1) Дағды алудың белгісі — әртүрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау (мысалы, спорттық ойындардағы спортсменнің дағдысы);
2) Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып істеу жойылады (мысалы, инеге жіпті жылдам сабақтай алмау, жазуға төселмей тұрғандағы балада байқалатын ебедейсіздік т.б. адамда әлі де дағдының жоқтығының белгісі);
3) Дағдыланудың үшінші белгісі — бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одантұтас бір амал жасай алу. Мысалы, бала алғаш әріпті танығанда, сөздерді әріпке, буынға, тұтас сөзге бөледі, кейін осыдан сөйлем құрайды. Сөйтіп, жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды, сөйлемдерді шапшаң оқитын болады;
4) Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады (мысалы, жазу дағдысы баланың қозғалыс түйсіктерінің жетіле түсуін қажет етеді, тәжірибелі машинистка да қағаз басуда көздің көмегіне сүйенбей, саусақтардың қимыл-қозғалыстарына ерекше көңіл бөледі);
Іскерлік – ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне айқын бағдарланған белсенділік; қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, қабілет-қарымы, еңбексүйгіштігі, өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы, еңбек қызметін тиімді пайдалана білуі, қол астындағы қызметкерлердің қызметін ұйымдастыра білуі, іске жұмылдыра білуі.
Мұндай қадір-қасиетке ие адам (іскер адам) барлық нәрседен іс үшін пайдалы жақтарды, нышандарды байланыстарды, қатынастарды көре біледі, іс үшін пайдалы нәрсені ала біледі. Іскерлікті іс үшін пайдалы олжаларды іздеп тауып, ұтымды пайдалану жолындағы белгілі бір психологиялық бағдар ретінде қарауға болады. Іскерлік кез келген қызметкер үшін, әсіресе, басшылар үшін құнды қасиет болып табылады. Іскерлік жақсы пысықталған, тиімді әлеуметтіктехнологияларды, ұжымдық еңбекті ұйымдастыру рәсімдері мен ережелерін шеберлікпен пайдалануға негізделеді. Басшының іскерлігі ұйымды басқаруға және қызметкерлерге басшылық жасауға іскерлікпен қарау қағидатын дәйектілікпен іске асыруды көздейді. Іс жүзінде басшының іскерлігі мақсаттарды, міндеттер мен тапсырмаларды дәл де нақты анықтаудан, тәсілдер мен құралдарды, межеленген міндеттерді шешуге, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізетін барлық қажетті амалдарды дәл де нақты анықтаудан, межеленген іс-қимылдарды дәйектілікпен, сабырмен (у-шусыз, абыржымай) жүзеге асырудан, жұмыстың кез келген сатысында қызмет нәтижелерін мұқият бағалаудан және бақылаудан, өзінің және өзіне бағынышты адамдардың уақытын ұтымды пайдаланудан және нақты үнемдеуден (бұл әсіресе, іс бабындағы кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуге қатысты) көрініс табады.
Меңгерудің негізгі формалары, компоненттері. Оқыту теорияларында жеке үдеріс немесе үйренумен теңестірілуде болса да, негізгі түсінік меңгеру болып саналады (үйрену, оқу әрекеті).
• Меңгеру өте күрделі, көпмағыналы түсінік әр тұғыр бойынша жан-жақты талданады. Біріншіден, меңгеру ол – игеру, иемделу арқылы адамның жеке дара тәжірибесінің даму жолының механизімдері, деп А.Н. Леонтьев әлеуметтік-мәдени қоғамдық-тарихи тәжірибелерді білім жиынтығы ретінде, әлеуметтік әрекеттер тәсілдері (дағды мен біліктілікке сәйкес), адамгершілік және мінез-құлықтың этикалық ережелерін игерумен сәйкестендірген.
• Аталған меңгеру арнайы білім беру жүйесінде болмасын, жеке шашыраңқы түрде болмасын адамның барлық өмір сүру жолында бақылау, қарым-қатынас, өзінің әрекеттері бойынша шешім қабылдау нәтижелерінде жүзеге асады.
• Екіншіден, меңгеру - барлық танымдық процесстерді қамтитын (сенсорлы-перцептивті, мнемологиялық), қабылданған материалды сақтап, мазмұндық талдаулар жасап, жеткізуді қамтамасыз ететін адамның күрделі интеллектуалды әрекеті.
• Үшіншіден, меңгеру ол – оқу әрекеті мен оқыту нәтижелері.
• Меңгерілген материалдың сапасы мен жүйелігі мен нәтижелігі маңызды.
С.Л. Рубинштейн бойынша, оқыту әрекеті мен оның сапалы мазмұнын меңгеру «оқыту үдерісінің маңызды негізгі бөлігі» болып саналады.
В. В. Давыдовтың айтуынша, "ғылыми білім мен оларға сәйкес дағдыларды игеру әрекеттің негізгі мақсаты және басты нәтижесі болып табылады"
С. Л. Рубинштейннің анықтамасы бойынша "білімді берік игеру процесі оқу әрекетінің орталық бөлігі болып табылады. Бұл психологиялық тұрғыдан өте күрделі процесс. Оған материалды қабылдау, оны түсіну, есте сақтау және оны игеру кіреді, бұл оны әртүрлі жағдайларда, әртүрлі тәсілдермен, т. б. еркін пайдалануға мүмкіндік береді."
С.Л. Рубинштейн бойынша, меңгеру процесінің келесі кезеңдерін ұсынады:
• 1. материалмен алғашқы танысу немесе оны қабылдау,
• 2. мазмұнын түсіну,
• 3. материалды бекіту бойынша арнайы жүмыс,
• 4. материалды меңгеру және оны тәжірибеде қолдана алу қабілеттілігі.
Әрбір кезеңде мұғалім – оқушы арасындағы бірлескен әрекет негізінде болады.
• Меңгерудің төртінші кезеңінде - тәжірибеде қолдану ол тек қана оқытудың нәтижесі ретінде ғана емес, сонымен қатар білімді игеру, бекіту, басқа да дағдыларды қалыптастыру тәсілдерін қолдана алу маңызды.
Меңгерудің маңызды сипаттамасы – оның басқарылуында. Меңгеруді басқару ақыл-ой әрекеттерінің сатылап қалыптасу жолы бойынша іске асырылуы мүмкін; ол «классикалық» жолмен, бағдарламаланған немесе проблемалық оқыту арқылы жүзеге аса алады Меңгеру – тарихи жолмен қалыптасқан қабілеттің, мінез-құлықтың, білім мен іскерліктің қоғамда жинақталған түрлерінің индивидте индивидуалды – субъективті іс-әрекет формасына айналу процесі. Меңгеру процесі адамның туғаннан бүкіл өмір бойғы психикасының дамуының негізі болып табылады.