Жоспар: I кіріспе


Дағдыны қалыптастыру деңгейлері



бет4/5
Дата27.11.2023
өлшемі34,17 Kb.
#129159
1   2   3   4   5
Байланысты:
І дәріс

Дағдыны қалыптастыру деңгейлері

  • Дағдыны ойластыру – әрекетті орындау мақсаты белгілі, бірақ оған жету жолы түсініксіз.

  • Дағдыны сезіну – мақсатқа жету жолы туралы түсінік пен зейінді шоғырландыру болғанымен әрекет өте баяу жүреді, қажет емес қозғалыс пен қателіктер байқалады.

  • Дағдыны автоматтандыру – зейін мен ерік біртіндеп төменгі концентрацияны (шоғырлануды) қажет еткенмен, қозғалыс рационалды болмақ.

  • Дағдыны жоғары деңгейде автоматтандыру – әрекет рационалды нақты және сенімді түрде орындалады, жаңа және күрделі дағдылардың алғы шарты пайда болады.

Дағдының жасалу деңгейі Н.А.Бернштейн бойынша
I кезең – дағдыны меңгеру
I фаза – жетекші деңгейді анықтау;
II фаза – қимылдың қозғалыстық құрамын анықтау, ол басқа адамның қимылын бақылаумен талдау деңгейінде болуы мүмкін;
III фаза — «осы қимылдарды іштей өзіндік түйсіну» ретінде, сәйкес түзетулерді айқындау;
IV фаза – фондық түзетулердің төменгі деңгейлерге ауысуы, яғни автоматтандыру процесі.
II кезең – дағдылардың тұрақтануы
I фаза – түрлі деңгейлердің бір мезгілде жұмыс істеуі(синергетикалық);
II фаза – стандарттау;
III фаза – тұрақтану, яғни түрлі кедергілерге төзімділіктің қамтамасыз етілуі.
Оқу процесінде дағдының өнімділігіне әсер етуші себептер:
Объективті

  • Жабдық (құрал-сайман, құрылысы);

  • Жабдық жағдайы;

  • Жұмыс жағдайы.

Субъективті – ол өз ішінде психикалық және физиологиялық деп екіге бөлінеді:

  • Психикалық

  • Өз күшіне сенімділік;

  • Көңіл-күй;

  • Дағдының динамикасы;

  • Іс-әрекетке қатынас.

  • Физиологиялық

  • Қажу;

  • Денсаулық жағдайы.

Дағды қалыптасуына ықпал етуші факторлар:

  • Жаттығуды уақыт бойынша дұрыс бөлу. Жаттығу кезінде дағдының өріс алуы графикалық сызықтармен өлшенеді.

  • Үйретушінің әрекетті орындаудың негізгі жоспарын, принципін түсінуі;

  • Орындалған әрекеттің нәтижесін білу;

  • Бұрын игерілген білімдер мен қалыптасқан дағдыларды үйренудің қазіргі сәтіне әсер етуі. Оқушының үйреншікті дағдысы екінші нәрсені меңгеруге жәрдемін тигізетін болса, онда мұны дағдының тасымалдығы деп атайды. Сонымен қатар бір дағды екінші дағдының қалыптасуына жәрдемін тигізудің орнына кейде кедергі жасайтыны да белгілі. Мұны дағдының интерференциясы деп атайды.

  • Қайта өндірушілік пен сенімділіктің ұтымды ара қатысы.



Білімді меңгеру — белгілі уақыт аралығын талап ететін үрдіс. Білімді меңгеру арқылы адам ой және дене еңбегінің мазмұнын жан-жақты, әрі терең ұғынады. Білімді меңгеруге ұмтылдыратын түрткілер (мотивтер) адамның жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп дамып отырады. Жасы өскен сайын мотивтерінің түрлері мен мазмұны да дамиды. Білімді меңгеру адамның танымдық әрекеттерін ұйымдастыруға да тәуелді
Білім, дағды және іскерлік беріктігі - практикада еркін қолдануда, оқушылардың жадында тұрақты бекітуді, оқу материалын игерудегі тыңғылықты білдіретін дидактиканың ұстанымы. Мұндай игеру жаңа білімдерді табысты меңгеруге мүмкіндік бередіМектептің дамуы, оның жұмысының жекелеген жақтарындағы жетістіктер тек инновациялық процесс ретінде жүзеге асырылады, яғни ескірген және тиімді емес құралдарды сол жағдайда жаңа және тиімдіректерімен ауыстырып, жаңа идеяларды, технологияларды қолдану. 
Осыған орай, «технология», «білім беру технологиясы» ұғымдарын қарастыру қажет. 
Шет тілі сөздігінде технологияға мынадай анықтама берілді. Грек тілінен аударғанда Techne – шеберлік, іскерлік және – логия – объектінің жиынтығы. Бұл термин түсіндірме сөздікте қандай да бір істе, шеберлікте қолданылатын тәсілдердің жиынтығы деп анықталынады. 
Т.И.Шамованың пікірінше, білім беру технологиясы – қатыстырушыларға комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағалаудағы және корреляциялаудағы мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі.
Білім беру технологиясына кіретіндер:
• Мақсаттық бағытталғандық;
• Сүйенетін ғылыми идеялары;
• Мұғалімдер мен оқушылардың істерінің жүйесі;
• Нәтижені бағалаудың өлшемдері;
• Нәтижесі;
• Қолданудағы шектеуліктер.
Білім беру технологиясы мен оқыту әдістемесінің арақатынасы қандай деген сұраққа Г.К.Селевко технологияда процессуалдық, сандық және есептегіш компонент берілсе, әдістемеде мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативтілік – бағдарлаушылық көбірек берілген деп жауап береді. Технология өзінің қайталанғыштығымен, нәтижесінің көптеген «егер» (егер талантты мұғалім, егер қабілетті оқушылар т.б.) дегендердің болмауымен айрықшыланады. Кейбір жағдайларда екеуі араласып, бірде әдістеме технология құрамына кірсе, енді берде технологиялар оның әдістемесінің құрамына кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет