Дәріс 1
Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізудегі қоғамның қөзқарасының дамуы
Жоспар:
Инклюзивті білім берудің модельдері
Түрлі ғалымдардың иклюзивті білім беру туралы ойлары ме пікірлері
Интеграциялық оқыту концепциясының негізгі принциптері
Адам болмысынын даму тарихында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның қатынасы тіршілік әрекетінде әр кезеңнін әлеуметтік деңгейіне сәйкес сөйлеу әдеттерінің формасымен сипатталды. Мұндай түсініктерді қазіргі таңдағы адамдардың пікірлері мен көзқарастарынан жиі ажыратуға болады. Демек, әрбір кезеңнің моделі бар.
«Сырқат адам» моделіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлға сырқат адам болады. Бұл сырқат адамның емдеу үрдісін жүргізетін объект ретінде қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық көмек көрсетудің маңызы зор, бірақ мұндай балалардың білім алуындағы мүмкіндіктерінің шектеулігі оқыту мен әлеуметтендіруді оңайлықпен меңгерілмейді. Сондықтан да білім беру бағдарламалар медициналық ем көрсетумен бірдей қарастырылуы қажет. Қоғам мүмкіндігі шектеулі баланы – сырқат адам деп қабылдағандықтан, оларға тек медициналық көмек көрсетіп, білім беру жүйесін тысқары қалдырады. Қоғамның белсенді дамуымен бұл модель адамның мүмкіндіктерін шектейтін ауытқушылықтың себептері мен пайда болуын клиникалық ғылыми зерттеуге және қажетті алдын алу шаралары мен жеке ауруларды емдеуге ынталандырды. Дегенімен, қазіргі таңда өз маңыздылығын төмендетті.
«Қоғамға қауіп төңдіретін» модель дамуында ауытқушылығы бар тұлғалардың кейбір категорияларына (ақыл-ойы кем, естімейтін, психикалық ауытқушылығы бар) байланысты пайда болды. Әлеуметтік орта адамдардың пікірінше осы категориядағы балалар ауруды тасушы «бақытсыздықты тасушы» материалды және моральды шығын келтіреді деген. Аталған мәселеге байланысты қоғам өзін «қауіп-қатерден» сақтау үшін әлеуметтік ортадан алшақ орналасқан, кейде қатаң тәртіп негізінде жабық мекемелер мен интернаттар ашыла бастады. Мұндай жағдай да оқыту мүлдем болмады немесе жеткіліксіз деңгейде болды.
«Аяушылық білдіру» моделі адамның жеке тұлғасының дамуына, өз-өзіңе қызмет көрсетуге ынталануына кедергі келтіреді. Модель мүмкіндігі шектеулі адамның өмір бойы балалық жаста қалатын адамдарға (мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балаларға кеңінен таралған) тән. Бұл модельдің негізгі міндеті – бұл білім беру мен дамытуға көмекпен қамтамасыз етпей, керісінше, қоғамнан жекелеу арқылы қоршаған ортадағы «жамандықтан» мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау, тіршілік етудің қолайлы ортасын құру болып табылады.
«Дамыту» моделі мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы мен даму қабілеттілігінің деңгейін көрсетеді. Бұл модельге сәйкес қоғам мүмкіндігі шектеулі баланың толыққанды дамуына жауапты; қоғам мұндай балаларға педагогикалық түзету мен дамыту үшін тиімді жағдайлар жасауға міндетті. Бұл модельдің талаптарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның мүшелері сияқты барлық құқықтарға ие: өзінің тұрғылықты жерінде өмір сүруге, оқуға, жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, өз еркімен достарды таңдауға және достық қатынас пен барлығымен тең болуға құқылы. Мұндай модельді жүзеге асыру «нормализациялау» қағидасына сәйкес келуі мүмкін. Мүгедектік тек медициналық аспектімен шектелмейді, оған қоса барлығымен тең құқықтарға ие болмауымен әлеуметтік проблема болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың басты проблемасы - қоршаған ортамен байланысының болмауы,құрдастарымен қарым-қатынас жасауының жиілігімен, табиғатпен қарым-қатынасының шектеушілігі, мәдени құндылықтарының қолжетімді болмауы, кейбір уақытта білім алуға мүмкіндіктерінің болмауы болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың жеткіліксіздігі оңашалауға және толыққанды дамымауына әкеп соғады. А.Р. Малер бұл қиындықтардың туындаудың себебі әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісі баланың талаптарына сәйкес келмеуімен және қарым-қатынас жасауға дайындығының болмауымен түсіндіріледі. Нәтижесінде қалыпты деңгейдегі әлеуметтік қатынастан тысқары қалады, сол себептен әлеуметтік көмек көрсетуді мұқтаж етеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеру, қоғамдық қатынастың жүйесіне енгізу қоғамнан қосымша шаралар, құралдар мен күштерді талап етеді: (олар арнайы бағдарламалар, оңалту бойынша арнайы орталықтар болуы мүмкін). Әлеуметтік жұмысты баланы әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағыттау қажет, егер де баланы қоғамға бейімдеуде кедергілер мен әлеуметтік маңызы бар байланыстар қалыптаспаса, онда мұндай жағдай да әлеуметтік оңалту – әлеумет пен баланың жоғалтқан байланысын қалпына келтіруге бағытталған арнайы шараларды ұйымдастыруға міндетті (Д.Н.Исаеваның анықтамасы бойынша).
С.И.Блохин, В.П.Козлова, А.В.Старшинова әлеуметтік оңалту үрдісінің мақсаты - баланың тиімді дене, зияткерлік, психикалық және қызметтің әлеуметтік деңгейіне жетуге көмектесу деген анықтама береді. Оның негізі әрбір балаға жеке амалдарды қолдану. Мүмкіндігі шектеулі бала басқа қоғам мүшелерімен бірдей азаматтық құқықтарға ие болуы керек. Мүгедек бала өмірінде кездесетін проблемалар – бұл қоғамдағы стереотиптердің әсерінен пайда болған әлеуметтік және психологиялық кедергілер. Бұл мәселені шешуде В.С.Степашов мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамға көзқарасын өзгерту керек екенін айтты. Баланың тәуелсіз өмір сүру идеологиясына сәйкес – мүгедек балалар оңашаланбау керек, керісінше, қоғамға кіріктіріліп өміру сүруге міндетті. Баланың өзі шешім қабылдап, өз әрекеттерін анықтау үшін әлеуметтік қызметтер құрылады.
Білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға кіріктіру мен еңбек қабілеттілігінің шектеушілігін Н.М.Назарованың анықтамасы бойынша қоғамның барлық мүшелерімен теңдей мүмкіндігі шектеулі бала дамуында ауытқушылықты және мүмкіндіктерінің орынын толтыратын әлеуметтік өмірдің барлық формалары мен түрлеріне шынайы қатыса алуы мен құқықтарының үрдісі және нәтижесі. Н.Н.Малофеев интеграцияның «нормализациялау» концепциясына негіздеген және оның негізгі ой түйіні - мүмкіндігі шектеулі баланың өмірі мен тұрмыстық жағдайы қоғамның өмір сүру стилі мен жағдайына жақын болуына негізделген. Н.Н.Малофеевтің жоғары да айтқан мәселелеріне қарай қорытынды жасауға болады:
1. Білім алуында ерекше қажеттілігі бар бала барлығына тән – дамуын ынталандыратын жағдайлар мен сүйіспеншілікке бөленуді талап ете алады;
2. Бала қалыпты деңгейде өмір сүретін қоғамдық өмірге жақын болуы қажет;
3. Баланың тиімді дамуында үй ең қолайлы орта болып табылады. Сондықтан да жергілікті өкімет білім алуында ерекше қажеттілігі бар баланың отбасында болуына қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді;
4. Барлық бала білім алады, демек дамуындағы ауытқушылықтың деңгейіне қарамастан, білім алуға мүмкіндік беріледі.
Н.Н.Малофеев және А.А.Дмитриев мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамдық ортадан оңшаланудың негізгі себептерінің бірі - қалыпты деңгейдегі құрдастарымен қарым-қатынас жасауына уайымдап, өз балаларының әлеуметтік байланысын шектейтін ата-аналар болып табылады. Жалпы білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуына ата-аналардың бойында сенімсіздік туындайды. Мұндай жағдай да қоғамдық ұйымдар жалпы білім беру жүйесіне баланы енгізуге байланысты туындаған проблемаларды шешуде ата-аналарға көмек көрсете алады. Ең тиімді амал – бұл әртүрлі мамандар мен ұйымдардың күштерін біріктіру болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу, дамуындағы ерекшеліктер С.И.Блохин, В.П.Козлова, А.В.Старшинова, А.Д.Гонеева, Д.Н.Исаева, В.Н.Курбатова, А.Р.Малер, Л.Никитина, Н.М.Назарова, И.А.Яньковтың зерттеу жұмыстарында қарастырылған.
Л.М.Шипицина және К.Рейсвепкван өз жұмыстарында экономикалық қолдау көрсетусіз және ешқандай дайындықсыз (кадрлық, рухани-адамгершілік, ұйымдастырушылық) мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беру жүйесіне енгізіп оқытуға болатынын көрсеткен. Біріктіріп оқытуға күшпен енгізіп, арнайы (түзету) білім беру мекемелерін жабу арқылы инклюзивті білім беру жүйесін жүзеге асыруға болмайды, керісінше мұндай әрекет қоғамның бұл үрдісті меңгеруді қиындатады. Жалпы білім беру жүйесі дамуында ауытқуы бар баланы қабылдауға дайын ба, мұғалімдер қауымы арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін арнайы мамандар бар ма, психологиялық тұрғыда әртүрлі категориядағы балаларды біріктіре ала ма, жалпы білім беру шартына мүмкіндігі шектеулі баланы дайындығына жағдайларды ұйымдастыра ала ма және басқа да өзекті мәселер туындауда. Бұл мәселелерді шешуде ата-ананың алатын рөлі маңызды орын алады.
Ресей мемлекетінде бұл мәселені және инклюзивті білім берудің негізгі проблемаларының бірі арнайы педагогика және арнайы психология саласындағы мамандардың жетіспеушілігін Н.Д.Шматко, Н.Н.Малофеев, К.Рейсвепкван, А.Р.Маллер, И.Ю.Комаркова және Л.М.Шипицина, А.А.Дмитриев, В.И.Курбатовтың зерттеу жұмыстарында қарастырылған .
Мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беру мектептеріне кіріктіруде отбасының рөлін және ата-аналардың педагогикалық білімі мен біліктілігі қажет екенін Г.И.Бондаренко, М.Д.Горячева, Л.К.Грачева, Д.Н.Исаева, В.В.Кузнецова еңбектерінен көз жеткізуімізге болады .
М.Д.Горячев мүмкіндігі шектеулі бала өзінің бойындағы шектеушілігіне қарамастан, қоғамдық ортаға кіріктірудегі барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті жағдайлар құруға бағытталған әлеуметтік көмек көрсету мен қорғаудың объектісі ретінде қарастырылу қажет. Мүгедек балаға көмек көрсету – бұл, ең алдымен оны қабылдау және түсіну болып табылады.
Е.В.Ханжин бала мүгедектігін әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін өмір әрекетінің шектеушілігі деп анықтайды. Мүгедектік қоғамдық ортаға кіріктіруге мүмкіндік бермейтін дамуында ауытқушылығы, өз-өзіңе қызмет жасауда қиындық туындауы, қарым-қатынас, оқыту, болашақта кәсіби дағдыны меңгеруге негізделген. Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға кіріктіруде отбасының алатын орны ерекше. Дамуында ауытқуы бар отбасына материалдық көмек, медициналық күтім көрсету мен бос уақытты ұйымдастыру ғана қажет емес. Ең бастысы ата-ананың баланың бойындағы ауытқушылыққа және мүмкіндіктеріне көзқарастарын өзгерту. Ол үшін ата-аналар мен баланың дербес болуына және қарым-қатынас жасауды кеңейтуге септігін тигізетін философиялық идея «тәуелсіз өмірмен» таныстыру қажет. «Тәуелсіз өмір» - бұл адамның дене мүмкіндіктері мен қоршаған ортаға байланысты басқа жеке тұлғамен өзара қарым-қатынасына сай жеке тұлғаның психологиялық бағыттылығы, ойлау қабілеті. Тәуелсіз өмірдің философиялық ой түйіні – мүмкіндігі шектеулі баланың басқа қоғамның мүшесі ретінде өз алдына бірнеше міндеттер қойып жүзеге асырылады. Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамдық ортаға кіріктіруді дамытуда қоғамдық ұйымдардың да рөлі маңызды . Қоғамдық ортаға мүмкіндігі шектеулі балаларды жемісті кіріктіруде келесі шарттарды ерекшелеуге болады:
жалпы білім беру құрылымында білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларға өмір әрекетінің ерекше жағдайы мен арнайы білім беру қызметтерін құру және қаржылай қамтамасыз ету;
біріктіріп оқытуға қысым көрсетпеу, жалпы және арнайы білім беру жүйесі ұсынатын түзету және білім беру қызметтеріне кепілдік беретін құжаттардың негізінде дербес таңдауға еркіндік беру;
мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға және өзараәрекеттесуге, қарым-қатынас жасауға қоғам мен әлеуметтік орта адамдарының толыққанды дайын болуы.
Россияда мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді жалпы білім беру жүйесіне енгізудің амалдарын Түзету педагогиканың РАО институтының зерттеушілері қарастырады. Интеграциялық оқытудың концепциясы үш негізгі принципте құрылады:
|