Жоспар: Индуизм діні туралы Индуизм дінінің тарихы Индуизм дінінің құдайлары Брахман 1 Шива


Индуизм дінінің ерекшеліктері Индуизм адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар



бет2/6
Дата03.12.2023
өлшемі8,72 Mb.
#134050
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Индуизм діні

Индуизм дінінің ерекшеліктері

Индуизм адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар:

  • қасиеттері істер жолы;
  • таным жолы;
  • адалдық жолы.
  • Ортағасырлық Үндістанның бір ерекшелігі - халықтың касталарға бөлінуі. Әр кастаның феодалдық қоғам өмірінде белгілі орны болды. Әр кастаның кәсібі әкеден балаға көшіп отырды. Басқа кастаның өкілімен некелесуге рұқсат етілмеді. Әр кастаның қалыптасқан салт-дәстүрі қатаң сақталды. Бір кастадан екінші кастаға өтуге тыйым салынды. Индуизм діні Үндістан қоғамындағы касталық бөліністі қолдап отырды. Индуизм әр түрлі діни нанымдарды қамтиды. 

Индуизм дінінің құдайлары

  • Брахман – әлемді жаратушы, ғарыштағы күн мен түнді, өмір мен өлімді реттеуші. Бірақ Брахманның адам алдындағы еңбегі дәстүрлі индуистік түсінік бойынша көрнекті болмады. Сондықтан да Брахманға онша сыйынбайды, оған арналған храмдар саны да санаулы ғана.

Шива құдайы

  • Шива – өлім және күйзеліс құдайы, тыныштық пен теңдіктің құдайы.
  • Шиваның негізгі қызметі жою және өзгерту, сонымен қоса ол – өмірлік күштің және еркектік бастаманың иесі.
  • Шива перілерге қарсы күрестерде ерекше батылдық көрсеткендіктен, оны көбінесе қатал жоюшы ретінде қабылдайды. Бұл ипостасында Шива ырғақ пен би құдайы да болып келеді. Бидің қозғалысындағы Шиваның төрт қолы оның құдіреттілігі мен мүмкіншіліктерін бейнелейді. Қастарының орта-сындағы үшінші көз де жоюшылық күшті білдіреді.
  • Индуистер, әсіресе шиваиттер, Ұлы Шиваға өте көп функцияларды таңады. Соның бірі шакти – Шиваның өзінің бөлек рухани энергиясы. Шакти тек қажетті жағдайларда ғана көрінеді. Индуистердің түсінігі бойынша шактидің көмегімен адам өзінің негізгі мақсатына, мокшаға (жанның туу мен өлім тізбегінен босатылуы) жетеді. Шактиді киелі әйелдік бастама Шиваның зайыбы Шакти құдай деп қабылдайды. Бұл Шактидің көрінісі ретінде көптеген әйел құдайлар пайда болды. Солардың ішінде Дурға мен Калиге сыйынушылар өте көп.

Вишну
Вишну – индуизмдегі бейбітшілікті сақтаушы қызметіндегі құдай. Ол қарапайым және адамдарға өте жақын. Оның зайыбы Лакшми құдай нәзік әйел махаббатының бейнесін символдайды. Вишнудың аваторлары өте көп. Төрт бейнеде ол жануар болып көрінеді. Вишнудың қалған белгілі бес аваторлары: Парашурама, Рама, Кришна, Будда және болашақта келетін Калка құдайы болып есептеледі.
Будданы Вишнудың аваторы ретінде қабылдау буддизмнің индуизм жүйесіне кіргізілгенін көрсетеді.
Рама – "Рамаяна” поэмасындағы патшаның ұлы, тақтың мұрагері, батыр бейнесі. Халықтың санасында ол құрметке бөленіп, Раманың, Вишнудың аваторына айналған.
  • Ал тағы бір белгілі эпостық жырдың кейіпкері Кришна да Вишнудың аваторы болып есептеледі. Кришна жалпы үнділік жоғарғы құдай дәрежесіне көтерілген. Жыр бойынша батыр жауынгер Арджунаның атқосшысы болып жүріп, оған аспан заңы мен эпикалық заңдардың жоғарғы мәні туралы әңгіме айтады. Кришнаның бұл философиялық тұжырымдары Бхагавад – Гита тарауы түрінде Махабхарата жырына енгізілген. Кейіннен Кришна ақылшы философтан көңілді, жеңіл ойлы бақташы құдайға ауысады. Осы ипостасында ол Үндістан әйелдерінің сүйікті және өте белгілі құдайы ретінде дәріптеледі. Көктемгі діни мейрамдарда Кришнаға арналған көп діни ғибадаттар жасалады. Кришнаға табыну қазіргі кезде Америка және Батыс Еуропа елдерінде вайшнавизм, Кришна санасы қоғамдары арқылы кең таралған.

Кришна


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет