Жоспар І. Кіріспе


Курстық жұмыстың құрылымы



бет3/17
Дата14.12.2022
өлшемі254,5 Kb.
#57197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, ІІІ бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

ІI. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері

Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлар мен тиімілікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.


Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты, материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады:
ЕӨ= ҰТ/А
Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы алынады.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
Есый=Т/Q
Мұндағы: Есый- еңбек сыйымдылығы;
Т- еңбек саны;
Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Қоғамдық еңбектің материал сыйымдылығы шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
Мсый=Ш/Q,
Мұндағы: Мсый – материал сыйымдылығы деңгейі;
Ш – шикізат, материал, отын энергия және т.б.
Капитал сыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады:
Ксый - өнімнің капитал сыйымдылығы;
К – капиталдық салымдардың жалпы көлемі;
Q – шығарылған өнім көлемінің өсімі.
Өнімнің қор сыйымдылығы халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет