Жоспар І. Кіріспе



бет5/17
Дата14.12.2022
өлшемі254,5 Kb.
#57197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы

2.2 Салыстырмалы тиімділік
Кәсіпорынның іс - әрекетінің неғұрлым үнемді бағытын таңдап алу үшін, салыстырмалы тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі қолданылады. Салыстырмалы тиімділік көрсеткіштеріне – үлестік күрделі қаржы, өнімнің өзіндік құны, күрделі қаржы қайтарымдылығы, табыс пен шығындардың арақатынасы жатады.
Үлестік күлделі қаржылар іске қосылатын өндірістік қуаттың бірлігіне есептелінген немесе дайын өнімнің өсіміне есептелінген күрделі қаржылардың көлемін сипаттайды. Инвестицияландыру варианттары бойынша алынған үлестік күрделі қаржылар азайту критерийлері арқылы өзара салыстырылады. Бұл арада, жаңа техника мен технологияны қолдану мүмкіншіліктері, өндірістік объектілерді жобалау және конструкциялау кезінде, аса үнемді шешімдерді қолдану жолдары қарастырылады.
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның өнім өндіруге және жеткізуге жұмсалған шығындарының ақшалай тұлғалануы. Варианттарды салыстырғанда, өнімді тұтынушыларға тасмалдау шығындары кіргізілген толық өзіндік құнды қолданған жөн.
Инвестициялық жобаларды салыстырып, олардың ішінен тиімділерін таңдап алуға мынадай көрсеткіштерді пайдалану арқылы шешкен жөн:

  • таза табыс (интегралдық әсер);

  • табыстылық индексі (ТИ);

  • табыстылықтың ішкі нормасы (ТІН);

  • инвестициялардың қайтарым мерзімі (ИҚМ);

  • басқа да көрсеткіштер.

Инвестициялар варианттарының тиімділігін бағалағанда, берілген көрсеткіштерді салыстыру уақытының құнына келтіру қажет, себебі, ақша түсімдері мен шығындарының көлемі әртүрлі уақыт аумақтарында әртүрлі болып келеді, мысалы ертерек алынған табыстың құны, кейінірек алынған табыстың құнынан жоғарырақ болады.
Шығындар мен нәтижелердің көлемін келтіру, оларды дисконттау коэффициентіне (Кt) көбейту арқылы жүзеге асырылады. Тұрақты дисконт нормасы Е бойынша:
Кt = 1 / (1+Е)t,
Мұндағы: t – нәтижені алынған мерзім мен салыстыру мерзімінің аралығындағы уақыт, жыл.
Дисконт нормасы Е – капиталдың табыстылық коэффициенті (табыс көлемін күрделі қаржыға бөлу). Бұл жағдайда, басқа инвесторлар өз қаражаттарын басқа да осы тектес жобаларға салуға әзір.
Таза дисконтталған табыс – барлық есеп айырысу кезеңіндегі ағымды әсерлердің жиынтығы ретінде анықталады, интегралдық нәтижелердің интегралдық шығындардан асып түсуімен мына формула:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет