойынша бақыланатын объектілерде еңбектің гигиеналық жағдайлары анықталынады, жұмысшылардың денсаулық жағдайы және оған өндіріс ортасының факторларының әсері бағаланады. Аурушылдық деңгейіне, кәсіптік уланулар мен аурулар деңгейіне және құрылымына аса көңіл аударылады. Сонымен қатар алдын ала және кезеңдік мед. тексерулермен жұмысшылардың қамтамасыз етілуі, уақтылы жүргізілуіне, жасөспірімдер мен жүкті әйелдердің еңңбек ету жағдайы да тексеріледі, еңбек жағдайын сауықтыру бойынша алынған мәліметтерді жинақтап алдын алу шараларын негіздейді.
Санитарлық-ағартушылық жұмысы –жұмысшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау – жалпы және кәсіптік аурушылдықтың алдын алудағы маңызды шараларға жатады