Бүйрек амилоидозы- амилоидоздың біріншілік те, екіншілік те түрлерінде кездесетін құбылыс. Сонымен қатар бүйрек амилоидозының өзіне тән клиникалық және морфологиялық ерекшеліктері бар.
Этиологиясы. Бүйрек амилоидозы негізінен екіншілік амилоидоз көріністерінің бірі болып өкпедегі сүйектердегі, созылмалы іріңді процестерден кейін, туберкулездің деструктивті түрлерінде, жаралы колитте, ревматоидтық артритте, кейде лимфогранулематозда кездеседі.
Патогенезі. Бүйрек амилоидозы негізгі мембрана өткізгіштігінің күшеюінен басталады, бірақ та бұл белоктар негізінен қайта сорылады немесе бүйрек стромасына жинала бастайды. Сондықтан оның алғашкы рет бүйрек шумақтарының капиллярларында шөге бастауы клиникада нефроздық синдром турінде көрінеді. Осы кезеңнен бастап амилоидоз үздіксіз дамып бірте-бірте бүйрек қызметінің нашарлауына соқтырады [11].
Қортынды
Көбіне бүйрек түйнектерінің, аз дәрежеде каналшықтары мен интерстициалдық ұлпасын зақымдау түрінде өтетін иммундық қабыну сипатындағы ауру.
Ауру суыну, стресс, организмге токсиндер түсуі салдарынан дамиды. Жылдам жабығу, шаршау, бүйректер маңындағы ауырсынулар білінеді. Несеп құрамында эритроциттер болуына орай ол қызыл реңденеді гематурия. Несепте ақуыз, кейде – қант пайда болады. Жылы құрғақ ғимарат қажет етіледі. Жедел нефритте 1...2 тәулік аралығында аштық диетасы қажет етіледі. Сосын рационға С, А және В тобы витаминдерімен байытылған диеталық азықтар енгізіледі, айқын домбығулар кезінде ондағы ас тұзы мен су мөлшері шектеледі. Көбіне жедел нефрит басталуы инфекцияға байланысты болуына орай бірінші 10.. 15 тәулікте антибиотиктер, сульфаниламидтер немесе қиылыстырылған препараттар, нитрофурандар беріледі, тек нефротикалық препараттарды қоспаған жөн (тетрациклин, неомицин).
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Скрябин К. И. Ветеринарная энциклопедия. М.: Советская энциклопедия.
2.А.И. Струков, В.В. Серов «Патологиялық анатомия», Мәскеу «ГЭОТАР – Медиа» 2013
3.М.С. Абдуллаходжаева основы патологии человека 1-том. Ташкент 1997
4.«Патологиялық анатомия» Ж.Б. Ахметов. Алматы, 2004
5.В.И. Струков, В.В. Серов «Патологиялық анатомия» (М.Т. Айтқұлов аудармасы) I-бөлім (жалпы бөлімі) Ақтөбе, 2010
6.Патологическая анатомия сельскохозяйственных животных/А.В.
Жаров, В.П. Шишков, М.С. Жаков и др.; Под ред.В.П. Шишкова, А.В. Жарова. - 4-е изд., перераб. и доп. - М.: КолосС, 2003. - 568с., ил. - (Учебники и учеб. Пособия для студентов высш. Учеб. Заведений).
7.Патологическая анатомия сельскохозяйственных животных / Жаров
А.В., Шишков В.П. - М.: Колос, 1995.
8.Вскрытие и патоморфологическая диагностика болезней животных / Жаров А.В., Иванов И.В., Стрельников А.П. - М.: Колос, 2000.
9.Судебная ветеринарная медицина / Жаров А.В. - М.: Колос, 2001.
10.Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней с. - х.
животных /А.В. Жаров, И.В. Иванов, А.П. Стрельников и др.: Уч. пос. для вузов. М.: Колос, 1992.
11.Ахметов Ж.В. Патология анатомия. –Алматы -2003 -393 б