Көрнекілік әдісі Тәрбиеленушілерді әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді әдіс болып табылады. Бұл жерде «көрнекілік» - шынайылық деген мағынаны білдіреді. Педагог мүмкіндіктері шектелген балаларды экскурсия, сюжетті-рольді ойындар, ертегі қойылымдар, театрландырылған қойылымдар барысында сыртқы ортаныңқасиеттерімен, құбылыстарымен таныстырады. Бұл балалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өздеріне қызмет ету, тұрмыста және арнаулы өндірісте қиын емес еңбек операцияларын орындауға, мүмкіндігінше қоршаған ортаға икемделуге бағытталған жұмыстар. Осындай жұмыстар барысында дамуында проблемасы бар балалар белсенділік көрсетіп, өз беттерінше жұмыс істей алуға, түрлі жағдаяттар барысына сай әрекет етуге, өзін өзгелердің бағалауына парапар ұстауға үйренеді. Түзету жұмыстары барысында жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға үйреніп қана қоймай, салыстырмалы түрде бағалауға, өзгелердің сындарын қабылдай және текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді. Әлеуметтік-тұрмыстық білім мен икем Ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін әлеуметтік- тұрмыстық білім мен икемдерін қалыптастыру екенін назарда ұстай отырып, педагог арнайы сабақтарда балалардың қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, қажетті хабарламалар мен жарнамалық ақпараттарды түсіне бастауға үйрету керектігін де басты назарда ұстайды. Мысалы, жаяу жүргіншіге арналған белгілер, ойнауға тиым салынатын белгілер, жақын жердегі асхана, емхана бар екені туралы айтатын белгілерді көріп, керегіне жарата алу, кез-келген жағдаяттан шығатын жол болатынын түсіндіру әрине білім беру барысында алатын біліммен байланысты. Мүмкіндіктері шектелген балаларда қоршаған орта туралы сәйкес түсінік қалыптастыру көп жағдайда педагогтың оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістері мен формаларын қолдана отырып, дұрыс педагогикалық процесс ұйымдастыруымен анықталады. Ерекше көзқарасты қажет ететін балардың дамуы оқу мен тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде құрылады. Сондықтан, бұл балаларды өмірге бейімдеу экскурсия және сабақтар, түрлі ойындар формасында ұйымдастырылып, бала дамуында жетекші орын алады. Егер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Тағамдар», «Дүкенде» тақырыптары өтілсе, сабақтан тыс уақыттарда тақырыптық эксурсия өткізудің маңызы ерекше. Бірақ балалар белгілі бір объектіні сырттай бақылап қана қоймай, ересектердің әрекеттеріне еліктей отырып, өздері де жас шамаларына қарай әрекет ете алатындай етіп ұйымдастыру өте маңызды. Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс. Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне, жақтын дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметіндегі мұғалім-дефектолог баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай, баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін ұйымдастыруды көздейді. психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.