Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері



бет20/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
лекция инклюзивт б.б. (1)

Ринолалия – сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық мүкістіктерінің себебінен дауыс ырғағының және дыбыстаудың бұзылуы. Синонимдер: мыңқылдақтық, палатолалия. Қатты және жұмсақ таңдайдың жарылуы, ашық формада аденоидтер, аңқа ісіктері, жабық формада мұрын қалқасының қисаюы байқалады. Ауа мұрын арқылы да, ауыз қуысы арқылы да өтеді. Сөйлеген сөзі бір сарынды және түсініксіз.
Дизартрия – сөйлеу аппараты иннервациясының органикалық жеткіліксіздігі себебінен сөзді айту жағының бұзылуы, дыбыстау механизмінің барлық буындарының қалыптаспағандығы байқалады. Дизартрия церебралды паралич кезінде ОЖЖ зақымдалуының нәтижесі болып табылады, бірақ нейроинфекция және басқа да ми ауруларының нәтижесі ретінде пайда болуы мүмкін.
Алалия – баланың құрсақішілік және алғашқы жылдарындағы даму кезеңінде бас миы қабығының сөйлеу аймақтарының органикалық зақымдалуы нәтижесінде сөйлеу қабілетінің жоқтығы немесе толық дамымауы. Айтылған сөзді қабылдау және қайта жаңғыртудың барлық кезеңдерінде іріктеп алу және бағдарламалау операциялары бұзылған. Алалия моторлық (сөзді қайта жаңғырту қабілеті бұзылған) және сенсорлық болып бөлінеді.
Афазия – бас миының жергілікті зақымдалуымен байланысты бұрын құрастырылған сөзді толық немесе жартылай айта алмау. Афазияға үш жастан кейін пайда болған бұзылысты жатқызады. Моторлық афазия – сөйлеу қабілетінің экспрессивті формасы бұзылады. Сенсорлық афазия – сөйлеу қабілетінің сенсорлық жағы бұзылған.
Жазба тілдің бұзылуы:
Дислексия – бас миы қабығының кейбір бөліктерінің зақымдалуымен немесе толық жетілмегендігімен байланысты оқу қабілетінің бұзылуы.
Дисграфия – жазу процестерінің жартылай спецификалық бұзылуы.

Психологиялық-педагогикалық жіктеу


Қатынас құралының бұзылуы
Фонетикалық-фонематикалық жетілмегендік - қабылдау және фонемаларды айту мүкістіктерінің салдарынан сөйлеу қабілетінің әртүрлі бұзылыстары бар балалардың ана тілін айту жүйесінің қалыптасу процесінің бұзылуы.
Сөйлеу қабілетінің жалпы жетілмегендігі – сөйлеу жүйесінің дыбыстық және мағыналық жағына жататын барлық құрамдастарының қалыптасуы бұзылған.
Қатынас құралын қолданудағы бұзылыстар: тұтығу, ОНР кезіндегі тұтығу.

4. Сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзету-тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары


Білім беру жүйесінде мектепке дейінгі мекемелер және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар топтары туралы типтік ереже белгіленген. Арнайы топтардың үш бағыты бөліп шығарылған.
- ФФБ бар балаларға арналған;
- ЖЖБ бар балаларға арналған
- тұтығатын балаларға арналған.
Логопедиялық көмек жалпы білім беретін мектептер, денсаулық сақтау жүйелерінде көрсетіледі. ТНР бар балаларға арналған арнайы мектептер жұмыс істеуде.
Қорытындылар: Жыл сайын сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептер жанындағы логопедиялық пункттер саны көбеюде. Ертедегі кезеңде тіл патологиясын анықтау және түзету мәселелері көтеріліп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет