Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет2/4
Дата02.03.2023
өлшемі273,37 Kb.
#71194
1   2   3   4
Жалпы ингибиторлар - ауыр металдардың тұзы (күміс, мыс, сынап, қорғасын және вольфрамның), сондай-ақ үшхлор сірке қышқылы мен танин, бұлар ақуызды тұнбаға түсіреді, сондық-тан да барлық ферменттердің әсерін басады. Кейбір ферменттер осы металдардың төмен концентрациясына сезімтал болып келеді, осылайша, р-фрукто-фуранозидаза AgCL-дың қаныққан ерітіндісімен инактивтеледі.
Металдармен кешен түзетін заттарды қосқанда, мысалы цианид немесе этиленамидтетраацетатты қосқанда ферменттер-дің ауыр металдармен ингибирленуі қайтымды болады.
Арнайы ингибиторлар – бұл металдарға әсер ететін цианид-тер, H2S, көміртектің сульфиді, азиді мен тотығы.
Цианидтер ферменттер құрамына кіретін металдармен тұрақты кешендер түзеді және олардың белсенділігін төменде-теді. Осылайша, цианидтер, H2S, сульфид, азид темірмен байланысып цитохромның, тыныс алудың жұмысын нашарла-тады, сондықтан да олар тыныс алу улары деп аталады. Бұл заттар активті топ құрамында темір және мыс бар көптеген ферменттердің әсерін баяулатады.
Өсімдіктер, жануарлар, бактериялар құрамында ферменттер болады, ал ферменттердің құрамына, құрамында цистеин, глутатион және т.б. сульфгидрильді топтар бар қосылыстар кіреді. Оксидаза, пирофосфатаза, гексокиназа ферменттері сынап қосылыстарымен инактивтеледі. Сондықтан да соңғысы барлық ағзаларға улы болып келеді, өйткені оларға барлық аталған ферменттер тән.
Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі - фотохимиялық, тотығу - тотықсыздандыру реакциясы және гидролиз көмегімен жүзеге асатын болса, екіншісі - ферменттер әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалыққа қарағанда тезірек жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына байланысты.
Көптеген пестицидтер – липофильді заттар, сондықтан да оларды ағзадан өзгеріссіз күйінде сирек шығарады. Бұл, әдетте тұрақты химиялық қосылыстарға, мысалы хлорорганикалық инсектицидтерге тән қасиет. Тек кейбір гидрофильді қосылыстар ғана жәндіктер ағзасынан мальпиги тамырлар жүйесі арқылы, ал сүтқоректілерде – бүйрек арқылы зәрмен шығады. Сондай-ақ өсімдіктерде де улы заттардың өзгеріссіз күйде шығатын жағдайлары белгілі. Мысалы, сасық меңдуана жапы-рағына 2,4-Д гербициді бүркілгеннен кейін, бір тәулік ішінде тамыры арқылы қоректік ортаға барлық енгізілген гербицидтің 60% -ы бөлініп шыққан.
Әсіресе, қорытылмаған заттарда және улы агент асқорыту мүшесінде сілекейлі қабықшаның қатты тітіркенуін тудыратын құсу актісі процесі кезінде жәндіктер мен сүтқоректілер ағза-сынан удың шығуы экскременттермен бірге жүруі мүмкін.
Тек сүтқоректілерге ғана тән қасиет – ол пестицидтердің ағзадан сүтпен бірге бөлініп шығуы. Мұндай жолмен тұрақты органикалық қосылыстар, мысалы кейбір хлорорганикалық қосылыстар шығарылуы мүмкін.
Улы заттың депонирленуі барлық тірі ағазаларға тән қасиет және ол өмірлік маңызы бар процестерге белсенді қатыспай-тындай улардың теріде уақытша локализациялануына әкеледі.
Жәндіктер ағзасына өтіп, липидтерде еритін инсектицид-тердің улылығы әсер етпей, майлы денеде жиналуы мүмкін. Кейін сақтауға берілген препарат бұзылады да, мальпиги тамырлары арқылы шығарылады немесе хитинді қабықшамен бірге түлеу кезінде бөлінеді. Жануарлар ағзасында улы заттар майлы жасушаларда жиналады, кейбір қосылыстар қанның сарысу альбуминімен байланысады. Осы екі процесс те улар-дың бұзылуын алдын алады. Бөтен заттың енуіне қарсы кез келген ағзаның кеңірек тараған реакциясы – ол оның бұзылуы. Нәтижесінде улылығы аз (детоксикация), сондай-ақ улылығы жоғары (активация) өнімдер де түзілуі мүмкін. Циклді көмірсу-тектердің галоид туындылары мен гетероциклді қосылыстар ыдырауға беріктірек болса, ал фосфор қышқылы эфирлерінің беріктігі төмен. Соңында өзгеру процесі кезінде ағзадан оңай бөлініп шығатын немесе метаболизмнің жалпы процестеріне қосылатын жай және гидрофильді заттар алынады.
Ағзада қандай да бір удың өзгеру процесі бір ғана нақты анықталған жолмен жүрмейді. Керісінше, бір қосылыс нәтиже-сінде алмасу кезінде әртүрлі өнімдер түзілетіндей әртүрлі реакцияларға қатысуы мүмкін. Сонымен қатар, бір реакциялар удың белсенділігіне, басқалары оның детоксикациясына әке-леді. Бұл процестердің бағыттылығы ағзаның түрлі және жеке ерекшеліктеріне тәуелді, сонымен қатар айтарлықтай дәрежеде пестицид әсерінің таңдамалылығын анықтайды.
Жәндіктердің ағзасына у тағаммен бірге түскен кезде улы заттардың өзгеру процестері сілекей ферменті әсерінен алдың-ғы ішекте басталады және ортаңғы ішекте ферментативті, демек химиялық жолмен белсенді жүреді. Негізінен бұл жерде полярлы және улылығы төмен өнімдерді түзе гидролиз реак-циясы жүреді. Ортаңғы ішекте ароматты қосылыстардың сіңірілуінен кейін мальпигилі тамыр арқылы бөлінетін глико-зидтерге айналуына алып келеді.
Жәндіктің сыртқы жамылғысы арқылы у ішке түскенде инсектицидтің метаболизм процестері негізінен ферменттердің белсенділігі өте жоғары, дененің майлы қабатында жүреді. Бұл жерде удың тотығуы, тотықсыздануы, гидролизі және оның басқа қосылыстармен конъюгациясы болады. Бұл жағдайда айналу өнімдері мальпиги тамыры арқылы жасушада жиналып, жәндіктердің түлеуі кезінде бөлінуі мүмкін.
Сүтқоректілерде удың гидролитикалық ыдырауы сілекей-дің, асқазан сөлінің және қан ферменттері әсерінен белсенді өтеді. Бірақ, улы заттарды зарарсыздандыратын негізгі мүше – ол мықты ферменттік аппараты бар бауыр. Пестицидтер және олардың ыдырау өнімдері қанға, сол арқылы бауырға түседі, нәтижесінде суда ерігіш қосылыстар ыдырау (гидролиз, тотығу, тотықсыздану) және конъюгация процестеріне ұшырайды. Соңғылары бүйрек арқылы зәрмен немесе өт нәрімен бірге ішекке түсіп үлкен дәретпен бөлініп шығады. Кейбір пести-цидтердің ыдырау өнімдері жылықанды жануарлар ағзасынан өкпе арқылы газ түрінде шығарылуы мүмкін. Жануарлардың майлы терісі де абсолютті инертті болмайды. Бауырға қара-ғанда бұл процестің жылдамдығы айтарлықтай аз болғанымен, онда сақтауға берілген пестицидтер біртіндеп, улылығы төмен өнімдерге дейін ыдырайды.
Өсімдіктерде, саңырауқұлақтар мен бактерияларда улы заттардың айналу процестері жануарлар ағзасына қарағанда баяу жүреді және олардың жылдамдығы қоршаған ортаға тәуелді; қолайлы жағдайларда у қарқынды ыдырайды, ал өсім-дік оның улы әсерін тезірек жеңеді. Өсімдіктерде улы заттарды зарарсыздандыратын қандай да бір ерекше мүшелері табылма-ды. Кейбір топырақ гербицидтерінің өсімдік жапырағына қарағанда тамырында жылдамырақ ыдырайтыны белгілі.
Өсімдіктерден пестицидтердің айналу өнімдерінің бөлінуі негізінен саңылаулар арқылы CO2, NH3 және басқа да газ тәрізді заттар түрінде жүреді және тамыр арқылы да бөлінеді. Сонымен қатар көптеген улар және олардың метаболизм өнім-дері тамыр жүйесі арқылы глюкозамен, амин қышқылдарымен және кейбір органикалық қышқылдармен конъюгаттар түрінде жылжып отырады.
Кез келген ағзада улардың метаболизімімен байланысты барлық процестер негізінен жасушада жүреді. Бұл жерде барлық ағзаларға тән және улы заттардың таңдамалы улылығының себебін түсіндіретін негізгі заңдылықтарын бөлуге болады.
Барлық жасушалар үшін эндоплазматикалық тізбектің болуы ортақ және олардың каналдары мембранамен байланыс-қан және осы тізбектер арқылы алмасу жүреді.
Мембранамен байланысқан эндоплазматикалық желілер, каналдар барлық жасушаларға тән ортақтық және олар арқылы бір-бірінің арасындағы алмасу жүзеге асады. Сонымен қатар эндоплазматикалық желі тотығу, гидролиз, тотықсыздану реак-циялары және көптеген заттардың синтезі жүзеге асатын біршама ферменттердің жиналатын орны болып табылады. Сүтқоректілердің бауыры мен жәндіктердің майлы қабаты гомогенаттарымен жасалған тәжірибелерінде, пестицидтердің метаболизм процестеріндегі шешуші рөлді эндоплазматикалық желі ферменттері атқарады. Сонымен қоса, реакция түріне тәуелсіз ферменттік айналудың өнімдері үнемі бастапқы заттар-ға қарағанда полярлылау және липидте ерігіштігі төмен. Бұл олардың ағзадан шығуын оңайлатады.
Бродтың ойы бойынша, эволюция процесі кезінде алко-лоидтар, терпендер, стероидтар және басқалары сияқты тағамға қосылатын қоспалардың ағзадан жылдамырақ шығуын қамта-масыз ететін ұқсас ферменттер пайда болған. Эндоплазма-тикалық жүйенің жеке ферменттерінің төмен ерекшелігі арқасында пестицидтерді ыдыратуға қабілетті.
Эндоплазматикалық жүйе ферменттерінің белсенділігі осы энзимдердің қатысуымен метаболизм жүзеге асады және әртүрлі физиологиялық белсенді заттар әсерінен өзгеруі мүм-кін. Осындай құбылыс индукция деп, ал оны тудыратын заттарды - индуцирлейтін агент деп атайды. Индуцирлейтін агентті енгізгеннен кейін сүтқоректілердің бауыры немесе жәндіктердің майлы қабатының микросомальды фракциясының (ультрацентрифугирлеу көмегімен бөліп алғаннан кейінгі эндо-плазматикалық желінің аумағы) бір немесе бірнеше улы заттарының ыдырау жылдамдығы жоғарлайды немесе төмен-дейді. Индукцияның әсері алғаш рет дәрілік заттарға жүргізілді. Осының салдарынан көптеген инсектицидтер индуцирлейтін агент болып табылды. Triatoma infestans жәндіктерін хлорорганикалық препараттың аз мөлшерімен өңдегеннен кейін, дененің майлы қабатының микросомальды фракциясы инсектицидтерді ағзадан оңай шығарылатын полярлы қосылыстарға айналдыра-тын қабілеті жоғарылайды. Осылайша, көрсетілген препаратқа жәндіктің тұрақтылығы өседі. Хлорланған көмірсутектер акти-вация процесін де индуцирлеуі мүмкін. Осылайша, егеуқұйрық ағзасына енгізгеннен кейін гептахлордың улылығы гептахлор эпоксидінің түзілу процесі активациясының әсерінен жоғары-лайды.
Индукция құбылысы жәндіктердің инсектицидтерге тұрақ-тылығын түсіндіреді. Қазіргі уақытта айқасқан тұрақтылық қандай да бір инсектицидті қолданғаннан кейін улы заттарды ыдырататын эндоплазматикалық жүйе ферменттерінің белсен-ділігінің жоғарылауы нәтижесінде пайда болады.
Өсімдікті қорғаудың химиялық құралдарына қойылатын негізгі талаптар – олардың зиянды ағзалар үшін улылық әсерінің жоғары болуы. Ол заттың химиялық құрылымының ерекшеліктеріне тәуелді. Кейде молекула құрылымындағы айтарлықтай емес өзгерістердің өзі толығымен улылықтың жойылуына немесе әсер спектрінің өзгерісіне әкеледі. Мысалы, триазин сақинасында екінші орында тұрған Cl атомын хлор-туынды симм-триазиндегі гидроксилге ауыстыру, гербицидтің белсенділігінің толығымен жоғалуына әкеледі:

Пестицидтер химиясы аумағында жетістіктердің аздығына қарамастан, берілген қасиеттерімен пестицидтің бағытталған синтезін жүргізуге мүмкіндік беретін қосылыстардың жеке кластары үшін белгілі заңдылықтар орнатылғанымен, пестицид қасиеттерінің заттың химиялық құрылымына тәуелді жалпы теориясы әлі жасалмады. Осы заңдылықтардың кейбіреулері пестицидтердің сәйкесінше кластары қасиеттерін мазмұнда-ғанда қарастырылатын болады.


Әртүрлі химиялық қосылыстардың улылығы олардың құрылымына токсофорлы топтарды - заттың улылығын жоға-рылататын химиялық радикалдар мен атомдарды енгізгеннен бірден өседі. Токсофорлы топтарға галлоидтарды (Cl, Br, I, F), нитротоптарды, ауыр металдардың атомдарын (Hg, Sn, Cu), родан тобын және т.б. жатқызуға болады.
Мысалы, галлоидтуынды көмірсутектер, сәйкесінше көмір-сутектерге қарағанда жәндіктерге, микроорганизмдер мен өсімдіктерге айтарлықтай улы. Бромды метил – өте тиімді фумигант және метанның улылық қасиеті жеткіліксіз көрсетіл-генде қатты әсер ететін улы заттарға жатады. Фенол молеку-ласына нитротопты енгізгенде инсектицидтік активтілік бірден жоғарылайды. Егер фенолдың ӨК50 бұршақ биті үшін 0,3% болса, онда 4-нитрофенолдың ӨК50-0,007, ал 2,4-динитро-фенолдікі – бар жоғы 0,001 %.
Заттың улылығы молекулаға химиялық инертті метилен және метил топтарын енгізгенде жоғарылайды. Осылайша диэтилфосфаттар сәйкесінше диметилфосфатқа қарағанда айтарлықтай улы, ал бұның себебі соңғыларының биологиялық ортада өте тез байланысуы мен ыдырауынан болуы мүмкін. 2,4-динитро-6-метилфенолдың инсектицидтік белсенділігі 2,4-динитрофенолға қарағанда шамамен 2 есеге жоғары (ӨК50 бұршақ биті үшін 0,0005 %).
Химиялық қосылыстардың улылығы заттың құрамына емес, оның молекуласының құрылымына тәуелді. Бір заттың әртүрлі изомерлері түрлі белсенділікке ие болады.
Тиофосфор қышқылының тиолтуындылары тионға қара-ғанда сүтқоректілер үшін бірнеше есеге улы. Гексахлорци-клогексанның (ГХЦГ) барлық изомерлерінің бір-бірінен айырмашылығы хлор мен сутек атомдарының кеңістікте орнала-суында ғана. Бірақ инсектицидтік қасиетке тек γ-изомер ие.
Органикалық қосылыстар улылығының өздерінің құрылы-мына тәуелділігінің заңдылығын білу жаңа жоғары тиімді пестицидтер синтезі үшін алғышарт туғызады.
Көрсетілгендей, уытты заттың улылығы айтарлықтай дәрежеде оның дозасымен анықталады. Уыт әсеріне ұшыраған ағзаның биологиялық реакциясы (жануарлардың, жәндіктердің, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың және т.б.), әдетте практи-када қолданылатын жалпы дозаның тек аз бөлігімен ғана жүреді. Уыттың бұл аз мөлшері алғашында ағзаның қандай-да бір өмірлік маңызды функциясын шектейді, содан кейін барлық ағзаның өліміне әкелуі мүмкін, уланудың екіншілік белгілері дамиды. Бұл өмірге “әсер ету орны” (нысан, рецептор) ұғымын әкелді. Қазіргі уақыттағы уыттың әсер ету механизмі туралы көзқарасқа сәйкес, оны ерекше тері немесе мүше ретінде, жасушалардың белгілі типі немесе жасушаішілік құрылым ретінде, ал соңында молекулалық рецептор ретінде көрсетуге болады, мысалы ферменттің немесе реакцияның ерекше аумағы. Заттың улылығы уыттың қаншалықты жылдам және қандай мөлшерде осы әсер ететін орынға өтетіндігіне және онымен реакцияға түсуіне тәуелді. Сондықтан да, оның рецептормен бірге әрекеттесу процестеріне әсер етуші кез келген фактор улылықтың өзгеруін тудырады.
Пестицидтің улылығы, сондай-ақ факторларға да тәуелді, оларсыз дұрыс баға беру және препараттарда қолдану мүмкін емес. Бұл факторларды үш топқа бөлуге болады: пестицидтің зиянды ағзалармен байланысқа түсу ұзақтығына әсер ететіндер; пестицидтің ағзаға түсуіне әсер ететіндер; улы заттың ағзадағы бет алысымен байланыстылар.
Пестицидтің улылығына әсер етуші факторлардың бірі – экспозиция (уыттың зиянкес ағзалармен байланысқа түсу ұзақтығы). Ағзаға уыттың көп мөлшері түсетіндіктен экспо-зицияның жоғарылауымен заттың улылық әсерінің өсетіні белгілі. Өсімдік пен топырақты өңдеу кезінде, экспозиция пестицидтің өсімдік пен топырақта сақталу ұзақтығынан тікелей тәуелділікте болады. Сонымен қатар пестицидтің физикалық-химиялық қасиеттері мен қоршаған орта жағдайларының маңызы өте зор.
Химиялық тұрақты және ұшқыштығы төмен заттар өсімдіктер мен топырақта ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан да, өсімдікті қорғауға басқа жағымсыз қасиеттері жоқ, зиянкес ағзаларға химиялық тұрақты, жоғары улылықты пестицидтер тиімді. Препарат құрамына ұшқыштығы жоғары заттардың ұзақ сақталуы үшін арнайы заттар – анти ұшқыштарды қосады.
Ұшқыштығы жоғары заттарды (эптам, трефлан, карбатион) топыраққа енгізгенде оларды мұқият бітейді немесе жабын-дайды, ал бұл өз кезегінде препараттың улылық әсерін күшейтіп, олардың топырақта сақталуын жоғарылатады.
Өңделген бетте уыттың ұсталынып қалуын жоғарылататын және заттың зиянкес ағзамен байланысқа түсуін жақсартатын пестицидтің жабысқақтық және суланғыш қасиеттерінің өзіндік мәні зор. Осы қасиеттерді жақсарту үшін препаратқа көмекші заттарды – жабыстырғыштар мен сулағыштарды қосады.
Қоршаған орта жағдайларымен пестицидтердің улылығына температура өте қатты әсер етеді. Оның әсерінен заттың активтілігімен қоса, ағзаның реакциясы да өзгеруі мүмкін. Температураның өсуімен өңделген беттен пестицидтің жоғалуы жоғарылайды, бірақ біруақытта оның улылығы өсуі мүмкін, мысалы улылырақ заттардың түзілуі нәтижесінде (тиофосфат-тың тион изомерінің тиолға ауысуы). Бұл уақытта керекті температура жағдайында ағза уытқа сезімдірек болып келеді, себебі зат алмасу процестері күшейетіндіктен. Температураның өсуімен улылығы жоғарлайтын пестицидтер оң температуралы коэффициентті заттарға, ал улылығы температураның өсуімен төмендейтіндер - теріс температуралық коэффициентті пести-цидтерге жатады. Қазіргі кездегі препараттардың көбісі бірінші топқа жатады. Тек аздаған препараттарға ғана теріс температу-ралық коэффициенттік тән, бірақ олардың өсімдік қорғаудың химиялық құралдарының ассортиментінде болуы ерте көктемде зиякестермен күресудің құралы ретінде маңызы зор.
Улылықты сақтаудың ұзақтығы ауа ылғалдығының, күн радиациясының, жел мен жаңбыр әсерінен бірден төмендеп кетеді. Бұл факторлар уытты заттың улылығын төмендетеді.
Уытты заттар зиянкес организмдермен байланысқа түскен-де тез және жеткілікті мөлшерде (өлімге әкелетін доза) оның ішіне кіруі керек. Бұл әртүрлі жолдармен (тыныс алу жолдары, тері жамылғысы және жануарлар ағзасына асқорыту жолдары арқылы, саңырауқұлақтар мен бактериялардың жамылғы терілері арқылы, жер асты ағзаларының саңылау және кути-кулалар мен өсімдіктердің тамыры арқылы) жүзеге асуы мүмкін және бұл процеске факторлар кешені әсер етеді.
Кейбір пестицидтердің жағымсыз дәмі мен иісі уланған тамақты жақсылап жеуге немесе өңделген бетпен ұзақ уақыт байланысқа түсуге кедергі келтіреді, сондықтан да жәндіктер немесе жануарлар уытты өлімге әкелетін дозада қабылдамайды. Мысалы, кеміргіштің ағзасына егеуқұйрықты өлтіретін удың аз мөлшерімен әсер еткенде, препараттың ащы дәміне байла-нысты, олар уланған жемді жақсы жемейді. Сұр қызылша бiз тұмсық үшін полихлортерпендердің улылығының төмендігі осы инсектицидтің репелленттік қасиетімен түсіндіріледі. Зиянкестер өңделген өсімдіктерден қашады. Сондықтан, пестицидті препараттар өндірісінде еліктіргіш заттарды – аттрактанттарды қосудың болашағы зор. Осындай препараттар ретінде таза сілекей үшін жақсы коретік аттрактант - кебек қосылған ұнтақталған метальдегидті айтуға болады.
Ішекке әсер ететін фумиганттардың, родентицидтердің және инсектицидтердің улылығы көп жағдайда заттың тітіркендіргіштік қасиетіне тәуелді. Асқорыту трактісі мен тыныс алу жолдарының сілекейлі қабықшасының қатты тітіркенуі құсу актісі мен тыныс алудың қиындауына әкеледі. Нәтижесінде уыт тағам қалдықтарымен ағзадан шығарылады немесе ағзаға уытты заттың жаңа үлесінің түсуін толығымен шектейді. Соңында, ағзаға қажетті улылық әсер етпейтін пестицидтің аз мөлшері өтеді.
Зат жапыраққа тигенде сол жерді күйдіреді, сөйтіп өсім-дікке тағы да уыттың түсуіне кедергі келтіреді, нәтижесінде өсімдіктер үшін гербицидтердің улылығы төмендеуі мүмкін.
Көптеген ағзалардың жамылғы терілері мен қабықшалары сулы ерітінділер мен басқа да полярлы заттар үшін нашар өткізгіш болса, липидтерде еритін қосылыстар сыртқы жамыл-ғы арқылы жақсы өтеді. Сонымен бірге пестицидтердің улылығы, сондай-ақ уыттың липидтерде еруі мен липидтер – су жүйесінде таралу коэффициентіне де тәуелді. Органикалық заттардың жәндіктердің кутикулярлық қабаты мен сүтқорек-тілердің терісі арқылы липидтер – су жүйесінің таралу коэффи-циентіне пропорционал мөлшерде сіңетіндігі орнатылған. Сондықтан да зиянкес ағзалар үшін пестицидтердің улылығы, олардың майларда ерігіштігінің жоғарлауынан өседі. Осылай-ша, талшықтарда ерігіштігі жоғары гексахлороциклогексан-ның γ-изомері басқа изомерлерге қарағанда жәндіктердің ағзасына жақсы өтеді және улылырақ болып келеді.
Бірақ пестицидтердің липидтерде ерігіштігі үнемі улылық-пен нақты түзіледі. Осы тәуелділікті бұзатын факторлардың бірі – уыттардың жамылғы терілердің липидтерінде еру процесі болып табылады, бұл процестің соңында жазықтықты диф-фузия болады және ұшып кеткендіктен жоғалады, бұзылады. Көптеген хлорорганикалық инсектицидтер жәндік кутикула-сының талшықтарында жақсы ериді және жамылғы терілердің беттік қабаттарында айтарлықтай мөлшерде кідіреді. Сонымен қатар, пестицидтердің бір бөлігі кутикуланың соңына дейін жылжып, ұшады және улы емес өнімдерге дейін ыдырайды. Осылайша, ағзаға түсетін уыттың мөлшері азаяды және улылық әсерге жету үшін препараттың дозасын көбейту керек.
Уытты заттардың енуі, көбінесе ағзаның анатомиялық-морфологиялық ерекшелігіне тәуелді. Пестицидтердің талшық-тық қабатпен жабылған ағза ішіне түсуі айтарлықтай азаяды. Талшықтық қалқанмен қорғалған қалқандардың үлкен түрлері ішкі инъекция кезінде улы фосфорорганикалық инсектицид-тердің эмульсиясымен немесе сулы суспензиямен өңделгеннен кейін өліп қалмайды. Бұл сулы ерітінділердің көрсетілген жәндіктер қалқандарының астына мүлдем өтпейтіндігімен түсіндіріледі.
Өздерінің қорғаныс қабықшаларының төмен өткізгіштігі арқасында жәндіктердің жұмыртқалары, саңырауқұлақ тұқым-дарының көбею мүшесі, нематодтар цистерінің пестицидтерге төзімділігі жоғары.
Көптеген зиянкес ағзалардың улы заттардың ағзаға түсуіне кедергі келтіретін ерекше қорғаныс реакциялары болады. Мұндай реакцияларға: ішектің улануы кезінде – құсу және іш өту арқылы ішекті уланған тағамнан босату; фумиганттармен улану кезінде – жәндіктердің тыныс алу жолын жабу арқылы тыныс алу мүшесін оқшаулау; ал байланысқа түсетін уыттың әсері кезінде – кейбір жәндіктерден жалаң шырыш қабатының, аутотомия (шектіліктердің бөлімшесі) айналасында өзіндік қап түзетін уыттың бір бөлігі жабысатын сілекейдің бөлінуі. Сонымен қатар ағзаға түсетін уыттың мөлшері бірден азаяды.
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет