Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізігі бөлім


Апатты жағдайлар және олардың негізгі сипаттары



бет2/5
Дата02.12.2023
өлшемі69,81 Kb.
#131371
1   2   3   4   5
Байланысты:
"Апатты жағдайдың алдын алу"

Апатты жағдайлар және олардың негізгі сипаттары
Апатты жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Апатты жағдайдың сипаттары :

Табиғи сипаттағы апатты жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және тағы басқалар табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары)
Техногендік сипаттағы апатты жағдайлар: өнеркәсіп, көлік авариялары, өрт (жарылыс), үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.
Құтқару әліппесі экстремальдық жағдайлар кезіндегі іс - қимылдың қысқаша нұсқауы
Жер сілкінуіне дейін алдын ала дайын болыңыз;
- рюкзак немесе сөмкеңізді, құжаттар;
- үш күнге жететін тамақ пен су;
- жылжымалы электр фонары мен сөмке;
- алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
- жылы киім мен аяқ киім;
Алғашқы жер сілкінісі кезінде:
Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың үрейленуіне жол бермеңіз;
- Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
- Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда сол жерде тұрыңыз, қорықпаңыз, күтіңіз; егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үй ішінде болсаңыз:
- Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
- Екінші не одан жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
- Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
- Лифтіні пайдаланбаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет