Жоспар I. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет7/10
Дата19.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#51219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.2.4 Метрит


Метрит – орналасу орынына байланысты (endo-, Mio-, peri-, parometrit) шырышты, бұлшық еттік, серозды немесе кең жатырлық байламды жатыр торшасын қоршағ н метрит түрлері болуы мүмкін. Бірақ үрдіс эндометриттен басталып, басқа қабықшаларға өтеді. Жолдары: инфекция кезінде жоғарылайтын (қынаптан) және бәсеңдеген (қан және лимфа арқылы).
Эндометрит – қабыну үрдістері кілегей қабықшаға жиналады. Ағымы бойынша өткір және созылмалы болуы мүмкін. Өткір ағымы катаральді (қарапайым) эндометрит типі бойынша дамиды. Макроскопиясы: қабыну бейнесін еске түсіреді (оны ұйығудан ажырату қажет). Ісінген, гипермирленген, қанталаулармен тізілген, серозды – шырыштық немесе шокалад түсті секреттермен жабылған. Экссудат мөлшері біршама, ақшыл, созылыңқы, күңгірт немесе шокалад түсті болады. Кілегей қабықтары ісінген, диффузды немесе дақты ісінген, карункулалардың айналасында петехиялар пайда болады. Кілегейдң беткейі кедір-бұдыр. Гистологиясы – белгілері кілегей қабықтардың өткір катарына сәйкес. Капиллярлары мен веналары қан талаған жерлерінде қанға толып қалған, ұлпа инфильтрациясы полиморфоядролы лейкоциттермен толысады, олар аналық бездер мен саңылауларының айналасына жиналады. Ұлпаның некрозы мен іріңді ыдырауы аумағының беткейінде үлкен мөлшерде лейкоциттер жиналады. Бұлшық ет ұлпасында еш өзгеріс жоқ, сәл ғана ісінген. Ақыры: созылмалы формаға өтеді немесе эпителилер регенерацияға ұшырайды.
Іріңді эндометрит. Жатырдың үлкен өлшемдері (қуыстарда іріңнің ұлкен мөлшері болады - piometra). Пальпациялаған кезде флюктуация болады. Серозды қабықшасы өзгермеген, күңгірт, кедір - бұдырлы, грануляциялық ұлпаның бүркелген түйіндері болуы мүмкін.

Сурет 3. Іріңді метрит кезіндегі бүйректің көрінісі
Жатырға мойыны жабық болуы себебінен ірің көп жиналады. Жатыр қабырғасы жіңішкерген. Кілегей қабығы некроздық ұлпалармен жабылған. Карункулалары (ірі қара малдарда) кедір-бұдыр, консистенциясы терілі болады (бархат тәрізді болуы керек). Гистологиясы: шырышты плазматикалық торшалар мен лейкоциттердің инфильтрациясы, олар эпителий асты қабатында көп жиналған, өлген ұлпаның іріңді ыдырауы мен кесектерге бөлінуі. Бездер атрофияланған, олардың саңылаулары кеңейіп, іріңге толып қалады [8].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет