Жоспар: Индуизм діні туралы Индуизм дінінің тарихы Индуизм дінінің құдайлары Брахман 1 Шива



бет3/6
Дата03.12.2023
өлшемі8,72 Mb.
#134050
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Индуизм діні

Индуистердің көпшілігі Шива мен Вишнуға табынғандықтан, шиваиттер мен вишнуиттер болып екіге бөлінеді. Шива мен Вишну өте жоғары құрметке ие болып, оларға арнап храмдар тұрғызылады, құрбандықтар шалынады. Киелі нәрсеге табынушылықтың ізі күні бүгінге дейін сақталған. Үнділер Ганг өзенін, жануарлардан - сиырды, өсімдіктерден лотосты киелі деп санайды.

  • Индуистердің көпшілігі Шива мен Вишнуға табынғандықтан, шиваиттер мен вишнуиттер болып екіге бөлінеді. Шива мен Вишну өте жоғары құрметке ие болып, оларға арнап храмдар тұрғызылады, құрбандықтар шалынады. Киелі нәрсеге табынушылықтың ізі күні бүгінге дейін сақталған. Үнділер Ганг өзенін, жануарлардан - сиырды, өсімдіктерден лотосты киелі деп санайды.

Брахман.Вишну.Шива
Дін бойынша халықтың барлығы 4 кастаға бөлінді
Брахмандар(ой-өрістері жоғары таптар)
Кшатрийлер(әкімшілік, жауынгерлер)
Шудралар(жұмысшылар)
Вайшьилер(саудагер-фермер)
Индуизмнің қасиетті жазбалары Ведалар болып есептеледі.
Олар құдайлардың асыра мадақтауын, әнұранын, дұғаларын және құдайға құлшылық етулерін қамтиды.

Ведалар төрт бөлімнен тұрады:

  • Самхит—құдайларға арналған гимндер жинағы.
  • Брахман - самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.
  • Араньякта (Орман кітабы) — брахманға тән ритуалдардын орнына, сол құдайларды іштей сыйлап құрметтеу, олар туралы ойлап толғану сияқты көзқарас.
  • Ведалардың ең соңғы сатысы "упанишадта" дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқьілы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.

Қоғамдағы жетекші орын ақсүйек – брахмандарға тиесілі болды. Тек солар ғана ведалық мәтіндерге дұрыс түсініктеме беру құқығын иеленді. Олар Ведаларға арнап Упанишадтар деп аталатын тусініктемелерді құрастырды.

  • Қоғамдағы жетекші орын ақсүйек – брахмандарға тиесілі болды. Тек солар ғана ведалық мәтіндерге дұрыс түсініктеме беру құқығын иеленді. Олар Ведаларға арнап Упанишадтар деп аталатын тусініктемелерді құрастырды.
  • Упанишадтарда индуизм философиясының мистикалық тұжырымдамасы берілген. Упанишад – қатар отыру деген ұғымды білдіреді. Гуру (рухани ұстаз) қасына отырған таңдаулы шәкіртіне қасиетті ілім туралы кеңес берген. Дәстүр бойынша Упанишадтар 108 мәтіннен тұрады. Оларда индуизм философиясының мәнін ашатын категориялар берілген:
  • Жеке жан (Атман) және Әлемдік жан (Брахман)
  • Брахман мәңгі өмір сүреді, бірақ формасы болмайды.
  • Әлем бұл – елес (иллюзия, майя).
  • Жан тізбектелген өмір циклынан (сансарадан) өтіп отырады, оның келесі тіршілігі өзінің іс-әрекетіне (кармасына) байланысты.
  • Жанның азаптан босатылу қасиеті бар (мокша).
  • Жаратылған әлемдегі барлық заттар бірлікте болады.

Упанишадтың басты тезисі — Брахман—бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі — қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі — жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі — жалкы. Кейбір жағдайларда брахманмен қатар, синоним ретінде атман ұғымы да қарастырылады.
Атман - әрбір тұлғаның жұмбақ және ақылға сыймайтын, таңғажайып субстанциясы түріндегі Брахманның эманациясы.
Атманның табиғаты—бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман — тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің бастамасы, негізі және соңы болады. Брахман және атманмен бірге қатар тұрған ұғымдардың бірі — "мен". Мен" өзін брахманмен, атманмен теңмін деп түсінгенде ғана құдаймен, бүкіл әлеммен тең болады.
Ом - бұл өткеннің, осы шақ пен болашақтың қорытындысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет