Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім а Стерилизациялаудың түрлері б Медициналық құралдарды стерильдеу тәртібі в Стерилизаторлар IV. Қорытынды V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе


Стерильдеуге арналған химиялық заттар қатарына



бет4/5
Дата06.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#71937
1   2   3   4   5
Стерильдеуге арналған химиялық заттар қатарына:
Медициналық құралдарды стерилизациялау тәртібі
Хирургиялық құралдарды сумен жуып, құрғағанша сүртеді. Одан кейін оларды 50 С температурадағы пергидроль салынған кір жуу ұнтағына салады.Салып болғаннан кейін тағы да сумен жуып, құрғатып сүртеді. Тек осындай өңдеуден кейін ғана 30 минут дистильді суда қайнатады немесе ыстық бу камерасында стерилизациялайды. Кесуге арналған құралдарды қайнатпайды, тек 96% — тік этил спиртінің ерітіндісіне салу арқылы стерилизациялайды.
Шприцтар мен инелерді алдымен тазартып жуады.Содан кейін дистильденген салқын немесе жартылай жылы суға 15-20 минуттай қайнатады.
Оптикалық жүйесі бар құралдарды формалин буында 48 сағаттай немесе 25-30 мл таза формалин құю арқалы стерилизациялайды.
Жалпы хирургиялық, нейрохирургиялық құралдар
Травматологиялық құралдар
Стерилизаторлар
Стерилизаторлар – медициналық құралдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауға арналған арнайы аппараттар. Ең кеңінен таралған стерилизаторлар ГП стерилизаторы. ГП-10, ГП-20, ГП-40 стерилизаторлары көлемінің үлкендігімен ерекшеленеді. ГП стерилизаторы медициналық құралдарды ауалы стерилизациялауға емдеу-профилактикалық мекемелерде, дәріханаларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында қолданылады. ГП стерилизаторларын қолданудың ыңғайлылығы тек жоғары сапасында ғана емес, сонымен қатар стерилизациялау уақыты, температурасы, режимі дисплейде көрсетіліп тұруымен ерекшеленеді.
ГП стерилизаторларында қауіпсіздік жағдайлары да ескерілген, яғни апатты жағдайлар кезінде жұмыс істеуші қызметкерді қорғайтын екі қабатты қабатпен қапталған.Сондай ақ стерилизатор қызған жағдайда автоматты түрде токтан өшіріледі. Жалпы алғанда ГП стерилизаторының артықшылықтары өте көп: жоғары сапалы, қолдануға ыңғайлы және бағасы салыстырмалы түрде қымбат емес болып келеді.
ГПД стерилизаторы.
ГПД стерилизаторы әр-түрлі медициналық құралдарды, материалдарды ыстық бумен стерилизациялауға арналған. Коррозиялық процестерден берік қорғалған.Жоғарыда айтылған ГП стерилизаторынан ерекшелігі камерасы екі түрлі есікпен жабдықталған, яғни осы есіктер арқылы стерилизатор таза және стерильді зонаға бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет