Жоспар I. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Ошақты сегменттік гломерулосклероз



бет9/10
Дата19.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#51219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
хаттама

Ошақты сегменттік гломерулосклероз. Бұл патологияда склероздық өзгерістер бүйрек шумақтарының бір бөлігінен басталады. Клиникада нефроздық синдром белгілерін береді.
Ошақты сегменттік гломерулосклероздың көп жағдайларды себебі белгісіз (идиопатиялық) болады, кейде липоидтық нефроздан кейін басталады.
Бұл патологиядан айырмашылығы клиникада гематурия жиі дамиды, көп жағдайда созылмалы гломерулонефритке айналады.
Микроскоппен қарағанда жекелеген шумақтардың бір бөлігінде фиброз және гиалиноз көрінеді. Бұл өзгерістердің әрі қарай өрістеуі подоциттердің шумақтардың негізгі мембранасынан ажырап (түсіп) қалуына байланысты. Осы, жалаңаштанып (ашылып) қалған аймақтарда негізгі мембрана өткізгіштігі тым артып кетіп, ол жерде плазма белоктары шөгіп қалады, мезангий жасушалары көбейеді. Алғашқы өзгерістер гломерулалық шумақтардан басталады. Кейінгі кезеңде бүйрек шумақтары бүтіндей склерозданып, бірте-бірте созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамиды.

2.2.6 Пиелонефрит


Пиелонефрит - бүйрек түбегінің, тостағаншаларының, аралық тінінің және өзекшелердің зақымдануымен сипатталатын патология. Бұл инфекциялық сырқаттар қатарына жатады. Өте жиі кездесетін ауру, өлген кісілердің 9-10%-да, пиелонефриттің әр түрлі көріністері анықталады, ал бүйрек ауруларының ішінде ол 30%-ды құрайды
Этиологиясы.Пиелонефрит тудырушы бактериялардың арасында ең көп кездесетіні ішек таяқшалары мен стафилококтар.Одан басқа пиелонефриттің дамуына энтерококтар, протей, клебсиелла,энтеробактер, көк іріңді таяқшалар немесе микроб ассоциациясы да себеп бола алады.
Патогенезі. Пиелонефритті инфекция тудыратын сырқат дегенмен де оның дамуы үшін көптеген косымша жағдайлардың, әсіресе бүйректе қан айналысының және несеп әрекетінің бұзылуының маңызы зор. Пиелонефрттерді даму механизмдеріне қарап, обструктивті және обструкциясыз дамитын пиелонефриттер деп екі топқа бөледі. Обструктивті себептерге ер адамдарда қуық безінің аурулары (аденома, рак, простатит), қуық және тік ішек рактары, несеп жолдарының тастары; әйелдерде жыныс ағзаларының ісіктері мен осы ағзалардың қабынуы және несеп жолдарындағы тастар жатады. Бұдан баска несеп жолдарының туа болған кемістіктері де осы өзгерістермен асқынады [10].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет