Аса қауіпті және карантинді індет бойынша жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шаралар ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін органдар мен мекемелер;
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ҚР-ның мемлекеттік санитарлық Бас дәрігері басқарады.
Санитарлық дәрігердің жұмысына қажетті негізгі құжаттар. Еңбекті қорғау және гигиена саласының жұмысын регламенттеуде заңдылықтың 8 деңгейі бар.
1 – жоғарғы деңгей – Мемлекеттің жоғарғы органы ҚР-ның Парламенті қабылдаған біздің елдің заңдары (ҚР Конституциясы, Еңбек туралы заңы, ҚР Халықтың денсаулығын қорғау заңы,
2 деңгей – ҚР Министрлер кабинетінің және Парламенттің шешімдері.
3 деңгей - ҚР Министрлер кабинетінің ғана шешімдері.
4 деңгей – Құрылыс нормалары мен ережелері (СНиП), санитарлық нормалар (СН), құрылыс бойынша Мемлекеттік Комитет бекіткен нормативтік құжаттар.
5 деңгей – ҚР Мемлекеттік стандарттар комитетінің құжаттары.
6 деңгей – ҚР ДМ және т.б. ведомстволар бекіткен ведомствоаралық заңдылық құжаттар.