Жоспар І. Кіріспе



бет2/17
Дата14.12.2022
өлшемі254,5 Kb.
#57197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы

Жұмыстың өзектілігі. Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру дың негізгі бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділіктің өлшемі мен көрсеткіштерін тұжырымдап алу қажет. «Өндірістің экономикалық тиімділігі» ұғымына әлеуметтік тиімділік те кіреді (қол еңбегі үлесінің төмендеуі, еңбек жағдайларын жақсарту және т.с.с.).
Жұмыстың мақсаты. Анықталған көлемі мен сапасы бар белгілі бір өнімді (жұмыс орындау, қызмет көрсету) белгіленген мерзімде шығару кез келген өнеркәсіп орнының ісәрекетінің мақсаты болып табылады. Бірақ өндіріс көлемдерін анықтағанда бұл өнімнің халық шаруашылығы мен жеке бастың кажеттілігімен қатар оның тиімділік деңгейінің неғұрлым жоғары болғанын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан өнеркәсіп орны жұмысының сапасын, ең алдымен, өндірілген өнімнің экономикалық тиімділігін анықтау арқылы бағалаған дұрыс.
Жұмыстың маңыздылығы. Нарыққа өтумен байланысты Қазақстандағы экономикалық катынастардың өзгерісі өндіріс тиімділігін анықтаудың әдістемелік негіздерін нақтылап алуды талап етеді. Жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға ауысу өндіріс тиімділігінің мәніненгөрі шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайындағы тәжірибесін қайта бағалаудың қажеттілігіне алып келіп отыр.
Қазіргі кезде кәсіпорындар, әсіресе өнеркәсіптік, әр түрлі себептерге байланысты күрделі жағдайда түр. Олардың ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

  • инфляция мәселелері;

  • ресурстардың болашақтағы бағаларының белгісіздігі;

  • төлеу қабілеті бар сұраныс;

  • ел экономикасының дағдарыстан шығуының нақты бағдарламасының жоқтығы;

  • инвестициялық саясатты қалыптастыру тәжірибесінің нашарлығы;

  • инвестициялықбағдарламаларды кұрастырудың әдіс темелік мәселелерінің жеткіліксіз зерттелмегендігі;

  • каржыландыру көздерін іздестірудің күрделілігі және т.б.

Осы жағдайда кәсіпорынның ұзақ мерзімді болашаққа
арналған, терең ойластырылған және мұқият өңделген, өндірістікшаруашылық саясатын қалыптастыру ерекше маңыз ға ие болып отыр. Кәсіпорынның саясаты керісінше емес, болашақтан қазіргі уақытқа қарай құрылуы кажет. Айтылған кәсіпорын бірінші кезекте белгілі мерзімнен кейін жеткізгісі келетін даму деңгейін және оны қалайша жасауға әрекеттенетінін анықтайды деп түсіну қажет.
Экономикалық реформаны өткізу, өнеркәсіп өндірісінің өсуі, оның тиімділігінің артуы, алдыңғы қатарлы ғылыми техникалық күрделі салымдарды іске асырудың нәтижесінде қамтамасыздандырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет