Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізігі бөлім



бет4/5
Дата02.12.2023
өлшемі69,81 Kb.
#131371
1   2   3   4   5
Байланысты:
"Апатты жағдайдың алдын алу"

Су тасқыны кезінде:
- Үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
- Пештегі жанып жатқан отты өшіру;
- Үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне не жоғары қабатқа шығару;
- Бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен не фанермен қағып тастау;
- Мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау;
Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және басқа нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса қайық және т. б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
Дауыл, құйын
Дауыл – ең көп тараған табиғат апаттарының бірі. Әсіресе, бұл жел, мұзда, теңізде, тауда өте көп қауіпті. Кез келген қатты жел қыста дауылмен, жазда шаңды, құмды дауылымен байқалады. Егер ашық жерде жел қатты тұрса, тез арада тығылу қажет.
Жазық немесе құрлық далада – жатып, тастан, қалың қамыстардан ұстап қалу қажет.
Құйын – өте қауіпті. Құйын жылдамдығы 100м /с дейін жетеді, ең тез жылдамдығы 30 - 40 км сағ. Құйынмен бірге аспанға ұшқан шыбықтар, майда тастар және т. б. нәрселердің ұшуы адамдарға қауіп тудырады. Құйынның дауылдан айырмашылығы, ол кіші болып келеді, сондықтан оған кез болмау мүмкіншіліктері бар.
Жол жүргенде, жай уақыттың өзінде адамдар теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүргені дұрыс. Гидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні, сел, су тасқыны, жер сілкіну қауіп қатері туралы тұрақты алдын ала ескертіп отырады. Ондай жағдайларда алдын алу шаралары жүргізіледі
Апатты жағдай аймағы бұл АЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы АЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.
Зілзала бұл АЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала – АЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.
Апат – аймақтық және ірі ауқымды АЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
АЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және АЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

Заңдар:
- «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР Заңы 03.04.2002ж. №314


- «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңы 05.07.1996ж. №19-1
АЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және АЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, АЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
- АЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.
АЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен АЖ-дың деректер банкін жасау, АЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы АЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және АЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
Апатты жағдайларды жою жұмыстарына – АЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:- «табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады» делінген.
Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.
Құтқару жұмыстары Азаматтық қорғаныс бастығының шешіміне қарай өндірістің ерекшелігін, ТЖ сипатын және зақым- зардаптың адамға, қоршаған ортаға тигізер ықтималдығын ескеріп ұйымдастырылады. Құтқару жұмыстары жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен; кұрама ic-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды. Барлауды барлайтын буындар жүргізеді. Олардың саны мен құрамы ТЖ аумағына байланысты. Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою."Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі" ҚР заңындағы негізгі түсініктемелер: авариялық құтқару қызметі, авариялық-құтқару құрылымы, төтенше жағдайды алдын алу кезіндегі шұғыл жұмыстар, құтқарушы, төтенше жағдайды алдын алу кезіндегі басқарушы, авариялық-құтқару қызметі мен құрылымының негізгі принциптері."Авариялық құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі" ҚР-ның заңы 1997 жылы 27-ші наурызда қабылданған. Бұл заң табиғи және техногенді сипатқа ие төтенше жағдайлардың алдын алу үшін авариялық-құтқару қызметі мен құрылымдардың ұйымдастырылуын реттейді. Заңда құтқарушылардыңқызметі, статусы, құқығы мен міндеттері, жұмыс тәртібі, демалысы, еңбек төлемі қарастырылған.
Авариялық-құтқару қызметі-төтенше жағдайдың алдын алуға тағайындалған, функциональды бір жүйеден құралған, оның негізін құрайтын авариялық-құтқару құрылымы, құрамына құтқарушы-орындаушылар, авариялық құтқару және шұғыл жұмыс атқаратындар, құтқарушылар - осы жұмысты басқарушылардың кіші, орты және жоғары құрамы мен осы жұмысты қосымша техникамен қамтамасыз ету қызметі кіретін басқару органдарының жиынтығы. Авариялық құтқару құрылымы құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған, арнайы аспаптар мен материалдар, техника, құралдармен жабдықталған құтқарушылар бөлімшесі, ол авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін жеке құрылым болып саналады.Құтқару жұмыстары - адамдарды, материалдық және мәдени бағалықтарды, қоршаған ортаны, әртүрлі сипаттағы қауіп төндіретін факторлар әсерін алдын алуға және шеттеуге арналған төтенше жағдай аумағындағы іс-әрекет.Авариялық-құтқару қызметі төтенше жағдайдың алдын алу кезіндегі шұғыл жұмыстарды, құтқару жұмыстарын, төтенше жағдай кезінде халыққа, зақымдаушыға медициналық және басқа көмек түрлерін көрсету, адамдардың денсаулығын, өмірін және жұмысқа қабілетін сақтауға қажетті жағдаймен қамтамасыз ету шараларын жан-жақты жүргізеді.Төтенше жағдай аймағындағы құтқару жұмыстарына зақымданған ошақты барлау, колонникалық жол салу және үйінділердің арасынан өткел жасау, нысанға барар жерлердегі және құтқару жұмыстары жүргізілетін нысандардағы өртті өршітпей сөндіру, құлап қалған паналау ғимараттары мен жасырыну орындарын қазып, аршу, олардан зардап шеккендерді көшіру, үйінділердің астынан адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, емдеу мекемелеріне жөнелту, халықты төтенше жағдай аймағынан көшіру, адамдарға санитарлық өңдеу жүргізу, аймаққа техникаға және киімге дегазация, дезактивация, залалсыздандыру жұмысын жүргізу жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық қорғау саласында шұғыл медициналық және психологиялық көмек, өртке қарсы құтқару, жедел-құтқару, суда құтқару, авиациялық құтқару қызметтерін, әскерилендірілген және өзге де мамандандырылған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құрайды.Қазақстан Республикасының азаматтары құтқарушы мәртебесіне олар медициналық куаландырудан, кәсіби қасиеттерін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өткеннен кейін, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындағаннан кейінқұтқару жұмыстарын жүргізуге арналған аттестаттау нәтижелері бойынша ие бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет