Зоология- жануарлар дүниесін әр түрлі жағынан зерттейтін ғылым саласы.:Ол жануарлардың табиғат жағдайларындағы тіршілігін, олардың ересек күйіндегі және жеке осиптардың өмірінің әр кезеңіндегі құрылысы мен организмніңҚызмет әрекеттерін зерттейді,жануарлардүниесінің құрамы, неше түрліжануарлардың пайда болуының заңдылығын ж/е таралуының ерекшелігін зерттейді.Жануар тану пәнінің міндеті жануарларды жанжақты зерттеу оның құрлысын, көптүлілігін тіршілік әрекетін, таралуын, және халық шаруашылығындағы маңызын оқыту болып табылады. Зоология сөзі грекше екі сөзден (Зоо-жануар, логос-оқу тану деп түсіндіріледі.).Морфологиялық зерттеулер жануарлардың сыртқы құрлысын, физиологиялық зерттеулер-тірі ағзаның сырқы ортаның арасындағы байланысын зерттейді
Мінндетті басқа командаларға зоология саласы туралы тың дерек көздерін таныстырып
Ғылыми жаңалықтарымен бөлісу
Зоология ғылымына қысқаша мағұлмат
Зоология - жануарлар туралы ғылым (zoon-грек тілінен аударғанда жануар дегенді білдіреді, logos-ілім). Ол тірі табиғатты зерттейтін биология (bios-өмір) ғылымының бір саласы.Барлық тірі ағзалар бес патшалыққа бөлінеді: вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар жэне өсімдіктер мен жануарлар. Осылардың ішінен жануарларды өсімдіктер патшалығымен салыстырып қарайтын болсақ, төмендегідей негізгі айырмашылықтарды байқауға болады: жануарлардың барлығына жуығы қозғалып өмір сүреді, ал өсімдіктер бекініп тіршілік етеді, жануарлар клеткасы мембранамен қоршалған, ал өсімдік клеткасы мембранамен қоса целлюлазалы қабықпен қоршалады; жанауарлардың мүшелері денесінің ішінде орналасады, ал өсімдіктер мүшелері сыртында жғне өсімдіктердің пішіні өзгермей, жануарлар дамудың белгілі бір кезеңіне дейін ғана өседі, ал өсімдіктер өмір бойы өсуін тоқтатпайды; жануарлар күрделі органикалық заттармен гетеротрофты қоректенеді, ал өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газы мен суды, топырақтан бейорганикалық заттарды сіңіріп, жарықтың көмегімен хлорофилл пигменттерінде фотосинтез процесі арқылы органикалық зат жасап шығарады жғне оттегі бөлініп шығады. Өсімдіктердің мұндай қоректенуі автотрофты деп аталады.Бүл аталған айырмашылықтар тек салыстырмалы түрде алынған. Кейбір өсімдіктер, мысалы бунақденелілермен қоректенетіндер гетеротрофты болып келеді де, ал кейбір жануарлар, мысалы қабықшалылар (Tunicata) клеткаларының қабырғасы целлюлозалы болады.Зоологияның негізгі міндеті жануарлардың сыртқы, ішкі құрылысын, тіршілік ғрекетін, жеке және тарихи дамуын, бір-бірімен қарым-қатынасын, қоршаған ортаның жануарларға ғсерін, географиялық таралуын, т.б. зерттеу.