Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Ауруды дауалау,сауықтыру шаралары және алдын алу



бет2/2
Дата02.12.2022
өлшемі20,74 Kb.
#54336
1   2
Байланысты:
Ербол1

2.2.Ауруды дауалау,сауықтыру шаралары және алдын алу
Дауалау және күресу шаралары. Лейкозға қарсы құсты жасанды жолмен иммундеу ешбір нәтиже берген жоқ. Аурудың алдын алу үшін жалпы ветеринариялық – санитариялық шаралар қолданылады, лейкоздың вирусын алып жүретін құстардың мекиендер тобынан тез аластаудың маңызы өте зор. Өсіру үшін инкубациялық жұмыртқа мен балапанды тек қана лейкоздан сау шаруашылықтан алу керек. Балапандарды жасына қарай жеке топтарға бөліп ұстау қажет. Селекциялық жұмысты лейкозға төзімді құс тұқымын алуға, лейкоздан сау құс басын қалыптастыруға бағыттаған жөн.


III.Қорытынды
Құс лейкозы (Leucosis avium) – жетілмеген қан түзу торшаларының көбеюі арқылы білінетін, қатерлі ісіктің пайда болуымен ерекшеленетін созылмалы ауру.
Лейкозбен тауық жиі ауырады, сонымен қатар бұл ауруға күркетауық, мысыр тауығы, қаз үйрек, қырғауыл, тоты, бөдене, тағы басқа құстар шалдығады. Лейкоздың қоздырушысының бастауы – ауру және вирус алып жүруші тауықтар. Вирус организмнен негізінен нәжіспен және жұмыртқа арқылы бөлінеді, мұрыннан аққан сорада, бөтеке безінің секретінде кездеседі. Зарарланған жұмыртқадан шыққан балапанның 80%-ы өмірінің алғашқы күндері-ақ лейкозбен ауырады.
Тауыққа табиғи жағдайда лейкоздың вирусы ауру және сау құсты бірге орналастырғанда ауа арқылы жұғады. Көбінесе 4 айдан асқан құстар, сирегірек 2-3 айлық балапан ауырады.
Лейкозға кейбір тауық тұқымының линиялары аса бейім. Әсіресе селекциялық жұмыс сыңаржақты, құсты лейкозға төзімділігі бойынша емес, өнім беруіне қарап таңдау жүргізілетін шаруашылықта ауру кең тарайды. Күтімі, азықтандырылуы нашар, белокты жем өте көп, жарық режимі тым ұзақ болғанда құстың лейкозға төзімділігі мейлінше төмен болады.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Т.Сайдулдин. «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары». Алматы, 2009ж. (219-225 б)

  2. Бессарабов В.А. альбом.Болезни кур.М? колос.1978.1973

  3. Е.И.Қасымов. «Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес». Алматы, 2009 жылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет