Жоспар: I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім


Психологиялық-педагогикалық қолдау



бет4/5
Дата05.06.2023
өлшемі92,81 Kb.
#98883
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
инк бб 7 апта

Психологиялық-педагогикалық қолдау
Педагог-дефектологтың психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады
Диагностикалық
Түзете-дамыту 
Кеңес беру мен ағартушылық
Әлеуметтік-бейімдеу
Әдістемелік-ұйымдастырушылық 
-баланы алғашқы дефектологиялық тексеру; – баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау; – баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау; – мүмкіндігі шектеулі баланың жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу; – жалпы білім беру ұйымдарының бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау; – компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу; – баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу
–сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру; – кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру; – пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру; -салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру; – зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту; – көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту; – психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру. 
– педагогтармен жеке жұмыс жүргізу; – баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, педагогтарға бірқатар ұсыныстарды даярлау; – балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып педагогтың оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу; – эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу; – әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс; – ата-аналармен жұмыс: – баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру; – ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау; – ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру; – психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу.
– баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау; – баланы шығармашылыққа тарту; – баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру; – баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету; – қоғамдық ортада өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.
жұмыс консилиумға дайындық, іс-шараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мынадай міндеттерді жүзеге асырады: -ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау; -оқушыға портфолио құрастыру. Портфолио – бала жеткен жетістіктердің, баланың білім-білік дағдыларының, баланың жеке өсуін қадағалайтын, бала дамуының көрсеткіші. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет