ІІІ.Дін философиясы. Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған XX ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. XXІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ояну процесі басталды. Бұл – кең көлемдегі тоқтаусыз процесс. Болашаққа қол созған жарқын істеріміздің, ұдайы алға жетелейтін үмітіміздің маңызды бір бөлігі – діни өрлеу.
Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Әлемнің діни жетекшілері 2006 жылы жиылып, діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға ортақ қандай мәселелр бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік жолмен қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген өзекті тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп. Біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақтық өркениетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. Өйткені, осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін-дінге бөліп, бөлектеп-бөлшектеп келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгіртсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар опат болды, қасірет кешті. Осындай қасіретті азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ келісімге келе ала ма? Ортақ келісімге келудің уақыты туды. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет етпек. Өркениеттік сана дегеніміз әрбір адамның өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі. Халықтар, елдер арасында, діндер арасында ұрыс-керіс, жанжал емес, бүгінгі бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрған XXI ғасырда мәдени сұхбат қажет. Исламды саясаттандыру төңірегіндегі әрекеттер исламның қазіргі қоғамдағы орнын даулы проблемаға айландыруға себепші болып отыр. Негізінде дін мен саясат екі бөлек феномендер. Дін адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Саясат болса, ол адамдардың қауымдасып, ұлт, халық болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз қадірін жоғалта бастайды. Сондықтан асылы Дін мен Саясат бөлек-бөлек болғаны абзал.
Діндердің барлығы «әділдік пен махаббат» жолына үндейтінідігі ақиқат. Бірақ, сол әділдік пен махаббатқа білімсіз жету мүмкін емес. Діни білім туралы мұсылман дінтанушысы Абу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-Ғазали (1059-1111) былай деген: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім».
Рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру мақсатына жету үшін өркениеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғарғы деңгейі болып табылатын толеранттылық (өзгеге төзімділік, қамқоршылық, жұмсақтылық, кішіпейілділік, мейрімділік таныту) қасиетімізді сақтай білуіміз керек. Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болатын нәрсе емес. Ол – тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 5-ші бабына сәйкес елде дін ұстану бостандығы қалыптасты. Бүгінгі Қазақстан халқы - көп дінді халық. Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы Заңы» қабылданды. Демократиялық қоғам құрудың талабына сай осындай іс-шаралар жасалды.
Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. «Религия» -(дін) терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел бағдарлаушымен) байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен қасиеті. Барлық діндерге ортақ мүдде – адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады.
Дінде дүниеге көзқарастық тұстар басым. Дін адамның табиғатпен және қоғаммен байланысын әдіс тауып, шебер айқындап бере алады, осы байланыстардың күрделі бейнесін түзе алды. Бұл суреттемеде адам мен әлем қатынастары мәселесінің мәңгі сұрақтары шешу тапты. Діннің қоғамнан алатын күрделі орынын түсіну үшін оны шындық дүниенің бір бөлігі ретінде қарап, жердегі негіздерін жалпы методологиялық принципке сүйене отырып айқындау керек. Дін – бұл дүниені рухани игеру процесіндегі тарихи қалыптасқан компонент, қоғамның әлеуметтік ой-санасының, жәдігерінің бір бөлігі. Қазіргі кезеңде адамзатты әлемдік қауымның болашағы қалай қалыптаспақ деген сұрақтар ойландырады. Өткен ғасырда алып мемлекеттер “дүниенің жаңа тәртібін” түзуде бірқатар табыстарға жетті десек те, жер бетінде зұлымдық, адамгершілікке жат құбылыстар азайған жоқ. Адам мәніне дұрыс көзқарас, дегенімен, толық қалыптасқан жоқ. Профессор А.Дж.Тойнби айтқандай: “коммунизм де, капитализм де – бұл екеуі де христиан дінінің некесіз тапқан балалары болып табдылады”. Бұл сөздің астарында болашақ жаңа әлемдік қауымдастық туралы ой қозғамақ әрекеті жатыр. Иудей – христиандық ойлаудың үш мың жылдық тарихы, шығыс діндерінің өткен тарихы біздің санамызда қасиетті бір ғажап тілекті оятады, ол тілек – жаңа адам , жаңа қоғам құру. Азиялық діндер: конфуцийшілдік, синтоизм, зороастризм және басқалар ақиқатты іздеушілерден рухтың соңынан еру және онымен шектелмеуді талап етсе, ислам ақиқатты Құраннан іздеуді ұсынады. Ислам интеллектуалды пайымдауды жетілдіруді жалғастырып, адамның өзін-өзі мейлінше жетілдірумен айналысуын ұсынады. Иудей – христиан дәстүрі адамға өмірдің мәнін іздеп, ақиқатты, Құдайды іздеп, кәдімгі күресудің орнына: “Құдай өзі адамды табады” деген ақиқатты ұран етіп тастады. Әлемдік өркениеттегі “Қасиетті жазулар” діндеріне үңілсек , екі парадигманы байқаймыз: “Мұса парадигмасы” (Батыс) және “Вьяса парадигмасы” (Шығыс). Мұса – Құранның да, Библияның да, Танах (Моше) кітабының кейіпкері. Вьяса – Махаббхарата текстін құдайларға жеткізген данышпан. О.Шпенглердің топтастыруы бойынша , “Мұса парадигмасы” Византия, араб, батыс Еуропа және жартылай грек-рим, вавилон мәдениеттерінің негізін қалаған. “Вьяса парадигмасы” буддалық-брахмандық дәстүрлер негізін қалаған. Буддизм әдебиеті “Трипитаканың” көмегімен монғол, жапон, корей және де басқа Азия аймақтарына әсерін тигізді.“Мұса” антропологиясының маңызды нышандары жүрек, құрсақ, тыныс алу, оларға сәйкес келетін күйлер – күйзелу, үрей, үміт. Дін – бұл “жүрек” туралы ілім. Үнді елінде мұндай қатынас “бахти” (құдайшылдық) деп аталады. Исламда – “абд” (көнгіштік), батыста – “агейп” (құдайға деген махаббат) деп аталады. Мұндай құдайшылдық ғылыми компетенцияның шекарасын ары жылжытады. Дінді ғылыми зерттеу (теология, эгзегетика түрінде), қасиетті тексттерді түсіндіру (философиялық, дінтану, этнография тұрғысынан) – бұл кәдімгі ақылға сыйымды, мүддеге сай қарапайым объектілерден асып түсетін құбылыстарды рационалды түсінуге ұмтылу. Егер ғалым өз зерттеулерін құдайға сыйынып болған соң бастаса, онда оның ғылым және құдаймен сұхбаттасу арасындағы шекараны аттап өте бастағаны. Дінге рухани өмірдің жанды құбылысы ретінде қарау қажет. Әл-Фарабидің “Қарапайым қала тұрғындары көзқарастары” атты еңбегінде жүрек туралы мынадай ойлар айтылады: “Адамның негізгі қабілеттері: қоректену, сезімдік, елестету, ойлау, ұмтылу – бәрі де жүректе орналасқан. Сондықтан жүрек ең басты орган және ол басқаға тәуелсіз… жүрек туа біткен жылулықтың қайнар көзі”. Жүрек жылуы басқа қабілеттердің жүзеге асуына мүмкіндік туғызады. Жүректің қызметімен үрей және үміт байланысты. Аяушылық – бұл басқа үшін үрейлену. Аяушылық көз жасын тудырады. Сондықтан Библияда Христос жылаған бейнеде көрсетіледі, ол ешқашан күліп бейнеленбейді. Үрейдің екінші жағы үміт. Үміт – “жанған жүректің” кернеулі, кризисті күйі. Әл-Фараби де “жүрек жылуының ” осындай күйін “отты” деп атаған. “Мұса парадигмасында” жүректің бұлай жануы жоққа және бір нәрсеге көз жеткізе алмаудан туатын мүдде, арманды білдіреді. Мұсаның өзі де, одан кейін апостол Павел де мұны “үміттердің жоғарғы үміті” деп қисындап мазмұндады. “Мұса парадигмасындағы” құдайдың өзі Яхве, Христос және Алла деген атты иемденіп, сенушілер үшін үміт құдайы болып табылады. Мұндай үміт “Мұса парадигмасында” абсолютті құндылыққа ұмтылудың басты модусы болып табылады. Абсолюттің қалыптасуы процесіндегі діннің маңызын Гегель талай рет қарастырған болатын. Оның мындай пікірі болған: “Қабылдап алынған (снятое) өнер дінмен барабар, қабылдап алынған (снятая) дін абсолютті біліммен барабар”.
Діннің мәдениеттегі орнын аша түсу үшін Гегельдің “тарих - бұл еркіндікті ұғыну прогресі” деп қарастырған пікірін талдаудың көмегі бар. Шығыс тек бір ғана еркін адамды білген, ол - патша, басқаның бәрі құлдар. Антикалық Грецияда және Римде қоғамның біршама бөлігі еркін деп есептеліне бастаған. Христиан діні (жаңа дүниеге өту) жаңа принцип орнатты: әлеуметтік жікке қарамай барлық адамдардың еркіндігі мен теңдігі принципі. Бұл принцип алдымен тек дінде ғана қабылданса, кейіннен бүкіл қоғамдық салаларға жайылып кетті.
Гегель үшін діннің қоғамдық сана формасы ретінде де , таным процесінің сатысы ретінде де маңызы бар. Оның айтуынша: “Дін – бұл адамзаттың ойлап шығарғаны емес, дін – бұл құдіретті рухтың жемісі”. Бұл пікір болмыс пен шектік, шүбәсіз кемелдік арасында жақындық бар екеніне ой салады. Псевдо-Дионисий Ареопагит (V ғ.), А.Августин (V ғ.), Ф.Аквинский (ХІІІ ғ.) де осылай ойлаған. Ф. Аквинский былай деген: “Сущее и благое суть понятия взаимозаменимые”. Дін біздің бір бөлшегіміз болып қала бермек, себебі оның қайнар көзі – тарих (ғылымның айтуынша), сондай-ақ діннің қайнар көзі – мәңгілік (теологияның айтуынша).
“Сындарлы он жыл” кітабында Н.Ә.Назарбаев діни экстремизмнің ықтимал қауіп-қатеріне, оның алдын алу шараларына, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымызда бұл мәселеге сергек қарау керектігіне айрықша мән берілген. Қазақстанда үш мыңға жуық діни ұйымдар мен қозғалыстардың басын біріктіретін 40-қа тарта конфессияның барын ескерсек, конфессиялық тұрақсыздықтың да болуы мүмкін екендігін ұмытпауымыздың қажеттігіне назар аударады.
Н.Ә.Назарбаев өзінің кітабында Қазақстанда ислам діні ханафиттік құқықтық мектеп пен сопылық ағым негізінде орныққанына, мұның өзі ислам догмаларының қазақ даласын тез жерсінуіне себепші болғанына айрықша мән береді. Бұл түсінікті де. Қай кезде де дәстүрлі мәдениет пен діни наным-сенімнің арасындағы қайшылық, ең алдымен халық өмірінің қасіретіне ұласып отырған. Шүкір деуге болады, бір жағынан, қандай да болсын қоғамдық қатынастар ахуалына ислам догмаларының бейімделгіштігі, екінші жағынан, салт-санасы көшпелі өмір жағдайында қалыптасқан қазақтардың діни наным-сенімге деген кеңшілігі Қазақстанда ислам дінінің қоғамды реттегіш тамаша қасиеттеріне жол ашқан. Осы мәселеге айрықша мән берген Нұрсұлтан Әбішұлы: “Ислам дінін қабылдаған қазақтар Құран ережелерінің негізінде де, исламға дейінгі дәстүрлі ырым-жораға да табиғи түрде және бір мезгілде мінәжат ете алатын болған. Осылайша, қазақтар өздері үшін жаңа араб дінін қабылдағанымен, өз бабалары – түркінің көшпелі тайпаларының рухани мұрасынан да көз жазған жоқ”, - деп қазақ қоғамындағы ақиқат-шындықты айта келіп: “Исламның жан-жақты жорылуы ұдайы болып отыратын үрдіс, мұның Құран рұхы мен әріпіне де, Шариғатқа да қайшы келетін немесе қайшы келуі мүмкін ештеңесі жоқ. Бұл тұрғыдан келгенде, менің пайымдауымда Қазақстанда біржолата орныққан исламдық дін таным үлгісін одан әрі идеологиялық тұрғыда дамытып, біздің теологтар тарапынан исламдық мұраларды жаңғыртуға, сөйтіп еліміздің мұсылман қауымының қазіргі жағдайына жаратуға жол бермеуге болмайды”, - деп қорытады (Н.Назарбаев «Сындарлы он жыл»). Нұрсұлтан Әбішұлы сөз етіп отырған мәселе қазақ халқының XXI ғасырдың басындағы және алдағы ғұмыр жолындағы діни-рухани бағдарына темірқазық болары кәміл.[1]
Дін және саясат. Мәдениеттегі тығырық діни өмірдің саясаттануымен шақырылады. Монотеистік діндердің рухани лидерлері және ұлы пайғамбарлар ілімдері қатаң саяси күрес жағдайында конъюнктурлы герменевтикамен алмасады, көлеңкеге кетеді. Бұрмаланған діни идеал эгоистік жетістіктер үшін құрал болып кетеді және өзіндік өмірлік күшін жоғалтады. Діннің солуына байланысты мәдениеттің барлық ағзасы ауырады, ал оның реформациясынан мәдениет жаңа тыныс алады.Осыған байланысты екі актуальды мәселе туындайды, оларды шешуге әзір мүмкіндік жоқ:
1) Діннің ықпалынсыз мәдениет пайда бола ма және толық дами алады ма?
2) Мәдениеттің саясатында шіркеудің қатынасуы өлшемі қандай?
Қазақстан үшін бұл мәселер бірінші орынға шыға бастады. Фундаментализм. Мәдениеттің діни негізіне қайта оралу қозғалысы барлық әлемдік діндерде христиан, ислам, буддизмде қазір де бақылануда. Сондықтан христиан, ислам, будда мәдениеттері стагнацияны басынан кешіруде, оларды сенімнің тоқтауы мен құлдырауы сезіледі.
Діни фундаментализм, мәдениеттегі құлдырау құбылыстарына, жағдайларына қоғамдық организмнің заңды реакциясы. Мәдениеттің негізі деп дінді санаушылар фундаментализмді жағымды бағалайды. Олар фундаментализмнің мәдениетке таза жаңа өмірді, өркениеттің рухани және материалды жақтарының үйлесімділігін тудыруға, қайта жаңғыртуға сенеді. Бұл мағынада фундаментализм мен экстремизмді тепе тең деуге болмайды, бірақ олар өзара бір бірімен тығыз байланыста болуы мүмкін. Біріншісі тудырушы мағынада, екіншісі діннің нағыз рухына қарсы және мәдениетке кедергі келтіреді. Әрбір мәдениет терең дипрессияға түскен жағдайда сақталып қала алмайды. Егер ол қоғамның үлкен топтары мен қабаттарының қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне қарсы болса, оның өмір сүруі көпке созылмайды. Өз кезінде кеңес мәдениетін Н. С. Хрущев, А. Н. Косыгин, М. С. Горбачев өзгертуге тырысты. Егер анық дін өзінің ресурстарын жоғалтса, оның жағдайындағы мәдениет экономикасы мен саяси құрылымын хаосқа (ретсіздікке) әкедеді, ал қоғамда қылмыс, заңсыздық, қайғыру, шектен шыққандық орнайды. Егер жаңа идеалдар көпшілікпен сакральданса, онда әлеуметтік хаос жаңа экономикалық-әкімшілік тәртіппен алмасады, елде жаңа мәдениет пайда болады. Ислам әрбір адамның іс-әрекетінен екі жақты діни және зиялыны көреді: эгоизмнен шыққан қасиетті әрекеттер руханилығын жоғалтады, ал зиялы іс-әрекет таза болса, ол құдайылық сипатта болады. Ислам бойынша әрбір іс әрекет Аллаға құлшылық етумен басталады.
Мәдениет негізіндегі діни идеалдар.Ұлттық және әлемдік мәдениеттерді терең ұғыну оның діни негіздеріне бас қоюынан басталады. Әрбір халықтың немесе халықаралық қатынастарды рухани субстанцияны түсіну және сезіну үшін олардың материалдық өмір сүруін ғана зерттеу жеткіліксіз, олардың дінінің мәнін түсіну қажетті болып табылады. Егер біз индуизм мен шинтоизмді білмесек, Үнді және Жапон мәдениеттерін түсіне алмаймыз. Мәдениеттің құпиясы оның тудыратын дінінде. Мәдениеттің мәнін және мәдениеттегі діннің орнын қарастырамыз. Мәдениеттегі діннің орнының үш моделі.Дін мәдениеттің генотипі. Бірінші модельге байланысты діннен мәдени фенотип, ұлттық және ұлтаралық болмыстың рухани және материалды әртүрлері шығады. Бұл мәдениеттің діни моделі ең көнесі, ол мәдениеттің жалпы құрылымын талдауға көмектесті. Осы модельге сәйкес әрбір жеке мәдениетті тудырған дініне байланысты атау керек: индуизм мәдениеті, христиан мәдениеті, ислам мәдениеті, т.б.. Әрбір негізгі мәдениетте субмәдениетті көрсетуге болады, мысалы, христиан мәдениетіндегі католиктік, православие, протестанттық мәдениеттер.Шаруашылық мәдениеттің генотипі. Екінші зиялы модель мәдениеттің негізгі құрылымын халықтың шаруашылық өмірінен шығарады. Осы экономикалық модельге сәйкес мәдениетті өндіріс, сауда және тұтыну ерекшеліктерінен келіп атау керек (жер шаруашылығы, мал шаруашылығы, кәсіптік шаруашылық т.б.)., немесе олардың географиялық орналасуына байланысты. Мәдениеттің шаруашылық моделінің көп тараған түрі экономикалық детерминизмі табылады.Кеңестік мәдениеттің құруы діннің мәдениеттегі жүйелілік факторын ашып береді. Діни шаруашылық моделі. Мәдениеттің соңғы принципиальді мүмкін моделі бірінші және екінші молдельдерді синтездейді, жинақтайды. Осы діни шаруашылық модельге байланысы мәдениеттің генотипі болып діни идеалдар мен экономикалық архетиптер бірлігі табылады. Ол нақты адамдар қауымдастығымен мойындалған. Бұл бірлік діни және экономикалық идеалдардың қарапайым жиынтығы емес, ол не рухани болмысқа, не материалдық біріншілік етуге әкелмейтін жаңа қасиет. Осы модель көбіне түсіндірмелі құндылықты түсіндіре алады, ал жалпы сипаттағы басқа модельдердің болуы мүмкін емес. Материя мен рух жалпы ұғымдар, оларға Бірлік ұғымынан басқа қосымша ештеңе қосуға болмайды; сондықтан да мәдениеттің жалпы теориялары тек үшеу ғана болады Материядан логикалық тұрғада ештеңе шығара алмайсын, одан тек материяның модустарын алуға болады, ал рухты материалистік софизмдермен түсіндіре алмайсын. Рухтан денелер, заттар немесе материалдық процестер емес, тек рухани болмыс түрлері шығады. Дін мен экономиканың өзара бейнеленуі. Мәдениетті ңекі жақты діни шаруашылық идеясы диалектикалық интуицияға жауап береді. Және көптеген логикалық және фактілі қарама-қайшылықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан мәдениеттің құрылымын толықтыру керек: мәдениеттің нақты ядросы және экономикалық идеалдарды өзіне жатқызады. Бұл идеалдар бір-біріне үйренген және органикалық ерітіндіні тудырады. Дін әрбір мәдениеттің негізгі экономикалық идеалдарын сакралдайды.Өз кезінде бұл идеалдар діни идеалдарды негіздейтін модификация мен таңдауды негіздейді.Нақты материалдық өндіріс адамдар арасында сенім болмаса және жанұя, тұрмыс, еңбек бөлінісі ортақ өнімді алу, әлеуметтік коммуникация иек артатын идеалдардың дінмен шешілмесе басталуы мүмкін емес.Әрбір мәдениеттің пайда болу кезінде фатальды қажеттілік болмауы мүмкін. Осы жағдайда олардың бірігуі және бір біріне өту процесі жүреді. Халықтың мыңдаған діннің шаруашылық өмірмен байланысы белсенді жүрсе, олардың бірігіп өмір сүруі органикалық және қажетті болады. Мәдениеттің діни және экономикалық жақтарының бірлігі диалектикалық қарсылықта, олардың ерекшеліктері мәдениеттің компаненттері арасында қақтығысқа әкелуі мүмкін. Посткеңестік мәдениет. Дін мен экономика өзара белсенді өзгерістермен және қайтымды байланыстармен мәдениеттің бір субстанциясының бөлінбейтін жақтары болуы мүмкін. Сондықтан, үшінші мәдениеттегі діннің орнының синтетикалық моделі көбірек шындыққа сай. Маркстік білімі бар адамға экономика мәдениетті негіздейтінін түсіндіріп, дәлелдеу қажет емес; философия және өнермен айналысу барысында адамдар тамақ ішуі, киінуі, баспанасы болуы керек деген К.Маркстің ойын еске түсіру жеткілікті.Адамдар көбі өнермен, ғылыммен айналыспаса да бірінші тамақ туралы ойлайды.