Бүйрек аурулары адамда және жануарларда ең жиі кездесетін аурулар қатарына жатады. Медицинада және ветеринарияда бүйрек ауруларын зерттейтін саласын нефрология деп атайды. Бүйректердің организм үшін маңызы өте зор. Олар: біріншіден, азот зат алмасуының ең соңғы өнмдерін бөліп шығарушы негізгі ағзалар болып есептеледі, екіншіден, ішкі орта тұрақтылығын, әсіресе қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттеуге тікелей қатынасады; үшіншіден бүйрек шумақтарында (юксто-гломерулалы аппараттарында) қан қысымын реттейтін ренин бөліп шығарылады.
Бүйректер патологиясын түсіну ушін олардың қалыпты құрылысына байланысты кейбір анатомиялық және гистологиялық, мәліметтерді еске түсіру қажет. Буйректердің массасы 260-280 г (әйелдерде 25 грамға кем), оның негізгі құрылымдық бірлігі нефрон болып саналады, олардың, саны әр бүйректе I миллионға жетеді. Нефрон бүйрек шумақшаларынан басталады. Осы жерден капиллярлардан тәулігіне 1500 л қан өтіп, 150 л алғашқы несеп пайда болады. Ол бүйрек өзекшелерінде қайта сорылып 1,5 л соңғы несеп түзіледі.
Қан мен несеп арасында, электронды микроскоппен жаксы көрінетін шумақша сузгісі (фильтр) орналасқан. Ол үш қабаттан тұрады: 1) ішкі эндотелий қабаты; 2) ортада негізгі мембрана; 3) оның сыртында - эпителий қабаты.
Капиллярлар эндотелийінің көлденеңі 50-100 мм тесіктері (фенестрлері) болады, олар әрдайым ашық. Ал эпителий қабатының жасушаларын подоцит немесе эпицит деп атайды. Электронды микроскопта олардың "ұзын өсінділерден" трабекулалардан және олардан тарайтын "қысқа өсінділерден" педикулалардан түзілгенін көреміз. Подоциттер бүйрек капиллярларын жанжақтан орап алып өзінің "аяқшалары" арқылы оның үстінен көтеріліп тұрады. Бүйрек шумағының негізгі мембранасы күрделі құрылысқа ие. Ол эндотелий және эпителий мембраналарының қосылуынан пайда болады. Бұл мембрана негізінен белоктар мен глюкозамингликандардан түзілген. Осы жердің болмашы зақымдануының өзі несеп болып шығуын шұғыл өзгертеді. Демек, алғашқы несептің мөлшерін әсіресе оның құрамы негізгі мембрананың қызметімен анықталады [2].
Кейбір жерлерде осы екі мембрана бір-бірінсн алшақтап арасында мезангиум дсп аталатын кеңістік пайда болады. Осы жерде аралық зат және мезангий жасушалары орналасқан, оларды үшінші жасуша деп те атайды. Бұл жасушалар фагоцитоз кызметін атқарып шөгіп қалған иммунды кешендерді ыдыратады. Олардың IV типтегі коллаген талшықтарын (ламипил) амилоидты синтездеуге де қатынасатыны анықталған. Сонымен қатар, мезангий жасушаларында ангиотензин II, атриопептид және вазопрессинмен әсерлесетін рецептор болады. Мезангий жасушаларының қысқаруы нәтижесінде капиллярлар тарылып, фильтрация көлемі азаяды [3].