Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім а Стерилизациялаудың түрлері б Медициналық құралдарды стерильдеу тәртібі в Стерилизаторлар IV. Қорытынды V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе


Медициналық аспаптарды, шприцтерді,инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады



бет2/5
Дата06.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#71937
1   2   3   4   5
Медициналық аспаптарды, шприцтерді,инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады.
Амидопириндік сынама — 5% амидопиринннің спирттік ерітіндісін 30% сірке қышқылының 3% сутектің асқын тотығымен бірдей мөлшерде араластырады.Реактивті шприцтің поршенімен цилиндріне тиген қанның көмегімен тамызады, осылайша инеге алады.Егер залалсыздандыру алдында өңдеудің барлық кезеңдерінен кейін қан ғана қалса, тез арада реактив көкшіл-жасыл түске боялады. 2 минуттан кейін пайда болған боялу есептелмейді.
Азопириндік сынама – азопирам реактиві мен 3%-тік сутегі тотығының біркелкі мөлшерін араластыра отырып дайындалады. Одан кейін тексеру үшін қанды даққа 2-3 тамшы тамызамыз.Егер 1 минуттан аспай күлгін түс пайда болса, кейін қызғылт түске ауысса ректив қолдануға жарайды.Егер 1 минуттың ішінде боялу байқалмаса реактивті пайдалануға болмайды.
Фенолфталейндік сынаманы жүргізу әдістемесі.
Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталейн ерітіндісінде суланған мақтамен сүртеді.Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады.
Стерилизация түрлері
химиялық
сәулелік
Жылулық
Жылулық( термиялық) стерилизация -микробтардың жоғарғы температураға сезімталдығына негізделген. 60С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170С-та жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.
Өңдеу келесі манипуляциялардан тұрады:
1.Жарақатпен, қанмен және инфекциялық бөлінділермен жанаспаған медициналық заттарды дезинфекциялап, екі рет шайып алады.
2.Жоғарыда аталған заттармен жанасқанда стерильдеуден бұрын алдын-алы жақсылап өңдеуден өткізеді.
Жылулық стерилизация қатарына құрғақ ыстықпен стерилизациялау жатады. Құрғақ ыстықпен стерилизациялау ауалы стерилизаторларда немесе Пастер пешінде жүргізіледі.
Ауалы стерилизатор – термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже бойынша 160С-та 120 минут жүргізіледі.Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және шыныдан жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет