Жоспар: I. Кіріспе Ежелгі Рим тарихы II. Негізгі бөлім



бет3/3
Дата10.12.2023
өлшемі39,45 Kb.
#136508
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-70290

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе Этрустар көне тайпа. Б.з.б. 1-мыңжылдықта Апенин түбегінің солт.-батысын мекендеген. Ғалымдардың есептеуінше, Этрустардың этникалық қалыптасу үрдісі б.з.б. 8 ғ. қарсаңында аяқталған. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер Этрустарда б.з.б. 7 ғ-дың өзінде-ақ ел экономикасы өркендеп, қоғамдық қатынастарының дамығандығын айқындайды. Далалық жұмыстар барысында Этрустардың молалары, қала-қамалдары аршылған. Кейіннен мұндағы қала-қамалдар аумағы ұлғайып, бірқатары дербес қала-мемлекеттер ретінде әлемге танылды. Б.з.б. 7 ғ-дың соңында өз алдына мемлекет болған 12 қаланың конфедерациясы (Популония, Ветулония, Тарквиния, Цэрэ, Перузия, т.б.) біршама уақыт ішкі-сыртқы саясатты келісіп жүргізеді. Нәтижесінде олардың сауда қатынастары Грекияға, Карфагенге, Орталық Еуропаға дейінгі аймақтарда дамыды. Этрусктардың ықпалы оңтүстікте Кампанияға дейін, солт-те По аңғарына дейін жетті. Этрустардың мәдениеті дамып, ол өркениеттік дәрежеге жетеді. Б.з.б. 6 ғ-да Фельсина (Болонья) қаласының, кейіннен Мельпум (Милан) мен Спина қалаларының негізі қаланды. Бірақ көп ұзамай Этрустерге солт-те кельттермен, оңт-те Риммен соғысуға тура келді. Б.з.б. 4 – 2 ғ-ларда болған соғыстарда олар Римнен жеңіліп, олардың үстемдігін мойындауға мәжбүр болды. Дегенмен Этрустар Рим мәдениетінде өз қолтаңбасын қалдыра білген халықтардың бірі болып табылады. Қазіргі тарих ғылымында олардың қайдан келгендігі, әлемдік өркениетке қандай жетістіктер әкелгендігі жайлы пікірталас әлі де көп. Геродоттың мәліметтеріне қарағанда, Этрустар қазіргі Түркияның батыс жағалауларынан келіп, жергілікті вилланова мәдениетін қалдырған тайпаларды бағындырған да, Италия жерінде өз қалаларын тұрғызған. Ғалымдардың келесі бір тобы вилланова мәдениетінің өкілдері сауданың арқасында шығыс өркениетін қабылдаған деп пайымдайды. Зерттеушілердің басқа бір бөлігі Этрустар Италияға б.з.б. 2-мыңжылдықта шағын топ болып келген деп есептейді. Қалай болғанда да, Италия мәдениетінен Этрустар ерекше орын алады. Мұны сан алуан мағлұматтар қалдырған археол. ескерткіштер де (Марцаботто, Тарквиния, Черветери, т.б.) растайды. Д. Байғонақов.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.

  2. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет