Жоспар I. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет5/10
Дата19.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#51219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
хаттама

2.2.1 Нефрит


1.Нефрит – (nefrritits) бүйректің қабынуы. Нефриттің жіктелуі қиындау, себебі, не этиологиялық, не патогенетикалық қағиғадаттар оның негізі бола алмайды, сондықтан нефриттің қатаң ғылыми жіктелуі жоқ. Негізінде бүйрек шумақтары қан тамырларының зақымдануынан болады. Жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел Нефрит жоғарғы тыныс жолдарына стрептококк бактериясы түсуінен, баспа, созылмалы тонзиллит, пневмония, дифтерия, сүзек, тағы басқа бактериялы және вирусты инфекциядан кейін, салқын тигеннен дамиды.
Бүйректің қабыну үрдістерінің жіктелуінің сызбасы [4] .

Сурет 1. Нефрит кезіндегі бүйректің көрінісі

2.2.2 Гломерулонефрит


Гломерулонефрит – тамырлы шумақшалардың жинақталу өзгерісі өтетін бүйректің қабыну. Егер өзгерістер шумақшаның тамырлы жүйесінің ішіне жинақталса – интракапиллярлые егер тамырлы жүйеніртында болса (шумақты капсулада) – экстракапиллярлы деп аталады.
Қабыну сипаты мен ағымының ұзақтығына байланысты гломерулонефриттерді экссудативті және продуктивті, өткір және созылмалы деп екіге бөледі.

Сурет 2.Созылмалы гломерулонефрит кезіндегі бүйректің көрінісі
Интракапиллярлы гломерулонефрит: шумақша тамырларының эндотелилерінің көбеюі, оың лимфамен және лейкоциттермен инфильтрациясы, жиі трамбоздар және тамырлы ілгектердің некроздары. Гистологиясы: а) эндотнлидің көбеюі: шумақшаларда ядро мөлшерінің ұлғаюы (лейко-лимфациттердің инфильтрациясы есебінде); б) шумақшалар өлшемінің ұлғаюы (сондықтан олар өз капсулаларына тығыз бекітіледі); тамырлы ілгек рельфтерінің тарылуы; в) тромбоз кезінде кеңейген тамыр саңылауларында қан плазмасының ақуызынан ұйыған гомогенді қоспадар көрінеді, ал тамырдлы ілгектердің некрозы кезінде бактериальді тромблар түзіледі.
Интракапиллярлы гломерулонефрит өткір ағымды дәлелдейді (1-2 күн) және бүйрек зақымдалуының жалғыз белгісі ғана емес. Макроскопиялық өзгерістері байқалмайды.
Экстракпиллярлы гломерулонефрит – шумақтардың өз капсулаларында қабынуы. Ол экссудативті және продуктивті болуы мүмкін.
Экссудативті экстракапиллярлы гломерулонефрит – ол шумақты капсула қуысынлағы экссудаттың пайда болуымен сипатталады. Гломерулонефрит серозды, фибринозды, гемморагиялық және катаральдідесквамативті (экссудат сипатына қарай) болуы мүмкін.
Продуктивті экстракапилярлы гломерулонефрит – эпители капсуласының көбеюіне байланысты, олар капсула қуысын толтырулары мүмкін, шумақша шеттерін жойып жібереді. Бұр ауру формасы өткрілеу ағымға тән, ол созылмалы формаға өткен кезде, бүйрек шумақтары тыртықталу мен фибробласттық айналуға ұшырайды.
Көршілес екі шумақтарда әр түрлі үрдіс болуы себебіне қарай гломерулонефриттерді экстра және интракапиллярлы деп бөледі. Каналдық эпителилердің (түйіршікті, майлы және гиаоинді-тамшы диястрофиясы) дегенеративті өзгерістерімен асқынуының гломерулонефрит формасы нефрозонефрит деп аталады [5].
Фибринозды және продуктивті гломерулитті макроскопиялық әдіспен жарықтандырудың көмегімен ғана аныуқтауға болады (мұқият зерттеу кезінде). Геморрагиялық гломерулит – шумақшаларын кескен кезде нефроз-нефриттің қызыл нүктелері түрінде болады (ала бүйрек). Бүйректер көлемі жағынан ұлғаяды, бопылдақ, қабықшалы қабаты кең, ылғалды, ақшыл сұр және сұр сары түсті. Қабықшалық және ми заты арасындағы шеттері анық көрінеді, ми заты қою қызыл түсті: «үлкен ақ бүйрек», ал геморрагиялық гломерулит кезінде – «үлкен ала бүйрек».
Гломерулиттің ақыры: 1) регенерация, 2) склероз және бүйректің байлануы – көлемі кішірейген, ақшыл, беткейі гранулирленген, тығыз болады. Қабықшалық және ми заттарында – кистоздық қуыстар бар.
Гистологиялық жағынан: склероз, шумақшаларының гиалинозы, каналдарының атрофиясы. Интракапиллярлы созылмалы нефрит кезінде шумақшалар деформацияланады, қалақты түрге ие болады, шумақшаларының склерозы каналдарының атрофиясына, дәнекер ұлпасының жаңа түзілуіне алып келеді. Атрофия мен склероз ошақты түрде және ағза беткейінде қалатын аумаққа сәйкес дамиды, ал сақталған аумақтарда гипертрофияға ұшыраған шумақшалар болады (компенсаторлы гипертрофия) [6].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет