Ілияс шығармашылығына шолу жасай отырып, қазақтың күй өнерінің бастауы ертегі аңыздарда екендігін айқындау ;
Ілияс шығармаларындағы өнер тақырыбын анықтау;
«Күй», «Күйші» поэмаларының композициялық құрылымы және мазмұнымен танысу, негізгі идеясын анықтау;
Қазақтың күй өнерін дәріптеу.
Зерттеу нысаны:Ғылыми жұмысты орындау барысында кеңес әдебиеті мен мәдениетіне байланысты І. Жансүгіров шығармаларына қатысты еңбектер мен пікірлер іріктеліп пайдаланылды. Осы пайдаланған дереккөздер мен ақын шығармалары негізінде, біз тақырыпқа қатысты еңбектерді талдауға алып, олардың ғылыми және теориялық маңызына назар аудардық.